Дәрілік өсімдіктер-жанға шипа, дертке дауа Қазақстанның кең-байтақ аумағы пайдалы өсімдіктер



жүктеу 27.8 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі27.8 Kb.
Дәрілік өсімдіктер-жанға шипа, дертке дауа

  Қазақстанның кең-байтақ аумағы пайдалы өсімдіктер түрлеріне өте бай. Оның ішіңде маңызды болып саналатын медицинаға аса қажетті өсімдіктер тобы — дәрілік өсімдіктер болып табылады. Қай заманда болмасын, адамзат өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған. Қазіргі кезде бұлардан жасалатын препараттардың тиімділігі өз алдына, сондай-ақ, олардың биологиялық сіңімділігі жоғары болуымен қатар, бойға тез таралады, зияңды заттарды бейтараптандырады және олардың ағзадан шығуын тездетеді, ағзаның қорғаныш күшін күшейтеді

Соңғы кезде қолданылатын химиялық препараттарға қарағанда "дәрілік өсімдіктерден" дайындалған дәрілерге сұраныс басым. Дәрілік өсімдіктерден жасалған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде "фитотерапия" айтарлықтай дамып отыр.

Дәрілік өсімдіктер адам ағзасын нығайтады, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, асқазан және ішек жолдары мен әр түрлі бездердің (мәселен, ас қорыту бездерінің, т.б.) қызметтерін жақсартады, қан қысымы мен зат алмасуды ретке келтіреді, ағзаға жиналған зиянды және улы заттарды несеп, нәжіс, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады, микробтар мен бактерияларды, вирустарды жояды, ауырған жерді, дене қызуын басады, қан тоқтатады, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, т.б. Сондықтан халықтың өсімдіктер туралы: "Өсімдік — денсаулық кепілі, өсімдік — дәрі-дәрмек қоймасы, өсімдік — ауруға ем, сауға қуат" деген қағидалардың шынайылығы мен ақиқаттығына көз жеткізу қиын емес.

Қошқарбай жерінің, климатының, топырақ жамылғысының сан алуандығы, ондағы қалыптасатын дәрілік өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігіне де әсер етеді.

Сондықтан Қошқарбай өңірінде дәрілік өсімдіктердің бірнеше тобы өседі. Атап айтар болсақ, итмұрын, жидек, долана, орман бүлдіргені, таңқурай, қарақат, шие т.б.



Итмұрын – биіктігі 2 метрге жететін бұта. Жапырақтары қауырсын тәрізді кезектесіп орналасқан. Қабығы қоңыр-қызғылт түсті. Гүлдері өте ірі, ашық қызыл түсті. Жемісі ішінде 1 ғана тұқымы бар жаңғақша. Мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Дәрілік мақсаты үшін итмұрын жемісін тереді. Осы өсімдіктен жасалған дәрілердің өт айдайтын асқазан мен ішектің қызметін жақсартатын қасиеттері бар. Сонымен қатар жемісінен май күйікті, ісікті тері ауруларын емдеуге таптырмайтын ем.    

    Қолданылуы: итмұрын тұнбасы бауыр (холецистит, гепатит) бүйрек қуық ауырғанда, бауырға тас байланғанда, бас ауырғанда (гипертония) атеросклероз, гастрит болғанда,қан кеткенде, инфекциялық ауруларға, созылмалы жараларға қарсы қолданылады. Ол өт, несеп айдайды, асқазан, ішек жұмысын реттейді, тонусты көтереді, зат алмасуды жақсартады. Жемісінің құрамында С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар.



Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жемісі шілде, тамыз айларында піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту мүшелерінің қабынуын басады, бауыр,бүйрек ауруларына ем.

Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.

Дәрілік өсімдіктерді қалай болса солай ысырапсыз жинап, олардың тұқымынан құртып алудан әрқашан да сақ болғанымыз абзал. Сонымен қатар, оларды қорғауды, сақтауды, сөйтіп, табиғат "тегін" сыйға тартқан қымбат қазынаны келешек ұрпаққа аман-есен жеткізуді ешқашан да естен шығармауымыз жөн деп қарауымыз қажет.



Қошқарбай негізгі мектебінің биология

пәнінің мұғалімі Хасенова М.Қ.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет