Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі


бейімделу сипатының қалыптан ауытқуы



бет2/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#192379
1   2   3   4   5

бейімделу сипатының қалыптан ауытқуы.


10. Ауру алды - бұл:

  1. зақымдану мен бейімделу механизмдерінің қосарлануы

  2. патологиялық процесстің қарапайым формасы

  3. организмнің типтік патологиялық реакциясы

  4. аурудың бірінші кезеңі

  5. ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдайы

Жалпы этиология. Адам организміне сыртқы ортаның механикалық және физикалық факторларының ауру туындатушы әсерлері


  • Мақсаты: ауру туындататын себептер мен шарттарды білу, олардың диалектикалық байланыстылығын механикалық, химиялық, биологиялық, психикалық патогенді әсерлердің және сыртқы ортаның басқа да ауру тудырушы факторларды.




  • Оқыту мақсаты:

  1. себептерді және сыртқы ортаның патогенді факторларынан әртүрлі зақымдалуды тудырудағы шарттарды түсіндіре білу;

  2. материалистік диалектика категориясы мен негізгі заңдардан туындайтын патология себептердің қазіргі кездегі көзқарастарды білу;

  3. травмалық шокпен ұзақ жаншылу синдромының дамуының және туындауының жалпы сандарын білу;

  4. организмге механикалық фактордың жалпы және жергілікті әсер еткендегі болатын патологиялық процестердің даму механизмдерін және шарттарын түсіндіре білу;

  5. механикалық фактордың зақымдалу әсғрінен кейінгі жағдайды және олардың ауырлық дәрежесімен сипатын неге байланысты екенін білу;

  6. уланудың негізгі түрлері және уланудың даму механизмін білу;

  7. умен әсер еткенде зақымдалу түрлерінің дамуы және туындауының жалпы заңдылықтарын білу;

  8. ,,тек адамдық,, ауруының ауру туындататын фактордың маңызын анықтау;

  9. ятрогенді травмалық әсерлерді түсіндірі білу;

  10. патофизиялогиялық әлеуметтік-экономикалық аспектірерінің маңызын түсіну.



  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ауру тудыратын себептер мен шарттардың өзара байланысы;

  2. себептер және оның ауруды дамытуындағы, пайда болуындағы маңызы;

  3. ауру тудырушы сыртқы орта факторларының классификациясы;

  4. аурудың ішкі және сыртқы себебтері;

  5. адам организіміне патогенді факторлардың әсері, әлеуметтік шарттардың байланысы;

  6. «цивилизация аурулары», олардың себептері;

  7. механикалық фактордың зақымдаушы әсерінен кейінгі ауыртпалық;

  8. химиялық факторлардың әсерінен кейінгі ауыртпалық;

  9. «тек адамдық» ауру тудырушы фактор;

  10. ятрогенді аурулар;

  11. аурудың дамуындағы биологиялық және психологиялық факторлардың рөлі;

  12. патофизиологияда әлеуметтік-экологиялық аспекті;

  13. Қазақстандағы экологиялық проблема, олардың адам организіміне әсері.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.
Тәжірибиелік жұмыс: Құрғақ және сулы тері кезіндегі жанасу жердегі электр тоғының тітіркендіруші әсерлерін салыстыру.

Мақсаты: организмнің электр тоғының әсеріне реакциясын, электр жарақаттың ауырлығына терінің қарсы тұруын анықтау.

Тәжірибені тақтайшаға бекітілген ақ егеуқұйрықтарға жүргізеді. Трансформатордың электродтарын құрғақ теріге қойып, егеуқұйрықта бұлшық еттердің қалтыраулық жиырылуын туғызған электр тоғының бастапқы кернеуін анықтаймыз. Теріні физиологиялық ерітіндімен сулап, электр тоғының әсерін қайталаймыз. Электр тоғының әсер ету кернеуінің өскенін бақылаймыз. Алынған нәтижелерді Ом заңын қолдану арқылы түсіңдіреміз.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Ауру дамытатын себептер мен шарттар арасында қандай байланыс бар?

  2. Ауру дамуындағы себептердің рөлі қандай болады?

  3. Сыртқы ортаның ауру тудырушы факторларының негізгі классификациясы қандай?

  4. Әлеуметтік жағдай арқылы қандай патогенді факторлар адам организіміне әсер етеді?

  5. ,,Ауру цивилизациясы,, дегеніміз не? Оның себебін қалай дұрыс бағалайды?

  6. Механикалық фактордың зақымдаушы әсерінің қандай салдарлары белгілі?

  7. Механикалық фактордың сипаты мен дәрежесі неге тәуелді?

  8. Травмалық шок дегеніміз не?

  9. Ұзақ жаншылу синдромы дегеніміз не?

  10. Химиялық фактор қандай зақымдаушы әсер көрсетеді?

  11. Улану, токсикалық процесс және улану заттары дегеніміз не?

  12. Улар қандай үш зақымдаушы әсер көрсете алады?

  13. Улану кезінде қандағы және ұлпадағы удың мөлшері неге байланысты?

  14. Удың әсеріне резистенттік және сезімталдық дегеніміз не?

  15. Улану қалай жіктеледі?

  16. Аутоинтоксикация дегеніміз не?

  17. Аутоинтоксикацияның қандай себебін білесіз?

  18. ,,Тек адамдық,, ауру тудырушы фактор бар ма?

  19. Қандай ятрогенді травмалық әсерді білесіз?

  20. Ятрогенді ауру дегеніміз не?

  21. Ауру дамуында биологиялық және психикалық фактор қандай рөл атқарады?

  22. Адам организміне ашығу қалай әсер етеді?

  23. Шектен тыс тамақтану қандай салдарларға әкеледі?


Жағдайлық есептер:

    1. Қоянның аяғын жарақаттады: балғаның күшті соққысымен аяқ бұлшық етін бұзамыз. Бірінші соққыда артерилық қысым жоғарлайды, тыныс алу жиілейді, жануар қозады. Жарақаттауды жалғастырғанда артериялық қысым төмендейді, жүрек жиырылуы әлсіреиді және жануар тежелу жағдайында болады. Жануарда қандай жағдай дамиды?

    2. Балада аткеншекпен аиналғаннан кейін бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылуы, нистагм, құсу бірнеше рет, лоқсу байқалады. Пульсі минутына 58. АҚ- 100/70 мм сын. бағ. Тер бөлу жоғарылайды. Бұл сыртқы ортаның қандай фактордың әсері?

    3. Бас киімсіз күннің көзінде ұзақ уақыт болған 6 жасар балада жалпы қозу, бетінің гиперемиясы, пульсінің жиілеуі, температурасының көтерілуі байқалады. Балада жылу реттеу патологиясының қандай түрі байқалады?

    4. Өте қапырықты бұлтты күн (42° С). Бала бас киімсіз кешке температурасы көтерілді, құсу, лоқсу болды. Сіздің диагнозыңыз?

    5. Беткейге 30 минуттан кейін шыққан жұмысшы тері қышуын және тізе буындары мен балтыр бұлшық еттерінде тесіп ауратын ауырсынуды сезді. Жүрек соғуы мен ентігу п.б. Кеңеттен соқырлық п.б. Бұндай жағдайда не істеу керек?


Тесттік тапсырмалар:

  1. Денсаулыққа әсер ететін химиялық фактордың біріне жатады:

    1. төменгі температура

    2. электр тогы

    3. ионизирлеуші радиация

    4. сілті

    5. жаншылу

  2. Механикалық фактордың сипаты мен дәрежесі, салдары тәуелді:

  1. организмнің реактивтілігіне

  2. организм конституциясына

  3. зақымдаушы заттың табиғатына

  4. зат алмасу интенсивтілігіне

  5. организмнің жасына

  1. Сыртқы қоршаған ортаның жасанды факторлары адамның шаруашылығының нәтижесіндн пайда болады, бұл факторлар аталады:

  1. канцерогенді

  2. тератогенді

  3. патогенді

  4. антропогенді

  5. адаптогенді

  1. Пайда болатын жағдайға және шарттарға байланысты улану бөлінеді:

  1. тұрмыстық және профессионалдық

  2. тұрмыстық, медикаментоздық, профессионалдық

  3. тұрмыстық, медикаментозды, жедел

  4. медикаментоздық, профессионалдық

  5. жедел және созылмалы

  1. Жарақаттық шок- бұл жалпы зақымдайтын әсер

  1. биологиялық фактор

  2. психикалық фактор

  3. механикалық фактор

  4. химиялық фактор

  5. канцерогенді фактор

  1. Механикалық фактордың жергілікті зақымдалуына жатпайды

  1. жарақат

  2. соққы

  3. жарақаттық шок

  4. сынық

  5. ұлпаның жыртылуы

  1. Механикалық фактордың жалпы зақымдалуына жатады

  1. жарақаттық шок

  2. жарақат

  3. соққы

  4. сынық

  5. ұлпаның жарылуы

  1. Механикалық ауру себептеріне жататын фактор

  1. төменгі температура

  2. жоғарғы температура

  3. электр тогы

  4. вибрация

  5. жаншылу

  1. Қандағы және ұлпадағы удың концентрациясы тәуелді

  1. сіңірілу, заласыздандыру, шығарылу қарқынына

  2. удың шығарылуына

  3. сіңірілудің салыстырмалы қарқынына

  4. залалсыздандырылуына

  5. жойылуына

  1. Ауылшаруашылығында қолданылатын химиялық заттар тобы қалай аталады

  1. фитонцит

  2. пестицид

  3. радиотоксин

  4. феррамон

  5. аэразоль

Жалпы патогенез. Патологиядағы реактивтіліктің рөлі. Зақымдалуға организмнің жергілікті және жалпы реакциясы


  • Мақсаты: жекеленген аурулардың даму механизмдерін және аурудың дамуының жалпы заңдыдылықтарын игеру, сол арқылы жекеленген, нақты аурулардың патогенезін ашу және патологиядағы ағза реактивтілігінің рөлін анықтау, оның патологиядағы бейімделушілікке мүмкіншілігін оқу; зақымдану кезіндегі организмнің қорғанысының жергілікті және жалпы реакцияларының даму механизмдерін игеру, патологиялық үрдістердің даму сатылары туралы білімді бекіту.




  • Оқыту мақсаты:

  1. аурулардың пайда болуындағы себептер мен жағдайлардың рөлін игеру;

  2. аурулардың даму механизмдерін білу;

  3. ауру патогенезіндегі себеп-салдар қатынасын зерттеу;

  4. патогенездің кері айналып соғу шеңберін игеру;

  5. патогенездің жалпы және жекеленген өзгерістерін ашу;

  6. патогенездік алдын алу мен емдеу негіздерін білу;

  7. иммунитеттің құрылу механизмдерінің негізін білу және фагоцитоз;

  8. иммунологиялық реактивтіліктің механизмінің негізін анықтау, жүре пайда болған және туа біткен иммунды жүйе жетіспеушілігінен туатын бұзылыстарды түсіндіру;

  9. иммунологиялық реактивтілікпен байланысты иммунитеттің басты механизмі – фагоцитоз процессін тәжірибеде жануарларға өз бетінше көрсете білу;

  10. иммунитеттің материалистикалық мәнін, иммунологиялық реактивтілікті және оның негізгі фаноменін түсіндіру;

  11. И.И. Мечников, Т.Г. Савченко, А.М. Безредкалардың иммунологияға қосқан үлестері;

  12. адамзаттың көптеген инфекциялық ауруларды жеңудегі иммунологияның әлеуметтік мағынасын білу;

  13. Эустресс, дистресс түсініктерін ашу;

  14. стресстің организмге патогендік зақымдаушы әсерін анықтау;

  15. стресс-дамытатын және стресс-тежейтін жүйелер туралы білімді игеру;

  16. шоктың орагнимзге зақымдаушы әсерін анықтау;

  17. шок түрлері мен олардың даму механизмдерін ашу;

  18. команың зақымдаушы әсерін, даму этиологиясы мен патогенезін игеру;

  19. инфекциялық үрдістер туралы түсінік және олардың организмге зақымдаушы әсерлерін анықтау.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. қоршаған ортаның патогендік факторлары туралы жалпы түсінік;

  2. патогенез туралы түсінік;

  3. ауру туғызушы себептің организмге алғашқы зақымдаушы әсерінің механизмдері;

  4. жергілікті және жалпы патогенез рөлі;

  5. патогенездің кері айналып соғу шеңбері;

  6. жасушалық деңгейдегі патогенездің кері айналып соғу шеңбері;

  7. сәуле ауруы мен күйіктік шок патогенезі;

  8. химиялық заттардың организмге түсу жолдары;

  9. экология және адамның қоректену ортасы туралы түсінік;

  10. биосфераның табиғи құрылымдық бөліктері, олардың адам организміне әсер етуінің маңызы;

  11. бейімделу анықтамасы;

  12. бейімделудің қандай түрлерін білесіңдер;

  13. Мерсонның ұзақуақытқы бейімделуді ашудағы еңбегі;

  14. иммунитет факторлары мен механизмдері;

  15. иммуноглобулиндер классы;

  16. антидене құрылымы;

  17. реактивтілік анықтамасы;

  18. резистенттілік анықтамасы;

  19. иммунитет анықтамасы;

  20. монофагоциттеуші мононуклеар жүйесі торшалары;

  21. фагоцитозға түсініктеме;

  22. комплемент жүйесі;

  23. иммундық жүйе органы;

  24. зақымдануға организмнің реакциясы туралы жалпы түсінік;

  25. стресстің дамуы, себептері;

  26. эустресс, дистресс түрлері, маңызы;

  27. стресстің адаптациялық және зақымдаушы әсерлері;

  28. шок туралы түсінік, олардың түрлері;

  29. шоктардың патогенезі, даму сатылары;

  30. кома туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері;

  31. инфекциялық үрдістер туралы түсінік.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды талқылау;

- жағдайлық есептерді шығару;

- логикалық сұрақтарды талдау.


  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Патогенез дегеніміз не?

  2. Жалпы патогенез нені оқытады?

  3. Жекеленген патогенез нені оқытады?

  4. Жергілікті және жалпы патогенез рөлі қандай?

  5. Аурудың себептік факторы дегеніміз не?

  6. Патогенездің бастапқы звеносы болып не табылады?

  7. Патогенездің кері айналып соғу шеңбері дегеніміз не?

  8. Патогенездің кері айналып соғу шеңбері жасушалық деңгейде қалай айқындалады?

  9. Бейімделу дегеніміз не? Оның қандай түрлерін ажыратады?

  10. Структуралы із дегеніміз не? Оның түзілу механизмі?

  11. Бейімделу кезінде кері байланыс жүйесінің қандай әрекеті пайда болады?

  12. Механизмдер пайда болуы ағзаға пайдалы деп пайыздауға бола ма? Неге?

  13. Патологиялық ұзақуақытқы бейімделуде және бейімделу құбылысының бірлік диалектикасы неден тұрады?

  14. Бейімделудің құбылысын активті түрде басқаруға мүмкіндік бар ма?

  15. Реактивтілік дегеніміз не? Резистенттілік дегеніміз не?

  16. Реактивтілік қалпы қандай факторларға тәуелді?

  17. Бөгде факторлардан спецификалық емес қорғаныш механизміне не жатады?

  18. Қандай барьерлі қорғаныш құрылым сіздерге таныс?

  19. Фагоцитирлеуші мононуклеарлы жүйе дегеніміз не? Оларға қандай торшалар жатады?

  20. Ағзаның конституциясы дегеніміз не?

  21. Бөгде факторлардан спецификалық қорғаныш механизміне не жатады?

  22. Иммунологиялық реактивтілік дегеніміз не?

  23. Иммунологиялық реактивтілік түсінігіне қандай құбылыс кіреді?

  24. Стресс, эустресс, дистресс дегеніміз не?

  25. Стресстердің этиологиялық факторлары қандай?

  26. Стресстің даму сатылары қандай?

  27. Адапатциялық стресс синдром дегеніміз не?

  28. Стресске қарсы жүйе дегеніміз не?

  29. Шок, түрлері, этиологиясы қандай?

  30. Шоктың даму сатылары қандай?

  31. Кома, түрлері қандай?

  32. Команың даму механизмдері қандай?

  33. Коллапс, даму механизмі қандай?

  34. Инфекциялық үрдістер дегеніміз не?


Жағдайлық есептер:

№1. Кессон жұмысшысы, кессоннан сыртқа шықаннан соң 30-минуттан кейін терісінің қышуымен табанының бұлшық етінің және тізе буынының ауырсынуын сезеді. Ентігу мен жүректің соғуы пайда болады. Тез арада көзі көрмей қалады. Науқас тез арада емдік декомпресияға жіберілді, соның нәтижесінде барлық симптомдар жоғалып кетті. Көрсетілген симптомның қалай пайда болғанын қалай түсіндіруге болады?

№2. Ультрафиолет сәуледлер организмге оң әсер береді, бірақта көп дозада оның кері әсерлері болуы мүмкін оның кері әсерлері болуы мүмкін. Философияның қай заңына байланысты?

№3. Мына екі адамның қайсысында су ауруы тез дамиды: керең адамда ма, әлде қарапайым адамда ма?

№4. 16. жастағы К.ІІ деңгейдегі терпиялық күйік пен емханаға жеткізілген, оның денесінің үстіңгі бөлігінің 30%күйген. Тыныс алуы жиі және беткейлі. Пульс 1минутта 120-рет соғады. Көріп тұрған көріністі түсіндіріңіз.

№5. Иондаушы сәулеге неге жас балалар мен жүкті әйелдер қатты сезімтал?


Тесттік тапсырмалар:

1. Патогенез - бұл:



  1. ауру туралы жалпы ілім

  2. сауығу механизмдері туралы ілім

  3. аурудың пайда болу себебі туралы ілім

  4. аурудың пайда болу механизмі, дамуы және соңы туралы ілім

  5. аурудың даму жағдайлары туарлы ілім

2. Ауру алды - бұл:

  1. зақымдаушы және бейімдеуші механимздердің қосарлануы

  2. патологиялық процестің қарапайым формасы

  3. организмнің типтік патологиялық реакциясы

  4. аурудың бірінші стадиясы

  5. ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдай

3. Аурудың даму жағдайларын ескермейтін және себептерін асыра бағалайтын этиологияның бағыты аталады:

  1. кондиционализм

  2. конституционализм

  3. антинозологизм

  4. монокаузализм

  5. психосоматика

4. Аурудың даму себептерін жоққа шығаратын және ауруды тек жағдайлар кешені туғызады деп тұжырымдайтын этиология бағыты аталады:

  1. кондиционализм

  2. монокаузализм

  3. психосоматика

  4. антинозологизм

  5. конституционализм

5. Барлық аурулардың даму негізінде тұқым қууға бейімділік жатыр деп тұжырымдайтын этиология бағыты аталады:

  1. конституционализм

  2. кондиционализм

  3. монокаузализм

  4. психосоматика

  5. антинозологизм

6. “Стресс” деген терминді ашқан:

  1. И.П.Павлов

  2. И.И.Мечников

  3. Г. Селье

  4. Р.Вирхов

  5. К. Бернар

7. Стрессорлар әсерінен дамиды:

  1. тимус инволюциясы

  2. бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы

  3. лимфоидты ұлпалардың гипоплазиясы

  4. азқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы

  5. лимфоидты ұлпалардың гиперплазиясы

8. Баурылық кома кезіндегі қандай алмасудың бұзылуы екіншілік гиперальдостеронизммен негізделген:

  1. май алмасуы

  2. белок алмасуы

  3. су-электролит алмасуы

  4. қышқыл-негіз алмасуы

  5. липид алмасуы

9. Гипогликемиялық кома қай кезде дамиды:

  1. инсулин жетіспегенде

  2. альдостерон жетіспегенде

  3. инсулиннің шамадан тыс енгізілуінде

  4. глюкозаның шамадан тыс енгізілуінде

  5. вазопрессин жетіспегенде

10. Жалпы адаптация синдромының үшінші кезеңі аталады:

  1. резистенттілік

  2. адаптация

  3. мобилизация

  4. тозу

  5. дезадаптация

  1. гипофизарлық


Шеткі қанайналымның бұзылыстары


  • Мақсаты: Әртүрлі аурулар кезіндегі шеткері қанайналымның жергілікті бұзылыстарын түсіну үшін, олардың дамуының негізгі себептері мен механизмдерін игеру.




  • Оқыту мақсаты:

  1. артерия бойымен қанның ағуының жоғарлауы кезіндегі (атериялық гиперемия) шеткері қанайналым бұзылуларының сипатын білу;

  2. вена бойымен қанның ағуының қиындауы кезіндегі (веналық гиперемия) шеткері қанайналым бұзылуларының сипатын білу;

  3. артерия бойымен қанның ағуының шектелуі кезіндегі (ишемия) шеткері қанайналым бұзылуларының сипатын білу;

  4. патологиялық үрдістер мен аурулардың бір звеносы ретінде шеткері қанайналымның патологиясын игеру;

  5. шеткері қанайналымның патологиялық физиологиясы сұрақтарын өндеудегі отандық ғалымдардың (И.П.Павлова, В.В.Воронина, А.М.Чернуха) қосқан үлесі туралы білу;

  6. жергілікті қанайналым бұзылуларының дамуындағы кейбір зиянды өндірістік факторларды (механикалық жарақат, жоғарғы және төменгі температура, химиялық заттар) білу.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. шеткері қанайналымның бұзылулары;

    2. атериялық гиперемия, анықтамасы, себептері, патогенезі, белгілері және салдарлары;

    3. веноздық гиперемия, анықтамасы, себептері, патогенезі, белгілері және салдарлары;

    4. ишемия, анықтамасы, себептері, патогенезі, белгілері және салдарлары;

    5. стаз, анықтамасы, себептері, патогенезі, белгілері және салдарлары;

    6. эмболия, анықтамасы, себептері, патогенезі, белгілері және салдарлары;

    7. тромбоз, анықтамасы, себептері, патогенезі, белгілері және салдарлары.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.

Тәжірибе: «Құрбақа тілінің қанайналымының өзгеруі»

Қимылсыз қалған құрбақаны тақтайшаға бекітіп, ауызын тақтайша тесігіне туралап бекітеді. Ауызын қысқышпен ашып, төменгі жағын тақтайшаға 2 түйреуішпен бекітеді, 3-ші түйреуішпен астынғы жағын түйрейді, сөйтіп бақаның тілін тесіктің үстіне, алты бұрыштық форма құрйтындай етіп дұрыстап жаяды. Препарат дайындауда тіл тым керіліп кетпеу керек және бір бағытта болуы қажет. Осы жасалған препаратты микроскоптың астына қойып, тамырлардағы қанайналымның дұрыс жүруін бақылайды.

А. Қан тамырларындағы кеңейтілген талшықтардан құралатын тіл нервтеріне тітіркендіргіш жүргізеді. Тіл нервтерін пинцет арқылы тітіркендіреді. Микроскоппен қарап, қанайналымның өзгергенін бақылайды. Бұл қандай бұзылыс екендігін анықтау қажет және олардың даму механизмін, мәнісін түсіндіру керек.

Б. Хирургиялық ине арқылы тіл тақымындағы тамырды байлап, өзгерістерді байқаймыз. Бұл кезде артерияға қарағанда венады өзгерістер айқын болады. Вена қанға толып, қою түсті ірі колибрлі болады. Бұл өзгерісті микроскоп арқылы қарап, басқа тамырлармен салыстырып, қорытындысын түсіндіріңіздер.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

    1. Артериялық гиперемия дегеніміз не?

    2. Артериялық гиперемия белгілері қандай?

    3. Артериялық гиперемияның пайда болу себептері мен дамуының нейрогендік механизмдері қандай?

    4. Артериялық гиперемияны қандай жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін?

    5. Веноздық гиперемия дегеніміз не?

    6. Веноздық гиперемияның даму себептері қандай?

    7. Веноздық гиперемияны қандай жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін?

    8. Стаз дегеніміз не?

    9. Стаздың қандай түрлері болады?

    10. Стаз құбылыстары қайтымды ма?

    11. Қайтымсыз стаз кезінде не болады?

    12. Ишемия дегеніміз не?

    13. Ишемия себептері мен белгілері қандай?

    14. Ишемияның соңы неге байланысты болады?

    15. Инфаркт дегеніміз не?

    16. Ақ және қызыл инфаркт дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет