Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің негізгі ерекшеліктері
Егде және қарт жастағы адамдарға тән патологиялық өзгерістердің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:
Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда).
Бір науқастың бойында екі немесе одан да көп аурулардың болуы. Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.
Көбнесе аурулардың созылмалы ағымды болуы. Көптеген созылмалы аурулардың өршуіне жасына сәйкес эндокринді алмасу және иммундық ығысудың қолайсыздығы әсер етеді.
Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады. (пневмония, миокард инфарктісі, өкпе туберкулёзі, неопластикалық үрдістер, қантты диабет және т.б.). Мысалы, егде жастағы науқастарда қызба, туберкулез немесе инфекциялық эндокардиттің, іш қуысындағы абсцесстің негізгі көрінісі болуы мүмкін.
«Кәрілік» аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз ісігі, Альцхаймер аруы, кәрілік амилоидоз және т.б.).
Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.
Әлеуметтік-психологиялық статустың өзгеруі. Әлеуметтік бейімсіздену-дің негізгі себебі адамның зейнеткерлікке шығуы, жақын туыстарын және жолдастарының өліміне байланысты оларды жоғалту, жалғыздық және басқа адамдармен қарым-қатынасының шектелуі, өзін күтудің қиындауы, экономикалық жағдайының нашарлауы. Осы жағдай аясында үрейлілік, депрессия, ипохондриялық синдром сияқты бұзылыстар дамиды (өзінің денсаулығы үшін шектен тыс патологиялық сақтану, ешқандай ауру болмаса да оның бар екеніне сену).
Қарт жастағы науқасты рациональды қарау өзара міндетті түрде түсіну-шілікке жету және «науқас – мейірбике – дәрігер» «үштігімен» келісуді бол-жайды. Науқастың дәрігердің тағайындауын орындау дәрежесі медициналық әдебиетте «комплайенс» (англ. compliance – келісу) терминімен берілген. Қарт жас өздігінен жеткіліксіз комплайенстің себебі бола алмайды, себебі дұрыс жақындасу комплайенске жетуге қол жеткізеді – ауызша және жазба-ша нұсқауды қолдану, тағайындалатын медикаменттердің санын азайту, ұзақ әсер ететін дәрілердің түрлерін және қосарланған препараттарды таңдау және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |