«Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ»



бет8/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#140647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

12.3. Жазатайым оқиғаларды тексеру мен есебі.

Заңнамаменшіктіңтүріне байланыссыз кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда істейтін адамдармен болған жазатайым оқиғаларды, көсіби аурулар мен улануды тексеру, жазу мен тіркеудін біртәртібін орнатады.

Кәсіпорын немесе оның заңды мирасқоры өндірістегі жазатайым жағдай немесе көсіби ауру нәтижесінде толық немесе ішінара еңбек қабілетінен айырылған қызметкерге немесе қызметкер опат болған жағдайда талап етуге құқылы адамға бір мөрте жәрдемақы төлейді және заңдардабелгіленген тәртіп пен мөлшерге сәйкес қызметкердің денсаулығына келген зақым немесе опат болғаны үшін өтем береді.

Жылдық жалақыны есептеутәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

"Жазатайым және еңбек қызметімен байлаиысты қызметкер денсаулығының зақымдануын тексеру және есеп жүргізу ереже-лерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулы-сы 2001 ж. 3 наурыздан №326, Қазақстан Республикасының 2007 ж. 15 мамырдағы Еңбек кодексіндегі қызметкерге заңыммен келтіріл-ген зиян немесе денсаулықтын басқа себептен зақымдануы туралы норманы нақтылап толықтырады.

Қызметкерлердің, сондай-ақ:

1) бастауыш кәсіптік білім бағдарламаларын, жоғары оқу ор­нынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;

2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды


орындауға тартылған әскери қызметшілердің;

3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;

4) әскерилендірілген авариялық-қүтқару бөлімдері, өскерилендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланыңсалдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті қүтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне өкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп тексеруге және есепке алуға жатады.

Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақым-данулар не жұмыс берушінің мүдцесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:

жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өңдіріс қүрал-жабдықтарын, жеке қорғану қүралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;

жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе езге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;

қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нетижесінде;

жұмысы қызмет керсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уаңытында жұмыс берушінің тап-сырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;

қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің келігінде;

жеке келігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда өзініц жеке көлігінде;

жұмыс берушінің өкімі бойынша ез ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін ез бастамасы бойынша езге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.

Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:

зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмысітарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық өдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайда-лану күйінде орындаған кезде;

өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нөтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;

зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың өсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді.

Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куөгер жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.

Жазатайым оқиғаларды тексерудің тәртібі

Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде қүрылатын, мынадай қүрамдағы комиссия жүргізеді:

Төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;

мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

Арнайы тергеп-тексеруге:

ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дережесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер үшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.

Жұмыс берушінің - жеке түлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау женіндегі маман қатысады.

Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы сала-сындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.

Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының екілі қатысуға құқылы.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Өндірістік практикадан етіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар үшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам екілінің ңатысуымен ез аумағында оқиға болған ұйымның басшысы қүратын комиссия жүргізеді.

Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өңдірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер үшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің езі жүргізеді.

Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде үшы-раған жазатайым оқиғаны жұмыс ез аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады.

Келік ңүралдарының авариясы салдарынан болған жаза-тайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.

Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша келік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.

Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куөгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анық-тайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.

Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне ңарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) етініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекто-рының нүсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нүсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.

Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мөн-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында езінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өңдіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау талапта-рының бүзылуына жол берген адамдарды анықтап, өңдірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөиін-дегі шараларды белгілейді.

Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексе-ру женіндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.

Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өңдіріспен байланысты ербір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (үсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді.

Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке ңабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық белімшесі қүрған комиссия мына қүрамда жүргізеді:

төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;

мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің екілі.

Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.

Қауіпті өнеркесіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына тетенше жағдайлардық алдын алу және оларды жою женіндегі мемлекеттік инспектор кіреді.

Техногендік сипаттағы тетенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде тетенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою женіндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру женіндегі комиссияның терағасы болып тағайындалады. Бүл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.

Кайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі қүрған комиссия жүргізеді.

Сараптамалық қорытындыны талап ететін мөселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру женіндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.

Ауыр зардаптарға екеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек женіндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.

Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия терағасыныц келісімінсіз куәлерден, куегерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.

Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдайлардың нетижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адам-дарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру женіндегі комиссия авариялық-қүтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардық қорытындысы негізінде айқындайды.



12.4. Жазатайым оқиғаларды рәсімдеу және тіркеу.

Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым белімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.

Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласын-дағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.

Егер жұмыс беруші жеке түлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.

Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.

Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зияннық туындауына немесе үлғаюына өрескел абай-сыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауанкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінөсін процентпен айқындайды.

Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытынды-сымен келіспейтін болса, ол өзінің дөлелді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде үсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне" "ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.

Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.

Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.

Тергеп-тексеру нөтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге қүқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.

Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушілік-терді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық төртіппен қарайды және (немесе) соттәртібімен қаралады.

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мөселелері бойынша тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді.

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.

Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады және өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жарақаттану туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қойып, белгіленген тәртіппен статистика органдарына үсынады. Журнал еңбек женіндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі.

Жұмыс беруші жазатайым оқиғалар туралы актілерге сәйкес статистика жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанға сай мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтың органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді тиісті кезеңдегі есу қорытындысын керсетіп, ай сайын беріп отыруға міндетті.

Жұмыс беруші немесе оның екілі уақыт өте келе ауыр зардап-тарға немесе кісі өліміне екеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өңдірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтануоіы тіркелген жердегі) хабарлайды.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мүрагатқа тапсы-рылуга тиіс.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:



1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау женінде оқығаны және нүсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мөліметтер;

еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілегең нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куөгерле-рінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсінікте-мелері;

оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нүсқаулықтардан, ережелерден, бүйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазым-ды адамдардың міндеттері және басқалар;

зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (елімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;

зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердіц, сараптамалардың, талдаулардың нетижелері және тағы сол сияқ-тылар;

бас мемлекеттік еңбек инспекторынық қорытындысы (егер бар болса);

жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы меліметтер;

жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшеле-ріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды етеу және жол беріл-ген оқиғаға кінөлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы Бұйрығы;

10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.


Зардап шеккен адам немесе кызметкерлердің өкілі жазатайым

оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Еңбек құқығындағы еңбекті қорғау ұғымы.

Кімдер үшін міндетті дерігерлік байқаулар анықталған?

Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.

Қызметкерлер және лауазымды түлғаларды еңбекті қорғау заңдарын бүзған үшін жауапкершілікке тартуға негіздер.

Кім еңбекті қорғауды қадағалау және бақылауды жүзеге асырады?

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың тексеру тәртібі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2011.

2. Айымханова Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2012

3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2008. – 88с.



13 тарау. Еңбек дауларының үгымы және топтастырылуы.

Тақырыптың мақсаты: еңбек дауларына анықтама беру; еңбек дауларын шешу жолдарын қарастыру, себептерін анықтау.

Жоспары:


1.Еңбек дауларының ұғымы және себептері.

2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары

3. Еңбек даулары жөніндегі келісі комиссиясы


13.1.Еңбек дауларының ұғымы және себептері.

Еңбек даулары дегеніміз Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдың шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мөселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер.

Еңбек қүқыгы субъектілерінің келіспеушілігі процессуалдық мағынада тиісті юрисдикциялы органға шешуге бару кезінен еңбек дауы нысанын алады.

Еңбек дауын еңбек құқығы аясындағы құқық бұзушылықтан ажырату керек, бірақ олар бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені көпшілік жағдайларда құқық бүзушылық еңбек дауларының алдында болады және олардың тікелей сылтауы болады, бірақ құқық бүзушылық өр уақытта еңбек дауын тудырмайды. Мысалы, егер қызметкер тиісті органда оны заңсыз жұмыстан шығарғаның бүл жерде құқық бүзушылық бар болғанына қарамастан дауламай басқа жұмысқа орналасса немесе қызметкер құқық бүзушылық болмағанына қарамай сотта жұмыстан шығаруды даулауы.

Еңбек даулары ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісім-дердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша туындайды.

Еңбек дауларын түрлеріне қарай жіктеу ведомстволық дауларды дүрыс анықтауға жағдай жасайды. Еңбек дауларының барлы-ғын даудың пәніне қарай 2 топқа бөлуге болады: 1) нақты құқық­тық қатынаста еңбек заңнамаларын қолдану туралы даулар, яғни осы құқықтық қатынастың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін сақтау; 2) заңмен немесе басқа актілермен реттелмеген жаңа еңбек жағдайларын локальды түрде белгілеу бойынша даулар.

Мысалы, жұмыстан шығару, мерзімнен тыс жұмыстарды төлеу бойынша даулар - еңбек заңдарын қолдану туралы даулар, ал жаңа тарифтік разрядтар тағайындау, жұмыс істеу жаңа норма-ларын белгілеу бойынша даулар, ұжымдық шарттың нормативті ережелерін жасасқан кезде туындайтын даулар - бүл жаңа еңбек жағдайларын белгілеу бойынша даулар.

Іңбек заңдарын қолдану бойынша еңбек даулары: а) еңбек құқықтық қатынасынан; б) еңбек өндірісі сұрақтары бойынша кәсіподақтың әкімшілікпен құқықтық қатынасы; в) еңбек шарты субъектілерінің бір-біріне келтірген зиян үшін материалдың жауапкершілік бойынша құқықтық қатынас; г) еңбекті қорғауды қадағалау бойынша құқықтық қатынас және т.б

Еңбек дауларының себептері. Бүл субъективті мінезді факторлар адамдардың санасы мен мінез-қүлқынантәуелді, яғни дауласып жатқан тараптардың (олардың өкілдері) жеке қасиеттерінен. Еңбек дауларының себептерін дау тудырған жағдайлардан ажырату керек. Бүл жағдайлар дауласушы тарапқа рбъективті болып келеді, бірақ олар наңты өндірістегі немесе заңнамадағы проблеманы көрсетеді, дауласушы тараптармен өр түрлі бағаланатын деректі жағдайлардың көбеюіне мүмкіндік жасайды, мүндай жағдайлар 2 түрді болуы мүмкін:

ұйымдық-өндірістік сипатта;

ұйымдық-құқықтық сипатта.

Біріншілері, кейбір өңдірістердіқжұмысының жетіспеушілігін көрсетеді (іркіліс, еңбекті нашар ұйымдастыру және т.с.с). Жағдайлардың екінші түрі еңбек заңдарының кейбір нормаларын-дағы жетіспеушіліктерді көрсетеді (заңдардың кейбір қағидалар түжырымдарыныңтүсініксіздігі және айқындалмағандығы немесе олқылықтардың болуы), дауласушы тараптарға өр түрлі түсінік беруге жағдай жасайды.

Даулар пайда болатын жағдайлар - қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушілікті реттелмеуін тудырып, тікелей немесе жанама еңбек қатынастарына өсер ететін жағдайлар.

Еңбек дауларының пайда болу себептері - қызметкер мен жұмыс беруші арасында келіспеушілікті тікелей тудыратын заңи фактілер. Бүл қызметкердің құқықтары немесе кәсіпорын алдын-дағы міндеттерінің бүзылуы. Мысалы, оның келтірген зиян үшін материалдық жауапкершілігі.

Еңбек даулары жиі бірнеше жағдайлардың қабысу нөтиже-сінде пайда болады: біреулері экономикалық, басқалары-әлеуметтік, үшіншілері - заңи сипатта болады.

13.2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары

Экономикалық сипаттағы жағдайларға қызметкерлерге тиесілі кепілдіктер мен жеңілдіктерді беруге кедергі жасайтын ұйым-ның қаржылық қиыншылықтары.

Әлеуметтік мінезді жағдайларға, мысалы, табыстар деңгейінде жоғары және төмен төленетін қызметкерлер арасындағы айырмашылықтың өсуі, жұмыссыздықтың өсуі.

Заңи сипаттағы жағдайларға заңнаманың әкімшілікке әсіресе қызметкерлерге қиындығы, қарама-қайшылығы, нөтижесінде -қызметкерлермен өз еңбек құқықтарын нашар білуі; ұйымдардың басшылары, көптеген басшылардың, әкімшіліктің лауазымды түлғалардың еңбек заңдарын сақтауға ынтасы болмауы.

Жеке еңбек дауларын қарастырутәртібі. Еңбек даулары түрлерге 2 белгі бойынша бөлінеді:

А) оларда қатысатын субъектілер бойынша (дау тараптары) -жеке және ұжымдық;

Жеке еңбек дауларында, бір жағынан, қызметкер, келесі жақта - жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) қатысады. Ұжымдық еңбек дауларында, бір жағынан, қызметкерлер тобы, ұйымныц қызметкерлері, басқа жағынан - жұмыс беруші немесе жұмыс берушілер.

Б) мазмұны бойынша еңбек даулары еңбек жағдайларын бел-гілеу бойынша даулар. Еңбек жағдайларын белгілеу деген оларды заңдар, басқа нормативтік құқықтық актілері арңылы аныңтау (соңын ішінде, келісім, ұжымдық шарттар және басқа жергілікті актілер). Осылай белгіленген еңбек жағдайлары жалпы мінезді болады және барлық немесе қызметкерлердің кейбір санаттарына таралады (жалақының ең төменгі мелшері), еңбектің жеке жағдай-лары еңбек шартымен аныңталады (мысалы, жалақы мөлшері).

Жеке еңбек даулары келісім комиссиясы мен қызметкер штатта, уақытша, ңатарластырушы болғанына байланыссыз, кәсіп-одақтағы мүшелілікке байланыссыз ңарастырылады.

Жеке еңбек даулары дегеніміз тікелей немесе кәсіподақ қатысуымен келіссездермен реттелмеген әкімшілік және қызметкер арасындағы еңбек заңдарын, басқа нормативтік құқықтық актілерді, келісімді, еңбек шартын қолдану туралы сұрақтары бойынша келіспеушілік.

Жеке еңбек даудың пәні қызметкердің құқықтары мен зацды мүдделері, оның пікірі бойынша, екімшілікпен еңбек заңдарын, еңбек шартын қолданғанда бүзылғаны болады, яғни аталған актілерді орындамау немесе өз деңгейінен кем орындау.

Бүл жалақыны телемеу, жалақыны толық мелшерде телемеу, көтермелеу, жеңілдіктер және кепілдіктерден айыру, жұмыс режимін бүзу және т.б. Бүл жағдайларда еңбек дауын ңарастыру туралы арызды қызметкермен немесе оның мүдделерінен кәсіподақ органы атынан беріледі.

Әкімшілік пен қызметкер арасындағы жеке еңбек дауларының пәні ретінде қызметкердің заңсыз тәртібімен ұйымға келтірілген материалдық зиянды өтеу болуы мүмкін. Бүл жағдайларда арыз ұйым әкімшілігімен беріледі.

Ұйым әкімшілігі және тиісті кәсіподақ органы жеке еңбек дауларын ез қүзыреті шегінде қызметкерге жаңа жеке еңбек жағдайларын орнату немесе езгерту сұрақтары бойынша қарастырады.

Ұжымдық еңбек даулары - ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен езгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану меселелері бойынша жұмыс беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер екілдері) арасындағы келіспеушіліктер.

Ұжымдық еңбек дауларының пәні құқықтар мен мүдделер болады.

Еңбектің елеуметтік-экономикалық жағдайлары деген, қайсыларының орнату немесе езгертумен байланысты ұжымдық еңбек даулары пайда болу мүмкіндігі, кесімді бағалау қызметкерлер санаттары бойынша еңбекті төлеу жүйелері және мелшері, ұйымға жалпы жұмыс уақытының режимі және үзақтығы, толық материалдық жаупкершілігімен қызметкерлер тізімі және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет