18 -1.
|
Темекі шекпейтін адамдардың таза ауаға құқықтарын қорғауды, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу аймағын кеңейтуді қамтамасыз етуді заңнама деңгейінде көздеу
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
|
|
|
| ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына толықтыру енгізді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің қолданыстағы нормасымен, қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салу аймағы айқындалған (159-баптың, 5-т.). |
18-2.
|
Темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартуға ниет білдірген адамдарға қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартуға ниет білдірген адамдарға әлеуметтік-психологиялық, сондай-ақ олар үшін сенім телефондарын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік-психологиялық көмекті ұйымдастыру
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
|
|
|
|
Республикада мультидисциплинарлық команда (психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, бейінді мамандар, орта медициналық қызметкерлер) денсаулық сақтау дағдыларына қатер факторлары адамдарды оқыту жүргізетін мінез-құлықтық қатер факторлары бойынша 588 денсаулық мектептері қызмет етуде қазіргі 101 темекіге қарсы орталықтарда/кабинеттерде темекіні тастағысы келетін адамдарға сенім телефондары арқылы кеңес беруді қоса алғанда, медициналық-психологиялық қолдау көрсетілді. Облыстардағы, Алматы мен Астана қалаларындағы СӨСҚ веб-сайттарында темекіні тастағысы келетін адамдарға арналған ақпарат беті бар.
|
19.
|
Темекі өнімдерін тұтынуды және алкогольді шектен тыс тұтынуды төмендету жөнінде экономикалық шараларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу
|
|
|
Қаржымині, ҰЭМ, ДСӘДМ
|
|
|
|
|
|
|
Іс-шараны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес темекі бұйымдарына және алкоголь өнімдеріне акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру туралы ұсыныс жіберілді. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 5 желтоқсанындағы № 152-V заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алкоголь өнімдеріне акциз мөлшерлемесін арттыру ендірілді.
|
20.
|
Қазақстан Республикасының аумағында контрабандалық алкоголь өнімдерінің әкелінуін және алкоголь өнімдерін заңсыз өндіруді бақылауды реттеу жөнінде шаралар қабылдау
|
|
|
Қаржымині,ҰЭМ, ДСӘДМ
|
|
|
|
|
|
|
2014 жылғы 18 маусымда Мемлекеттік Басшысы, алкоголь өнімінің тарату орындарын шектеуге және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын саласын мемлекеттік бақылауды нығайту арқылы алкогольды тұтынуды азайтуға бағатталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Көрсетілген іс-шаралар алкоголь өнімінің көленкі айналымын қысқартуға және алкоголь өнімінің заңды өндірілуінің және айналымының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары Ішкі істер департаменттерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының алкогольге қарсы заңнамасын орындауды бақылау бойынша қоғамдық рейдтер ұйымдастыру және өткізуге қатысты.
|
21.
|
Инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру (туберкулез, ЖРВИ, ЖІИ, гепатит, АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ) және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру (дәрістер, әңгімелер, буклеттерді, листовкаларды тарату және т.б.)
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
52860
|
52860
|
РБ
|
011
|
24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өңірлерде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні және оған орайластырылған «Туберкулезді тоқтат!» ұранымен өткізілген айлық шеңберінде 3 164 семинар-тренинг, 590 акцияй (в т.ч.оның ішінде промоакциялар, флешмобтар, спорттық жарыстар), 200 конференция, 841 дөңгелек үстел, 973 Ашық есік күні және 830 949 басқа да шара өткізілді. БАҚ-та жұмыс: 15 баспасөз конференциясы, 158 телебағдарлама және 193 радиобағдарлама, басылымдарда 230 мақала жарияланып, қоғамдық орындарда 114 билборд, баннер, электрондық терминалдар іске қосылған, 1 865 бейнероликті көрсету ұйымдастырылды. Барлығы 836 717 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, 2014 жылы 2 963 157 адам қамтылды.
3-тоқсанда 10 өңірде 1 245 адамды қамту арқылы вирустық гепатиттің алдын алу мәселелері жөнінде дөңгелек үстелдер өткізілді.
4 шілдеде ЖОО-дың студенттік ұжымдар арасында АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ профилактикалау жөніндегі тиімді шараларға назар аудару мақсатында ДСЖҰ-ның «Сау университеттер» жобасының үйлестірушісілеріне арналған семинар өтті. Семинар жұмысына Республикалық ЖИТС орталығының, Қазақ тері-венерогогиялық ғылыми-зерттеу университетітің, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Алматы қалысындағы ЖИТС орталығының, USAID халықаралық ұйымының, «Дағдарысты орталықтардың одағы» ЗТБ-нің, "Равный - Равному" Қазақ ассоциациясының өкілдері, сонымен бірге жаңа заманауи интерактивтік технологияларды пайдана отырып СӨСҚПҰО-ның мамандары қатысқан.
3 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес күні (1 желтоқсан) және оған орайластырылған айлық шеңберінде мынадай: медицина қызметкерлеріне арналған 588 семинар, 332 акция, 452 конференция, дөңгелек үстел, 279 Ашық есік күні, 2 188 семинар-тренинг, 8 спорттық іс-шара, 11 конкурс және басқа да 65 955 іс-шаралар өткізілді. Өңірлік БАҚ-та 74 телебағдарлама, 92 радиобағдарлама, 17 баспасөз конференциясы, 236 мақала жараиланды, 2 098 аудио-бейнеролик жалға берілді. Айлық шеңберінде 1 591 370 адамды қамтып, 69 813 іс-шара өткізілді.
2-12 маусым аралығында жедел ішек инфекциясының алдын алу жөніндегі онкүндік шеңберінде мынадай: медицина қызметкерлеріне 2 466 семинар, 849 Ашық есік күні, 2707 семинар-тренинг, 192 конференция, 726 дөңгелек үстел, 620 акция және 41 219 басқа да іс-шара өткізілді. Өңірлік БАҚ-та 23 телебағдарлама, 96 радиобағдарлама, 8 баспасөз конференциясы, 63 мақала шығарылды, 996 бейнеролик көрсетіліп, 286 аудио-бейнероликтер жалға беру іске асырылды. Барлығы 2 157 970 адам қамтылып, 48 775 іс-шара өткізілді.
28 шілде мен 28 тамыз аралығында Дүниежүзілік вирустық гепатитке қарсы күрес күніне орайластырылған айлық шеңберінде мынадай: 31963 адамды қамтып 596 Ашық есік күні, 21371 адамды қамтып 66 кең ауқымды акция, 22371 адамды қамтып 1425 семинар-тренинг және 48026 басқа да іс-шара өткізілді. БАҚ-та 1689 іс-шара жарық көрді, оның ішінде 8 баспасөз конференциясы, 80 телебағдарлама, 219 радиобағдарлама, 126 мақала, 1256 аудио-бейнероликтер көрсетілді. Барлығы 2 631 910 адам қамтылып, 50 113 іс-шара өткізілді.
29 қыркүйек пен 29 қазан аралығында ЖРВИ, тұмау және пневмококктық инфекциияның алдын алу жөнінде өткізілген айлық шеңберінде мынадай: медицина қызметкерлерін 119 семинар, 411 Ашық есік күні, 2 863 семинар-тренинг, 102 конференция, 393 дөңгелек үстел және 220 725 басқа да іс-шара ұйымдастырылды. Өңірлік БАҚ-та 52 телебағдарлама, 388 радиобағдарлама, 6 баспасөз конференциясы, 156 мақала шығарылды, 42 аудио-бейнеролик жалға берілді. Барлығы 1 074 829 адам қамтылып, 224 613 іс-шара өткізілді.
|
22.
|
Оқушылар және жастар арасында темекі шегу деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
|
|
|
|
Білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні және Халықаралық темекіден бас тарту күнін өткізу шеңберінде әсіресе ДДҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» және «Саламатты университеттер» жобаларын іске асыру қатысушыларына Жастар денсаулық орталықтарында денсаулыққа никотиннің кері әсері туралы хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысы (түрлі конкурстар, семинарлар, пікірталастар, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілді.
|
23.
|
Белсенді өмір салтын жүргізуге, бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және халықты ынталандыруды және хабардар болуын арттыру, халық арасында СӨСҚ негіздерін насихаттауды арттыру
|
|
|
ДСӘДМ, МСМ
|
|
|
41670
|
41670
|
РБ
|
011
|
11 наурыз бен 7 сәуір аралығында елімізде Дүниежүзілік денсаулық күнінің шеңберінде «Ұзақ өмір сүруің – өз қолыңда!» ұранымен халық денсаулығын сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салты мен өз денсаулықтарына қазақстандықтардың ортақ жауапкершілігін насихаттауға бағытталған «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны өткізілді. «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны мынадай бағыттарды қамтыды:
1-қадам – отбасын жоспарлау, салауатты жүктілік және босану.
2-қадам – бала денсаулығы.
3-қадам – жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы.
4-қадам – ересектердің денсаулығы: ауру мен қатер факторларын ерте анықтау (скринингтік тексеру).
5-қадам – ересектердің денсаулығы: мінез-құлықтық қатер факторларынан уәждемелік бас тарту.
6-қадам – ересектердің денсаулығы: өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі басқаруға үйрету.
7-қадам – қарт адамдардың денсаулығы.
Айлық шеңберінде мынадай: 402 кең ауқымды акция, 1 716 Ашық есік күні, 534 дөңгелек үстел, 3 112 семинар-тренинг, 208 спорттық іс-шара, 89 конкурс пен басқа да 61 955 іс-шаралар өткізілді. Республика бойынша 5 060 705 адамды қамтып,
68 016 шара өткізілді. Өңірлік БАҚ-тарда 97 теле-радиобағдарлама, 109 мақала ұйымдастырылды.
Білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте туберкулезбен аурушаңдылықтың алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайтуға уәждемені қалыптастыру, денсаулық сақтау дағдыларын үйрену, оның ішінде «Туберкулезді тоқтат!» ұранымен үйлесімді тамақтану, дене белсенділігін арттыру жөнінде «Денсаулық апталығы» өткізілді. «Денсаулық апталығының» шеңберінде 758 Ашық есік күні, 349 дөңгелек үстел, 750 семинар, 109 тренинг, 619 конкурс, 14 конференция, 1567 спорттық іс-шара және 40 842 басқа да іс-шара өткізілді. Өңірлік БАҚ-та 37 теле – радиобағдарлама, 60 мақала жарық көрді. Республика бойынша «Денсаулық апталығы» кезінде 1 265 773 адамды қамту арқылы 45 008 іс-шара өткізілді.
Қазақстанның 12 өңірінде және СӨСҚПҰО базасында Қазақстан Республикасында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау жөнінде дөңгелек үстелдер өткізілді. Барлық дөңгелек үстел жұмысына мүдделі тараптардың, ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттіктің, Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Халықтық, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту жөніндегі клубтың, «Денсаулық» үкіметтік емес ұйымының, Алматы қаласы бойынша Салауатты өмір салты орталықтарының өкілдері мен СӨСҚПҰО мамандары қатысты.
Халықты Ұлттық, Дүниежүзілік, Халықаралық күндерге орайластырылған айлықтар, онкүндіктер шеңберінде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға халықты уәждеуді арттыру мақсатында халықтың барлық топтары мен БАҚ-ты тарту арқылы республика көлемінде дәстүрлі спорттық іс-шаралар, ұлттық спорт түрлері және халықтық ойындар өткізіледі. 1 376 754 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
2-12 қыркүйек аралығында «Жол ережесін көбейту кестесіндей біліңіз!» ұранымен балалар, жастар және жасөсірімдер арасында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» жол-көлік жарақатының алдын алу жөнінде онкүндік өткізілді. Республика бойынша 50 367 іс-шара, оның ішінде 85 акция, 16 Ашық есік күні, 247 дөңгелек үстел, 720 семинар-тренинг, 26 конференция, 426 кқнкурс, спорттық іс-шаралар, 48 847 басқа да шаралар өткізілді. Өңірлік деңгейдегі БаҚ-тарда 68 теле – радиобағдарлама ұйымдастырылып, 73 мақала жарық көрді. Облыстық СӨСҚ орталықтарының берген есептік деректеріне сәйкес жалпы өткізілген іс-шаралардың саны 50 367 құрап, 202 057 адамды қамтыды. 810 275 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Мәдениет және спорт министрлігі халықтың белсенді тұрмыс салтына бұқаралық спортқа және дене шынықтыруға уәждемесін арттыру мақсатында бірқатар іс-шара өткізілді:
13-14 желтоқсанда Астана қаласында «Казатомпром» АҚ-ның спорттік кешенінде және «Сарыарқа» республикалық велотрегің мұз сарайында отбасылық командалар арасында «Спорт отбасын біріктіреді» республикалық спартакиадасы өткізілді.
16-19 желтоқсанда Павлодар қаласында интеллектуалдық спорттың түрлері бойынша «Зияткер» республикалық спартакиадасы өткізілді.
18-19 желтоқсанда Алматы қаласында жастар ұйымдары арасында «Жасампаз ерлік, жалынды жігер» республикалық спартакиадасы өткізілді.
23-25 желтоқсанда Тараз қаласында «Ордабасы» спорты бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» республикалық спартакиадасы өткізілді.
|
24.
|
Жастар денсаулық сақтау орталықтарын ашу, оқу орындарына және мектепке дейінгі балалар ұйымдарында «Саламатты мектептер», «Саламатты университеттер» білім беру бағдарламаларын енгізу
|
|
|
ДСӘДМ, БҒМ
|
|
|
51935
|
51935
|
РБ
|
011
|
Қазақстанда 87 Жастар денсаулық орталығы (одан әрі-ЖДО) жұмыс істейді, 2014 жылы ЖДО мамандарына жүгіеген адамдардың жалпы саны – 298 855 адамды, олардың ішінде ер адамдар – 117 732 (39,3%), әйелдер – 181 123 (60,7 %) құрады.
ДДҰ жобалар бойынша 944 «Денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін мектептер» жұмыс істейді. «Саламатты университеттер» (бұдан әрі – СУ) жобасына 64 жоғары оқу орны кіреді.
|
25.
|
«Денсаулық фестивалін», медицина қызметкерлерінің спартакиадасын, «Темекіні таста да ұтып ал» халықаралық және республикалық конкурстар, Ұлттық ойындар күнін өткізу
|
|
|
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
|
|
|
|
|
|
|
Республика өңірлерінде 6 қыркүйекте «Белсенді өмір сүру – жүз жасты тойлауға кепіл!» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» акциясы өткізілді. 2014 жылғы акцияның мақсаты – әрбір азаматтың денсаулықты сақтауға және нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға қатвысты ортақ жауапкершілігін жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын аудару. Республика бойынша «Денсаулық фестивалін» өткізу уақытында 1 756 811 адамды қамту арқылы 55 260 іс-шара өткізілді.
13 мамыр мен 12 маусым аралығында медицина қызметкерлерінің арасында бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға халықты тарту, денсаулықты нығайту, жұмысқа қабілеттілікті арттыру мен еңбекететін адамдар арасындағы аурушаңдылықты төмендету, дене шынықтыру мен спорттың арқасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Ұлттық ойындармен бірге Республикалық спартакиада өткізілді. Республикада медицина қызметкерлері арасында Республикалық спартакиаданы және Ұлттық ойындарды өткізу кезінде 63 262 адам қамтылды.
|
27.
|
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларды балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына оқыту
|
|
|
ДСӘДМ, ІІМ
|
|
|
3500
|
3500
|
РБ
|
104
|
2014 жылғы 20 қаңтарда ҚР ДСМ-нің және ҚР ІІМ-нің 2011 жылғы 31 қазандағы № 755 «Ішке істер органдардың қызметкерлерді оқыту үшін наркологиялық тәуелдік бойынша білім беру бағдарламаларды бекіту туралы» бірлескен бұйырығын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларды оқыту семинарларының бірлескен кестесі келісіліп, бекітілді.
Республиканың: Өскемен, Астана, Шымкент, Тараз, Жезқазған, Атырау, Орал, Қостанай, Көкшетау және Қызылорда секілді он қаласында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар үшін «Балалар мен жасөспірім арасындағы наркологиялық бейін бойынша қатар топтарын аңықдау технологиялары» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Жалпы семинарларда 425 курсант оқытылды.
- Астана қ. – 4-6 ақпан (41 курсант),
- Өскемен қ. – 25-27 ақпан (39 курсант),
- Шымкент қ. – 29 наурыз- 1 сәуір (43 курсант),
- Тараз қ. – 3-5 сәуір (31 курсант),
- Жезқазған қ. – 24-26 сәуір (38 курсант),
- Атырау қ. – 12-14 мамыр (40 курсант),
- Орал қ. – 11-13 маусым (45 курсант),
- Қостанай қ. – 10-12 шілде (23 курсант),
- Көкшетау қ. – 14-16 шілде (36 курсант),
- Қызылорда қ. – 1-3 қыркүйек (43 курсант),
- Шымкент қ. – 13-15 қазан (46 курсант).
|
29.
|
ІІМ қызметкерлерін (полиция, учаскелік инспекторлар) мас болу дәрежесін анықтау дағдыларына, алкогольден (есірткіден, уыттанудан) мас болу жағдайындағы тұлғаларға қатысты қабылданатын шаралардың сараланған тәсілдерін оқыту
|
|
|
ДСӘДМ, ІІМ
|
|
|
3500
|
3500
|
РБ
|
104
|
2014 жылғы 20 қаңтарда ҚР ДСМ-нің және ҚР ІІМ-нің 2011 жылғы 31 қазандағы № 755 «Ішке істер органдардың қызметкерлерді оқыту үшін наркологиялық тәуелдік бойынша білім беру бағдарламаларды бекіту туралы» бірлескен бұйырығын іске асыру шеңберінде ІІМ қызметкерлерін (полицейлер, учаскелік инспекторларды) оқыту семинарларының ҚР ДСӘДМ және ІІМ бірлескен кестесі келісілді және бекітілді.
Есепті жылы ІІМ қызметкерлеріне арналған «Мас күйде болу дәрежесін анықтау, мас күйдегі адамдарға қатысты қабылданатын шаралардың сараланған тәсілдері» тақырыбындағы әдістемелік құрал Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстырының ІІД-не енгізілді, аталған құралды енгізу актілері алынды.
Жалпы 2014 жылы ҚР-ның алты қаласында 11 семинар өткізілді, онда 350 полицей мен учаскелік инспектор оқытылды.
-
Қызылорда қаласында – 2014 жылғы 17 – 19 ақпан мен 20-22 ақпанда 3 күндік екі семинар өтті, 50 курсант оқытылды.
-
Өскемен қаласында – 2014 жылғы 26 – 28 наурызда 3 күндік бір семинар өтті, 30 курсант оқытылды.
-
Алматы қаласында – 2014 жылғы 28 – 30 сәуір мен 2-4 мамырда 3 күндік екі семинар өтті, 60 курсант оқытылды.
-
Шымкент қаласында – 2014 жылғы 26 – 28 мамыр мен 29-31 мамырда 3 күндік екі семинар өтті, 63 курсант оқытылды.
-
Астана қаласында – 2014 жылғы 4 – 6 маусымда 3 күндік бір семинар өтті, 46 курсант оқытылды.
-
Астана қаласында – 2014 жылғы 19 – 21 тамызда 3 күндік бір семинар өтті, 31 курсант оқытылды.
-
Өскемен қаласында – 2014 жылғы 27 – 29 тамызда 3 күндік бір семинар өтті, 30 курсант оқытылды.
-
Орал қаласында – 2014 жылғы 4 – 6 қарашада 3 күндік бір семинар өтті, 40 курсант оқытылды.
|
31.
|
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде психиатр-дәрігерлерді наркологиялық және уәжделген консультация беру қағидаттарына оқыту
|
|
|
ДСӘДМ, ІІМ
|
|
|
1400
|
1400
|
РБ
|
104
|
2014 жылғы наурызда ҚР ІІМ Кылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп «Наркологиялық және мотивациялық консультация технологиясы» тақырыбындағы 3 күндік күндізгі оқыту семинарының жұмыс бағдарламасы негізінде кесте мен курсанттардың тізімі келісілді (2014 жылғы 27 наураздағы №14-10-216/207-Д хаты).
Павлодар қаласында 2014 жылғы 14 мамырдан 16 мамырға дейін семинар өткізіліп, 16 курсант оқытылды.
|
5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы
|
|
темір тапшылығы анемиясымен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2221-ге дейін, 2015 жылға қарай 1870,0-ге дейін (2009 жылы - 2314,0) төмендету;
|
|
|
|
1926,1
|
1797,7
|
|
|
|
|
Көрсеткішке қол жеткізілді (алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)
|
|
артық дене салмағының таралуын 2013 жылға қарай 33 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 30 %-ға дейін (2009 жылы –35,3 %) төмендету.
|
|
|
|
31,8
|
-
|
|
|
|
|
Деректер жоқ. Әлеуметтік сауалнама үш жылда бір рет өткізіледі. Көрсеткіш 2015 жылдың қорытындысы бойынша ұсынылады.
|
32.
|
Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру
|
|
|
ДСӘДМ, ҚТА
|
|
|
213700
|
213700
|
РБ
|
015
|
2014 жылы халықтың 6 нысаналы тобының дұрыс тамақтану мәселелері бойынша хабардар болуын бағалау үшін анкета-сауалнамалар әзірленіп, көбейтілді және өңірлерге жіберілді.
Қалалық және ауылдық жердегі халықтың 4 нысалалы тобының мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары, еңбек етуге қабілетті жастағы ерлер және егде жастағы адамдар ақпараттануына сұрастырудың нәтижесін 2 жыл өткеннен кейінгі нәтижемен салыстарғанда оң динамика байқалады. Осылай мектепке дейінгі балалардың ата-аңаларының 88,9 %-ы дұрыс тамақтану аурулардың болмауына септігін тигізеді деп санайды, бұл 2012 жылдың нәтижесіне қарағанда 2,8 %-ға артық. Сонымен бірге дұрыс тамақтану аурулардың болмауына жағдай жасайды деп санайтын, ерлердің үлесі өскен (81,8% – бұл 2012 жылдың нәтижесіне қарағанда 8,4 %-ға артық). Ерлердің тамақ тәртібі жақсы жаққа өзгерді.
Халықтың мақсатты топтарына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша мынадай мақсатты топтардың: МДБҰ тәрбиешісінің және еңбек етуге қабілетті жастағы ерлердің тамақ тәртібінің жақсаруы байқалады. Бірақ, халақтын мақсатты топтарының тамақ тәртбесі қанағаттан танарлықсыз деп саналады, сұрастырылған адамдардың 30%-дан 80%-ға дейін сау тамақтанудың кейбір ережелерін ұстанады.
Дұрыс тамақтану және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ, халықтың дұрыс және қауіпсіз тамақтану дағдыларын қалыптастыру мақсатында бүкіл өңірлерде мынадай тақырыптарға: «Көңілді бірасарлар расында көңілді ме?», «Салауатты таңғы ас», «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі», «Жүктілік және тамақтану», «Сымбат – денсаулық айнасы. Дененің сұлу сымбатын сақтау үшін қалай тамақтану қажет?», «Онкологиялық аурулардың алдын алудағы тамақтану» және т.б. буклеттер, листовкалар, плакаттар, брошюралар және басқа да ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды.
7, 8, 9 сыныптағы «Биология» пәні бойынша факультативтік сабақ өткізу үшін мұгалімдерге арналған әдістемелік оқу құралдары әзірленген.
Халықтың әртүрлі топтары үшін алуан форматта (дәрістер, әңгімелер, семинарлар, тренингтер, конкурстар, т.б.) теориялық және практикалық сипаттағы ағарту және насихаттау іс-шаралары өткізілген.
ҚР 17 қаласында «Салауатты тамақтану – заманауи өмір дәстүрі» республикалық акциясы өткізілді, оған 4672 адам қатысқан, 9 конференция, 27 дөңгелек үстел, баспасөз конференциялары мен дебаттар ұйымдастырылып, өткізілген.
«Хабар» агенттігінің оқушыларға арналған «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық телевикторинасына салауатты тамақтану туралы сұрақтар енгізілген (мемлекеттік тілдегі 2 шығарылымда және орыс тіліндегі 2 шығарылымда).
Халыққа тегін кеңес беру опциясы қарастырылған www.zdorovoepitanie.kz ақпараттық-ағарту сайтының қызметіне қолдау көрсетіледі.
Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануын жақсарту мақсатында қалалық және ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың тамақтану жай-күйін бағалау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қарағанды және Жамбыл облыстарының қалалық және ауылдық жерлерінде тұратын 10 және 15 жастағы 620 оқушыға кешенді тексеру жүргізілді;
оқушылардың денсаулық жағдайы, психологиялық-эмоционалдық мәртебесі, интеллектуалдық сипаттамасы, нутриционалдық мәртебесі бағаланды;
желінген тамақтың сандық және сапалық сипаттау үшін, сондай-ақ қатар, үш мәрте респондентті сұхбаттама алу жолымен алдыңғы күнге тәуліктік тамақ рационды игеру арқылы (24 сағаттық әдіс) сұрау-өлшеу әдісімен оқушылардың нақты тамақтануы зерделен (менюдегі тағамдар құрамын сипаттау және оларды өлшеу);
әр түрлі физикалық салмақтағы оқушылардың жеке энергия шығыны зерделенді, ол тексерілген оқушылардың дұрыс тамақтануын айқындау мақсатында нақты тамақтануымен олардың энергияда және тағам заттарында физиологиялық қажеттілігі салыстырылды;
нақтыланған зерттеу нәтижелерінің оқушылардың энергияға, макро- және микронутриенттерге физиологиялық қажеттілігінің нормаларын негізінде 10-15 жас аралығындағы оқушылар үшін меню әзірленді.
Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануын жақсарту мақсатында тексерілген балалар мекемелері қызметкерлерінің және балалар арасында қан аздық, темір жетіспеушілігі және фолий қышқылының тапшылығы анықталды, деректерді компьютерлік әдісті қолдану арқылы статистикалық өңдеу темір мен фолий қышқылының тапшылық профилактикасында фортификациаланған ұнның тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Сондай-ақ, «ет және ет өнімдерінің бұрмалануын анықтау және қауіпсіздігі, біріздендіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» жобасы әзірленді.
|
33.
|
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттық науқан жүргізу
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
8956
|
8 955,4
|
РБ
|
015
|
Бұл тармақты орындау мақсатында мындай іс-шаралар орындалды:
1) «Салауатты үйлесімді тамақтану» тақырыбына 2000 дана буклет және «Салауатты үйлесімді тамақтану» тақырыбына мемлекеттік және орыс тілдерінде 510 дана брошюра дайындалып, көбейтілген;
2) республикалық «Хабар» телеарнасында көрсету үшін салауатты тамақтану бойынша бейнеролик әзірленген, оған тұзды тұтынуды тәулігіне 5 граммға дейін шектеуді, жеңіл сіңетін көмірсуларды, баяу еритін майларды, фастфудтарды, газдалған тәтті сусынды тұтынуды шектеуді; көкөністер мен жемістерді тұтынуды тәулігіне 400-700 граммға дейін арттыруды қамтиды;
3) республикалық «Хабар» және «СТВ» телеарналарында мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген бейнероликті көрсету (30 секунд, барлығы 240 шығарылым), PR анонстық жариялау - «31 каналдың» «Информбюро» бағдарламасында сюжет беру жүзеге асырылды.
|
35.
|
Денсаулық сақтау мәселелерін орта, техникалық және кәсіптік білім берудің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларына енгізу
|
|
|
ДСӘДМ, БҒМ
|
|
|
|
|
|
|
Педагог қызметкерлердің денсаулығын қорғау және білім беру сапасын жақсарту мақсатында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының Өңірарылық орталықтарының біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларында мына тақырыптар көзделген:
1. Жұмыс орындағы қауіпсіздік техникасы;
2. Төтенше жағдайдағы тәртібі;
3. Табиғат апаттары тәуекелін төмендету;
4. Еңбекті қорғау;
5. Есірткі тұтыну;
6. Темекі шегудің алу.
Бағдармалар денсаулықты қорғау мәселелерін қамтиды.
|
37-1.
|
Халық арасында А дәруменінің сапплементациясы бойынша ақпараттық-насихат науқанын жүргізу
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
13362
|
13361,6
|
РБ
|
015
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 252 бұйрығымен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық құжаттама бекітілді.
Осы іс-шараны орындау мақсатында 2014 жылы 22 тамыздағы № 344 шарттың шеңберінде «Профилактикалық медицина академиясы» қоғамдық бірлестігі А витамині жетіспеушілігін профилактикалауға арналған балаларды дұрыс тамақтандыру туралы плакаттар, балаларды құрамында А витамині жеткілікті дұрыс және рационалдық тамақтандыру туралы брошюрлар және буклеттер, халықтың әлеуметтік қорғалатын тобының балаларына А витаминін сапплементациялау жасау бойынша алгоритмі бар медицина қызметкерлеріне арналған брошюрлар әзірленіп шығарды.
Баспа материалдары балалар емханаларына, отбасын жоспарлау мектептеріне, жас ана мектептеріне, республиканың облыс орталықтарындағы, Астана және Алматы қалаларындағы бала денсаулығы кабинеттері, сондай-ақ аудандық медицина ұйымдарына тарату үшін облыстардың Денсаулық сақтау басқармаларына жіберілді.
Аурулардың дамуының алдына алу, иммунитетті арттыру және баладардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін құрамында жоғары А витамині бар азық-түліктерді жасы 6-59 айлық балаларды дұрыс рационалдық тамақтандыру туралы ұзақтығы 20 минуттық сурдо аудармасы бар қазақ және орыс тілдерінде телебағдарламалар түсірілді.
Бағдарламада 5 жасқа дейінгі балаларды дұрыс және рационалды тамақтандыру, сондай-ақ А витаминінің жетіспеушілігін профилактикалау мақсатында дұрыс тамақ дайындау бойынша аналарға консультация беру мәселелері қамтылды. Телебағдарлама «Хабар» республикалық арнада көрсетілді.
Осы жобаны іске асыру барысында өткізілген іс-шаралар халықты баланы ерте жастан бастап құрамында А витамині жеткілікті тағамдармен дұрыс тамақтандыруға ақпараттан арттыруға мүмкіндік берді. Дұрыс тамақтандыру арқылы балалардың А витамині жетіспеушілігін профилактикалау баланың өсу мен дамуы көрсеткішін жақсарту, иммунитетті арттыру, аурудың туындауының алдына алу, өмір сүру сапасын жақсарту, 5 жасқа дейін балалар арасындағы өлім-жітімді төмендету үшін маңызды.
|
37-2.
|
Емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын қолдау және ілгерілету бойынша ақпараттық-білім беру науқанын жүргізу
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
115920
|
115920
|
РБ
|
015
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 252 бұйрығымен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру шенберінде мемлекеттік қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық құжаттама бекітілді.
Осылайша, 2014 жылғы 22 тамыздағы № 345 «Қазақстандағы жас кәсіпкерлердің ассоциациясы» заңды тұлғалардың одағы қоғамдық өкілдерді, денсаулық сақтау қызметкерлерін, емізетін аналарды, олардың айналасын және елдің барлық халқын тарту жолымен ерте жастан балалардың және емізетін аналардың денсаулығын сақтаудың бірден-бір негізгі тәсілі ретінде омыраумен емізуді насихаттау мақсатында келесі іс-шаралар орындаған:
-
насихаттау бойынша буклеттер (саны 5000) және плакаттар (саны 3900) дайындалып, тираждалды және таратылды.
-
емшек сүтімен қоректендірудің пайдасы және қағидаттары, баланы омырауға салудың пайдасы мен қағидаттары туралы брошюралар дайындалып, тираждалды және таратылды (саны 448000).
-
«Аналарға арналған емшек сүтімен қоректендірудіру сабақтары» ақпараттық-оқыту кешені дайындалып, тираждалды және таратылды (тиражы 500 дана кітап+диск);
-
Медициналық ұйымдардың теледидарында көрсету үшін емшек сүтімен қоректендірудіру бойынша бейнеролик түсірілді;
5) Бейнероликтің ҚР халқы арасында емшек сүтімен қоректендірудіру популяризациялау мақсатында республикалық 8 телеарнада көрсетілді қамтамасыз етілді.
|
37-3.
|
Тамақ өнімдерін өндірушілер үшін дұрыс тамақтанудың әртүрлі аспектілері бойынша өңірлік оқыту семинарларын тұрақты негізде өткізу, оқыту материалдарының кешенін әзірлеу
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
12544
|
12544
|
РБ
|
015
|
Салауатты тамақтанудың түрлі аспектілері бойынша тағам өнімдерін өндірушілердің ақпараттануын арттыру мақсатында тағам өнімдерін құнарландыру бойынша тағам өнімдерін өндірушілердің хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық әзірленген және баспаханалық тәсілмен 800 дана таралыммен шығарылған. Нұсқаулық салауатты тамақтану және анемияның даму қатерін азайтатын нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіруде құнарландырылған ұнды қолдану және алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын алуға, оның ішінде организмнің қорғаныс қызметін арттыруға бағытталған басқа да функционалдық өнімдерді өндіру мәселелеріне арналған және өнеркәсіптің тамақ және өңдеу салалары қызметкерлеріне, тағам өндірісіндегі технологтарға арналған, сондай-ақ түрлі мамандықтар бойынша тәжірибе жинақтап жүрген дәрігерлер қолдан алады.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында тағам өнімдерін өндірушілер (басшылар, технологтар, мамандар), стандартизация және метрология қызметінің, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттердің мамандары, медицина қызметкерлері үшін семинарлар өткізілген. Семинарлар жергілікті бұқалық ақпарат құралдарында, интернет сайттарында, әлеуметтік желілерде жария етілген.
|
37-4.
|
Фортификациялау және йодтау мәселелеріне арналған тақырыптық телевизиялық бағдарламалар әзірлеу және көрсету
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
16240
|
16240
|
РБ
|
015
|
Дұрыс және ұтымды тамақтану, адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу үшін салауатты тамақтанудың аспектілері туралы халықтың хабардар болуын арттыру мақсатында фортификация және йодтау мәселелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде сурдо-аудармамен, 2 фильм түсірілген, әрқайсысының ұзақтығы 10 минут, сондай-ақ республикалық «Хабар» және «СТВ» телеарналарында ұнды құнарландыру бойынша сурдо-аудармамен 4 телехабар, көрсетілді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |