Медициналық сүліктерді қою схемасы мен техникасы.
Сүліктерді дайындау – гирудотерапия сеансына керекті сүліктер санын буындарға отырғызады. Егер сүліктер холодильникте сақталған болса, онда оны 5-8 сағат бөлме температурасында ұстап тұру қажет. Сүліктерді орналастыру алдында қысқару мүмкіндігіне мән беру қажет. Сүліктерді алақанға салып, саусақпен басып, ол кезде денесі қысқарады және тығыз, тегіс болады. Сүлікті қояр алдында 2-3 рет жуады, және тығыз жауып қояды.
Пациентті даярлау – сүліктердің иіске сезімтал екенін ескеру қажет. Сондықтан тері аумағын жақсылап жуып, сүртіп, қояды. Теріні спиртпен өңдеп, содан соң стерильді мақтамен сүртеді, ол ыстық ауыз суда батырылған болу қажет, ол кезде мақтаны 2-3 рет тері қыздырғанша сүрту қажет. Егер сүлік денеге жабыспай, сормаса онда ол сүлік аш емес немесе сапасыз болып табылады.
Сүлікті орналастыру – сүліктерді қоюдың көптеген жолдары бар; мензуркадан, пробиркадан немесе көлемі 100 мл болатын стакан қажет. Сүліктерді пробиркадан қою ыңғайлы емес, бірақ стоматологиялық емдеуде өте тиімді. Ең ыңғайлы стаканмен қою болып табылады. Стаканмен бірнеше сүліктер қоюға болады. Оны науқас адам денесіне стаканды қатты басып тұрып қояды. Сосудтың көлемі аз болған сайын, сүліктер тез 5-10 мин ішінде сорып тастайды. Одан соң, стаканды жайлап сүліктен ала бастайды. Пациентте әдетте ауырсыну сезімдері бірінші минуттарда байқалады, ол кезде сүлік дене терісін тістеу үрдісі жүріп тұрады. Бұл ауырсынуларды науқасқа алдын ала хабарлап қою қажет. Кейіннен сүліктердің анальгизирлеуші қасиеттеріне байланысты ауырсынулар жойылады. Сүліктер қойылғаннан кейін және шыны алынғаннан кейін міндетті түрде сүлік астына марлі қою қажет, ол сұйықтың денеге тимеу үшін жасап қояды. Дені сау және аш сүлікті қойғанда процедура 50-60 минутқа созылуы мүмкін. Сеанс аяқталғаннан кейін қолданыста болған сүліктерді формалин ертіндісіне, нашатыр спиртіне салып қояды.
Жараны қадағалау – сүліктер толығымен сорып біткеннен кейін және өзі орнынан түскеннен кейін сорған жерде жара қалады, ол жара біраз уақыт бойы қан ағып тұрады (6-24 сағ, ал кейде оданда көп). Бұл болатын құбылыс және қан тоқтатудың қажеті жоқ. Жара үстіне асептикалық таңу қойып, оны қоймай турып жараны йиодпен жағып қояды. Жара үстіне міндетті түрде мақтаны көптеп салу қажет. Келесі күні таңбаны ауыстырады. Егер қан кету тоқталса, онда жара үстіне кішкене жуқа мата қою қажет. Келесі күндері жараны тек йод ертіндісімен өңдеу керек. Науқасқа 3-5 тәуліктен кейін ванна қабылдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |