Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќСАЌтау министрлігі


Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау



бет9/25
Дата27.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#454874
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
ГЕРОНТОЛОГИЯ дәрістер жиыны

Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау
Егде жастағы және қарт науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ) ауруларының ерекшелігі басқа да мүшелер мен жүйелердің аурулары сияқты организмдегі иволютивті үрдістерге, бірінші кезекте тамыр және жүректің склерозды зақымдалуына байланысты.

  • Қолқа, тәж, ми және бүйрек артерияларының иілгіштігі төмендейді; тамыр қабырғасының қатаюы шеткері қарсыласуды біртіндеп күшейтеді.

  • Капилляр және артериолалар аневризмалық кеңейіп және бұраланып капиллярлар желіндегі тамырлар облитирацияға ұшырап трансмембраналық алмасу нашарлайды.

  • Негізгі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі толық адекватты болмайды.

  • Жүрек қан айналымының жеткіліксіздігі нәтижесінен бұлшық ет талшықтарының дистрофиясы, атрофиясы және олардың дәнекер тініне ауысуы болады. Жүрек жеткіліксіздігіне және жүрек ырғағының бұзылуына әкеп соқтыратын атеросклерозды кардиосклероз пайда болады.

  • Миокардтың склерозға ұшырауынан оның жиырылғыш қасиеті төмендеп, жүрек қуысы кеңейеді.

  • «Кәрі жүрек» (жүрек бұлшықетіндегі адамның жасына байланысты өзгерістер) нейрогуморальді реттелудің өзгеруінен миокардтың ұзақ уақыт гипоксияға ұшырауынан дамитын жүрек жеткіліксіздігінің негізгі факторының бірі болып табылады.

Егде жаста қанның ұю жүйесі белсенеді, ұюға қарсы механизмдердің функциональді жеткіліксіздігі дамиды, қанның реологиясы нашарлайды.

Егде және қарт жаста гемодинамика ерекшеліктерінің кейбір қатары дамиды: негізіген систолалық артериялық қысым (АҚ) жоғарлайды, венозды қысым төмендейді, жүректің жұмысы, кейіннен минуттық көлемі төмендейді. Жасы ұлғая келе ірі тамырлар қабырғасы өзінің иілгіштік қасиетін жоғал-тады, атеросклерозды түйіндер және ұсақ тамырларды органикалық өзгеріс-тер дамуының салдарынан ми, бүйрек және бұлшықеттің қан айналымы төмендейді. Қазіргі уақытқа дейін адамның жасына байланысты АҚ-ның қалыпты көрсеткіші құрастырылған жоқ – егде және қарт жастағы адамдарда АҚ-ның көтерілуі қалыпты компенсаторлы көрініс ретінде қарастырылады. ЖИА бар егде және қарт жастағы науқастардың жағдайының нашарлауына қосымша өкпе-бронх аурулары, физикалық күш, тойып тамақтану, психоэмо-циональды есеңгіреу, жедел инфекциялар, зәр шығару жолдарының қабыну үрдістері, операциялық ем және т.б. себеп болуын естен шығармаған жөн.

Мейірбике науқастармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға теріс әдеттер-мен күресу жолдарын түсіндіруі керек. Әр бір шылым шеккеннен кейін жү-рек жиырылуының күші және жиілігі жиілейтінін, АҚ-ның жоғарлайтынын түсіндіру керек. Темекі шегетін адамдарда артериялық гипертензияның қатерлі түрі байқалады, емнің нәтижесі төмендейді, жүрек-тамыр аурулары салдарынан болатын өлім 2 есе жоғарлайды. Егде және қарт жастағы науқастар күндіз шамалы дем алып, түнде тыныш ұйықтауы керек. Босаңсуға арналған жаттығулар жасау пайдалы. Науқасқа дәрумендерге бай және толық калориялы тамақ рационының пайдасы мол. Жануар майынан, тәттілерден, тойып тамақ ішуден бас тарту қажет, себебі артық салмақ жүрек жұмысына кедергі жасайды.

Егде және қарт жастағы адамдарға мүмкіндігінше физикалық жатты-ғулар және тыныс алу гимнастикасымен айналысу ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет