Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Еңбек қатынастары субъектілері



бет10/113
Дата14.01.2023
өлшемі155.69 Kb.
#468387
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

19-бап. Еңбек қатынастары субъектілері

Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек қатынастары субъектілері болып табылады.


Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.

20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілеттіктері

1. Жұмыскерлердің мүдделерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.


Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналысында (конференциясында) оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланады және оларға уәкілеттік беріледі. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін сайлау бойынша ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналысын (конференциясын) қашықтан дауыс беру арқылы өткізуге жол беріледі. Жұмыскердің жалпы жиналысқа (конференцияға) қатысуы электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе жұмыскердің авторизациялануы, сәйкестендірілуі қамтамасыз етіле отырып, өзге де электрондық тәсілмен расталады.


Егер кәсіптік одақтарда жұмыскерлердің мүше болуы ұйым жұмыскерлері штат санының жартысынан аз болса, онда жұмыскерлердің мүдделерін кәсіптік одақтар мен сайланбалы өкілдер білдіре алады.


Егер осы ұйымда кәсіптік одақ құрылған болса, кәсіптік одақтың қатысуынсыз жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында ұжымдық келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.


2. Кәсіптік одақ мүшесі болып табылмайтын, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін сайлауға қатыспаған жұмыскерлер кәсіподақ органдарына, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдеріне өздерінің мүдделерін білдіруге құқық беруге құқылы. Кәсіподақ органдары, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді.


3. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерінің:


1) жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;


2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және ұжымдық шарттарды жасасу бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізуге;


3) ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын зерделеу және қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану үшін жұмыс орындарына баруға;


4) жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын осы Кодексте белгіленген тәртіппен реттеуге қатысуға құқығы бар.


Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2021 № 61-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет