Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі



бет61/117
Дата03.03.2024
өлшемі166.08 Kb.
#494104
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117
k1500000414.11-02-2024.kaz

117-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі

Ескерту. 117-бап алып тасталды – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін арттыру және тану

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың, кәсіптік біліктілігін арттырудың және танудың қажеттілігі мен көлемін жұмыс беруші айқындайды.


1-1. Алып тасталды – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


1-2. Кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіптер бойынша кәсіптік біліктілігін тану аккредиттелген кәсіптік біліктілікті тану орталықтарында жүргізіледі.

2. Жұмыс беруші жұмыскерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (білім алушы) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды:


1) тікелей ұйымда (жұмыс берушіде);


2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;


3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.


3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жұмыскерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін арттыру және тану оқытуға немесе кәсіптік біліктілігін тану бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.


4. Оқыту шартында:


1) білім алушы алатын нақты мамандыққа, біліктілікке және (немесе) біліктілік курсының атауына сілтеме;


2) жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары мен міндеттері;


3) оқыту мерзімі және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімі;


4) оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеудің өтелмеген мерзіміне пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары;


5) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;


6) тараптардың жауаптылығы қамтылуға тиіс.


Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкін.


5. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, кәсіптік біліктілігін арттырудан және танудан өтетін жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.


6. Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға және кәсіптік біліктілігін тануға байланысты жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер көзделуі мүмкін.


7. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.


8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды.


Ескерту. 118-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет