Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Ветеринарлық дәрілік түрлерді жетілдіру



Pdf көрінісі
бет343/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ветеринарлық дәрілік түрлерді жетілдіру. Профилактикалық іс 
шараларды және әртүрлі фармакотерапевтикалық қатысуларда ветеринарияда 
ең маңызды рольді дәрілік препараттарды енгізудің инъекциялық және 
ингаляциялық енгізу тәсілдері алады. Ампулданған препараттар, кез келген 
төтенше жағдайларда тиісті фармакотерапевтикалық эффектінің қамтамасыз 
етілуіне мүмкіндік беретін, ветеринарлық дәрілік түрлер арсеналының негізі. 
Инъекциялық ветеринарлық дәрілік түрлердің ассортименті, дайындау 
әдістері және сапасын бағалауы, медициналық практикада қолданылатын 
ұқсас дәрілік түрлермен сәйкес келеді. Ингаляциялық (аэрозольдер) 
ветеринарлық дәрілік түрлерді қолдану ветеринарлық фармация мен 
фармакотерапияның көптеген қиын сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді. 
Препараттарды енгізудің ингаляциялық жолы жануарлардың организміне 
препараттарды енгізуді, жануарлар шаруашылығын интенсивтендіру 
қажеттілігін ескеріп, механикаландыруға мүмкіндік береді. Белсенді 
субстанцияларды ауада тозаңдату үлкен алаңдарда бір қора малды толық 
(вакцинациялау, химиотерапия жүргізу және т.б.) өңдеуге жағдай жасайды. 
Биофармацевтикалық негізде зерттелген, ингаляциялық дәрілік түрлердің бұл 
мүмкіндіктері қазіргі таңда ветеринарлық клиникада, сонымен бірге мал 
шаруашылығында жүзеге асырылуда.
Ветеринарлық дәрілік түрлерде кеңінен таралған пероральды белгілеу 
тәсілін, ерекше абайлап қолдану керек. Дәл ветеринарлық практикада ол, 
жануарлардың асқазан ішек трактісінде препараттардың гидролитикалық 
және ферментативтік деструкцияларының жеңіл жүруіне байланысты 
алдыңғы зерттеулерді қажет етеді. Бұл жағдайда препарат қажетті эффекті 
көрсетпеуі мүмкін, соған байланысты жануардың өлуі немесе дәрілік заттың 
мөлшерінің тиімсіз шығындалуы болады. Соған байланысты тағайындалған 
препараттың, жануардың асқазан ішек трактысының агрессиялық ортасы ұзақ 
уақыт әсер еткен жағдайдағы тұрақтылығын ғана емес, сонымен бірге тиісті 
дәрілік түрлердегі пероральды тағайындалатын, дәрілік заттардың сіңірілу 
жылдамдығы мен толықтығын білу керек. Бұл тұрғыдан қарағанда 
ветеринарияда пероральдық дәрілік түрлер үшін, бір мезгілде дәрілік 
препараттың енгізу жолы туралы сұрақты шешуге мүмкіндік беретін, 
биологиялық сіңірілуін анықтайтын тест қолдану керек. Интенсивті мал 
шаруашылығының заманауи әдістерін, жануарларды семірту және сүт түзілу 
периодына әсер ететін, жас малдың өсуіне және жетілуіне себепші болатын, 


469 
мал басы ас рационына әртүрлі қоспаларды енгізуді, негізінде 
антибиотиктерді, аминқышқылдарын, витаминдерді және микроэлементтерді 
қолданумен іске асырылатын, қажетті элемент деп қарастырады. 
Қазақстанда «Ветеринарлық медицина туралы» және ветеринарлық 
медицинаның мемлекеттік департаменты және мемлекеттік ғылыми-зерттеу 
бақылау ветпрепараттар институты туралы ережелерде келесі міндеттер 
жүктелген: ветеринарлық дәрілік препараттардың сапасын және тиімділігін 
және азықтық қоспаларды бақылау; ветеринарлық дәрілік препараттарға 
сұранысты анықтау, олардың өндірісін игеру және қажетті резервтерді жасау; 
өндірісті, тасмалдауды, сақтауды, таратуды және ветерианалық медицинада 
ветеринарлық дәрілік препараттардың қолдануын бақылау; ветеринарлық 
дәрілік препараттарды және азықтық қоспаларды стандартизациялау және 
сертификациялау. Көрсетілген міндеттерді тиісті орындау ветеринарлық 
дәрігерлердің, фармацевттердің, токсикологтардың және басқа мамандардың 
бірге 
жұмыс 
істеуін 
талап 
етеді. 
Фармацевтикалық 
талдауан, 
токсикологиялық химиядан, дәрілік түрлер технологиясынан білімі мен 
дағдысы бар және ветеринарлық дәрілік препараттарды жасау процесінде
стандартизациялауда, өндіруде және сапасын бақылауда қатыса алатын, 
фармацевтің ролі маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет