Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет1/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
multi-293 x970856161


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Экономика факультеті


Менеджмент кафедрасы


Мусабекова Айнаш Орикбаевна
Ержанова Салтанат Кулдасбаевна
«Персоналды басқару» пәні бойынша
Дәрістер курсы
мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау»

Қарағанды 2019



1 лекция. Персоналды басқаруға кіріспе


1. Ұйым персонал түсінігі, мақсаттары
2. Персоналды басқару жүйесі
3. Персоналды басқару аспектілері мен тұжырымдамасы


1. Ұйым персонал түсінігі, мақсаттары
«Кадр» және «персонал» деген ұқсас және өзара алмастыратын түсініктердің кейбір ерекшеліктері бар. Көбінесе кадрлар дегеніміз кәсіптік-біліктілік, әлеуметтік-психологиялық, жастық және басқа да құрылымдық құрамымен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік кабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады. Сонымен қатар еңбек әлеуеті еңбекке қабілеті бар жұмыскерлерді біріктіреді, еңбек әлеуетінің саны кадрлар санына біліктілігі жоқ және біліктілігі аз жұмыскерлер санын қосқанда пайда болады.
Персонал — бұл адамдардыц жеке сапаларыныц күрделі жиынтығы, оның ішіңде әлеуметтік-психологиялық қасиеттері басты рөл атқарады, персонал - кәсіпорынның әкономикалық және жаңартпа (инновациялық) кеңістігінің маңызды бөлігі. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жұмыс кезінде адам ресурстарының басқа ресурстар түріне қарағанда артықшьшығын дәлелдейтін [философиясымен басшылық ету кезінде шаруашылық субъектілерінің табысты іс-әрекетінің негізгі әлеуеті - кәсіпорын персоналында, олардың біліктілігі мен кәсіпорын мүдделеріне берілгенінде екенін жақсы түсінеді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Персонал — бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі тек адамдар ғана жұмысты орыңдайды, ойларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.
Персонал - «кадрлар» түсінігін қамтитын неғұрлым кең түсінік болып табылады, сондықтан персоналды басқару негізі больш үйым мақсаттарына жету, өндірістік жүйелердің қызмет етуінде жұмыскерлердің әлеуетін неғұрлым толық және тиімді пайдалану мен дамыту тұрғысынан қарағанда өндіріс үдерісінде қызметкерлердің арақатынасы өте маңызды орын алады.
Персоналды басқарудың қазіргі замаңдағы тұжырымдамасы әлеуметтік-әкономикалық жүйе ретінде кәсіпорынның іс-әрекеті негізінде нақты адамды қояды және қызметкерді кәсіпорынның ұйымдық-әкономикалық механизмінің шешуші әлементі ретіңде қарастырады.
Персоналды басқару - іс әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның мәселесі - кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналмен қамтамасызету,оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымын қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқарудың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік үдерістің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өндірісте адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық-заттай әлементтерін басқаруға ұқсас келеді.
Кадрларды таңдау бұл - берілген жұмыс орнында жұмыскерге бағытталған жеке талаптар мен ең іскер үміткерді жұмысқа қабылдау мен оқытудың үрдісі. Сонымен бірге мұнда ұйым штатындағы жұмыскердің біліктілігін жоғарлату мақсаты да кіреді. Яғни, кадрларды таңдау бұл -жұмысқа қабылдау мен ұйым персоналының біліктілігін жоғарлату болып табылады.
Кадрларды дайындау жұмыскерлерді өндірістік оқыту мен оларды неғүрлым көп өнімділік әкелетін жұмыс орындарына жіберуге негізделген. Кадрларды жақсы дайындау жұмыскерлер, компания және жалпы қоғам мүддесі үшін тиімді. Оларды дүрыс дайындау жұмыскерге келесідей тиімділік әкеледі: 1) одан да көп табыс алуға; 2) еңбектен қанағат алуға; 3) қызмет бойынша жоғарлауға; 4) жаңа білім мен тәжірибе алуға. Компания үшін кадрларды дүрыс таңдау оның бәсеке қабілеттілігін жоғарлатып, өз өнімдерін сатудан немесе көрсеткен қызметінен түскен табысын көбейтуде тиімділік әкеледі. Қоғам үшін өнімділіктің жоғарлауы түрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлатып, әлемдік нарықтарда елдің бәсеке қабілеттілігін арттыруда үлкен маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет