Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет3/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#192379
1   2   3   4   5

Жағдайлық есептер:

№ 1.


Бақаның ащы ішек брыжейкасы препаратын 1 сағат бойы ауада кептірген. Бұл кезде препараттағы шеткері қанайналым қалай өзгереді?

№ 2.


Қоян құлағын иннервациялайтын тамыр тарылтқыш нервісін үзген соң, қоян құлағында шеткері қанайналымның қандай бұзылыстары дамиды?

№ 3.


Бақа жүрегінің қарыншалары қуысына вазелиндік майды енгізген соң, ішек брыжейкаларының препаратында микроскоппен қарағанда май тамшылары табылған. Шеткері қанайналымның мұндай бұзылулары қалай аталады?

№ 4.


Тіл түбінің негізгі веноздық бағаналарын байлаған соң, бақаның тіл препаратында қанайналымның қандай жергілікті бұзылулары дамуы мүмкін?

№ 5.


Қоянның құлағына келетін орталық артерияны қысқан кезде құлақтың жергілікті қанайналымы қандай өзгерістерге ұшырайды?
Тесттік тапсырмалар:

1. Артериальды гиперемия дамуының себебі:



  1. тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдануы

  2. алып келетін артерияның қысылуы

  3. веналардың тромбпен бітелуі

  4. ангиоспазм

  5. веналардың ісіктермен қысылуы

2. Венозды гиперемия дамуының себебі:

  1. веналардың тромбпен бітелуі

  2. алып келетін артерияның қуысының тромбпен бітелуі

  3. веналардың ісіктермен қысылуы

  4. алып келетін артерияның қысылуы

  5. ұлпалардың қызметінің артуы

3. Ишемияның дамуының себебі:

  1. веналардың тромбпен бітелуі

  2. ангиоспазм

  3. ұлпалардың қызметінің артуы

  4. тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдануы

  5. веналардың ісіктермен қысылуы

4. Артериальды гиперемия белгісі:

  1. венозды қысымның жоғарлауы

  2. ұлпалардың температурасының жоғарлауы

  3. ұлпалардың көгеруі

  4. қан ағымының жылдамдығының баяулауы

  5. ұлпалардың көлемінің азаюы

5. Венозды гиперемия белгісі:

  1. ұлпалардың қызаруы

  2. ұлпалардың температурасының жоғарлауы

  3. қан ағымының жылдамдығының баяулауы

  4. ұлпалардың көлемінің азаюы

  5. ұлпалардың бозаруы

6. Ишемия белгісі:

  1. ұлпалардың көлемінің азаюы

  2. ұлпалардың температурасының жоғарлауы

  3. қан ағымының жылдамдығының жоғарлауы

  4. ұлпалардың көгеруі

  5. ұсақ тамырлардың пульсациясы

7. Экзогенді эмбол болуы мүмкін:

  1. ауа көпіршігі

  2. сүйек сынған кездегі май тамшылары

  3. тромбтар

  4. ісіктің жасушалық элементтері

  5. бауыр зақымданған кездегі оның жасушалары

8. Венозды гиперемия кезіндегі ұлпалардың жергілікті температурасының төмендеуі негізделген:

  1. артериалдық қан ағымының жоғарлауына

  2. ұсақ тамырлардағы қысымның жоғарлауына

  3. жылу берудің жоғарлауына

  4. гипокапнияға

  5. цианозға

9. Ишемия дамыған кезде:

  1. қанның келуі өзгермейді, ал кетуі азаяды

  2. қанның келуі азаяды, ал кетуі өзгермейді

  3. қанның келуі де, кетуі де жоғарлайды

  4. қанның келуі де, кетуі де азаяды

  5. қанның келуі жоғарлайды, ал кетуі азаяды

10. Артериоланың тромбпен бітелуі ұлпаларда дамытуы мүмкін:

  1. артериальды гиперемияны

  2. венозды гиперемияны

  3. ишемияны

  4. венозды тоқырауды

  5. шыңайы стазды


Қабыну


  • Мақсаты: қабынулық реакциялардың негізгі себептері мен даму механизмдерін игеру, қабынулық ауруларды емдеу кезіндегі дєрігердің тактикасын түсіну үшін оның диалектикалық маңызын түсіну.




  • Оқыту мақсаты:

    1. қабыну кезіндегі тамырлық реакциялардың патогенезін білу;

    2. қабыну туралы ілімнің дамуындағы отандық ғалымдардың (И.И. Мечников, В.В. Воронина, А.М. Чернух) үлесі туралы білу;

    3. қабынулық реакцияның қорғаныш-бейімдеушілік және патологиялық жағадйларының диалектикалық маңызын түсіну, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту заңдылығын ашу;

    4. эксперимент жүзінде Конгейм тәжірибесін жекелеп жасап алу және ұлпалардағы қанайналымды биомикроскопиялық зерттеу әдістері.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. қабыну: анықтамасы және пайда болу себептері, қабынулық процестің негізгі компоненттері;

    2. біріншілік жєне екіншілік альтерация, зат алмасудың, жасушалар мен жасушалық органеллдардың мембраналарының өзткізгішітігінің, өткізігіштікті жоғарлату механизмінің өзгерулері;

    3. микроциркуляторлық арнаның тамырлық реакциясы;

    4. қабыну медиаторлары: олардың түрлері, шығу тегі және қабынудың даму динамикасы мен аяқталуындағы маңызы; әртүрлі медиаторлардың өзара байланысы, қабынуға қарсы медиаторлар туралы түсінік;

    5. экссудация: анықтамасы, экссудация процесінің негізі ретіндегі фильтрация, диффузия және микровезикуляция процестерінің күшеюі; қабыну ошағындағы физико-химиялық ығысулардың маңызы;

    6. лейкоциттердің эмиграциясы: кезеңдері мен патогенезі;

    7. фагоцитоздың жеткіліксіздігі: оның себептері мен қабыну кезіндегі маңызы;

    8. пролиферация – қабынудың репаративтік кезеңі, даму механизмі, оның стимуляторлары мен ингибиторлары;

    9. қабыну түрлері, олардың жіктелуі; организм үшін қабынулық реакцияның маңызы;

    10. қабынуға қарсы терапияның патофизиологиялық принциптері.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.
Тәжірибелік жұмыс: Конгейм тєжірибесінің сипаттамасы «Қабыну кезіндегі бақа ішігі шажырқайындағы тамырлық реакциялар»

Бақаның шажырқайының препаратын дайындайды. Ішектерді қ±рсақ қуысынан шығарып, оны тақтайшаға бекіту механикалық жарақатпен, кебумен ж‰реді, осы жағдайлар жедел қабыну реакциясының дамуын туғызады.

Шажырқай препаратын микроскоппен қарайды. Зерттеу ‰шін ±сақ артериялар, артериолдар, капиллярлар жєне венулдар тандалады. Тамырлардың санылауының µзгеруіне жєне бір сызылықтығына, капиллярлардың саны мен еніне, артериялық жєне веналық тамырлардағы қан ағысы жылдамдығының µзгеруіне, плазмалық алаңның еніне кµңіл аударады: плазмалық алаңдағы қабырға бойымен к‰міс шарлар т‰рінде жылжып жатқан лейкоциттердің пайда болу жєне лейкоциттердің жанамалап т±руының басталу уақытың анықтау.

Тамырлық реакциялардың єрт‰рлі фазалары суреттеледі жєне тєжірибе хаттамасына қысқаша жазылады. Байқалған нєтижелерге анализдеу µткізеді.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

    1. Қабыну анықтамасы және оның пайда болу себептері

    2. Қабынулық процестің негізгі компонеттері

    3. Қабынудың жергілікті және жалпы себептері

    4. Біріншілік және екіншілік альтерация. Зат алмасудың, жасуша мен жасушалық органеллдардың мембранансының өткізгіштігінің өзгеруі, өткізгіштіктің жоғарлау механизмі

    5. Микроциркуляторлық арнаның тамырлық реакциясы

    6. Қабыну медиаторлары: олардың түрлері, шығу тегі және қабынудың даму динамикасы мен аяқталуындағы маңызы; әртүрлі медиаторлардың өзара байланысы, қабынуға қарсы медиаторлар туралы түсінік

    7. Қабыну ошағындағы қанның реологиялық қасиеттерінің, белоктық құрамының және плазма белоктарының физико-химиялық қасиеттерінің өзгеруі

    8. Экссудация: анықтамасы, экссудация процесінің негізі ретіндегі фильтрация, диффузия және микровезикуляция процестерінің күшеюі; қабыну ошағындағы физико-химиялық ығысулардың маңызы

    9. Экссудат түрлері

    10. Лейкоциттердің эмиграциясы: кезеңдері мен патогенезі

    11. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі: оның себептері мен қабыну кезіндегі маңызы

    12. Пролиферация – қабынудың репаративтік кезеңі, даму механизмі, оның стимуляторлары мен ингибиторлары

    13. Созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері; қабыну дамуындағы реактивтіліктің ролі, қабыну кезіндегі жергілікті және жалпы құбылыстардың өзара байланысы, қабынулық процес кезіндегі иммундық реакциялардың маңызы

    14. Қабыну түрлері, олардың жіктелуі; организм үшін қабынулық реакцияның маңызы

    15. Қабынулық процестегі зақымдану және қорғаныс-бейімдеушілік реакциялардың диалектикалық байланысы

    16. Қабынуға қарсы терапияның патофизиологиялық принциптері.


Жағдайлық есептер:

  1. Барлық кезде қабынуға қарсы терапияны пайдалану қажет пе? Неге?

  2. Эксперименталдық жануардың қабыну ошағына көмірсулардың ыдырауын тежейтін энергиялық алмасу ингибиторы – монойодуксустық қышқылды енгізген. Бұл жағдайда қабынудың ағымы қалай өзгеруі мүмкін?

  3. 16 жасар науқас дәрігерге оң жақ тобығын күйдіріп алғындығы туралы шағымданған. Тексреген кезде тобығы қызарып, терісі домбыққан, ауырсыну сезімі байқалады, күйген жердің температурасы жоғарлаған. Тобықтың қозғалғыштығы бұзылған. Науқаста лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы байқалады. Қабынудың қандай жергілікті белгілері бар? Қабынудың қай кезеңі?

  4. 13 жасар Саша оң жақ ұртына шиқан шығуына байланысты дәрігерге келген. Бас ауруына, шайнау ауырсыну туғызатынына, температурасының жоғарлауына шағымданады. Ұртының ортасында қатты, көлемі жанғақ сияқты инфильтрат сезіледі. Инфильтрат маңы терісі ісінген, шеттері қызыл түсті, ортасы көкшіл. Бұлай түсінің өзгеруін немен түсіндіруге болады? Қабыну ошағындағы тамырлық зақымданулардың динамикасы қандай?

  5. 35 жасар К. науқас 1 жыл бойы Гайморов қуысының қабынуымен зардап шегеді. Соңғы екі аптада жалпы жағдайы нашарлаған: дене температурасы 37,2-37,5° С, бас ауруы күшейген, мұрынмен тыныс алу қиындаған. Мұрын жолдарының кілегей қабаттары гиперемияланған, ісінген. Сол жақ мұрын тесігінен көп ірің ағады. Қан анализінде нейтрофилдік лекоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Науқаста қабынудың қай түрі дамыған? Ірің дегеніміз не? Лейкоциттердің эмиграциясының механизмі қандай?


Тесттік тапсырмалар:

1. Экссудатында өлген лекоциттер, әсіресе нейтрофилдер және ферментативті гидролиз өнімдері өте көп болатын қабыну аталады:



  1. альтеративті

  2. продуктивті

  3. геморрагиялық

  4. іріңді

  5. фибринозды

2. Қабыну кезіндегі жергілікті ацидоздың патогендік факторы:

  1. артериялдық гиперемия

  2. тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуы

  3. Кребс циклінің бұзылуы

  4. лейкоциттердің эмиграциясы

  5. транссудация

3. Кілегей қабаттарының өте көп мөлшерде сілекей бөлумен жүретін шырышты қабынуы аталады:

  1. геморрагиялық

  2. іріңдік

  3. крупоздық

  4. фибриноздық

  5. катаральдық

4. Қабыну кезіндегі жергілікті температураның жоғарлауының патогендік факторы:

  1. стаз

  2. эмболия

  3. артериялдық гиперемия

  4. веноздық гиперемия

  5. ишемия

5. Пролиферациялық процесс басым болатын қабыну аталады:

  1. альтеративтік

  2. іріңдік

  3. крупоздық

  4. продуктивтік

  5. гиперергиялық

6. Қабынудың сыртқы белгісі - “қызарудың” латынша аты:

  1. dolor

  2. calor

  3. rubor

  4. tumor

  5. functіo laesa

7. “Қабынудың старттық аланы” деп аталады:

  1. рибосомалар

  2. митохондриялар

  3. лизосомдар

  4. полисомдар

  5. тегіс эндоплазмалық ретикулумдар

8. Қабынудың гуморальдық медиаторларын атаңыз:

  1. лизосомальдық ферменттер

  2. простагландиндер

  3. гистамин

  4. серотонин

  5. активтелген комплемент фрагменттері

9. Ұсақ тамырлардың базальдық мембраналарының біршама зақымдануы қандай экссудат түзілетін қабыну кезінде байқалады?

  1. шырышты

  2. іріңді

  3. катаральды

  4. фибринозды

  5. геморрагиялық

10. Комплементтің активтелу салдары:

  1. ауырсыну жүкелерінің соңдарының қозуы

  2. мес жасушалардан гистаминнің босауының жаңдануы

  3. қан ағымының баяулауы

  4. эритроциттердің сладждалынуы

  5. жасушалардың агрегациялануы


Қызба. Гипоксия


  • Мақсаты: организм ‰шін қызба реакциясының маңызын бағалу, қызба кезіндегі жылу реттеудің қайта қ±рылу механизмдерін анықтау жєне қызбаның патологиялық жєне қорғаныс-бейімделушілік жақтарын анықтау; организмнің оттектік балансы б±зылуының клиникалық т‰рлерін т‰сіну ‰шін жєне олардың алдын алу жолдарын анықтау ‰шін гипоксияның негізгі т‰рлерінің даму механизмдерін, себептерін, кµріністерін жєне бейімдеушілік механизмдерін игеру.




  • Оқыту мақсаты:

  1. қоршаған ортаның температурасы µзгерген кездегі жылу реттеудің б±зылу жағдайларын, механизмдерін жєне кµріністерін игеру;

  2. гипо- жєне гипертермиялық жағдайларды емдеу жєне алдын алу ‰шін олардың жалпы пайда болу заңдылықтары мен дамуын білу;

  3. қызбалық аурулар кезіндегі дєрігердің негізгі тактикасы ретінде қызба реакциясының қорғаныс-бейімдеушілік жєне патологиялық жағдайларының диалектикалық маңызын игеру;

  4. организмнің жалпы ысыну (гипертермия) кµріністерін қызбадан ажырата білу;

  5. «гипоксия» т‰сінігіне анықтама беру жєне оның патофизиологиялық маңыздылығын сипаттау;

  6. ‰ш єрт‰рлі критерилер бойынша гипоксиялық жағдайлардың жіктелуін беру;

  7. гипоксияның жекеленген типтерінің (экзогендік, тыныстық, қанайналымдық, қандық, ±лпалық, аралас) себептері мен даму механизмдерін, сонымен қатар биологиялық тотығудың салыстырмалы жеткіліксіздігі кезіндегі гипоксияларды т‰сіндіру;

  8. гипоксия кезінде пайда болатын негізгі метаболиттік б±зылулардың сипаты мен динамикасын беру жєне олардың даму механизмдерін т‰сіндіру;

  9. жедел жєне созылмалы гипоксиялардың даму процесіндегі физиологиялық қызметтердің б±зылу сипаты мен даму кезектілігін т‰сіндіру;

  10. гипоксияға организмнің тез жєне ±зақ бейімделу механизмдерін сипаттау;

  11. гипоксияны эксперименталдық жєне клиникалық зерттеудегі, оттектік ашығуға организмнің т±рақтылығын жоғарлату єдістерін µндеудегі отандық ғалымдардың (И.М. Сеченов, Н.Н. Сиротинин, Ф.З. Меерсон) рµлі туралы т‰сініктеме беру;

  12. гипоксияның єрт‰рлі типтерінде қолданылатын емдік-профилактикалық шаралардың принциптерін негіздеу;

  13. гипоксия кезіндегі қарғаныс-компенсаторлық қ±былыстарды анализдеуде оттегін тасымалдау ж‰йесіндегі жєне оның пайдаланылуы ж‰йесіндегі бейімделулерді бµліп қарастыру;

  14. гипоксиялық жєне қандық гипоксиялардың эксперименталдық кµшірмелерінде организмнің оттектік ашығуға т±рақтылығындағы организм реактивтілігінің, орталық ж‰йке ж‰йесінің функционалдық жағдайының, зат алмасу процестерінің бастапқы деңгейінің маңыздылығын бағалай білу;

  15. гипоксия патогенезінде нағыз патологиялық жєне қорғаныс-бейімдеушілік механизмдерді анализдеу кезінде диалектикалық материализм заңын, єсіресе т±тастық жєне қарсылықпен к‰ресу заңдарын қолдана білу.




  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. қызба анықтамасы мен жалпы сипаттамасы; қызбалық реакцияның фило- жєне онтогенездегі қалыптасуы;

  2. қызба этиологиясы; инфекциялық жєне инфекциялық емес қызбалар;

  3. пирогендер, олардың т‰зілу кµздері мен жылу реттеу орталығына єсер ету механизмдері;

  4. жылу реттеу орталығына басқа да нейрогуморалдық єсерлердің болуы;

  5. қызба кезіндегі жылу реттеудің қайта қ±рылуындағы гипоталамустың жылу сезгіш зоналары мен шеткері рецепторлардың маңызы;

  6. қызбалық реакциялардың патогенезі;

  7. қызба кезеңдері, қызбаның єрт‰рлі кезеңдеріндегі температураның µзгеру механизмдері;

  8. температуралық қисық сызықтардың т‰рлері жєне олардың қалыптасу факторлары;

  9. қызбаның єрт‰рлі кезеңдеріндегі организмде µтетін қызметтер мен ж‰йелердің µзгеруі;

  10. қызбаның экзогендік ысудан жєне гипертермияның басқа да т‰рлерінен айырмашылығы;

  11. қызба дамуының пирогендік фактордың қасиеті мен организмнің реактивтілігіне тєуелді болуы;

  12. патологиядағы қызбалық реакциялардың биологиялық маңызы;

  13. қызбамен шақырылатын организмдегі компенсаторлық µзгерулер мен қызба кезіндегі зақымданулар;

  14. қызбаның этиологиясы мен патогенезін зерттеудегі отандық ғалымдардың (П.Н. Веселкин) рµлі;

  15. температураны тµмендететін терапияның патофизиологиялық принциптері;

  16. гипоксиялық жағдайлардың пайда болуының, дамуының жєне соңының жалпы заңдылықтары;

  17. тыныс алу; адам тыныс алуын қосатын процестер;

  18. өкпенің желденуі;

  19. оксигемоглобиннің қисық диссоциациясы;

  20. кµмір қышқыл газының қанмен тасымалданатын т‰рлері;

  21. гипоксияның жіктелуі;

  22. «нормоксия», «гипоксия», «гипероксия», «гипоксемия», «асфиксия» т‰сініктері;

  23. ауа µтетін жолдардың маңызы;

  24. физикалық ж±мыс жасағанда µкпе желденуінің µзгеруі;

  25. физикалық ж±мыс жасағанда оттек тасымалдануының к‰шеюі;

  26. атмосфералық қысым тµмендеген кездегі пайда болатын жағдайлар;

  27. оттектік ашығуға акклиматизация;

  28. организмнің оттектік баланс жағдайын сипаттайтын кµрсеткіштер;

  29. гипоксия кезіндегі организмдегі метаболиттік жєне қызметтік б±зылулар;

  30. оттегінің жеткіліксіздігіне ±лпалардың сезімталдығы.




  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін талқылау;

- хаттамалар жазу.

Тәжірибиелік жұмыс: Суық қанды жануарды суықтандыру

Бақаның т±зды м±зға салу арқылы дене температурасының тµмендеуін шақырады.

Бақада қандай µзгерістер байқалады? Бақада тіршілік белгілерін қайта қалыптастыруға болады ма? Оны қалай жасауға болады? Бақыланған қ±былыстарды т‰сіндіріңіздер.

Жылы қанды жануарды суықтандыру

Ақ егеуқ±йрықты тақтайшаға шалқасынан етіп байлайды. Бµлме температурасы жағдайында тыныс алу жиілігін санайды жєне тік ішегінен температуарсын анықтайды. Содан кейін егеуқ±йрықты полиэтилендік қапшыққа салып, басын ғана бос қалдырамыз жєне жан-жағының барлығына м±зды қалаймыз. 15 минут сайын тыныс алуын санайды. Бір сағат µткен соң егеуқ±йрықты қаптан алып, температурасын қайта µлшейді.



Бақыланған қ±былыстарды т‰сіндіріңіздер.

Тәжірибиелік жұмыс: Єрт‰рлі жануарларда гипоксия дамыған кездегі оттегінің парциалдық қысымының µзгеруінің рµлі»

Тєжірибе мақсаты: эксперимент ж‰зінде гипоксияның гипоксиялық типін алу жєне гипоксия дамуындағы оттегінің парциалдық қысымының рµлін бақылау. Тєжірибеге дейін егеуқ±йрықтың бір минуттағы тыныс алуын санайды, кілегей қабаттарының, ж‰нмен жабылмаған терінің т‰сіне жєне жануардың қылықтарына назар аударады. Егеуқ±йрықты шыны қалпақтың астына отырғызады жєне барометрлік қысым 250-300 мм сынап бағанасына дейін тµмендегенше насоспен ауаны сорады. Кесте бойынша б±л жағдай қандай биіктікке сєйкес келетіндігін анықтайды. Барометрлік қысым деңгейі мен оттектік ашығу келбетінің айқындалуын бақылайды, жануарды µлімге дейін жеткізбейді. Тєжірибе соңында шыны қалпаққа баллоннан оттегі жіберіледі жєне барометрлік қысым 730 мм сынап бағанасына дейін жеткізіледі. Жануардың б±л кездегі қылығына жєне тыныс алуына кµңіл бµледі. Содан кейін гипоксияның алғашқы белгілері мен айқындалған дєрежесі пайда болатындай етіп барометрлік қысым тµмендегенше насоспен оттегін біртіндеп сорады. Жануарда тынысның жиілеуін, цианоздың дамуын жєне айқын қылықтарын байқайды. Алынған нєтижелерді кестеге т‰сіреді.


  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Қызба дегеніміз не?

  2. Неге қызбаны типтік патологиялық процесс деп атаймыз?

  3. Қызбаның гипертемриядан айырмашылығы неде?

  4. Қызбаның этиологиясы қандай?

  5. Пирогендік заттар (пирогендер) дегеніміз не?

  6. Жылу реттеу орталығына єсер ететін басқа қандай нейрогуморалдық єсерлерді білесіндер?

  7. Инфекциялық жєне инфекциялық емес қызба қызба дегеніміз не?

  8. Қызба кезінде жылу реттеудің қайта қ±рылуындағы гипоталамустың жылу сезгіш зоналары мен шеткері рецепторлардың маңызы неде?

  9. Қызбалық реакцияның патогенезі қандай?

  10. Қызба кезінде жылу реттеу орталығының б±зылуы ж‰реді ме?

  11. Қызбаның қандай кезеңдерін бµледі?

  12. Қызбаның єрбір кезеңінде жылу алмасудың қандай µзгерулер дамиды?

  13. Қызбаның єрбір кезеңінде жылу алмасудың µзгеру механизмдері қандай?

  14. Температураның жоғарлау дєрежесіне қарай қызбаның қандай т‰рлерін ажыратады?

  15. Қызба кезінде температуралық қисық сызықтардың қандай негізгі типтерін бµледі?

  16. Қызба кезінде жекеленген м‰шелер мен ж‰йелердің қызметі қалай µзгереді?

  17. Қызбаның экзогендік ысынулар мен гипертермияның басқа да т‰рлерінен қандай айырмашылықтары бар?

  18. Пирогендік факторлардың қасиеті мен организмнің реактивтілігінен қызбаның дамуы қалай тєуелді болады?

  19. Қызба кезінде организмде қандай компенсаторлық µзгерістер пайда болады?

  20. Қызба кезіндегі қандай б±зылуларды білесіз?

  21. Патологиядағы қызба реакциясының маңызы неде?

  22. Қызба реакциясының фило- жєне онтогенездегі қалыптасуы қандай?

  23. Қызбаның этиологиясы мен патогенезін зерттеудегі отандық ғалымдардың (П.Н. Веселкин) рµлі қандай?

  24. Қызуды басатын терапияның патофизиологиялық принциптері

  25. Гипоксия т‰сінігіне сипаттама

  26. Жіктелуі, гипоксия типтері

  27. Гипоксияға жедел жєне ±зақ уақыт бейімделу механизмдері

  28. Экзогендік гипоксия т‰рі: этиологиясы, патогенезі, артариялық жєне веноздық қанның газдық қ±рамының сипаттамасы

  29. Тыныстық гипоксия т‰рі: этиологиясы, патогенезі, артариялық жєне веноздық қанның газдық қ±рамының сипаттамасы

  30. Қандық гипоксия т‰рі: этиологиясы, патогенезі, артариялық жєне веноздық қанның газдық қ±рамының сипаттамасы

  31. Қанайналымдық гипоксия т‰рі: этиологиясы, патогенезі, артариялық жєне веноздық қанның газдық қ±рамының сипаттамасы

  32. ¦лпалық гипоксия т‰рі: этиологиясы, патогенезі, артариялық жєне веноздық қанның газдық қ±рамының сипаттамасы

  33. «Оттек ‰шін к‰рес» т‰сінігі

  34. Гипоксиялық жағдайдағы қанмен оттегінің тасымалдануын к‰шейтетін жасанды єдістер.


Жағдайлық есептер:

1. Баспасы бар науќастыњ температурасы 38,8° С жоѓарлаѓан. Егер б±л науќасты салќын палатаѓа (16-17° С) жатќызса дене температурсы ќандай болады? Ал егер µте жылы (25-27° С) палатаѓа жатќызсаќ ше?

2. Кісі бас миыныњ жараќатын алѓан жєне температурасы 38,8° С дейін жоѓарлаѓан. Б±л ќ±былыстыњ мањызы мен механизмін ќалай баѓалауѓа болады?

3. Бір бала инфекциялыќ паротитпен ауырѓан. Жалпы єлсіздік жєне температурасыныњ аздап жоѓарлауы байќалѓан. 3 к‰ні температурасы 39,1° С жеткен. Тоѓыз к‰н бойы 37,9-38,8° С тербелісіндегі температура ±сталынып т±рѓан, ал содан соњ тµмендей бастаѓан. 14 к‰н дегенде ќалыпты температура ќалыптасќан. Науќастыњ температуралыќ ќисыќ сызыѓын кезењдері бойынша сипаттањыз. М±ндай ќызбаны температураныњ жоѓарлау дєрежесі, температуралыќ ќисыќ сызыќ сипаты бойынша ќалай атауѓа болады? Ал температураныњ б±лай тµмендеуі ќалай аталады?

4. Жүкті әйелдің қанында эритроциттер мен гемоглобиндердің мөлшерінің азайғандығы байқалған. Анализінен гипоксияға белгілері анқыталған: әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы, құлағының шулауы, көзінің бұлдырауы. Әйелде гиоксияның қандай түрі дамыған?

5. Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы басталған. Гипоксия белгілері байқалған: ентігу, ауа жетіспеу сезімі, тахикардия, терісінің цианозы. Науқаста қандай гипоксия дамыған?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет