Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат


Денсаулық сақтау саласында кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу



бет7/15
Дата24.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#14348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

5.4.163. Денсаулық сақтау саласында кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу

Денсаулық сақтау саласының 2013-2020 жылдарға арналған кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Жоба Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Үкіметінің отырысында тыңдалған, медициналық қоғаммен, БХҚ - мен кең талқыланған. Жобасының қарастыру ҰКК 2013 жылғы бірінші тоқсанда жоспарланған.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту жөніндегі 2013- 2020 жылдарға арналған іс – шаралардың кешенді жоспарын бекіту туралы» Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді. Жоба саланың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша толық іс-шаралар жоспарын көрсетеді. Кәзіргі уақытта жоба орталық мемлекеттік органдарға келісуге жолдаған.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


5.4.164. Медициналық ұйымдарда, оның ішінде бақылаушы кеңестер енгізу жолымен корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу

Денсаулық сақтау ұйымдарында бірлесіп басқару қағидаттарын енгізуді жетілдіру мақсатында 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК-на байқау кеңесі енгізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 9 ұйымындағы байқау кеңестерінің құрамы бекітілді.

2013 жылы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының байқау кеңестері мүшелерінің қызметіне бағалау жүргізу жоспарлануда.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.



5.4.165. Денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың нысаналы тапсырыстарын, оның ішінде жеке меншік инвестицияларды және демеушілік қаражатты тарту жолымен келісімдер негізінде қалыптастыру практикасын жалғастыру

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері және медициналық ЖОО-лар мен студенттердің арасында 3 жақты келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес медициналық жоо-ларды бітіргеннен кейін денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеу қажет. ЖОО-лар бітірушілерін жұмысқа орналастыру және жұмысқақа жіберу Жол картасы бекітілді.

Іс шараларға сәйкес бітірушілердің аймақтарға жұмысқа орналасу және жұмыс орнына жету мониторингі жүргізіледі.ҚР ДСМ берілген анализге сәйкес, жалпы бітірушілер санынан клиникалық мамандықтар бойынша 91% жұмысқа орналасты (2840).

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


5.4.166. Медицина қызметкерлерінің коғамдағы мәртебесі мен беделін көтеру бойынша шаралар қабылдау

БҰДСЖ негізгі міндеттердің бірі – қызметкерлердің уәждеме деңгейін одан әрі жоғарту.

Стационар деңгейінде еңбекке сараланған ақы төлеу енгізілді, оның негізгі белгілерінің бірі көрсетілген медициналық қызмет сапасына елдің қанағаттанушылығы және дәрігердің өз жұмыс нәтижелеріне бағыттану. Бұл

«уәжделген қызметкер және қанағаттандырылған емделуші» қарым қатынас модельді тудырады.

БМСК қызметкерлері үшін жан басына шаққандағы көрсеткішке ынталандырушы компонентті енгізу жалғастырылып жатыр, бұл компонент ақырғы нәтижелер жетістігі бойынша төленеді және денсаулық сақтау жүйенің негізгі көрсеткіштерін (аналық және нәрестелік өлім-жітімді азайту, туберкулез және ісіктер ауруларды ерте анықтау) жақсартуды қамтамасыз етеді.

Шараларды жүзеге асыру жалғастыруда.



5.4.167. Медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауыстыруды қамтамасыз ету

БҰДЖ барлық қағидаттары тек денсаулық сақтау ұйымдарында менеджмент дамыған жағдайда ғана кедергісіз іске асырылады, оған қызмет ұсынушының дербес статусы жағдайында үлкен ықтималдықпен қол жеткізіледі. Қазіргі уақытта шаруашылық жүргізу құқығындағы денсаулық сақтау кәсіпорындарының жалпы саны 479-ды немесе 61%-н құрады (2009 жылы – 19 немесе 2%).

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.168. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді ұсынушылардың арасында бәсекелестік ортаны КҰРҮ

БҰДЖ шеңберінде жасалған ыңғайлы қаржылық жағдайлар мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы үшін пайдалы әрі жаңа мүмкіндіктер ашты және бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етті, ол Бірыңғай ақы төлеуші жүйесіндегі мемлекеттік емес сектордағы ТМККК бойынша қызмет ұсынушылар үлесінің тұрақты түрде өсуімен сипатталады. Мысалы, Бірыңғай ақы төлеуші жүйесіндегі мемлекеттік емес қызмет ұсынушылардың үлес салмағы бүгінде 16% жетті (2009 жылы - 0%, 2010жылы - 12%, 2011 жылы - 14%).

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.169. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат жөніңде халық арасында жүйелі түсіндіру жұмысын өткізу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру барысын ақпараттық қолдау жөнінде Медиа-жоспар бекітілді.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру барысында Денсаулық сақтау министрлігі биыл екінші жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыруда. Мұндағы басты мақсат – қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне байланысты сектораралық және мекемеаралық ара-катынастағы біріңғай ұлттық саясатты қалыптастыруды қаматасыз ету.

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарының тізбесі 25 бағытқа кеңейтілді. Барлық жобаларда ақпараттық қолдау, оның ішінде фильмдер, бейне және аудиороликтерді жасау және трансляциялау қарастырылған.

«Хабар», «Ел Арна», «Казахстан» телеарналарында, «31 арнада», «7 арнада», «ХИТ ТВ», «КТК», «ОРТ Казахстан» телеарналарында, «Казақ радиосында» «ХИТ FM», «Европа плюс Казахстан», «Русское радио Азия», «Ретро FM», «Love radio» және «Авторадиода» ішімдікті шектен тыс тұтыну мәселелері, ана мен бала денсаулығы (жасанды түсіктің алдын-алу), репродуктивті денсаулық (үрейлену белгілері), скринингтер (онкология), отбасын жоспарлау, шылым шегудің (кальян) алдын-алу, вакцинация, туберкулездің алдын-алу, балалар жарақаты, артық салмақ, жыныс жолдарымен таралатын инфекциялар, қант диабеті, жастарды психологиялық-әлеуметтік қолдау, скринингтер (В және С гепатиттері) мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер, олардың ішінде сурдоаударумен орналастырылды.

Бейнероликтер Алматы және Астана қалаларының әуежайларындағы мониторларда да орналастырылды (Астана қаласы әуежайының цилиндрлі монитоында, Алматы қаласы әуежайының халықаралық және жергілікті ұшу залдарының монитрында).

2012 жылы азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелеріне байланысты сектораралық және мекемеаралық ара-катынастар шеңберінде келесідей қаражат бөлінді:

- Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне – темекі шегудің, ішімдікті шектен тыс қолданудың, есірткі шегудің алдын алу мен емдеу мәселелеріне қатысты ақпаратты-үндеу баспа басылымдарына және телерадио арналарында науқандар мен жобаларды дайындау және шығаруға, сонымен қатар спорт пен салауатты өмір салтына үндеу жүргізіге бағытталған әлеуметтік бейнероликтер жасауға;

- ҚР мәдениет және ақпарат министрлігіне – денсаулық сақтауды дамыту мәселелеріне байланысты республика деңгейінде «Саламатты Қазақстан» телевизиялық мемелекеттік бағдарламасын жасауға, салауатты тамақтану мәселелеріне арналған бейне және аудио роликтерді шығаруға;

- ҚР ішкі істер министрлігіне – жол жүру қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты әлеуметтік роликтерді жасау және олардың орталық, республикалық телеарналарда таратылуын қамтамасыз етуге, республикалық арнада жол жүру қауіпсіздігінің өзекті мәселелеріне қатысты арнайы бағдарлама дайындауға, бұдан басқа салауатты өмір салтын қалыптастыруға, атап айтқанда түрмедегілер арасындағы АИТВ/ЖИТС, туберкулез дерттеріне шалдығу маселелеріне байланысты ақпараттық материалдарды шығару және таратуға.

2012 жылы республиқалық газеттерде ҚР ДСМ-нің, оның құрылымдық бөлімдерінің және комитеттерінің, республикалық және аймақтық медициналық ұйымдардың қызметі жайында 2800-ден астам мақалалар, ақпараттық агенттіктерде 1950-ден артық материалдар жарық көрді, республикалық телеарналарда 900-ге жуық сюжеттер көрсетілді.

Қоғаммен қарым-қатынасты жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмысы жайлы ақпарат пен мәліметті жүйелі және тұрақты түрде тарату үшін 50 іс-шара өткізілді (құрылтайлар, когресстер, ғылыми-қолданбалы конференциялар және т.б.). Олардың 941 БАҚ арқылы, соның ішінде телеарналарда – 250, баспа БАҚ-да – 30, радиода – 48, ақпарат агенттіктерінде - 350 құлақтандыруы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беру кестесіне сәйкес:

- 2012 жылғы 18 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова «Хабар» телеарнасының «Жеті күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына – онкологиялық қызмет бағдарламасы мен медицина кардрларын даярлау туралы және т.б. жайында сұхбат берді, 2012 жылғы 16 маусымда «Казахстанская правда» газетіне «Тегін қызметті кепілдеуден – жағары сапаға» атты, сондай-ақ аталған жылдың 6 маусымында «Егемен Қазақстан» газетінде отандық медицинаны дамыту жайында «Ұлт саулығы - ұлы мұрат» сұхбатты мақаласы шықты;

- 2012 жылғы 3 тамызда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Э.А.Байжунусовтың «Литер» газетінде онкологиялық көмекбағдарламасының орындалу барысын сипаттайтын «Қадам сайын» сұхбаты жарық көрді;

- 2012 жылғы 3 тамызда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д.Курмангалиеваның «Казахстанская правда» газетінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жетілдіру шараларын қамтитын «БҰДЖ: құндылықтары күн санап артып жатыр» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды;

- 2012 жылғы 1 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысы С.Р.Мусиновның «Казахстанская правда» газетінде отандық медицинаның дамуы, медициналық кадрларды даярлау және т.б. жайында баяндайтын «Тәжірибе мен ғылымның одағы» сұхбаты басылып шықты;

- 2012 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова «Казахстанская правда» газетінде халықтың дәрі-дәрмектер жайлы білім деңгейін арттырып, өз денсаулығына жоғары жауапкершілік қалыптастыру мақсатындағы «Халықтың «дәрілік сауаттылығын»арттыру» сұхбаты жарияланды.

Шараларды жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.171. Мына мәселелерді қарау:

- әлеуметтік мәні бар аурулардың тіркелімін құру;

Онкологиялық қызметті қаржыландыру жүйесін жетілдіру шеңберінде веб-технологияға негізделген жаңа ақпаратттық жүйе әзірленді: «Онкологиялық науқастардың электрондық тізілімі»;



Ұлттық телемедицина жүйесін кеңейту

2012 жылғы 12 ай ішінде 15 751 телемедициналық консультация, 5 173 бейнеконференция байланысы, Денсаулық сақтау министрлігінің және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері бойынша селектор түрінде өткен 288 БКБ өткізілді.



5.4.172. ТМККК шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын қызметтерге ақы төлеу үшін клиникалық-шығындық топтар бойынша ақы төлеу жүйесін енгізу

Медициналық ұйымдар үшін тарифтің пайдалылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2012 жылдан бастап медициналық қызметке КШТ бойынша ақы төлеу жүйесі енгізілді. Халықаралық тәжірибеде КШТ жүйесі өзін стационарлық сектордағы қаржыландыру, медициналық көмектің шығындарын, тиімділігін және сапасын басқару құралы ретінде көрсетті.

Стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке ақы төлеуді жүзеге асыру үшін ҚР Денсаулық сақтау минситрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 936«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша ақы төлеуді, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» бұйрығы әзірленді.
5.4.173. Профилактикалық жұмысты (ауруларды ерте анықтау, асқынған аурулардың болмауы) ынталандыру, 50 ЖМК жұмыс істеуі, БМСК ұйымдарын толық жасақтау, халықты колоректальдық обырды анықтау үшін тексеріп-қарау жүргізу үшін БМСК тарифіне қосымша компонент енгізу

БМСК әлеуетін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты осы сектордың қызметкерлері еңбегін уәждеу компоненті болмаған жағдайда, толық мәнді деп бағалауға болмайды. Бүгінде жанбасына шаққандағы тарифке ынталандырушы компонент (бұдан әрі – ЖНЫК) барлық БМСК ұйымдарын және онда қызмет атқаратын 35 мыңнан астам медицина қызметкерлерін, 2,5 мың әлеуметтік қызметкерді қамтиды. Осы мақсатқа есепті жылы 9,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 10% астам қаражат біліктілікті арттыруға бағытталды. БМСК секторының жұмыс нәтижелерін бағалау қорытындысында тоқсан сайынғы бөлінетін қосымша төлем мөлшері дәрігерлер үшін 85,0 мың тенгені, орташа медициналық қызметкерлер үшін 48,0 мың тенгені, әлеуметтік қызметкерлер үшін 32,0 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2013 жылы ЖНЫК жоспарлау, төлеу және бөлу әдістемесін жетілдіруге және БМСК медициналық және әлеуметтік қызметкерлерін цәждеу арқылы скринингтік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға арналған бірқатар басым міндеттер мен іс-шаралар белгіленді.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


5.4.175. Медициналық ұйымдарға ТМКК көрсетуге шығындарды өтеу жөніндегі тарифке медициналық жабдықтар сатып алу шығыстарын қосу

2012 жылы медициналық ұйымдарға құны 50 млн. теңгеге дейінгі құралдарды лизинг арқылы сатып алуға мүмкіндік берілді және лизингтік төлемдерді өтеуге республикалық бюджеттен 535,0 млн. теңге қарастырылды, оның ішіндегі 213 млн. астам теңге лизинг арқылы 39 құрал алуға бағытталды. Сондай-ақ, ҚР ДСМ ведомствоішілік бюджет комиссиясының шешімімен шамамен 322 млн. теңге сомасындағы айырмасы бюджеттің орындалмау қаупінің болдырмау мақсатында кредиторлық қарыздың қалыптасуының алдын алу мен ТМККК шеңберінде үздіксіз медициналық қызмет көрсетуге бағытталды.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.176. Денсаулық сақтау саласының инвестициялық саясатын жетілдіру

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының А.2.2.-кіші компонентін іске асыру шеңберінде 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын жоспарлау және бағалау бойынша тетіктерді әзірлеуден тұратын денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Инвестицияларды жоспарлау бойынша іс-шаралардың бірі ауруханалық секторды қайта құрылымдау шеберлік-жоспарларының жобаларын, содан кейін халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру арқылы әрбір өңірдің МСАК желісін оңтайландыру бойынша шеберлік-жоспарлардың жобаларын әзірлеу болып табылады. Шеберлік-жоспарлардың негізінде халықтың қажеттілігі есепке алына отырып, әрбір өңір үшін инвестициялық жобалар (күрделі жөндеу, медициналық ұйымдардың ғимараттарын салу және стандарттарға жеткізу, халықаралық стандарттарға дейін медициналық жабдықтарды жарақтандыру) әзірленеді.

Сонымен қатар, қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін, денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын бағалау бойынша компьютерлік үлгіні зерделеу және әрі қарай енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру басталды.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


5.4.177. Лизинг шартымен медициналық техниканы жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1238 Қаулысымен 3,6 млрд. теңге жарғылық капиталы бар «ҚазМедТех» АҚ құрылған.

«ҚазМедТех» АҚ 2012 жылы 2,0 млрд. теңге сомасында лизинг шарттарында медициналық техниканың 107 бірлігін денсаулық сақтау ұйымдарына берді.

«ҚазМедТех» АҚ медициналық техниканың лизингі арқылы медициналық техниканы тиімді пайдалану механизмін әзірледі. Лизингтік төлемдерді қайтару лизингтік техникада медициналық қызметтер көрсету фактісіне байланысты. Сараптама медициналық техниканың тұрып қалу тәуекелінің алдын алады және бюджеттік қаражаттардың тиімсіз пайдаланылуын жояды.

«ҚазМедТех» АҚ объектілердің сараптамасын жасайды, «СҚ-Фармация» ЖШС-ге сатып алуға медициналық техника тізбесін береді, өнім берушілермен шарттар, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарымен лизинг шарттарын жасайды.

177 - тармағына, «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысының 5.4.-мақсатына сәйкес лизинг шарттарында медициналық техниканың жеткізілуін жүзеге асырып жүрген ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту 3 529,4 млн. теңге сомасымен 2011 жылғы желтоқсан айында айқындалған болатын.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы Қаулысымен «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысына, 2011 жылы жарғылық капиталдың ұлғаймағандығынан жоғарыда көрсетілген соманы түзетуге бөлігіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Е.Т. Орынбаевтың төрағалығымен 2012 жылғы 25 қаңтарда «ҚазМедТех» АҚ қызметінің мәселелері бойынша кеңес өтті, ол жерде «ҚазМедТех» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту бойынша қаржылық-экономикалық негіздемені қарауды жылдамдату керек екендігі туралы Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Қазақстанның МЖМӘ орталығы» АҚ-ға тапсырма берілді.

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңың іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайту» 062 бюджеттік бағдарламасына «ҚазМедТех» АҚ жарғылық капиталын 2013 жылы – 1,5 млрд. теңгеге, 2014 жылы – 1,5 млрд. теңгеге, 2015 жылы – 529,4 млн. теңгеге ұлғайту бойынша өзгерістер жасалды.

«Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ұйымдарына арналған медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу тұжырымдамасы» жобасына сәйкес медициналық техниканың лизингі арқылы 5 млн. теңгеден 50 млн. теңгеге дейінгі құндағы медициналық техниканы сатып алу және жеткізу жоспарланып отыр.

Жарғылық капиталдың ұлғаюы арқасында мынадай:

- медициналық техникамен жарақтандыру деңгейін 2013 жылы – 100 бірлікке, 2014 жылы – 115 бірлікке, 2015 жылы – 40 бірлікке арттыру;

- медициналық техниканың тиімсіз пайдаланылу пайызын – 2013 жылы - 11%, 2014 жылы – 10%, 2015 жылы – 5 % азайту;

- сапалы медициналық қызметтерді 2013 жылы – 159 514 қызметке, 2014 жылы – 147 953 қызметке, 2015 жылы – 26 923 қызметке ұлғайту;

- денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы пайдалануға дайындығын 2013 жылы – 67 денсаулық сақтау ұйымына, 2014 жылы – 60 денсаулық сақтау ұйымына, 2015 жылы – 27 денсаулық сақтау ұйымына арттыру сияқты міндеттер шешіледі.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


5.4.178. Лизинг шартымен денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру

«Ауруханалық басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізу» 031 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «2012-2014 жылдардағы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 350 Қаулысына сәйкес лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беруге арналған медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін «ҚазМедТех» АҚ-на бөлінген қаржы 364 000 мың теңгені құрады.

«ҚазМедТех» АҚ 2012 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік тапсырма сомасын 364 000 мың теңгеден 48 642 мың теңгеге дейін азайту туралы, яғни 315 358 мың теңгені құрайтын бюджеттік өтінімді жолдаған.

«Ауруханалық басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізу» 031 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «2012-2014 жылдардағы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1469 Қаулысына сәйкес азайтылған сома лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беруге арналған медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін «ҚазМедТех» АҚ-на 315 358 мың теңгені құрады.

Лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың жеткізілуін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінің мақсаты - лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың жеткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылды.

Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберіндегі іс-шаралар толық көлемде орындалып отыр.

Осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.179. Сыртқы және ішкі бақылау (аудит) нәтижелерін талдау негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметін бақылау қызметін

Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу:

1. «Медициналық қызметтер сапасының сыртқы және ішкі сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577 қаулысы (2012 жылы күшіне енді).

2. «Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1304 қаулысы (2012 жылы күшіне енді).

3. «Медициналық қызмет көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2011 жылғы 30 наурыздағы № 158 және ҚР ЭДСМ 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 88 бірлескен бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2011 жылғы 15 қарашада Медициналық ұйымдардың Ішкі бақылау (аудит) қызметтерінің қызметін жетілдіру бойынша 2011-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (жол картасын) бекітті.

ҚР ДСМ Сараптамалық кеңесі «Медициналық ұйымдардың ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымын бекітті (Медициналық ұйымдардың Ішкі бақылау (аудит) қызметтерінің қызметін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарының (Жол картасы) 1.4-тармағын жүзеге асыру мақсатында).

Медициналық қызметтердің сапасын ішкі және сыртқы сараптау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жинағы медициналық ұйымдар үшін 10 000 дана көлемінде басып шығарылды және өңірлерде таратылды.

Жинақта:


  1. Медициналық қызметтердің сапасын ішкі және сыртқы сараптауды ұйымдастыру ережелері;

2. Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту ережелері;

3. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Ішкі аудит қызметі бойынша проспект және буклет әзірленді (пациенттер үшін – Пациенттерді қолдау қызметі).

Ішкі аудит қызметін жетілдіру жөніндегі Жол картасының 1.6-тармағын орындау үшін медицина ұйымдарының аудиторлары, МФҚБК АД мамандары, ЖОО-ның оқытушылары (жаттықтырушылары) үшін шетелдік мамандарды тарта отырып АМДЖИ оқыту өткізілді.

2012 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін республика өңірлерінде ішкі аудит мәселелері бойынша каскадтық оқыту жүргізілді.

Оқытылған тыңдаушылардың саны 1677.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.180. Медициналық қызметтерді көрсету ақауларын есепке алу жүйесін әзірлеу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «Медициналық қызметтерді көрсетудің ақауларын есепке алу жүйесін құру жөніндегі дайындық іс-шараларын жүргізу туралы» 2012 жылғы 11 мамырдағы № 327 бұйрық шығарылды.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 439 бұйрығымен медициналық қызметтерді көрсетудің ақауларын есепке алу картасы бекітілді.

Ағымдағы жылдың қазан айында Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан облыстарында және Астана қаласында медициналық қызмет көрсетудің ақауларын (бұдан әрі - МҚКА) есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің «пилоттық» жобасын енгізу басталды.

«МҚКА» жаңа модулі Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі порталының (бұдан әрі - МҚСБЖ) «Сапаны бақылау» тарауында құрылды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап МҚКА жүйесі Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізіле бастайды. Есептік нысандар әзірленді және МҚКА жүйесі барлық жерде енгізілгеннен кейін ұсынылады.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет