73
болады. Тері арқылы дәрілік заттардың эмульсияланған сулы ерітінділері жақсы
өтеді.
Бұл ерітінділер, негізінде, жергілікті әсер көрсетеді. Дәрілік құралдарды
жарақатталмаған тері арқылы электр тогы көмегімен (ионофорез)
енгізуге
болады, мысалы электролиттер, алкалоидтар, антибиотиктер ерітінділері.
Дәрілік құралдарды
кілегей қабыққа жағу кеңінен қолданылады: көзге,
мұрынға, құлаққа арналған және уретральды, вагинальды дәрілік түрлер.
Кілегей қабаттарында
көптеген капиллярлар, қан тамырлары болғандықтан,
олардың сіңіру қабілеті жоғары. Кілегей қабаттарында май қатпарлары жоқ,
сондықтан, дәрілік заттардың сулы ерітінділерін жақсы сіңіреді.
Жергілікті
әсер
көрсететін
дәрілік
түрлерге
дезинфекциялық,
бырыстыратын, антисептикалық заттар жатады.
Уретральды және вагинальды
дәрілік түрлер тек қана жергілікті емес, кіші жамбас органдарына әсер ету үшін
де қолданылады.
Парентеральды дәрілік түрлер ішінде ерекше орынды
ингаляциялық (лат.
іnhalare – дем тарту, дем жұту) дәрілік түрлер алады. Олардың көмегімен дәрілік
құралдарды тыныс алу жолдары арқылы енгізуге болады: газдар (оттегі, азот
шала тотығы, аммиак), жеңіл ұшқыш сұйықтықтар (эфир, хлороформ). Аз
ұшатын сұйықтықтарды ингаляторлар көмегімен енгізуге болады. Бұл жағдайда
дәрілік құралдардың сіңірілу қарқынын өкпе альвеолалары бетінің үлкендігімен
(50-80 м
2
) және қан тамырлары торының көптігімен түсіндіруге болады. Дәрілік
заттар тікелей қанға түсетіндіктен, әсер тез көрсетіледі.
Парентеральды дәрілік түрлер қатарына ағзаға шприц көмегімен енгізілетін
Достарыңызбен бөлісу: