Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќСАЌтау министрлігі


Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау



бет8/25
Дата27.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#454874
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
ГЕРОНТОЛОГИЯ дәрістер жиыны

Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау
Егде жас және қарт науқастардағы тыныс алу мүшелері ауруларының клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне байланысты.

  • өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды.

  • альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға төмендейді.

  • өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, «сынғыш» келеді) өкпе тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу қиындайды.

  • мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы газ алмасуды қиындатады.

  • альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды.

  • кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару механизмі бұзылады.

  • бронхтардың безді эпителийінің және шеміршек тінінің атрофиясы бронх өзегінің әрқилы тарылуына және олардың қампаюына әкеп соқтырады.

  • жөтел рефлексі төмендейді.

  • кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың қозғал-ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін шектейді.

  • тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына және гипоксияға сезімталдылығы күшейеді.

Егде жас және қарт науқастарда созылмалы бронхиттің өршуінің жиі байқалуы, кеуде қуысының жасына сәйкес өзгеруімен, тыныс алу қозға-лысының шектелуімен, жөтел түрткісінің нәтижесі аз болуынан дренажды қызметінің төмен болуы және жыбыр эпителийнің атрофиясына, кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуіне, инфекцияға қарсы қорғанысының төмен болуына байланысты. Егде жас және қарт науқастарды емдеуді олардағы патологиялық үрдістердің ерекшеліктерін, қосымша ауруларын, пациенттің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Гериатриялық науқастардың созылмалы бронхитпен жиі ауруы бактерияға қарсы препараттарды жиі қолдануына байланысты. Осыған орай егде жастағы науқастарда бактерияға қарсы препараттардың кері әсері жиі байқалады, мысалы, есту қабілетінің төмендеуі (стрептомицин, гентамицин және т.б.), бүйрекке токсикалық әсер (канамицин), кандидоз, дисбактериоз және атрофиялық глоссит (тетрациклин, қосарланған антибиотики) және т.б. Сондықтан мейірбике токсикалық дәрежесі төмен дәрілерді қолдануға пациенттерді үйрету қажет. Науқастар тағайындалған препараттарды сөткенің бекітілген уақытында қабылдап, ұсынылған, іс-әрекет режимін және қабылдау шартын сақтау керек (мысалы, ко-тримоксазолды қабылдағанда көп мөлшерде сілтілі су ішу керек – «Боржоми» немесе 7г гидрокарбонат натрийдің бір стақан судағы ерітіндісі), диеталық ережелер (мысалы, тетрациклинмен емделгенде тамақ рационынан шұжық, кептірілген және тыңайтылу арқылы өсірілген көкөністерді қабылдауға болмайды).

Егде жас және қарт науқастарды оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу керек. Қарт жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже беру мүмкін – басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн-Стокс тынысы. Одан басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу сал-дарынан коматозды жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқат-танған науқастарды бақылау кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі науқас үшін өте қауіпті екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде же-дел жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериат-риялық жастағы науқастар үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет