Өз бетімен атҚаратын жҰмыс:
1 тапсырма
Оттегі баллондардың қабылдану, пайдалану ережелерін жазыңыз.
2 тапсырма
Баллондағы азот тотығымен жұмыс жасау ережелерін және оның сақталуын жазыңыз.
Тақырып 11: Сынақ сабағы
ТаҚырыптыҢ Өзектілігі:
Өткізілген тақырыптар бойынша теориялық білімдерді және тәжірибелік тағлымдарды бекітуді ұсынады. Көрсетілген бақылау фармацевтикалық тауартанудан оқу материалын меңгерілуіне көмектеседі.
Сабақтың мақсаттары:
Фармацевтикалық қызметтің саласында нормативті-техникалық құжаттарды және заңдылық актілер негізінде студент білуге тиіс:
тауар өткізу жүйесінің деңгейлерінің топтасуын.
дәріханаларды тауарлармен қамтамасыздандыру мекемелердің мақсаты мен міндеттерін.
тауарлармен қамсыздандыру жөнінде келісім шартты құрастыру тәртібін.
фармацевтикалық ұйымдарға тауарлардың келіп түсу құжаттарын;
фармацевтикалық тауарлардың топтасуы;
фармацевтикалық тауарлардың ассортиментін;
орау-буу заттардың, ыдыстардың топтасуын;
орау-буу заттардың тұтынушы қасиеттерін бағалануы, номенклатурасы, техникалық талаптарын;
дәрілік заттардың фармакологиялық топтары, токсикологиялық қасиеттері, агрегаттық жағдайы, физика-химиялық қасиеттері бойынша топтасуын;
әр түрлі топтардағы тауарлардың сақталуына қойылатын жалпы талаптарын;
дәрілік препараттардың физика-химиялық қасиеттерін;
дәрілік өсімдік шикізаттың және дайын дәрілік заттардың сабақталуын.
Студент жасай алу керек:
фармацевтикалық тауарлардың өткізу бойынша жұмысын ұйымдастыруды;
қамсыздандырушылардан тауарларды қабылдау кезінде құжаттармен жұмыс жасауды;
қамсыздандырушылармен есептесуді безендіруді;
фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық талдауы жүргізуді;
қабылдау актін толтыруды;
қамсыздандырушыларға арыз хат толтыруды;
ассортименттің сапалық көрсеткіштерін анықтауды;
фармацевтикалық тауарларға тұтынушылық сұраныс талдауын жүргізуді;
ыдыстардың және орау-буу заттардың дәріханалардың өндірістік қызметінде дұрыс іріктеуді және қолданылды;
ыдыстардың, орау-буу материалдарының сақталу тәртіптерін ұйымдастыруды;
дәрілік заттардың және ММЗ – сақталу бөлмелерін жабдықтауды;
топтасуға байланысты дәрілік заттарды орналастыруды;
дәрілік заттарды дұрыс сақталуына жағдай жасауды.
Достарыңызбен бөлісу: |