298
шайырлар мен күкірттен тұратын, қоспа болып табылады. Балқу температурасы
50-65
0
С. Негізді тығыздағыш ретінде қолданылады.
Церезин (Ceresіnum) - тазартылған озокерит. Аморфты түссіз, қатты,
сынғыш масса, балқу температурасы 68-72
0
С. Негіздерді тығыздағыш ретінде
қолданылады.
Жасанды вазелин (Vaselіnum artіfіcіale) -
заттардың сандық құрамы әр
түрлі болатын қатты және сұйық парафин, церезин немесе озакерит және
петролат балқымасы. Көбінесе 1 бөлік қатты парафин мен 4
бөлік вазелин
майының балқымасы. Вазелин майының кемшілігі: оның сақтау кезінде
синерезиске бейімділігі, бірақ церезин немесе озакериттің
балқымалары ондай
кемшіліктен айырылған.
4.
Силиконды негіздер - полиоргансилоксандарды вазелинмен,
парафинмен, церезинмен, өсімдік және жануар майларымен балқытылып
алынады. Эсилон-4 және эсилон-5 - полиоргансилоксанды
сұйықтықтар
силиконды негіздердің міндетті құрамдарының бірі. Силиконды сұйықтықтарды
аэросилмен немесе басқа толықтырғыштармен қоюландыру жолымен негізді
алуға болады. Қолдануға эсилон - аэросилді негіз зерттелініп ұсынылды, ол 84
бөлік эсилон-5 және 16 бөлік аэросилден тұрады. Бұл тұтқырлығы жоғары, түссіз
сілітпе. Негіз аллергиялық және тітіркендіргіш
әсер көрсетпейді, нейтралды
немесе әлсіз қышқылды ортасы терінің рН мәніне (рН 5,0-7,0) жуық, химиялық
инертті, физикалық тұрақты, ұзақ сақтау
кезінде қабаттанып немесе
қышқылданып кетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: