Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы жұмыскерлердің еңбегін реттеу



бет77/117
Дата03.03.2024
өлшемі166.08 Kb.
#494104
түріКодекс
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
k1500000414.11-02-2024.kaz

141-бап. Азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы жұмыскерлердің еңбегін реттеу

Азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы жұмыскерлердің еңбегі:


1) ұшу қауіпсіздігіне, оның ішінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты авиация персоналы үшін жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі ұзақтығының ерекше нормаларын белгілейтін "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі;


Осындай ерекше нормалар азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделуі мүмкін;


2) авиациялық оқиғалар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен өзге де жұмыскерлер үшін тәртіптік және (немесе) материалдық жауаптылыққа тартудың ерекше нормаларын;


3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары үшін шектеулер мен тәртіптік жазалау түрлерін көздейтін ерекше нормаларды белгілейтін "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі.


Ескерту. 141-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



142-бап. Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы)мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу

Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегі теңiз кемелерiнің экипаждары (жүзу құрамы) мүшелерiнің еңбегін, еңбегіне ақы төлеуді, жұмыс уақытын және тынығу уақытын реттеудің ерекшеліктерін белгілейтін "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.

143-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегін реттеу

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, мемлекеттік органдардағы келісімшарттық қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегі Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодексте реттеледі.


Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет