Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат



бет1/15
Дата24.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#14348
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15






№ исх: 08-8/01-2246 от: 01.02.2013

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Үкімет мемлекеттік бағдарламаның алты негізі бағыттары бойынша нысаналы индикаторларға және көрсеткіштерге қол жеткізуді және міндеттердің орындалуын көздейтін Іс-шаралар жоспарын қабылдады. Мемлекеттік бағдарлама 216 тармақтан тұрады. Мемлекеттік бағдарламаға соңғы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен енгізілді. 2012 жылға 34 іс-шараны аяқтау мерзімімен 163 іс-шараны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 1 орындалған жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғам, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар жұмылдырылды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 1000 адамға шаққанда мынадай көрсеткіштермен ұсынылған: халықтың табиғи өсуі – 14,51 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 13,95); туу – 23,07 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 22,78); өлім – 8,56 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 8,83). Халықтың табиғи өсу көрсеткіші орта республикалық деңгейден жоғары Маңғыстау (25,96), Оңтүстік Қазақстан (25,42), Қызылорда (21,86), Атырау (21,51), Жамбыл (19,97), Алматы (16,25), Ақтөбе (16,1) облыстарында және Астана қаласында (21,06) байқалады.

Күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың ұқсас кезеңімен 69,01 салыстырғанда 69,6 құрады.

2012 жылы республикада ана өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,4-ке қарсы 100 000 тірі туғанға шаққанда 13,5-ті құрады.

Бала өлімінің көрсеткіші 9 %-ға төмендеді және 14,84-ке қарсы 1000 тірі туғанға шаққанда 13,5-ті құрады.

2012 жылы халықтың туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңімен 86,6 салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 81,7 құрады.

АТИВ-инфекциясының 15-49 жастағы топта таралуы жоспарланған 0,2-0,6% кезінде 0,19%-ды құрады.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар мынадай жолмен жүзеге асырылды.



5.1.5. Денсаулық сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніңде ұсыныстар енгізу

ҚР ДСМ 2012 жылғы 8 мамырдағы № 322 бұйрығымен құрамында ҚР ДСМ, ҚР ЕжХӘҚМ өкілдері бар жұмысшы топ құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді:

- өнеркәсіптік орындарда қатерлерді басқару жүйесіне ауысу;

- ҚР заңнамалық актілеріне кәсіптік қатерлер ұстанымынан өзгерістер енгізу;

- кәсіби аурулардың және уланулардың және т.б. мемлекеттік тіркелімін әзірлеу.


5.1.7. Қызметкерлердің, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар жайындағы үлгілік медициналық пункттер қызметкерлерінің денсаулығын қолдау жөніңдегі қолда бар инфрақұрылымды бағалау

Өнеркәсіп объектілеріндегі қызметкерлердің тізімдік құрамына байланысты медициналық пункт, фельдшерлік және дәрігерлік сауқтыру пункт құрамына және алаңына талаптар қойылған «Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен жайларға қойылған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 Қаулысы қабылданды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.10. Еңбектің зиянды жағдайындағы жұмысшылардың жұмыс уақытының барынша ұзақтығын айқындау бойынша зерттеу жүргізу

Зиянды еңбек жағдайда қызметкерлердің барынша көп жұмыс ұзақтығын белгілеу бойынша зерттеуді «ҚР еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғану республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМКК (2011-2013жж.) жүргізуде.

Ағымдағы жылда аралық есептің нәтижелері:

1) тау-кен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек жағдайларын кешенді гигиеналық бағалау негізінде еңбектің қатер және қауіп классы, еңбек процесінің қиындығы және қарбаластығы айқындалған;

2) жұмыс орындарда алмастырмалы тозаңның мөлшері есептелді, тау-кен өнеркәсіптің негізгі кәсіби топтардың жұмыс орындарында тозаңның мөлшерлі жүктемесі есептелді;

3) өнеркәсіптік ортаның негізгі жағдайсыз факторларының мөлшерге тәуелді жүктемесіне математикалық есептер әдістері ұсынылды.

2013 жылғы жоспар:

1) зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс өтілін дәлелдеумен өндірістің зиянды факторларының қызметкерлерге әсер етудің жеке және топтық экспозицияға бағалауды өткізу;

2) зиянды жұмыс өнеркәсіптерінде жұмыстың барынша ұзақтылығы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.13. Темекі шегуді алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу және шығару және телерадио хабарын тарату арналарында көрнекті қоғам кайраткерлерін катыстырып науқандар мен жобаларды өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі телерадиохабарлама арналарында көрнекті қоғам кайраткерлерінің катыстысуымен ақпараттық-насихаттау науқандары мен жобаларын жүзеге асырды және темекі шегу мен ішімдікті шектен тыс қолдануға қарсы баспа материалдарын шығарды.

Атап айтқанда «Егемен Қазақстан» газетінде жаппай спортпен шұғылдануды насихаттау тақырыбында мемлекеттік тілде 4 мақала және орыс тілінде 4 мақала жарық көрді.

Мақалалар 50 мың тиражда келесі нөмірлерде басылып шығарылды:



  1. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 834-839 (27910);

  2. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446-447 (27265-27266);

  3. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 847 (27918);

  4. 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 802-806 (2787);

  5. 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 423-424 (27242-27243);

  6. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 440-441 (27259-27260);

  7. 2012 жылғы 13 қарашадағы № 744-745 (27817);

  8. 2012 жылғы 17 қарашадағы № 399-400 (27218-27219).

Сонымен қатар, 2012 жылғы 27 қарашадан бастап 18 желтоқсанға дейін «Рахат-ТВ» ЖШС телеарнасында тікелей эфирде еліміздің алдыңғы қатарлы спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен таңғы гимнастика көрсетілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі шылым шегудің, ішімдікті шектен тыс қолданудың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында республика деңгейінде көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен төмендегідей науқандар өткізілді:

- Саламатты өмір салтын насихаттау үшін қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Жастар дауысы» шарасы («Жігер» тобы, Дәрібаевтар отбасы, Олег Ким және т.б.);

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілінің қатысуымен Дүниежүзілік шылым шегумен күрес күніне орай баспасөз конференциясы;

- Бокс бойынша әлем чемпионы Е. Ибраимовтың қатысуымен Дүниежүзілік шылым шегумен күрес күніне байланысты пікірталас;

- Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен Дүниежүзілік есірткілік затты шектен тыс қолдану және оның заңсыз айналымымен күрес күні шеңберінде веложарысы.

Бұдан басқа, республикалық деңгейде эфирге талдамалық, публицистикалық, білімді-танымдық сипаттағы 1600 астам сюжет шықты. Баспасөз басылымдарының арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға анағұрлым көңіл келесі газеттермен: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Экспресс К», «Око», «Ел», «Республика.kz», «Страна и мир», «Спорт өмірі», «Спортивная жизнь», «Астана турспорт» мен «Казинформ», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктерімен бөлінеді.

Республиканың барлық аумағында саламатты өмір сүру салты жайында билбордтар, лайтбокстар орнатылған.

Телеарналарда көрсету мақсатында саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған 14 теле бағдарламалары (ұзақтылығы 20 минут), 14 бейне-, 13 аудиороликтері жасалды. Нашақорлықты, «Кальян» шылым шегуді, алкоголизмді профилактикалау бойынша ақпараттық-шолу материалдары (плакаттар, буклеттер, үнпарақтар) жасалып, таратылды: шылым шегу - 1131529 дана, нашақорлық – 1127872 дана, алкоголизм – 1100113 дана.

Республикалық телеарналар мен радиостанцияларда бейне және радио роликтердің көрсетілімі өткізілді, бейнероликтер көрсетілімінің саны - 1232.

Алматы мен Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтердің 38 820 көрсетілімі ұйымдастырылды (10 бейнеролик), саламатты өмір салтын ғаламтор арқылы насихаттау www.youtube.com. сайтына бейнероликтерді жүктеу арқылы жүзеге асырылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.14. Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөніңде әлеуметтік бейнероликтер жасау

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде 5 әлеуметтік бейнеролик дайындады, олар «Қазақстан», «Астана», «31 арна», «СТВ» телеарналары эфирінен көрсетілді (қараша-желтоқсан айларында). Бейнероликтердің тізімі:

-«Саламатты әлеумет-айбынды мемлекет» 90 секунд.

-«Рухы биіктер» 35 секунд.

-«Мен-чемпионмын»35 секунд.

-«Спорт алаңындағы кездесу» 35 секунд.

-«Лондон 2012» 90 секунд.

СӨСҚҰО саламатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша 14 бейне және 13 аудиоролик жасалды, саламатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша телеарналарда эфирге шығу арқылы 16 телехабар жасалды (хронометраж 20 мин.). Бейнероликтерді көрсетудің жалпы саны – 1232 шығу, аудиороликтер – 1200 шығу. Республика бойынша саламатты өмір салтын қалыптастырудың барлық аспектілері бойынша бейне және аудиоөнімдерін көрсету жүзеге асты (шығу саны): телеарнада көрсету – 8232 және радиода хабарлау – 83093.

Алматы және Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтер көрсетілді – 38820 шығу (10 бейнеролик):

-Астана қаласының әуежайында цилиндирлік мониторда бейнероликтер көрсетілді – 20820 шығу (10 бейнеролик); - Алматы қаласының әуежайында халықаралық және жергілікті ұшу залдарының мониторларында бейнероликтер көрсетілді – 18000 шығу (10 бейнеролик);

- бейнероликтерді www.youtube.com. сайтына орналастыру ғаламтор арқылы саламатты өмір салтын насихаттауды белсенді түрде күшейту қолданылады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.15. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 2012 жылғы 27-28 қазанда және 8 желтоқсанда Орталық мемлекеттік органдар арасында жазғы және қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізді. Спартакиадаға 25 мемлекеттік органнан 800-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. Жарыстар халықаралық стандарттарға сәйкес келесі спорт ғимараттарында өткізілді:

- «Астана Арена» стадионы;

- «Сарыарқа» республикалық велотрегі;

- «Алау» мұз айдыны;

- «Зодиак» бильярд клубы;

- «7 Континент» ғимаратының шахмат мектебі.

2012 жылғы 17-21 қазанда Щучинск қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Жас әскери бірлестіктерінің республикалық штабы және Әскери-спорттық клубтарының федерациясы қатысуымен әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастар арасында республикалық спартакиада өткізілді.

Жарысқа еліміздің 6 облысынан 9 топ қатысты, 200-ге жуық жас спортшы қамтылды.

Спартакиада бағдарламасына спорттың әскери-қолданбалы түрлерін, оның ішінде, әскерилендіріліген кросс, эстафета және оқ ату сайыстары енгізілді.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті деңгейдегі медальдар және грамоталар тапсырылды, ал командалар – кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Спартакиада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында және «Зеленый бор» демалыс орнында өткізілді.

2012 жылғы 7-8 желтоқасанда Ақтөбе қаласында Салалық кәсіподақтар арасындағы жазғы республикалық спартакиада өткізілді. Жарысқа 9 салалық кәсіподақ командалары, 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиада спорттың 8 түрінен өткізілді. Оның ішінде:

-қол күресі;

-гір көтеру;

-қазақ күресі;

-үстел теннисі;

-тоғыз құмалақ;

-шахмат;

-дойбы;


-жеңіл атлетика.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподақтары қызметкерлері жеңіп алды, екінші орынды ауыл шаруашылығы кәсіподақтары қызметкерлері, ал үшінші орынға білім және ғылым кәсіподақтары қызметкерлері орналасты.

Марапаттау рәсімінде Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті деңгейдегі медальдар және грамоталар тапсырылды, ал командалар – кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен республиканың барлық аумағында Ұлттық ойындар күні, 2012 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында Медицина қызметкерінің күніне орай медицина қызметкерлерінің арасында республикалық спортакиада өтті. Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде «Денсаулық фестивалі» өтті.

Жалпы 23721 іс-шара өткізілді, оның ішінде: «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» жаппай жүгіру, «Белсенділік пен спорт – ұлт денсаулығының кепілі» бірыңғай сынып сағаттары, «Облыстық саңырауқұлақ фестивалі», «Менің Қазақстаным» поезді және «Көңілді экспресс» жарысы, 47 телебағдарлама, 26 радиобағдарлама, мерзімді баспалардағы 59 мақалалар, 84 аудио-бейне роликтерінің көрсетілімі, 47 175 дана ақпараттық-танымдық материалдар.

«2012 Денсаулық фестиваліне» республика бойынша 1614413 адам қатысты, оның ішінде «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» жаппай жүгіруде 181 837 адам, «Белсенділік пен спорт – ұлт денсаулығының кепілі» бірыңғай сынып сағатында 10 000-нан астам оқушы қатысты.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.16. Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Саламатты Қазақстан» телевизиялық  бағдарламасын құру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы тармақты іске асыру шеңберінде «Хабар», «Ел Арна», «СТВ», «Астана», «7 арна», «31 арна» телеарналарында; «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Заң газеті», «Юридическая газета», «Республика kz», «Экспресс К», «Ел», «Жас қазақ», «Страна и мир», «Известия-Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Московский комсомолец в Казахстане» газеттерінде; «Қазақпарат», «Bnews», «КазТАГ», «Тенгри ньюс», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктерінде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері жарияланды.

Жалпы 2012 жылы денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша республикалық арналарда 1000 астам сюжет көрсетілді, газеттерде 1300 астам мақала, сондай-ақ ақпараттық агенттіктерде 350 хабарлама жарияланды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.17. АИТВ инфекциясының профилактикасы, ұрпақты болу және сексуалдық денсаулықты қорғау, қауіпсіз жүктілік, отбасын жоспарлау, тараған аурулардың, туберкулез, маскүнемдік, есірткі, артық салмақ, дене белсенділігінің төмендігі және басқалардың профилактикасы жөніндегі жобаларды қолдау бойынша әлеуметтік тапсырысты ҮЕҰ-да орналастыру

Барлық аймақтарда жалпы сомасы 162 016,0 мың теңгеге «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер» 010-100 бюджеттік бағдарламаның шеңберінде АИТВ-инфекциясының профилактикасы, ұрпақты болу және сексуалдық денсаулықты қорғау, қауіпсіз жүктілік, отбасын жоспарлау, тараған аурулардың, туберкулез, маскүнемдік, есірткі, артық салмақ, дене белсенділігінің төмендігі бойынша жобаларды ҮЕҰ-да әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөнінде тендер өткізілді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 59 ҰЕҰ арасында 116 мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.


5.1.1.18. Темекіні, алкогольді, есірткіні тұтынудың зияны туралы халықтың хабардар болуын арттыру (дәрістер сұхбаттар, буклеттерді, листовқаларды тарату және т.б.)

Халықты темекі шегу мен ішімдікті шектен тыс қолдану, есірткіні тұтынудың зияндылығы жайында халықты хабардар ету мақсатында 2012 жылы төмендегідей іс-шаралар жүргізілді:

- ағымдағы жылдың 30 мамырында СӨСҚМҰО-ғы Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні қарсаңында Министрлікпен бірге баспасөз-конференциясы өтті.

- ағымдағы жылдың 31 мамырында республиканың барлық аумағында Дүниежүзілік темекі шегумен курес күні шеңберінде 45 280 іс-шара өткізілді және аталған күнге орай 1 -31 мамыр аралығында 787 мың адамды қамтыған айлық өтті, 524 805 ақпараттық-танымдық материал таратылды. Барлық іс-шаралар БАҚ-да жарияланды (157 мақала).

- 4 маусым мен 4 шілде аралығында еліміздің барлық аймағында Дүниежүзілік есірткі заттарын шамадан тыс тұтыну және оның заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай айлықтар өткізілді.

Халықтың түрлі топтарын, әсересе жасөспірімдер мен жастарды жұмылдырумен ақпараттық-көрнекі құралдарды (плакаттар, бүктемелер, үнпарақтар, ата-аналарға арналған жаднамалар, қалта күнтізбелері) таратумен акциялар (диспуттар, пікірталастар, салауатты өмір салтын жүргізетін азаматтардың қатысуымен теле және радио бағдарламалар, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар) ұйымдастырылды және өткізілді

Сонымен қатар республика деңгейінде телеарналарда 1600-ден астам талдамалы, публицистикалық, білімді-танымдық сипаттағы сюжеттер шықты.

СӨСҚМҰО темекі мен алкогольді тұтынуды профилактикалау бойынша бейне- және аудиороликтер әзірленді, телеарналардың эфиріне шығарылған СӨС аспектілері бойынша телебағдарламалар жасалды (хронометраж 20 мин.):



  1. алкогольді профилактикалау бойынша телебағдарлама – «МИР» телеарнасы

  2. шылым шегуді профилактикалау бойынша телебағдарлама;

  3. нашақорлықты профилактикалау бойынша телебағдарлама.

Бірыңғай дизайнерлік ақпараттық-танымдық материалдар (плакаттар, бүктемелер, үнпарақтар) жасалды, темекі шегуді – 1131529 дана, нашақорлықты - 1127872 дана, алкоголизмді – 1100113 дана профилактикалау мәселелері бойынша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Саламатты өмір салтын Ғаламтор арқылы жаппай насихаттау www.youtube.com сайтына видео роликтерді жүктеу арқылы жүзеге асады.


5.1.1.19. Темекі өнімдері мен алкогольді аса көп тұтынуды төмендету жөнінде экономикалық шараларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзірледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентімен және Сенат Парламентімен мақұлданып, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.

Осы жобада 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін темекі өнемдеріне акциз мөлшерлемесін жоғарылату көзделуде: фильтрлі, фильтрсіз темекі және папиростың 1000 данасына 1960 теңгеден 3000 теңгеге дейін, бұл 65 %-ды құрайды.

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттерінің өзара саудасында тең шарт жасасау мәселесі қарастырылуда (2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін алкоголь және темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелерін жыл сайын жоғарылату), бұл алкоголь және темекі өнімдерін қолдануды азайтуға себеп болады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.20. Қазақстан Республикасы аумағында контрабандалық алкоголь өнімерінің әкелінуін және алкоголь өнімдерін заңсыз өндіруді бақылауды реттеу жөніңде шаралар қабылдау

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады.

Этил спирті мен алкоголь өнімінің заңсыз өндірілуіне тыйым салу мақсатында өндіруші зауыттарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес акциздік постылар белгіленді.

Сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттерден өткізілетін алкоголь өніміне бақылау осы Қаулыға сәйкес жүргізіледі, онда Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу барысында салық төлеуші алған орны және оларды алатын күні бойынша салық органдарына үш жұмыс күн ішінде хабарайды.

Бұл шаралар алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына сәйкес арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктерін бөлшек сатудың ең төменгі бағасы бір литрге 640 теңге көлемінде белгіленген, бұдан төмен өткізу кезінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар өндірушіден бастап бөлшек сатуға дейін алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жеткізушінің алкоголь өнімдеріне ілеспелі жөнелтпе құжаттарын және алушының қабылдауды растауды ресімдеу үдерістерін автоматтандыру мақсатында «Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1571 қаулысы қабылданды.

Аталған шаралар алкоголь өнімінің тасадағы айналымын азайтуға, заңды өндірістің және айналымның өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2012 жылы кеден органдарының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 209-бабы бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз айналымнан алынған тауардың бағасы 1 664 мың теңгені құрады және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 427-бабы бойынша 1 әкімшілік іс қозғалды, жалпы сомасы 24 217 теңгеге айыппұл салынып, жалпы сомасы 22 210 теңгеге тауарлар тәркіленді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.21. Инфекциялық аурулардың алдың алу мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру (туберкулез, УРВИ, УІИ, гепатит, АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ) және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру (дәрістер, әңгімелер, буклеттерді, листовқаларды тарату және т.б)

Инфекциялық аурулардың алдың алу мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру (туберкулез, УРВИ, УІИ, гепатит, АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ) және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2012 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:

- 23.02 бастап 23.03. дейін туберкулезді профилактикалау бойынша республикалық айлық және Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні өткізілді, оның шеңберінде 2012 жылғы 27 ақпанда Алматы қаласында 10 БАҚ-да хабарлау арқылы баспасөз конференциясы өткізілді. 580 084 адамды қамтумен халық арасында іс-шаралар жүргізілді. Республика бойынша ақпараттық-коммуникциялық кампанияға 3 148 657 адам қатысты.

- 4 – 13 маусым аралығында республикада УІИ профилактикалау бойынша он күндік өткізілді. Республика бойынша жалпы алғанда 1 204 441 адамды қамтумен 23987 іс-шара өткізілді. БАҚ арналары арқылы 114 теле- және радиохабар эфирге шықты, АОМ 365 237 данасы тираждалды. 53 328 адамды қамтумен 607 конференция және семинар-тренингтер өткізілді. МСАК ұйымдарында 2324 стенд, көрмелер, санитариялық бұрыштамалар және санитариялық бюллетендер орнатылды.

- 13-22 тамыз аралығында республиканың өңірлерінде халық арасында гепатит вирусын профилактикалау бойынша он күндік өткізілді, 1 768 987 адамды қамтумен 54 833 іс-шара өткізілді.

- УРВИ мен тұмауды профилактикалау бойынша айлықты өткізу алдында 10 қазанда Алматы қаласында Қазақстан баспасөз орталығында мүдделі ведомсволардың қатысуымен «Тұмау жөніндегі шындық және жорамалдар немесе инфекциядан өзіңді қорғау үшін нені білу қажет» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өткізілді.

- 1-30 қараша аралығында республиканың барлық жерінде УРВИ, тұмау және пневмококтік инфекцияны профилактикалау бойынша айлық өтті. ҚР ДСМ тапсырмасы бойынша, УРВИ артуына байланысты 10 ақпан – 10 наурыз аралығында үйден үйге бару және жүкті әйелдер мен ата-аналар үшін жадынамаларды тарату арқылы ақпараттық-білім беру кампаниялары өткізілді. Айлық кезіндегі қорытынды - 125 365 іс-шара өткізіліп, 1 696 463 адам қамтылды.

- 1 -30 қараша аралығында 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған АИТВ-инфекциясын профилактикалау бойынша Республикалық айлық өткізілді. Айлық кезінде 74 454 іс-шара өткізіліп, 1 536153 адам қамтылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет