Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойнайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді


Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні мен түрлері



бет2/2
Дата16.04.2022
өлшемі164.59 Kb.
#456700
1   2
АЛТЫН жумыс

1 Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні мен түрлері

1.1 Кедендік төлемдердің экононмикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі


Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.


Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – Қазақстан Республика-сының кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарыл-ған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы[1].
Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызме-тінің тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланы-латын тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.
Экономикалық негізделген кедендік тарифті енгізу әкімшіл-әміршілден сыртқы экономикалық қызметті реттеудің эклнлмикалық әдістеріне өту жолында маңызды қадам болды.
Қазіргі уақытта тарифтік шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгі тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту механизмдерін кезеңдер бойынша өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде. Қазіргі экспортты реттеу шараларын уақытша деп қарастыру керек.
Сонымен, кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі таңызды құрал болып табылады.
Тариф – бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендік құнды анықтау және баждарды салу әдістемесі, оларды жүргізу механизмі, өзгерістер мен жоюлар кедендік-тарифтік реттеу облысындағы атқарушы өкімет қызметінің шектерін анықтайтын нормалар, тауардың шығу елін анықтау ережелері. Кедендік реттеудің белсенді бөлігі – бұл тауарды әкелу немесе шығару құқығына салық болып табылатын кедендік баждардың ставкалары. 1993 жылға дейін әрекет еткен кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметті реттеу функциялары орындалады, баждардың ставкалары экономикалық салалардың даму деңгейін ескермеді, импорттық тауарлардың бағаларына әсер етпеді және экономикалық мазмұны болмады. Ескі кедендік тариф халықаралық тәжірибеге сәйкес келмеді және Қазақстанның саудалық-саяси мақсаттарына жетудегі құрал бола алмады. Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы экономикалық кешені өзінің қызметін маңызды экономикалық реттеушісі және шетел нарықтарына тауарлар экспортын қамтамасыз ету құралы болмады.
Кедендік тариф Қазақстанның импорттық саясатының тасымдықтарын көрсете отырып, импорттың құрылымын оптималдау және валюта шығын-дарын рационалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отандық және шетел өндірісінің арасындағы бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстанның экспорты біздің өнімнің импортерларына әр түрлі мақсаттардағы жеңілдіктер үшін жасалған.
Қазақстанның кедендік тарифтері мен кедендік баждары белгілеулің жариялылық сипатты осындай баждарды белгілеу кезіндегі халық шаруа-шылығының әр түрлі салаларының мүдделерін есептеуге ғана емес, сонымен қатар оның Қазақстанның контрагент-елдеріне саудалық-саяст мәнін көтеруге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде кедендік тарифтің жариялылық сипаты Республиканың нарығында қызығушылығы бар ұйымдарды демократиялық негізде тартуға мүмкіндік беретін осы механизмді құруды қажет етті. Бұл тариф импорт және экспорт тауарларына баждар ставкаларын келісімдеуге, кедендік-тарифтік саясаттың сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау, кедендік-тарифтік саясаттың сұрақтарын қозғайтын заң актілерінің жобалары мен халыаралық келісім-шарттарды қарастыруды қажет етті.
Кедендік баждарды құру кезінде экономикалық табиғат пен олардың атқаратын функцияларын ескеру қажет, өйткені олар баждардың принциптері мен әдістерін анықтайды.
Экономикалық әдебиетте кедендік баждардың табиғаты мен олардың атқаратын функциялары туралы бірде бір мәлімет жоқ.
Нарықтық экономика жағдайында және сыртқы экономикалық қызметті либерализациялауда кедендік баждар сыртқы экономикалық қызметтің маңызды реттеушісі болады. Кедендік баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отардық тауар өндірушілердің тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестеріне бірдей тепе тең экономикалық, ғылыми-техникалық, эклогиялық, валюта-қаржылық жүргізуге СЭҚ субъектілерінің қызметін жалпы мемлекеттік, ұлттық мүдделерге бағыттауға мүмкіндігі бар.
Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды негіздеуге, олардың ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы үйлестіруді тұтынушының параметрлері мен тауардың сапасын есептеуде, т.б. жеке бағытты талап етеді. өткен кездегі әкелу баждар анықтаған кезде, ХХ ғасырдың басында фискальдық бағыт болды.; баждар жоғары деңгейде анықталды және мемлекеттің табыс көздерінің маңыздыларының бірі деп қарастырылды. Сонымен бірге ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының енуінен қорғаудағы мәселені шешуге мүмкіндік берді, себебі Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсіптік революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестік қабілетті болды және көбінесе Еуропа мен Америка елдерінің тауарларынан асып түсті.
20 ғасырда кедендік баждардың төмендеу тенденциясы мемлекеттің табыстарын қалыптастырудағы оның рөлінің әлсіреуі байқалдығ бірінші орынға олардың реттеуші функциясы шығарылды, ал ол өз кезегінде импорттық тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеуге шектелген жоқ. Кедендік баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнімді оның қажеттілікті, ұлттық және әлемдік бағалардың деңгейін ескере отыру детальді дифференцмациялау қажеттігі өсті.
Кедендік баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негіздеуді осы дифференцияны анықтайтын объективті факторларды оқып білуді талап етті.
Кедендік баждардың ставкаларының төмендеуі мен оның әр тауар топтары мен әр өнімнің дифференциялауыфн күшейту тенденциялары объективті факторлармен негізделді[2]. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы протекционизмді әлсіретуді қажет етті. Ұлттық экономикалардың мамандануы, соның ішінде пәндік, деталдік және технологиялық елдердің сыртқы экономикалық саясатын тауардың тобы, түрі бойынша оларға әсер ететін сыртқы және ұлттық жағдайларды ескере отырып негіздеудегі дифференцияны талап етті. Бұл проблеманы шешу тек дифференцияланған рента емес бағаның жалпы теориясының позициясын ғана мүмкін яғни баждарды интернационалды дифференциалдаған рента түрінде қарастыру керек.
Экономикалық теория мен шаруашылық қызметінінің тәжірибесінде дифференциалды рентаның екі негізгі нысаны бар. Құнарлылығы мен орналасқан жері бойынша.
Жердің құнарлығындағы өзгешелік жерді өңдеудегі өндірісін шығын-дарын дифференциялаудың негізі болып саналады: құнарлығы төмен жерлерді шығындар және керісінше қнарлы жерлердің шектеулігі құнарлығы төмен жерлерді пайдалану қажеттілігін аныөтайды: оның өнімі қоғамға қажет болғандықтан, оның жеке шығындарын нарықтық бағалар реттейді. Осындай бағаларды жақсы жерлерде қосымша дифференцияланған табыс жүзеге асырылады, оны жер иесі дифференциалды рента түрінде алады.
Соынмен бірге дифференциалды рента жер учаскелерінің орналасқан жерінің өзгешелігі мен көліктік шығындарды дифференциялау нәтижесінде пайда болады.
Әлемдік экономика жүйесінде, осы айтылғандардан басқа, түрлі елдердің өндірісіндегі ұлттық шығындарының тұрақты өзгешелігі негізінде пайда болатын дифференциалды рентаның тағы бір нысаны мүмкін. мысалы, өндірістің төмен шығындары, экономикалық дамыған елдердің өнімінің жоғары сапасы оның табиғи ресурстарының балығымен емес, олардың ірі импорттары болып табылады, олар осы елдердің қолайлы жағдайларымен емес, жоғары да аталған факторлардың негізінде болып отыр. Ұлттық өндірісті мамандандыру кезінде бір ел маманданған өндірістегі өнімнің бір түрі бойынща бәсекелесті басымдылықтарға ие болса, өнімнің басқа түрлері бойынша мұндай басымдылықтары болмауы мүмкін. Ол өзінің өндірістік мамандануына сай келетін өнімді экспорттап, профильді емес өнімді әкеледі.
Халықаралық өндірістік шығындар профильді, маманданған өнімнің ұлттық өндірістік шығындар негізіндегі бәсекелестік күресте қалыптасады. Бұл өнімді әлем нарығына әкелуші негізгі өндірушілер өндірістің табиғи жағдайлары, орналасқан жері, кадрлардың оқу және кәсіби дайындығы, техниканың деңгейі, өндірісті ұйымдастыру мен технология деңгейі облысында басымдылықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда басымдылықтар маманданған өнім өндірісіндегі ұлттық шығындардың төменгі деңгейін басқа да бірдей жағдайларда - өнімнің экспортерлері болып табылмайтын елдердің ұлттық нарығында өткізілетін өнімнің аналогты түрлерінің бағалары мен ұлттық шығындарын салыстырғанда ұлттық және әлемдік бағалардың төмен деңгейін қамтамасыз етеді.
Осы ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтар кеден баждарының қалыптасуының объективті негізі болып табылады. Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясының позициясынан қарағанда, кеден баждарының экономикалық табиғатын түсіндіруге, олардың функцияларын анықтауға, олардың сандық негізінің принциптері мен әдістерін нақты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, 1996 жылдың шілдесіне дейін қолданылған шикізаттың кейбір түрлеріне экспорттық баждар, ел ішіндегі олардың өндіру мен тасымалдаудың ішкі жағдайлармен және әлемдік нарықта осы өнімдерді өндіру мен өткізу шығындарына байланысты, оларға деген жоғары әлемдік бағалармен анықталатын төмен ұлттық бағалар арасындағы айырмашылықпен көрсетіледі.
Сәйкесінше әкелу баждары өздері ел жағдайындағы ұқсас тауарды өндірушілердің жоғары шығындарының арасындағы айырмашылығы болып табылады және осындай тауарларды өндірушілердің негізгі шығындарымен анықталатын сәйкесінше төмен әлемдік бағалармен ерекшеленеді. Мұндай өндірушілер тауарларды әлемдік нарыққа шығарып, онда осы тауарларды өндіру облысында тұрақты тұрақты бәсекелестік басымдылықтарға ие болып келеді. Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясы және оның кедендік баждардың қалыптасу концепциясында қолданылуы мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылатын кеден саясатының негізін жасау үшін объективті база құрады.
Түрлі тауар бойынша баждың көлемін анықтау үшін бағаның ұлттық және халықаралық шығындарын есепке алу қажет.
Бажды есептеу үшін қлттық және әлемдік бағалар қолданылуы мүмкін. Баждар әлемдік және ұлттық бағалар айырмашылық негізінде анықталады. Бұл баждар реттеуші функцияны орындайды.
Әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалар арасындағы айырма-шылықтан жоғары белгіленуі мүмкін. Осы жағдайда баждар протекциондық функцияны орындайды және отандық нарықта импорттық тауарлардың енуін шектейді, ал баждық бөгеттің жоғарғы деңгейінде бұл әкелуді тоқтатады.
Сонымен әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалардың арасындағы айырмадан төмен белгіленуі мүмкін. Мұндай баждар тауар импортына кең мүмкіндіктер жасайды және оларды тауар импортының анықталған шектерінде ынталандырушы ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыда аталған баждардың функцияларын келесі шартты есепте бейнелеуге болады. Айталық, А тауарының ұлттық бағасы сол тауардың әлемдік бағасынан 10 есе жоғары десек. Осындай әлемдік және ұлттық бағалара арасындағы айырма кеден баждарының келесі құрастырылу варианттары мүмкін:
1-ші нұсқа. А тауарына әкелу бажды 10 процент деңгейінде белгіленеді. Мұндай баж протекционистік функцияны орындап шектейді, ал жоғары деңгейде осы тауарды әкелуге тыйым салады.
2-ші нұсқа. Әкелу бажы 10 процент деңгейінде белгіленеді, яғни бағаларды айырмаға сәйкес. Мұндай баж ішкі нарықтағы шетел және отандық өндірушілерге бәсекелестік жағдайларын түзеп, сөйтіп реттеуші функцияны орындайды.
3-нұсқа. Әкелу бажы 10 процент төмен деңгейінде белгіленеді. Мұндай либералды баж кең тауар импортына жағдайлар жасайды. Ал оның нөлдік деңгейге жақындауында ол нарыққа тауарды әкелудегі экономикалық реттеу ролін жоғалтады.
Жоғарыда келтірілген есептерге талдау жасау кезінде келесідей қорытындылар жасауға болады:

  1. Өзімен өзі баждардың деңгейі, оны әдемдік және ұлттық бағалар дейгейімен салыстырмай-ақ, оның орындайтын функцияларын сипаттай алмайды. 10 процент деңгейінде белгіленген әкелу бажы протекционистік функцияны орындай алады, егер тауарға әлемдік жәгне ұлттық бағаның арасындағы 10 проценттен төмен болса, ынталандырушы – егер ол бағалардағы айырмаға сәйкес келсе.

  2. Егер әр түрлі тауарларға көлемі бойынша бірдей кеден баждары белгіленсе, онда олардың барлығы сыртқы саданы реттуде бірдей функцияны атқаратындығын білдірмейді.Бір тауарға әлемдік және ұлттық бағалар арасындағы қалыптасатын қатынастарға байланысты бұл баждар протекцтондық функцияны орындайды. Басқалар үшін - әкелу масштабтарын тұрақтандыру, үшіншілер үшін – импорттың мүмкіндіктерін кеңейту.

  3. Баждардың көлемін импорттық және отандық өндірістің тауарындағы бәсекелестік жағдайларының өзгеруімен әлемдік және ұлттық бағалардың арасындағы қатысты ескере отырып, түзету керек.

  4. Баждарды түзеткен кезде ұлттық өндіріс жағдайымен тауар ұсынысындағы өзгерістерді ғана емес сонымен қатар әлемдік нарықтың жалпы канюктурасының халықаралық шығындар мен әлемдік бағаны өзгерістерін де қажет.

Егер осы тауарға көптеген елдерде желу бағасы бірдей деңгейде белгіленсе, онда әлемдік және ұлттық бағалардың қатынасына байланысты бір елдерде бұл баж протекцтондық функцияны, басқаларда – ынталандырушы, үшіншілерді жай реттеуші функцияны атқаруы мүмкін. Мысалы, егер осы тауарға 15 процент мөлшерінде әкелу бажы белгіленсе, онда ұлттық баға әлемдік бағадан 10 процент жоғары А елде, баж протекцтональдық болады, қлттық баға әлемдік бағадан 15 процент жоғары Б елде баж реттеуші функцияны атқарады, ұлттық баға әлемдік бағадан тек 1 процент жоғары В елде, баж ынталандырушы болады.
1.2 Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы

Кедендік баждар – кедендік баждар тауарларда режимдерде деклара-циялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республика-сының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


Кедендік алымдарға кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым, кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады. Тауарлары мен көлік құралдары негізгі кедендік рәсімдеу кезінде кедендік рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады[3].
Кедендік ілесіп алып жүру үшін алымды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін кедендік алымдар алынады.
Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Респуб-ликасының Үкіметі белгіленген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.
Экспорттық баждар Қазақстан Республикасы территориясында өндірілген және оның шекарасынан шығарылатын тауарларға белгіленеді. Экспорттық баждарды қолдану кезінде негізінен келесі мақсаттарды көздейді:

  • Елдің шекарасынан ұлттық экономикаға қажетті, отандық нарықты толықтыру үшін елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті тауарларды шығаруды шектеу;

  • Шикізат тауарлар мен алғашқы өңделген өнімдерді шығарудан ұстау және жоғары технологиялық тауарлардың жоғары деңгейлі өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру;

Елдің бюджетінің табыс бөлігін толықтыру[4].
Көптеген елдерде әсіресе, экономикалық дамыған елдерде, экспорттық баждар импорттық баждарға қарағанджа сирек қолданады. Транзиттік баждар елдің территориясы арқылы басқа елдерде (тарнзитпен) тасымалдайтын тауарлардан алынады. Олар мыналар үшін белгіленуі мүмкін:

  • елдің территориясы арқылы өтетін кейбір тауарлар топтарын реттеу;

  • мемлекеттік қазынашылықты толықтыру.

Айта кететін жағдай, қазіргі кезде транзиттік баждар әлемде қолданыл-майды.
Ішкі нарық пен отандық өндірушілерді белгілі бір тауар импортынан қорғау үшін баждардығ ерекше түрлері қолданылады. Қолданылу мақсаттарына байланысты ерекше баждар арнайы баждарға антидемпингтік баждарға, компенсациялық баждарға бөлінеді.
Арнайы баждар қорғау шарасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Елге әкелінетін тауарлардан осындай тауарды өндіруші отандық нарықты қорғау; Дұрыс емес бәсекелестікті жою тәсілі ретінде.
Антидемпингтік баждар ішкі нарықта демпингті бағалар бойынша тауар импортынан қорғау үішн арналған.
Демпинг деп импортер – елдің тауардың экспорты мен оны өткізуді ішкі нарықтағы өндіруші – елдердің бағасынан төмен бағалармен жүзеге асыруы[5].
Осы бағалардың арасындағы айырма антидемпингтік баждың қалыптасу негізгі болып табылатын демпингтің мөлшерін сипаттайды.
Конпенсациялық баждар елде экспортты дамыту немесе импорттың орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын мемлекеттік субсидиялармен өндірілетін тауарлардың импортына жүргізіледі. Субсидияларды пайдалану шығындары әдейі азайтуға әкеледі, сәйкесінше, экспортталатын тауарлардың бағасының төмендеуіне әкеледі (соның ішінде Қазақстанда). Қазақстандық өндірушілерге үлкен залал әкелуі, отандық өндірістің дамуын ұстап тұруы мүмкін. Осындай жағдайда отандық өндірушілерді қорғау үшін компен-сациялық баждар қолдануы мүмкін. Олардың мөлшері судсидиялардың көлемімен анықталады.
Айта кететін жағдай, ҚР тәжірибеде ішкі нарық пен отандық өндіру-шілерді елге қолайсыз тауар импортын қорғау үшін арнайы антидемпингтік, конпенсациялық баждар пайдаланылмайды, бірақ бұл проблеманы шешу өзектілігі өсуде. Жоғарыда көрсетілген баждардың түрлері жылдың әр уақытында, яғни жыл бойы қолданылуы мүмкін.
Бөлек тауар топтары бойынша жыл бойы өндіріске ұшырайтын өндіру мен өткізу көлемдері үшін мезгілдік баждар белгіленуі мүмкін. Мезгілдік баждарды қолдану мемлекетке жылдың белгілі бір уақытында осындай тауарлардың импорты мен экспортын тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесі кедендік алымдар қолданылады:

  1. кедендік баж;

  2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергені үшін алым;

  3. кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы;

  4. кедендік рәсімдеу үшін кеден алымы;

  5. тауарларды сақтау үшін кеден алымы;

  6. кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы;

  7. алдын ала шешім үшін төлем ақы[5].

Импортталатын тауарлардан қосылған құнға салық пен акциздерді салу
кеден органдары мен Қазақстан Республикасы салық заңында белгіленген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің арасындағы мемлекетаралық келісімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы территориясында кеден бажда-рының ставкалары белгіленген, кеден құнынан проценттік немесе ЕВРО-мен.
Қазақстан Республикасы бажсыз жаңа тауарларды жасау үшін әкелетін тауарлар әкеленеді, мысалы, инкубациялау үшін құс жұмыртқалары, дәнді дақылдар, мерзімді басылымдар, органикалық химикалық қосылулар, табиғи газ кен және қорғаныс, мысалы концентраттары. Қазақстан Республикасы лицензия беру алымы алынады. Кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы 200 ЕВРО мөлшерінде алынады.
Кедендік рәсімдеумен байланысты процедура СЭҚ қатысушыларына кеден органдары көрсететін қызмет ретінде қарастырылады. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымы осы қызмет үшін төлем ретінде көрсетіледі. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымының ставкалары кеден жүйесінің қызметтеріне төлеу болып саналады.
Кеден рәсімдеу үшін кеден алымын тауарды және оған қатысты құжаттарды кедендік рәсімдеуге алу мезетінде төлеу жүзеге асырылады. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымының ерекшеліктері:

  • біріншіден, бұл алым бойынша төлемді кейінгі қалдыру берілмейді;

  • екіншіден, кеден рәсімдеу үшін кеден алымы бойынша төленген сомалар қайтарылмайды[6].

Тауарларды кедендік рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасы кеден шекарасы бойынша тауар ретінде қозғалысындағы көліктік құралдарды қосқанда, сонымен қатар оңайлатылған, жеңілдік тәртіпте қозғалатын тауарларға, халықаралық пошталық жөнелтулер мен жүктерге алымдар белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Тауарларды кеден қоймасымен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары алынады.
Кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы тауарларды контрабанда жолымен әкелуден құтылу мақсатында тауарды кеден шекарасынан белгілеу пунктіне барғаны үшін алынады.
Қазақстан Республикасының Орталық кеден органы, кеден басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық кеден органымен белгіленетін Қазақстан Республикасының жекеленген кедендері мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операцияға қатысты, елде шыққан тауардың кедендік құнының жіктелуі бойынша алдын ала шешім қабылдағаны үшін 50 евро мөлшерінде төлем алынады.

1.3 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы


Алдыңғы қатардағы батыс елдері әрқашан салық жүйесін сыртқы экономикалық қатынастардың реттеушісі ретінде қолданған, яғни әлемдік нарықта ұлттық корпорацияның бәсекелестігін жоғарылатуын қатамасыз ететін қажетті экономикалық құралдардың жиыны. Сыртқы экономикалық қатынас-тарды реттеу мақсатында қолданатын алғашқы салықтардың бірі салық бажы мен тарифтер табылады. Бірінші деп алатын түсінік бұл жерде тура тарихи мағынада, яғни ол ежелгі Греция мен Римге әкелетін тауарларға салықтар халықаралық сауда қатынастарының экономикалық реттеуші рөлін атқарады. IV ғасырдың аяғына дейін кедендік баждар мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көзі болып табылады. Алайда, дамушы батыс мемлекеттерде кедендік баждардың фискальды мәні төмендер аетті. АҚШ – та 1798-1791 жылдар аралығында баж сомалары $ 4 млн бағаланды, бірақ ол федералды бюджеттің 99,5% - бөлігін құрады. ХХ ғасыр қарсаңында баж көлемі 229 млн $, яғни мемлекеттік бюджет табысының 41 %-ін құраған. 1986 жылы жиналған баж сомасы 13 млрд $ алайда американ бюджетінің табысы 1,6 %-ке тең болды. 1980 жылдың ортасында баждардың үлес салмағы: Ұлыбританияда – 1,2%; Жапонияда, Германияда-2,5%; Францияда 7,6% -ті құрады. Ал Қазақстанға келсек, 1997 жылда мемлекеттік бюджет табысының кедендік баждың үлес салмағы 2,85%; 98-3,5%; 2000 жылы- 3,15%-ті құраған.


Екі әлемдік соғыс арасында ұлттық нарықты шетелдік тауарлардан шектеу мақсатында тәжірибеде протекциондық баждарды қолдану кең өріс алған. Бұл 1929-1933 жылдардағы «Үлкен депрессиямен» байланысты болды. Батыс мемлекеттерде жоғарғы кеден баждары мен кедендік тарифтерді қолдануға 30-жылдардағы әлемдік экономикалық реакция берді, АҚШ-та (1930ж) сол жылдары бүкіл тарихта болмаған «смута-хаули» заңдарына сәйкес ең жоғары кеден баждары енгізілген. Бұл әлемдік нарықты изоляциялау үшін жасалынды, яғни сыртқы экономикалық байланыстың халықтық жұмысбас-тылығына теріс әсер етуінен ақша айналымының тұрақтануына және ұлттық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау. Бұл заң кризистен шығуға қамтамасыз етуімен «Үлкен депрессия».
Алайда ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе, соғыстан кейінгі кезеңнің сыртқы сауда және экспорт арқылы ұлттық экономиканың дамуының әсерінен АҚШ-та Батыс Европа елдерінде, Жапонияда сыртқы сауда қатынастарын дамыту жолында кедендік және салықтық барьерлерді толық немесе жартыдай жою қажеттілігін сезді, сонымен қатар бұл қызмет сферасында еркін құқықты шектеу және айқындалған халықтық сенімділік жүйесін жасау.
1948 жылы «Сауда мен тарифтер бойынша бас келісім» (ГАТТ) заңы күшіне енді. Бастапқыда ол уақытша сипатта болып және екі жақты келіссөздер арасында мүше болған елдер бір-біріне тарифтік жеңілдіктер және олардың өзара саудасын либерализациялау үшін ұйымдастырылған. (ГАТТ) СТБК 50 жыл бойы халықтық сауда механизмін реттеуші жалғыз жалпымен қабылданған көп жақты келісім болып келді[7].
Осы кезең аралығында көптеген елдер үшін халыққа экономикалық қатынастарды прогрессивті интеграциясына және «экономиканың ашықтығына» байланысты жоғарғы дәрежеге көтерілді. Ол Қытайдың сыртқы саудасының экономикасының өсуіне күшті двигателіне айналды, сонымен қатар осыған байланысты Қытайды әлемдегі елдердің ішінен жоғарғы өсу темпіндегі елдерге айналды. Ұлыбритания ХІХ ғасырдың ортасында еркін халыққа сауданы қолдау іс-әрекеті оның индустриализацияларуын және дамытуға ынталандырушы құрал ретінде маңызды мәнге әкелді. Салыстырмалы түрде ашық және жаңа саясатын жүргізген елдерге қарағында жай дамушы елдерді зеттеу көрсеткендей: өзінің ұлттық салаларын қорғауда импорттық шектеулерді қолдануы нәтижесінде, өсу темпінің байлылығына қанағат тұтады.
1998 жылы Европалық қауым шеңберінде 6 елдер кеден одағын құрды, онда бірыңғай кедендік тарифтік жүйе қалыптасып, ол елдерде өзара кеден баждары алынбаған. Бұл одақ тек 1995 жылы ғана тоқтатылды. Осы уақыттан соң Европаық қауым, Европалық одақ деп аталынып, оған 15 мүше елдер кірді. Қазіргі уақытта кеден баждары тек қана басқа мемлекеттермен бәсекелестікте экономиканы қорғау мақсатында жұмыс істейді. Мемлекет табыс алу үшін тағайындалған қаржылық баж бұл елдерде жүзеге асырылмайды.
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ) – ГАТТ-ың мұрагері (1995 жылдың қаңтарында құрылған) [8].
БСҰ өзара ұтымды достастықтағы елдер үшін жағдайдың қалыптасуын және тәртібін жүзеге асыратын негізгі құралдардың бірі болып табылады.
БСҰ мүшелері болып жалпы әлемдік сауда көлемінің 90%-ін құрайтын 170 мемлекет кіреді. Бұл осы ұйымға қажеттілігі негізінен масштабтылығына байланысты деп айтуға болады.
Қазіргі уақытта импорттық кеденді баждардың іс-әрекеті әр ел бойынша ерекшеленеді.
Экономиканың бәсекелестік деңгей қабілеттілігі төмен елдерде енгізілген баж деңгейң жоғары, ал ұлттық өндіріс шығындары салыстырмалы түрде жоғары, сапасы әлемдік деңгеймен салыстырғанда төмен экономиканы дамыған елдерде өнеркәсіптік тауарлар үшін импорттық баждар жоғары.
1998 жылғы елдер кескініндегі импортты кедендік баждар (% есебінен) дамушы елдердегі енгізілген баждар бәсекелестігі дамыған экономикалық елдерден өнеркәсібін қорғау үшін бекітілген.
Шикізат және энерготасымалдаудың кейбір түрлері өндірістің көптеген өнімдерінің ақырғы материалы болып табылады. Мысалы, мұнайды өңдеуде, бензин, жағанмай, мазут, тағы басқа өнімдер алынады. Мұнай синтетикалық жіптер және пластмассалар өндірісінде ақырғы материал болып табылады. Бұл өнімдер, яғни шикі мұнай импорттың объектісі болып табылады.
Экономикалық дамушы елдерде шикізатты және энерготасымалдағышты импорттауды бажсыз немесе минималды баждарды қолданып жүзеге асырылатын негізгі импортерлері болып табылады. Өнімді импорттауда баждар ставкалары жоғарылайды, ол шикізатты өңдеу дәрежесіне пропорционалды өседі: яғни әрбір келесі сатыда өнімді өңдеуде баждардың жоғарғы ставкаларын белгілейді, бұндай тарифтік жүйенің құрылуын тарифтік эскалация деп атайды.
Отандық өндірушінің қорғау қажеттілігі (ЕС) елдер нарығын, жалпы ауыл шаруашылық саясатын жүргізуге негіз болды. Ішкі және импорттық бағалар арасындағы айырманы өтеу (жабудың) базалық құралдары болып отыр. Кеденді баждар және компенсациондық төлемдер табылады, сонымен қатар Европадан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушыларға компенсациалық төлем. Мысалы, Финляндияда отандық кәсіпорындарды қорғау туралы басқа елдермен салыстырғанда жоғары. Жапонияда қатаң жүйе қалыптасқан. Жапонияның ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға шектеулі ресурстарының болуына қарамастан, ауыл шаруашылық өнімдерін импорттайтын елдердің бірі болып, отандық аграрлы секторды қорғауға болатын, соның ішінде, импорттық квотаны, тарифті, импортқа салықты орнату арқылы кеңінен кешенді шаралар өткізуде.
Импорттық азық-түлік тауарларына жоғары баждарды бекіту арқылы мемлекет ішкі азық-түлік нарығын қолдап отырды, ондағы баға әлемдік нарықтағы бағадан біршама жоғары. Жапонияда тек майлы және фуражды бидайға ғана еркін енгізіледі.
1992 жылдан бастап Қазақстанның сауда қызметін либерализациялау саясатын қолданды, яғни тарифтік емес шектеулерді алып тастау ішкі асудадағы монополиялық құрылымды жою, соның ішінде стратегиялық негізгі ресурстарды экспорттаумен айналысатын мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары. Қазіргі кезде республиканың барлық шаруашылық субъектілеріне өздерінің сыртқы нарыққа шығу құқығын берген Қазақстанда либерализациялау процесі келесідей жағдайлармен болатын;

  • экспорттық тауарларға квоталарды, алып тастау;

  • лицензияланатын өнімнен тізімін қысқарту;

  • барлық тауар түріне экспорттық бажды алып тастау;

  • тәжірибеден кедендік және салықтық жеңілдіктерді алып тастау;

  • дамыған және дамушы елдерге преференция нұсқасын қолдану, яғни импорттық кедендік баждарды төлеуден толық немесе жартылай босатуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында кедендік істің қағидаларын кедендік кодекс бекітеді, ол бойынша Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттарының бөлігі болатын біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырады. Кедендік саясат мемлекеттік биліктің орталық органдарын жүргізуге бағытталған.
Республиканың кеден саясатының мақсаттары болып:

  1. Қазақстанның нарығын қорғау;

  2. Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау

  3. Экономиканың дамуын ынталандыру

  4. Экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмектесу

  5. Бәсекелестікті қолдау және монополияны шектеу

  6. Экспортты ынталандыру және импорт алмастыратын өндірістік қолдау;

  7. Шетел инвестицияларын тарту;

  8. Сауда саясатының міндеттерін шешу;

  9. Мемлекеттік билік орталық органдары белгілеген басқа да мақ-саттар[9].

Халықаралық экономикалық интеграциясын дамыту және нығайту жағдайында Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттер мен кедендік одағын, еркін сауда зонасын құрады, халықаралық құқық нормасына сәйкес кедендік мәселелер бойынша келіссөздерге отырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі кедендік іске жалпы басшылық етсе, ал тікелей басшылықты республиканың орталық кедендік органы жүзеге асырады. 1997 жылдың 14-қаңтарында «Қазақстан Республикасының мемлекет-тік кедендік комитеті туралы» қаулыға сәйкес мемлекеттік кедендік комитет Қазақстан Роеспубликасының біртұтас кедендік органдар жүйесін басқаратын, сонымен қатар тікелей кедендік іске басшылық ететін орталық атқарушы орган. 1999 жылдан Кедендік Комитет Мемлекеттік кіріс министрлігінің қараауында, ол мемлекеттік бюджеттің кіріс жағының (бөлігінің) қалыптасуына бақылау жасайды.
Қазақстан Мемлекеттік Кедендік Комитеті кедендік төлемдерді алу тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік декларацияға сәйкес кедендік бақылауға ұсынылған тауарларға төлемдердің төлемін тексереді.

2 Батыс Қазақстан облысы бойынша Кеден бақылау Департаментімен кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизмдер


2.1 Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді салу тәртібімен шарты

Кедендік бюджеттің өлшемін есептеуде айқындалған кедендік тарифтер бойынша (кедендік ставкалары) қойылады. Кедендік ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды, олар әдетте тауардың ТНБЭД бойынша кодына және тауарды шығарушы елге байланысты дифферен-цияланады. Кедендік баждың базалық ставкалары Қазақстанның сауда – саяси қатынастарында болған мемлекеттерге тауарды импоттауда қолайлы жағдай режимін ұсынады. дамушы елдерден әкілінген тауарлары үшін кедендік баждарға преперенциялды ставкалар қолданылды. Қазіргі кезде олар базалық ставка мөлшерінің 75 % шегінде анықталатын[10].


Дамыған елдердің ТМД елдерінен шыққан тауарлар үшін кедендік баждарға нөлдік ставка қалды.
Егер Қазақстан Республикасы қолайлы жағдай режимін бермеген елдерге және тауарды шығарушы ел белгісіз болған жағдайда кедендік баждарға максималды ставкалар қолданылды (базалық ставкалар екі есе көтерілді).
Белгілі бір топқа жататын елдер тізімін Қазақстан Республикасымен саудалық режим негізін мемлекет анықтайды.
Кедендік тәжірибеде кедендік баждарды есептеуде халыққа қағидалар және тауарды шығарған елді анықтау ережесін қолдайды.
Кедендік баждардың ставкалары сыртқы операцияларды, әртүрлі мәліметтерді және тағы басқа факторларды жүзеге асыратын тұлғаларға байланысты емес дифференцияланбайды.
Кедендік төлемдердің ставкалары есептеу тәсіліне байланысты олар келесі түрлерге бөлінеді.
Адвалорлы (латын тілінен advalgrem – құнынан) баж салынатын тауардың кедендік құнына процентпен есептеледі.
Спецификалық – салынатын тауарға бекітілген бірлік мөлшерінде есептеледі. Спецификалық евро мен белгіленеді.
Комбинацияланған – жоғары да аталған екі кедендік салымның түрінің сабақтасуы (үйлесуі).
Кедендік тарифте, кедендік баждарға (тауардың бағасына процент бойынша) адвалорлық ставка және тауардың санына (немесе көлемі мен, салмақ бірлігімен сипатталатын құнынан) баждардың спецификалық ставкасы бекітіледі, қажет жағдай баждың комбинацияланған ставкалары белгіленеді. Кедендік бажбен есептелінген валюта тауарға салынатын анықталған кедендік құнына сәйкес валютада болу керек.
Тауардың кедендік бажын есептеген кезде кедендік рәсімдеуге төленуге тиіс әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. Есептеу әдіс – тәсілдері тауар қай ставка түрі бойынша: кедендік баждармен салынуына байланысты: яғни адвалорлық бойынша; спецификалық бойынша немесе комбинацияланған бойынша.
Егер тауар адвалорлық ставка бойынша салынатын болса, онда кедендік баждардың мөлшерін есептеуге негіз болып тауарларды кедендік құны табылады. Бұл жағдайда кедендік баж мөлшері келесідей формуламен анықталады.
ТПа=ТС*СТПа / 100 (1)
Мұнда Тпа – кедендік баж мөлшерінің адвалорлық ставка бойынша есептелінуі.
ТС – тауардың кедендік құны
СТПа – адвалорлы кедендік баж ставкасы (тауардың кедендік құнына % есебінен).
Егер тауар спецификалық ставкалар бойынша салынатын болса, онда кедендік баждардың мөлшерін есептеуге негіз болып – тауардың саны (салмағы, көлемі т.с.с.) табылады. Кеден баж мөлшері бұл жағдайда мына формуламен есептелінеді[11].
ТП= КТ * СТПс Оке / ОК вк (2)
Мұнда ТПс – кедендік баж мөлшерінің спецификалық ставка бойынша есептелінуі.
КТ – тауар саны (тоннамен, литрмен, санымен т.с.с.)
СТПс – кедендік баждың декларацияны қабылдау күніне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындаған теңгенің Евро-ға қатысты ресми курсы.
Ок вк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітілген келісім шартының теңгеге қатысты валютаның ресми курсы.
Кедендік баждардың аралас ставка бойынша салынатын тауарлардың кедендік баж мөлшерін есептеу 3 саты арқылы жүзеге асырады. 1 сатыда кедендік баж мөлшері адвалорлық ставака бойынша (форма / а № 1) есептелінеді. 2 сатыда кедендік баж мөлшері спецификалық ставка бойынша (форма / а №) есептелінеді.
Ескере кететін жағдай кеден баж мөлшерін есептеу бірінен соң бірі кері болуы мүмкін: алғашқыда спецификалық ставка бойынша ал содан кеін адволорлы ставка бойынша есептелінеді. Бұл жағдайда бірінен соң бірі есебі пренципалды мағынасы болмайды. 3 сатыда, 2 сатыда есептелінген кедендік баж нәтижелері қарама – қарсы қойылады. Тпа және ТПс мөлшерлері бір – бірімен салыстырылады. Осы 2 мөлшердің ішінен біреуі үлкен болса сол төленуге тиіс кедендік баж ретінде алынады. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткізілетін тауарлар ҚР кедендік тарифтерге сай кедендік баждармен салынуы керек.
Кедендік қызмет мемлекеттің экономикасында және қаржылық операцияларында өте маңызды роль ойнайды және фискалды функцияларды орындауда да маңызы аз емес қазіргі күнде кедендік комитетте алға сенімді қадамдар жасап отыр. Әсіресе бюджетке түсіріп жатқан түсімдері ерекшелінеді.
2011 жылдың қаңтар-мамыр аралығында жоспардың орындалуы 74,8% болса, ал маусым-тамыз айларында 91,1%-ін құрады. Ал қырқүйекте 96,2%-ды құрап жоспарды орындады. Үшінші кварталда кеден комитеті 3 млрд теңгені 300 млн теңгені, ал қыркүйекте 3 млрд 700 млн теңге болды.

Сурет 1. Кедендік төлемдердің түрлері бойынша түсімдер


Кедендік баж ставкалары бірыңғай олар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өретін тауарлардың ауысуынан тұлғалардың өзгеруіне тәуелді емес, кейбір жағдайды ескермегенде.


Кедендік баждан басталады.

  1. Халыққа жүктерді, багаждарды, жолаушыларды тасымалдау әрдайым жүзеге асырылатын көлік құралдары, сол сияқты материалдық-техникалық, керек-жарақтар, жанармай, азық-түлік сонымен бірге аралық аялдама пункттерінде эксплуатация кезінде қажетті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нормалар шегінде осы көлік құралдарымен болған аварияны ликвидачиялауда шетелден әкелінген басқа да мүліктер;

  2. Материалды-техникалық керек-жарақтар, жағармай, азық-түлік және ҚР бекіткен теңіз аулау жұмысының нормасы шегінде Қазақстандық және жалға алынған Қазақстандық кәсіпорында мен кеме ұйымы өндірістік қызметті Қазақстан Республикасының кеден территориясынан шығарылатын басқа да мүліктер.

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар, ұлттық валюта.

  4. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына акцеуделген тауарлардан басқа әкелген тауарлар немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген гуманитарлы көмек ретінде осы территориядан шығарылған тауарлар.

  5. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына акцеуделген тауарлардан басқа әкелген немесе мемлекеттік, үкіметтік, халыққа ұйымдар желісі арқылы қайырымдылық мақсаттарға өтуі көмек көрсету ретінде осы елге территориясынан шығарылған тауарлар.

  6. Қазақстан Республикасының шетелдік инвестиция туралы заңнамасына сәйкес, кедендік баждан босатылатын тауарлар.

  7. ҚР Ұлттық Банкі өз қажеттілігі үшін әкелінген тауарлар.

  8. Кедендік режим шеңберінде кедендік төлемдерден босатуды қарастыратын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін тауарлар.

  9. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген бажсыз тасымалдауды норма шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жеке тұлғалардың өткізетін тауарлары.

  10. Республикалық және жергілікті бюджеттің сонымен қатар мемлекеттік сыртқы заемдар қаражаттары есебінен алынған техникалық құрал-жабдықтар;

  11. Қазақстан Республикасы территориясында тарату үшін әкелінген шетелдік мемлекеттік лотериялар.

  12. Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы органымен келісуі мұнай мен байланысты операцияны жүргізуді қарастыратын контрактілерге сәйкес Қазақстан Республикасының территориясына жер қойнауын пайдалану-шылардың өз қажеттілігі үшін әкелінген тауарлар.

  13. Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген азаматтың, сонымен бірге халыққа келісім шартқа сәйкес, олармен бірге тұрып жатқан жанұяларын қоса, өкілеттіктің әкімшілік техникалық персоналының және өз дипломатиялық пайдалауы үшін әкелінген тауарлар.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшінқажетті шикізат, материалдарды, құрал-жабдықтарды импорттау (Спирт ішімдікті, темекі өнімдерін, сонымен қатар, өңдеуді қажет етпейтін тауарларды импортауды қоспағанда) Қазақстан Респубдикасының отандық және шетелдік тнвесторларының инвестициясы бойынша мемлекеттік агенттіктердің арасындағы келісімге сәйкес бұл тауарлар кедендік баж төлемдерінен төлеуден толық немесе жартылай босатылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен сауда-саяси қарым-қатынасты жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының преференциял-дық кедендік тариф ставкалары бойынша бажды төлеуден босатылуы; тауарға қатысты баж ставкаларын төмендету немесе преференциалды импорт (импортқа) квотаны белгілеуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасымен кедендік одақты немесе еркін сауда зонасын құрған мемлекеттерден шыққан тауарлар.

  • Қазақстан Республскасының Үкіметімен ұлттық преференция жүйесін пайдаланатын (5 жылда бір рет кезеңде қарастырылған) дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар.

Шекаралық саудада айналаларын тауарлар. Таифтік преференциялар тек Қазақстан Республикасының Үкіметінің рұқсатымен ғана беріледі.Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларының префералды импорттына (экспорты-на) квотаны белгілеуі мүмкін.
2.2 Кедендік төлемдерді алуды ұйымдастыру

Кедендік салымдардың мақсаты үшін практикада қолданатын кедендік тариф құнын бағалау әдісімен тығыз байланысты. Тауарлық бағалаудың ұлт-тық айырмашылығы баждарды протекционизмдік кедергі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Кедендік бағалау әдісі импорттайтын тауардың құнын көте-руге әкелсе, оған адволорлық баж қолданса, онда ол тарифтік мөлшерлеменің көтерілуіндей әсер етеді.


Жоғарыда көрсетілгендей тауарлық бажды есептеу негізгі болып тауар-лардың кедендік құны алынады. Оның үстіне, тауардың кедендік құны пайдала-натын кез:

  • сыртқы экономикалық және кедендік статистика;

  • сауда-экономикалық қатынасты мемлекеттік реттеуінен басқа өл-шем бірлігін қолданғанда, тауар құндылығына байланысты оның

  • ішінде ҚР кеден заңдарына сәйкес сыртқы сауда

  • мәмлелерімен олар бойынша банктердің есептеулерінің валюталық бақылауын жүзеге асыру[10].

Кедендік ісі заңының 195 бабына сәйкес, импорттайтын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін келесі әдістер қолданады.
1) әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша;

  1. ұқсас тауарлардың мәміле бағасы бойынша;

  2. біртектес тауарлардың мәмілее бағасы бойынша;

  3. бағасын алу;

  4. бағасын қосу;

  5. резервтік әдіс.

Кедендік бағалауды анықтаған кезде негізгі әдіс болып әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша бағалау болады.
Егер негізгі әдісті қолдана алмаса, басқа әдістердің бірі қолданады. Алдыңғы әдіспен кеден құнын анықтай алмаса, келесі әр-бір әдіс алынады. Бағасын алу, қосу әдісі декларанттың қарайы бойынша керісінше қолдануға болады. Әкелінетін тауарлардың мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолданғанда кеден құнын анықтау үшін негіз ретінде бағалауға жататын тауарлардың мәміле бағасы алынады.
Мәміле бағасы - әкелінетін тауарлардың нақты төленген немесе төленетін бағасы. Кеден құнын анықтау үшін мәміле бағасы пайдаланған келесі шығын-дар кіреді (егер олар бұрын кірмесі):

  1. ҚР кедендік аумағына тауарды әуежайға, портқа, немесе басқа жерге әкелуге шыққан шығын:

  • тасымалдау құны;

  • тауарды түсіру, тиеу, қайта тиеуге шыққан шығындар;

  • сақтандыру сомасы.

Көрсетілген шығындар күнге кірмеуі мүмкін егерде олар ҚР кедендік аумағына тауар әкелінгеннен кейін өндірілсе және сомасы құжатпен дәлел-денсе:
сатып алушының шығарған шығындары:

  • тауар сатып алудағы комиссиялық алымнан тыс, комиссиялық және делдалдық сыйақы;

  • контейнерлер немесе көп айналатын ыдыс құны, егерде олар сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасымен сәйкес бағаланатын тауармен бір тұтас деп қаралса;

  • орайтын құралдармен оған байланысты жұмыстардың құны кіргізіл-ген, ораудың құны.

  1. келесі тауарлар мен қызметтің сәйкестік бөлшек құны, импортердың тікелей немесе жанама құнсыз әлде төмендетілген бағасымен беруші өндіруге қолданатын немесе бағаланатын тауарды шығарып сату мақсатымен;

    • шикізат, детальдар мен жиынтық бұйымдар бағаланатын тауардың құрама бөлшегі болып келетін;

    • құрал-саймандар, мөртабан т.б. сондай заттар бағаланатын тауарларды өндіргенде қолданылған;

    • құралдар, бағаланатын тауарды өндіргенде ұсталған (жанар май т.б.);

  • инженерлік жұмыстар, тәжірибие-конструкторлық жұмыстар, дизайн, көркемдік рәсімдеу, эскиздармен сызулар бағаланатын тауардың өндірілуіне өте қажет ҚР аумағынан сырт орындалған.

3) бағаланатын тауарды сататын шарт ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама парасатты меншікті объектісін пайдаланғанда лицензияланған және басқа төлемдер;
4) бағаланатын тауардың пайдаланғанда немесе келесі сатқандағы табатын тікелей әлде жанама пайда бөлімінің мөлшері.
Әкелінетін тауардың мәміле бағасы, кедендік құнды, анықтағанда пайдаланыла алмайды егерде:
1.бағаланатын тауарды сатып алушы пайдаланғанда үкім құқығына байланысты шектеу қойғанда мынадан басқа:

  • ҚР заң актілерімен қойылған шектеулер;

  • тауарлардың қайта сатылуы мүмкін географиялық региондарды шек-теуі;

  • тауар құнына аса әсер етпейтін шектеу;

  • әсер етуін есептен шығару мүмкін емес сату немесе мөлшерлеме бағасы тәуелді шарттарды сақтау;

  • құжаттан дәлелденбеген мәліметтер, кеден құнын ресми мәлімдегенде декларант пайдаланған; импортер мен экспортер бір біріне тәуелді, мынадан тыс жағдайда, декларант дәлелденгендей, бір-біріне тәуекелділігі мөлшерлеме бағасына әсер етпесе.

Осы кезде бір біріне тәуелді деп саналады, егер:

  • мәмлеге қатысушының бірі әлде мәмлеге қатысушының қызметкері бір мезетте басқа мәмілеге қатысушылар қызметкері болса;

  • мәмлеге қатысушылар өндірістің бірлескен мүшесі болса;

  • мәмлеге қатысушылар жалға қатынас байланысты болса;

  • мәмлеге қатысушының бірінде дауыс беруге құқылы пакет акциясы болса, басқа қатысушылық жарғы капиталынан 5 % төмен (аз) болмауы керек.

  • мәмлеге қатысушылардың екеуі де, үшінші адамның тікелей немесе жанама бақылауында болса;

  • мәмлеге қатысушылар немесе олардың қызметкерлері жақын туыс болса ұқсас тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы алынады.

Бұл кезде барлық жағынан, оның ішінде келесі параметрлер бойынша ұқсас тауарлар қарастырылады:

  • мақсаты мен мінездемесі;

  • сапасы, тауар белгісі және нарықтағы беделі;

  • шыққан елі;

  • өндіруші.

Кедендік қүнды осы әдіспен анықтағанда Кеден ісі туралы Заңының 129 бабына сәйкес:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлармен бір елден шықпаса, онда сол тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейді;
2) бағаланатын тауарлардың өндірушісінен басқа тұлғамен өндірілген тауарлар бағаланатын тауарларды өндірген тұлға ұқсас тауарларды шығармаған жағдайда ғана ескеріледі;
3) тауарлар ұқсас деп есептелмейді, егер тауарлардың жобалауы, тәжірибе - құрастырушылық жұмыстары, көркемдік рәсімдеуі, дизайні, эскиз-дері немесе сызбалары:

  • Қазақстан Республикасына экспортқа өндіру мен сатуға байланысты қолдану үшін сатушымен сатып алушыға ақысыз берілсе немесе төмен баға-мен сатылса;

  • Қазақстанда дайындалып, соған байланысты олардың құны тауардың кедендік құнына еңгізілмеген болса.

Кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде ұқсас тауарлардың мәміле бағасы алынады, егер ол тауарлар:

  1. ҚР аумағына енгізу үшін сатылса;

  2. бағаланатын тауарды алып кеткенге дейін 90 күн аралығында немесе алып кеткен соң 90 күн өткенге дейін алып келінсе;

  3. шамамен тура сондай көлемі мен коммерциялық деңгейде (бөлшек немесе көтерме сауда үшін) алып келінсе[12].

Ұқсас тауарлардың саны өзгеше болса не басқа коммерциялық тұрғыда алып келінсе, мәлімдеуші осы өзгешеліктерді ескере отырып, тауарлардың бағасына түзету енгізеді және кеден органына соны дәлелдейтін құжат тапсырады. Бұл жерде кедендік құнды жоғарыда көрсетілгсн шығындарды ескере отырып түзету керек. Осы әдісті қолданған кезде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы біреуден артық болса, онда импорттайтын тауардың кедендік құнын анықтау үшін олардың ең төменгісі алынады.
Біртектес тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде импорттайтын тауармен біркелкі тауарлардың мәмілеге сәйкес бағасы алынады. Біртектес тауарлар дегеніміз, барлық жағынан бірдей болмаса да, мінездемелері және құрамдас бөліктері бірдей болғандықтан, бағаланатын тауарлармен өзара ауыстырыла алатын немесе олардың функцияларын орындай алатын тауарлар. Тауарлардың біртектестілігін анықтағанда олардың мынадай мінездемелері ескеріледі:

  • сапасы, тауар белгісінің болуы және нарықтағы беделі;

  • шығу елі.

Кұнды алу әдісі бойынша кедендік құнды анықтау үшін бағаланатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы күйінен өзгертілмей сатылуы керек. Көрсетілген әдіспен кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде тауар бірлігінің бағасы алынады. Бұл бағамен бағаланатын тауарлар көп мөлшерде мемлекет аумағында сатушыдан тәуелсіз сатып алушыға әкелу мерзіміне максималды жақын кезде (кіргізген күннен бастап 90 күннен аспай) сатылу керек.
Тауар бірлігінің бағасынан ашып көрсетілуі мүмкін болатын келесі құрамдас бөлшектері алынады:
1) әдетте төленетін немесе төленуге келісілген комиссиондық сыйақы-лар, немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін сол түрлі (классты) тауар-ларды сатуға байланысты жалпы шығындарды өтеу және пайда табу мақса-тында әдетте қосылатын үстемелер;

  1. тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу мен сатуға байланысты төленуге тиісті импорт баждарының, салықтарының, алымдарының және т.б. төлемдерінің сомалары;

  2. Қазақстан Республикасында тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу мен түсіру жұмыстарына кететін әдеттегі шығындар.

Бағаланатын біртектес немесе үқсас таурларды әкелінген сәттен өзгер-меген қалпында сату жағдайлары болмаса, мәлімдеушінің талабы бойынша қайта өндірістен өткен тауарлар бірлігінің қосымша құнға түзету енгізілген бағасы қолдануы мүмкін.
Құнды қосу әдісін қолдану барысында кедендік, құнды анықтау үшін негіз ретінде, келесі сомаларды қосу жолымен есептелінген тауардың бағасы алынады:

  • материалдардың құны және бағаланатын тауардың өндірісіне байла-

  • нысты шығарушының басқа да шығындары;

  • сондай тауарды экспорттаушы - мемлекеттен Қазақстан Республи-касына сатуға тән жалпы шығындар, олардың ішінде тасымалдау, тиеу мен түсіру жұмыстарының құны, ҚР аумағында кедендік рәсімдеу орнына дейін сақтандыру құны қарастырылған.

  • сондай тауарларды Қазақстан Республикасына жеткізу нәтижесінде экспорттаушының әдетте алатын пайдасы[13].

Осы әдістің көмегімен кедендік құнды анықтау барысында тауардың бағасына еңгізілген шығындардың барлығы ескерілуі қажет.
Егер көрсетілген әдістерді кезектесіп қолданудың нәтижесінде мәлім-деушінің кедендік құнын анықтауға мүмкіншілігі болмаса немесе кеден ұйым-дары осы әдістерді қолдануға жағдай болған жоқ деп дәлелді санаса, онда бағаланатын тауарлардың кедендік құны дүниежүзілік кедендік тәжірибеге сүйеніп анықталады және онымен дәйектенеді. Бұл кезде қолданылатын кеден-дік құнды анықтаудың басқа әдістері Қазақстан Республикасының заңдары мен Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының кедендік бағалау қағидаларына сәйкес болу керек.
Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының шеңберінде 1981 жылы күшіне енген кедендік бағалау бойынша Келісім жасалынған. Бұл Келісім бойынша импорт-талынатын тауарлардың құнын анықтау үшін негіз ретінде есеп-фактура алынады. Осындай әдіс Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының мүше-елдері үшін міндетті болып табылады.
Резервтік әдіс бойынша тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін кеден органдары мәлімдеушіге қолдағы бар мәліметтерін береді. Көрсетілген әдіс бойынша кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде келесі көрсеткіштер алынбайды:

  1. экспорттаушы елінің ішкі нарығындағы тауардың бағасы;

  2. экспорттаушы мемлекеттен үшінші елдерге сатылатын тауарлар ба-

ғасы;

  1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы ұлттық өндірістің тауарлар бағалары;

  2. тауардың сенімді дәлелденбеген құны;

  3. ҚР Кеден ісі туралы заңының 132 бабында қарастырылмаған шығын-дарды есептеудің негізінде анықталынатын ұқсас немесе біртекті тауарлардың бағалары;

  4. ең төменгі құн[14].

Кеден мақсаттары үшіп екі альтернативтік бағаларының жоғарғысын қолдануды ескеретін жүйесі резервтік әдіс бойынша кедендік құнды анықтау-дың барысында негіз ретінде алынбайды.

  1. Теория бойынша кедендік төлемдерді алу кезіндегі тәртібі мен мерзім-дері қатаң сақталыну қажет. Бірақ тәжірибеде сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар бекітілген мерзімде кеден бажының түгелдей сомасын төлей алмайтын жағдайлар жиі кездеседі.

Кедендік баждарды төлеудің мерзімін ұзартуды (бөлшектеуді) беру кезінде кедендік баж тқленетін күні қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі бойынша пайыз алынады. Берілген мерзімін ұзарту (бөлшектеу) үшін пайыздар Қазақ-стан Рсспубликасының ұлттық валютасында есептелінеді. Бұл кезде пайызды есептеу кезектесіп екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде КЖМ қабылданған күні қолданылатын Қазақстан Реслубликасының Ұлттық Банкісінің қайта каржыландырудың мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алдын ала есептеу мына формула арқылы жүргізіледі.
П = Скб1 • К • Мққ1 / 365 • 100%,
мұндағы П - пайыз, Скб1 - мерзімі ұзартылып (бөлшектеу) берілетін кедендік баж сомасы, К- мерзімін ұзарту (бөлшектеу) берілген күндер саны, қ1 - КЖМ қабылданған күні қолданылатын қайта қаржыландырудың мөлшерле-месі, 365 - жылына күндер саны.
Екінші кезеңде кедендік баждар төленген күні қолданылатын қайта қлржыландырудың мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге тиісті пайыздарды есептеу мына формула арқылы жүргізіледі:
П = Скб • К • Мққ / 365 • 100%,
мұндағы П - пайыз, Скб1 - мерзімін ұзартып (бөлшектеп) берілетін кедендік баж сомасы, К - мерзімін ұзартып (бөлшектеп) берілген нақты күндер саны, Мққ1-кедендік баждар төленген күні қолданылатын қайта қаржы-ландырудың мөлшерлемесі, 365- жылына күндер саны[14].
Кеден төлемдерін төлеудің мерзімін ұзартып(бөлшектеп) беру кезінде кеден баждарының төленуін қамтамасыз ету Кеден ісі туралы Заңының 138 бабына сәйкес келесі түрде жузеге асырылады:

  • тауарлар мен көлік құралдары түрінде кепілдік;

  • өкілетті банкінің кепілдемесі.

Кедендік баждар мен салықтар төлеуін қамтамасыз ету мақсатында кепілзат ретінде үшінші тұлғалардың мүліктік құқықтарынан кез келген мүлік бола алады. Кеден органдары кепіл ретінде мыналарды қабылдамайды:

  • электр, жылу жіне тағы басқа да энергияның түрлері;

кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар, жер участкелері, ғарыш объектілері ;

  • азаматтық айналымынан алынып тасталынған мүлік;

Кедендік құнды осы әдіспен анықтағанда Кеден ісі туралы Заңының 129 бабына сәйкес:

  1. егер тауарлар бағаланатын тауарлармен бір елден шықпаса, онда сол тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейді;

  2. бағаланатын тауарлардың өндірушісінен басқа тұлғамен өндірілген тауарлар бағаланатын тауарларды өндірген тұлға ұқсас тауарларды шығармаған жағдайда ғана ескеріледі;

  3. тауарлар ұқсас деп есептелмейді, егер тауарлардың жобалауы, тәжірибе-құрастырушылық жұмыстары, көркемдік рәсімдеуі, дизайні, эскиздері немесе сызбалары:

  • Қазақстан Республикасына экспортқа өндіру мен сатуға байланысты қолдану үшін сатушымен сатып алушыға ақысыз берілсе немесе төмен баға-мен сатылса;

  • Қазақстанда дайындалып,соған байланысты олардың құны тауардың кедендік құнына еңгізілмеген болса.

Кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде ұқсас тауарлардың мәміле бағасы алынады, егер ол тауарлар:

  1. ҚР аумағына енгізу үшін сатылса;

  2. бағаланатын тауарды алып кеткенше дейін 90 күн аралығында немесе алып кеткен соң 90 күн өткенге дейін алып келінсе;

3. шамамен тура сондай көлемі мен коммерциялық деңгейде (бөлшек немесе көтерме сауда үшін) алып келінсе.
Ұқсас тауарлардың саны өзгеше болса не басқа коммерциялық тұрғыда алып келінсе, мәлімдеуші осы өзгешеліктерді ескере отырып, тауарлардың бағасына түзету енгізеді және кеден органына соны дәлелдейтін құжат тапсырады. Бұл жерде кедендік құнды жоғарыда көрсетілген шығындарды ескере отырып түзету керек. Осы әдісті қолданған кезде ұқсас тауарлармен мәміле бағасы біреуден артық болса, онда импорттайтын тауардың кедендік құнын анықтау үшін олардың ең төменгісі алынады.
Бір тектес тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолдану барысында кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде импорттайтын тауармен біркелкі тауарлардың мәмілеге сәйкес бағасы алынады. Біртектес тауарлар дегеніміз, барлық жағынан бірдей болмаса да, мінездемелері және құрамдас бөліктері бірдей болғандықтан, бағаланатын тауарлармен өзара ауыстырыла алатын немесе олардың функцияларын орындай алатын тауарлар. Тауарлардың біртектестілігін анықтағанда олардың мынадай мінездемелері ескеріледі:

  • сапасы, тауар белгісінің болуы және нарықтағы беделі;

  • шығу елі.

Қүнды алу әдісі бойынша кедендік құнды анықтау үшін бағаланатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы күйінен өзгертіл-мей сатылуы керек. Көрсетілген әдіспен кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде тауар бірлігінің бағасы алынады. Бұл бағамен бағаланатын тауарлар көп мөлшерде мемлекет аумағында сатушыдан тәуелсіз сатып алушыға әкелу мерзіміне максималды жақын кезде (кіргізген күннен бастап 90 күннен аспай) сатылу керек[15].
Тауар бірлігінің бағасынан ашып көрсетілуі мүмкін болатын келесі құрамдас бөлшектері алынады:
1) әдетте төленетін немесе төленуге келісілген комиссиондық сыйақылар, немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін сол түрлі (классты) тауарларды сатуға байланысты жалпы шығындарды өтеу және пайда табу мақсатында әдетте қосылатын үстемелер;

  1. тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу мен сатуға байланысты төленуге тиісті импорт баждарының, салықтарының, алымдарының және
    т.б. төлемдерінің сомалары;

  2. Қазақстан Республикасында тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу мен түсіру жұмыстарына кететін әдеттегі шығындар.

Бағаланатын біртектес немесе ұқсас таурларды әкелінген сәттен өзгер-меген қалпында сату жағдайлары болмаса, мәлімдеушінің талабы бойынша қайта өндірістен өткен тауарлар бірлігінің қосымша қүнға түзету еңгізілген бағасы қолдануы мүмкін.
Егер көрсетілген әдістерді кезектесіп қолданудың нәтижесінде мәлімдеушінің кедендік құнын анықтауға мүмкіншілігі болмаса немесе кеден ұйымдары осы әдістерді қолдануға жағдай болған жоқ деп дәлелді санаса, онда бағаланатын тауарлардың кедендік құны дүниежүзілік кедендік тәжірибеге сүйеніп анықталады және онымен дәйектенеді. Бұл кезде қолданылатын кедендік құнды анықтаудың басқа әдістері Қазақстан Республикасының заңда-ры мен Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының кедендік бағалау қағидаларына сөйкес болу керек. Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының шеңберінде 1981 жылы күшіне енген кедендік бағалау бойынша Келісім жасалынған. Бұл Келісім бойынша импорт-талынатын тауарлардың құнын анықтау үшін негіз ретінде есеп-фактура алынады. Осындай әдіс Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымының мүше-елдері үшін міндетті болып табылады.
Резервтік әдіс бойынша тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін кеден органдары мөлімдеушіге қолдағы бар мәліметтерін береді. Көрсетілген әдіс бойынша кедендік құнды анықтау үшін негіз ретінде келесі көрсеткіштер алынбайды:

  1. экспорттаушы елінің ішкі нарығындағы тауардың бағасы;

  2. экспорттаушы мемлекеттен үшінші елдерге сатылатын тауарлар ба-ғасы;

  3. Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы ұлттық өндірістің тауарлар бағалары;

  1. тауардың сенімді дәлелденбеген құны;

  1. ҚР Кеден ісі туралы заңының 132 бабында қарастырылмаған шығындарды есептеудің негізінде анықталынатын ұқсас немесе біртекті тауарлардың бағалары;

  1. ең төменгі құн.

Кеден мақсаттары үшін екі альтернативтік бағаларының жоғарғысын қолдануды ескеретін жүйе резервтік әдіс бойынша кедендік құнды анықтау барысындағы негіз ретінде алынбайды.
Теория бойынша кедендік төлемдерді алу кезіндегі тәртібі мен мерзімдері қатал сақталыну қажет. Бірақ тәжірибеде сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар бекітілген мерзімде кеден бажының түгелдей сомасын төлей алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осыған байланысты айрықшаланған жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданатын кедендік заңдары сыртқы экономикалық қызметіне қатысушыларына импортталынатын шикізат пен материалдары үшін кедендік баджарын төленуінің мерзімін ұзарту мен бөлшектеуді көздейді. Мұндай шешімді қабылдау - кеден органдарының міндеті емес, құқығы. Шикізат пен материалдардың кедендік рәсімдеуін жүргізетін Қазақстан Республикасының кеден органына кедендік жүк мәлімхатының (КЖМ) алдында мәлімдеушімен берілетін жазбаша түріндегі өтініш негізінде ұсынылады. Бұл кезде өтініште кеден бажын, оны төлеудің мерзімін ұзартып (бөлшектеп) берілу үшін пайызын төлеуін қамтамасыз ету (кепілдік) туралы мәліметтер ескерілу керек. Мерзімін ұзартып(бөлшектеуді) беру немесе оларды беруден бас тарту туралы шешімдер төлеушінің өтінішін алғаннан кейін үш күн аралығында қабылданады. Кеден төлемдерінің мерзімдерін ұзарту (бөлшектеу) Кеден ісі туралы заңының 137 бабына сәйкес КЖМ-ын рәсімдеуге қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге кеден органдарымен беріледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қаржы Минисртлігінің Кеден Комитетінің рұқсатымен келесі шикізат пен материалдар бойынша мерзімін ұзартып (бөлшектеу) беріледі:
- акциздік топқа жататындар;
- төленуге тиісті кедендік баж сомасы 10 000 АҚШ долларына тең теңге-мен есептелінген сомасынан аспайтын тауарлар[16].
Кепілдікке берілген тауарлар мен көлік құралдары кепілдік берушіде қалады, егер де Қазақстан Республикасының кеден органы басқа шешім қабыл-дамаса. Бірақ бұл кезде Қазақстан Республикасының кеден органының келісімінсіз кепілдік берушінің кепіл затымен қолдануға құқығы жоқ.
Өкілетті банктің кепілдемесін қолдану тәртібі Қазақстан Республи-касының Қаржы Минисртлігінің Кеден Комитетімен бекітіледі. Кепілдеме бойынша әр өтеу кезіндегі төлемдер мен пайыздарының мөлшері алдын ала анықталынады. Осындай әр өтеуден кейін кедендік төлемдер салынатын сома азайып отырады.
Кеден төлемдері төлеудің мерзімін ұзартуды немесе бөлшектеуді алған төлеуші мерзімді ұзарту не бөлшектеу барілген соңғы күнінен қалмай қарыздарын өтеп, тиісті пайыздарын төлеу керек.
Кедендік заң тағайындаған мерзімде төлеуші кедендік бажды төлемесе кедсн ісі туралы заңның 144 бабына сәйкес кедендік органдар өтеушінің есеп-шотынан сөзсіз ҚР Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өсімпұл қосылған қарызы алынады. Өсімпұлды есептеу 2 кезеңге бөлінеді. 1 кезеңде қарыз сомасы өтеленетін күні қолданылатын қайта қаржыландыруыдың ресми мөлшерлемесі бойынша қарыздың бір күні үшін салынатын өсімпұл есептеледі. Егер кедендік төлемдер түрлеріне бөленбей төлем авансының сомасы кіргізілсе, онда кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ететін сома бюджетке аударылады. ҚР бюджетінің кіріс пен шығын классификация коды "Кедендік бақылау мен кедендік процедурадан түскендер" кодына сәйкес түседі.
2.3 Кедендік төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету

Кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету:


1) кепiлге қою;
2) банк кепiлдiгi;
3) кеден органының депозиттiк шотына ақша енгiзу;
4) сақтандыру шарты түрiнде берiлуi мүмкiн.
Тұлға осы көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың көрсетiлген кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз етудiң кез келген түрiн таңдауға құқылы. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету сомасы: iшкi кеден транзитi рәсiмi бойынша тасымалданатын; алушының қоймасында, сондай-ақ көлiк құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берiлген; тауарларды қайта экспорттаудың кедендiк режимiне орналас-тырылған; тауарлар транзитiнiң кедендiк режимiне сәйкес Қазақстан Респуб-ликасының кедендiк аумағы арқылы өткiзу үшiн әкелiнетiн; кедендiк құнын айқындаған кезде баға ақпаратын қолдана отырып, тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын; кедендiк баж төлеу мерзiмдерi өзгертiлген; жүктiң ке-дендiк декларациясын беру мерзiмдерiне ұзарту жүргiзiлген тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты еркiн айналыс үшiн тауарлар шығарудың кедендiк режимiн мәлiмдеу кезiнде; кедендiк аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудiң кедендiк режимiне орналастырылған; тауарлар транзитiнiң кедендiк режимiне сәйкес шет мемлекеттiң кедендiк аумағы арқылы өткiзу үшiн әкетiл-ген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендiк режимiн мәлiмдеу кезiнде төленуге тиiстi кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасынан кем болмауға тиiс.
Кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету мақса-тында кепiлге салынатын зат:
1) азаматтық айналымнан алынған мүлiктi;
2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;
3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерiн;
4) тез бұзылатын тауарларды;
5) мүлiктiк құқықтарды;
6) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi мүлiктi;
7) өткiзу мүмкiндiгi шектеулi мүлiктердi қоспағанда, үшiншi тұлғалардың мүлiктiк құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлiк болуы мүмкiн[15].
Кепiл заттың нарықтық құны, ал оның нарықтық құнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметi тура-лы заңнамалық актiсiне сәйкес таңдап алынған тәуелсiз бағалаушы анықтаған құны, кеден төлемдерiн және салықтар төлеудi қамтамасыз ету мақсатында, кеден төлемдерi мен салықтар жөнiндегi мiндеттемелердiң мөлшерiнен төмен болмауға тиiс, оларды төлеу, кепiл затты сату шығыстарын қоса алғанда, кепiл затпен қамтамасыз етiледi.
Егер кеден органы өзге шешiм қабылдамаса, кепiл кезiнде кепiлге салынатын зат кепiл берушiде қалады. Төлеушi қабылдаған, қамтамасыз етi-луi үшiн кепiл ресiмделген мiндеттеме орындалғанға дейiн кепiл берушiнiң кепiлге салынған затқа билiк етуге құқығы жоқ.
Кепiлдi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Кепiлге салынған затты өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Кеден органдары кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген банк кепiлдiгiн қабыл-дайды. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозиттiк шотына (бұдан әрi - депозит) ақша енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе шетел валютасымен жүргiзiледi.
Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозиттi енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi. Депозитпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиiстi кеден-дiк төлемдер және салықтар сомасы мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабардар етiлгеннен кейiн он бес күн өткен соң депозиттен бюджетке ауда-рылады Кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын кедендiк төлемдердiң және салық-тардың төленуiн қамтамасыз ету ретiнде қабылдайды. 
Депозиттi қайтару депозитпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозиттi нақты қайтаруды төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органы өтiнiштi алған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүргiзедi. Депозиттi қайтару туралы өтiнiш мiндеттеме орындалғаннан кейiн, бiрақ мiндеттеме орындалған күннен кейiнгi күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей кеден органына берiледi. Депозиттi шотына депозит сомасы енгiзiлген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады. Депозит төлеушiнiң банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргiзiледi[17].
Төлеушiге депозиттi қайтару осы көзделген тәртiппен кедендiк төлем-дердi, салықтар мен өсiмпұлды төлеу бойынша берешек шегерiле отырып жүзеге асырылады. Депозиттi қайтарған кезде ол бойынша сыйақы төленбейдi, сомасы индекстелмейдi, банк қызметiн көрсеткенi үшiн тарифтер аударылатын қаражат есебiнен төленедi. Төлеушiнiң өтiнiшi бойынша кеден органдары депозиттi болашақ кедендiк төлемдер мен салықтар есебiне не кеден органда-рының алдындағы басқа мiндеттеме бойынша кедендiк төлемдер мен салық-тарды қамтамасыз ету үшiн есептей алады. Осы ережелерi уақытша берiлетiн демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждарды қайтаруға да қолданылады.
Мүлiк кепiлi бойынша қайтару:
1) кепiл заты кепiл берушiнiң билiгiнде болған жағдайда - мiндеттеме орындалған күннен бастап;
2) кепiл заты кеден органының билiгiнде болған жағдайда мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Банк кепiлдiгi бойынша қайтару мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Сақтандыру жөнiндегi мiндет-темелердi тоқтату мiндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендiк төлемдердiң және салықтардың бюджетке нақты төленген cо масы мен төленуге тиiс сомасы арасындағы айырма кедендiк төлемдердiң жә-
не салықтардың артық төленген сомасы деп танылады. Төлеушi кедендiк тө-лемдердi және салықтарды қайтарып алу немесе есепке алғызу мақсатында артық төленген сомасын төлеген күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомалары бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтiнiшпен тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi, сақтауды, кедендiк алып жүрудi, лицензия берудi, алдын ала шешiм қабылдауды iске асырған кеден органына өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.
Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасы бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде:
1) соманың төленгенiн растайтын төлем құжатының ;
2) кедендiк декларация ресiмделген жағдайда берiлетiн, ол бойынша кедендiк төлемдер және салықтар есептелген және енгiзiлген, кеден органы ресiмдеген кедендiк декларацияның;
3) кедендiк төлемдердi төлеу кедендiк декларация ресiмделмей жүргiзiлген жағдайларда берiлетiн, жүзеге асырылу үшiн кедендiк төлемдер енгiзiлген тауарларды сақтау, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру, лицензиялар беру, алдын ала шешiм қабылдау кезiнде кеден органдары ресiмдеген басқа да құжаттардың көшiрмелерi берiлуге тиiс[18].
Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасы бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi төлеушi өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Салық органдары, осы баптың көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдердiң және салық-тардың артық төленген сомасын Қазақстан Республикасының салық заңда-рында белгiленген тәртiппен және мерзiмде төлеушiнiң өтiнiшi бойынша қайта-руға немесе есепке алуға тиiс.
Кеден органы кедендiк төлемдердi және салықтарды өндiрiп алғаннан кейiн артық төлеу фактiсiн анықтаған кезде, мұндай фактiнi анықтаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей салық төлеушiге артық төленген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасы туралы хабарлауға мiндеттi.
Кедендiк төлемдердiң немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша:
1) төлеушiнiң өтiнiшiнсiз кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша өсiмпұл мен айыппұлды өтеу есебiне;
2) төлеушiнiң өтiнiшi бойынша кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша алдағы кедендiк төлемдердi немесе салықтарды төлеу есебiне, өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, есептеуге тиiс. 
Кедендiк баждарды және салықтарды қайтару:
1) кедендiк декларацияны керi қайтарып алған; 
2)неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимiн немесе тарифтiк преферен-цияларды қалпына келтiрген;

  1. кедендiк режимдердiң талаптары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының шегiнен шетел тауарларын әкету кезiнде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн әкелу кезiнде кедендiк баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтiн;

5) егер тауарларды қайта таңдалған кедендiк режимге (тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың немесе тауарлар экспортының кедендiк режимiне) орналастыру кезiнде төленуге тиiстi кедендiк баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендiк режим кезiнде төленген кедендiк баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлiмделген кедендiк режимдi еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендiк режимiне өзгерткен жағдайларда жүргiзiледi.

2.4 Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері


Қазақстан Республикасының кедендің шекарасынан өтетін тауарлардың кедендік құқын анықтау дұрыстығы кедендік бажды алу проблемасының бірі болып табылады.
Осы тауардың кедендік құнын анықтауды бекіткен тәртіпке сай кедендік бақылау ережесіне сәйкес декларант жүзеге асырылады. Кедендік құнды декларациялау кедендік құн декларациясының формасы мен процедурасын кедендік комитет жүзеге асырады (форма ДТС-1 және ДТС-2) сонымен бірге 500$АҚШ эквивалентіне тең немесе төмен тауар номенклатурасының құны бойынша бекітілген мәліметтерге, құнның дұрыстығына күмәнді болған жағдай ларды қоспағанда кедендік құн декларациясы толтырылмайды.
ДТС толтырылмайтын тауар номенклатурасы бойынша кедендік құн счет-фактуралар инвойстар, тауарлы көлік накладнойлар және тауарлардың кедендік құнын нақты анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды қолдану арқылы анықтауға болады.
Егер тауарлардың белгіленген кедендік құнының декларациясында, яғни ГТД-ң 42 графасында көрсетілген мәліметтердің дұрыстыңы күмән келтірсе, мысалы: егер мәлімет бағасы қалыптасқан баға деңгейінен 30 немесе одан көп проценттен асып кетсе, рәсімдеуді өткізетін кедендік орган декларанттан ДТС-ты толтыруды және қажетті барлық құжаттарды көрсетуді талап етуге құқылы.
Белгіленген кедендік құнын тексеру, қосымша ақпараттарды алу қажеттілігі жүктің тоқталуына негіз болмайды. Жүкті рәсімдеу қарапайым тәртіпте жүзеге асырылады, сонымен қатар ДТ-1, ДТС-1 немесе ДТС-2 формаларында тауарлардың кедендік құнын тексеретін қызметкердің міндетті түрде болуы керек[19].
Кедендік мекеме декларантқа кедендік құнын анықтау үшін көрсетілген құнын растайтын құжаттарды табыс етуге белгілі бір уақыт берілуі мүмкін.
Жүкті рәсімдейтін кедендік мекеме қызметкерлері жүкті шығарудан кейін жүктің кедендік құн мөлшерін анықтау мақсатында иексеру жүргізуі мүмкін. Тексеру нәтижесінде кедендік құнын қайта есептеп, сонымен қатар кедендік төлем сомасы да қайта есептелініп және төленбеген баж және алым сомалары талап етіледі.
Кедендік бағалау жүйесі негізінен ерекшелігі мәлімдеме деректі кедендік құн ретінде келісілген құн негіз болып табылады. Сол себепті 125 баптың қаулысында көрсетілгендей, декларант берген кедендік құн мен мәліметтер құжат түрінде куәландырылған ақпаратпен расталуы тиіс. Бұл №1 әдісті қолдануда көрсетілген сома деректі төлемге және сатып алушы төлейтінін растайтын құжат болуы керек.
Қазақстан Республикасы кедендік территориясы шегінен шығарыл-майтын тауарлардың кедендік құны счет-фактурада көрсетілген тауардың бағасы, сонымен қатар егер счет-фактураға енгізілген нақты шығыстар негізінде анықталады:
Қазақстан Республикасының кедендік территориясына шығарылмайтын тауарларды портқа дейін апару шығындары (тасымалдау құны), тауарды тиеу, түсіру бойынша шығындар, сақтандыру сомалары.
Сатушы көтерген шығындар комиссионды және брокерлік сыйақы.
Егер ТНВВЕД-ке сәйкес континерлермен басқа да көп айналымды дара құны бағаланатын тауарлармен бірге біртұтас деп қарастырылса, қаптау материалдарымен қаптау бойынша жұмыстар құны мен қаптың құны.
Қазақстан Республикасына әкелінетін тауардың кедендік құны сауда және тарифтер бойынша бас келісімнің жалпы кедендік бағалау қағидасына негізделеді.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы» қаулыға сәйкес барлығы 14 кедендік режим жұмыс жасайды. Олар:

  1. Еркін айналыс үшін тауарды шығару.

  2. Тауар реимполрты – Қазақстандық тауарларды қайтадан кедендік бажсыз шығару.

  3. Тауар транзиті – тауар Қазақстан Республикасының кедендік территориясында кедендік бақылау арқылы кедендік баждарды, салықты және экономикалық саясат шараларын алусыз өте алады.

  4. Кедендік қойма сақтау кезеңі экономикалық саясат шараларын және салықты, кедендік бажды алусыз әкелген тауарларды сақтау.

  5. Бажсыз сауда дүкені Қазақстан Республикасының кедендік территориясында бөлшек сауда тауарларын кедендік бажсыз және салықсыз өтеуге рұқсат беріледі.

  6. Тауарды уақытша әкелу және уақытша шығару Қазақстан Республикасының тауарды толық немесе жартылай кедендік баждан және салықтан босату арқылы Қазақстан Республикасының кедендік территориясында немесе оның шегінен тыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін.

  7. Еркін кеден зонасы және еркін қойма. Бұл тауарларын шекаралық территорияға сәйкес орналастыратын және қолданатын немесе кедендік бажды және салықты алусыз орын ауысатын мемлекеттік тауар үшін кедендік режим.

  8. Тауар экспорты т.б.

Тауардың шығуын анықтау тәртібін, тарифтік преперенцияны табыстауды Қазақстан Республикасының кедендік комитеті белгілейді.
ТМД мемлекеттерімен сыртқы сауда
2011 жылдың қаңтар- маусымында ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 5790,4 млн. АҚШ долларын құрады және 2012 жылғы қаңтар – маусымымен салыстырғанда 21,5%-ға өсті, соның ішінде экспорт –2155,3 млн. АҚШ доллар, 8,8%-ға өсті, импорт –3635,1 млн. АҚШ доллар, 30,5%-ға өсті.
Жалпы тауар айналымындағы ТМД мемлекеттерінің үлесі 27,3% (2011 жылғы қаңтар- маусымында - 33,5%) құрады[20].

Сурет 2. ТМД мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымы (АҚШ дол.)


Кеден одағына кіргеннен кейн үшінші елдермен сауда айналымының төмендегенін көреміз


Қазақстан Республикасы мен ТМД елдер арасындағы екі жақты еркін сауда келісіміне сәйкес осы мемлекеттерден шығатын тауарлар осы келісім негізінде Қазақстан Республикасының территориясына әкелінген кедендік баждармен салынбайды. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезде декларант Қазақстан Республикасының кедендік құнын көрсетеді. Импорттайтын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағалау келесідей 6 әдіс-тәсілі қолданылады:

  1. Шығарылатын тауардың мәміле бағасы бойынша.

  2. Ұқсас тауарлардың мәміле бағасы бойынша.

  3. Бірыңғай тауарлардың мәміле бағасы бойынша

  4. Құнды шегеру арқылы.

  5. Құнды (қосу).

  6. Резервтік әдіс.

Көрсетілген әдіс-тәсілдердің ішінде 4 және 5-ті қоспағанда тізілімі өзгертілмеуі керек, ал оның тізіміне (бірінен соң бірі) декларанттың қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін. Егер осы әдістің біреу арқылы кедендік құны анықталса, қалғандарын қолдану қажет. Сатып алу-сату мәмілесінің кедендік құнын анықтаудың басты тәсілі болып, әкелінген тауарлардың мәміле бағасының бағалауы бойынша анықталады (№1 тәсіл). Бағалауда әрқашан 1-тәсілді қолдануын тексеруден бастау керек.
Егер белгілі бір жағдайларға байланысты негізгі тәсіл қолданылмайтын болса (төменде қарастырылған жағдайларда) онда жоғарыда аталынып кеткен тәсілдерді қолдануға болады. Сонымен қатар, әрбір кедендік бағалау тәсілдері егер кедендік құн алдыңғы тәсілмен тәсілмен анықталмаса, 2 және 3-тәсілдері кедендік құнның ақырғы базасы ретінде анықталатын ұқсас және сол тауарлардың бағасына анқытауда қолданылады. Кедендік құнның ақырғы базасын анықтау ретінде ақпаратты таңдау критериясы болып оның бағаланатын мәміленің шартына жақындығы табылады.
4 және 5- тәсіл кедендік құнның әр түрлі есептік базасын қарастырады:
4-тәсіл тауар өзгеріссіз жасалатын баға арқылы анықталады;
5-тәсіл тауарды өндіруге кеткен шығындар бойынша анықталады.
Сонымен байланысты осы екі тәсілді анықтау белгілі бір қиындықтармен байланысты; соның ішінде қажетті ақпаратты алу, оны пайдалану тізімін (бірінен соң бірі) декларант анықтауы мүмкін.
Жоғарыда айтылған кеден құнын анықтаудың әдістерін қолдана алмаған жағдайда 6-әдіс резервтік әдіс ретінде қолданылады.
1-5 әдістерді қолдану мүмкіндігі болмағанда кедендік қызметкерлердің өзі импортталған тауарларға кеден тауарларын бағалауаы мәжбүр болған жағдайда да 6-резертік әдісті қолданады.
Кедендік бағалаудың жүйесін қолданатын елдердің тәжірибесі көрсеткендей, көп жағдайда (90 процент) 1-әдіс, яғни мемлекет бағасы бойынша бағалаудың әдісі қолданылады. Қалған әдістердің үлесі бірдей бөлінген.

  1. Әкелінген тауар бойынша мәмілелер бағалар негізіндегі бағалау әдісі.

Сатып алу-сату шарты бойынша көп жағдайда бірінші әдіс қолданылады. «Оның мәні әкелген тауарлардың мәміле бағаларының негізінде айқындалатын кедендік құнда айқындалады». Мемлекет бағасы (тауардың трансакциялық құны) – импорт еліне экспортқа тауарларды сату барысында олар үшін нақты төленген, төленуге тиісті бағаны түсінеміз (ол баға түзетілед). Нақты төленген, төленуге тиісті баға деп – тауарларды кедендік рәсімдеу кезеңінде төлем жасалынбаған және де сатып алуның сатушыға нақты төленген болмаса төленуге тиісті төлемінің жарты сомасы.
Төмен келесідей нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. Аудару

  2. Аккредитив

  3. Инкасса

  4. Аралас

Сонымен қатар валюталық заңнамасына қайшы келмеген жағдайларда аванстық төлемдер қолданылуы мүмкін.
Мемлекеттік несие есебінен тауарларды қою барысында аталған нысанда 1-әдісті қолдануға болады (егер тәртіппен қарастырылған шектеулер болмаған жағдайда). Жанама төлемнің үлгісі ретінде сатушының сатып алушы алдындағы қарызды өтеу есебіне тауарларды импорттық қоюды да келтіре аламыз. (Яғни, біздің жағдайымызда мәселенің құндық сипат ыбар деп санауымызға болады, бірақ та төлем алдын ала жасалынған, ал бұдан ақша сомаларының қозғалысы болғанын айта аламыз).
1-әдісті қолданудың шарттары:
Бұл әдісті бағаға түзету енгізілгеннен ғанағ кейін ("+", "-") және де келесі 5 шарт орындалған жағдайда ғана қолдануымыз мүмкін.

  1. Тауар импорт еліне экспорт үшін сатылғанда, яғни тауарларды шекара арқылы орын ауыстыруы орын алғанда және де орындалған сатып алу-сату шарты халықаралық сипатқа ие болғанда.

  2. Келесі аталған шектеулерден басқа импорттер құқына қатысты шектеулер болмаған жағдайда.

  • Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шектеулер

  • Географиялық аумақтың шектеулері

  • Тауарлардың бағасына мәнді әсерін тигізбейтін шектеулер;

  1. Ықпал есепке алынуы мүмкін емес шарттардың орындалуына мәселенің бағасына байланысты емес (тәуелсіз).

  2. Кедендік құнды анықтауда декларант қолданған мәліметтер құжатты түрде расталуы міндетті.

  3. Экспорттер мен импорттер өзара тәуелді тұлғалар болып табылмайды.

Шарттардың әрбіреуін алып қарастырайық 1-ші шартты есепке алу барысында екі жағдайдың мәні бар:

  • импорт еліне сату және экспорт 1-ші әдісті қолданудың шарты – тауарларды сату фактісінің болуын, яғни сатып алу шартына сәйкес экспорт елінен шекара арқылы тауарлардың тасымалдануы жүзеге асырылады.

  • Сатып алушылардың тізбегі барысында мәміленің бағасы ретінде еркін айналысқа тауарлы шығарысып келетін сатып алу бағасы алынады.

Жоғарыда аталған жағдайларды есепке ала отырып, 1-әдіс сатып алу-сату шартына кірмейтін келесі сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданыла алмайды:
а) Тауарларды ақысыз қою;
б) Тауарларды консигнация шартына қою;
в) Тауарларды делдалдар арқылы қою (делдалға сатпай).
г) Бас компаниялардың еншілес формалар мен фирмалардың тауарды қою.
д) Бартерлік және компенсациялық операциялар шеңберінде тауарларды қою.
Бұл жағдайда тауар бағасының эквивалентінің ролін басқа тауар атқарады, яғни мәміленің бағасының ақшалай нысаны жоқ және де сәйкесінше төлем және банктік құжаттар негізінде тауарлар үшін ақшалай есеп айырысу да жоқ. Кеден құнын анықтауда 1-ші әдісті қолданыла алмайды;
е) Жол шарты бойынша тауарларды қою. Бұл жағдайда тауарларға меншік құқы берілмейді, себебі жолға беруші, яғни тауарлардың иемденушісі пайданың белгілі бір бөлігін алып, тауарды да қайтара алуы мүмкін.яғни сатып алу-сату фактісінің жоқтығы 1-ші әдісті қолдануға мүмкіндік бермейді.
ж) Уақытша шығару мақсатында туарларды қою;
з) Өндіріс қалдықтарын басқа елдерге шығару;
Жасалған мәмілелерге сәйкес, белгілі бір қалдықтардың басқа елге коммерциялық емес утилизация мақсатында шығару, мысалға ядролы қалдықтарды жою мақсатында басқа елге шығару. Бұл жағдайда да 1-ші әдісті қолдана алмаймыз.
к) Кепіл есебіне тауарларды қою.
Кепілді мерзім кезінде қойылған тауарлардың белгілі бір жеке механизмдері жұмыс істемей қалды, бұл жағдайда оларды ауыстыру мақсатында жаңа деталльдар қойылады. Белгіленген шарттар орындалған жағдайда кеден құнын анықтауда 1-ші әдісті пайдалана алады. Импортты құқығына қатысты шектеулер болған жағдайда әкелінген тауарларға 1-ші әдіс қолданылуы мүмкін. осыған байланысты 1-ші әдісті қолдануды әкелетін және тежейтін шектеулерді ажырату қажет.
Сатып алушының әкелінген тауарларға қатысты төменде келтірілген шектеулердің 3 түрі ғана кеден құнын анықтауда 1-ші әдісті қолдануға мүмкіндік береді:
а) Қазақстан Республикасы заңдылығымен белгіленген шектеулер, аталған жағдайда, мысалға белгілі бір тауарды импорттауға құқы бар тұлғаларға қатысты шектеулер болуы мүмкін: жекелеген жағдайларда, ядролы, химиялық, нашақорлық заттарды импорттауды тек белгіленген тұлғалар (ұйымдар) ғана жүзеге асыра алады.
б) тауарлар қайта сатылуы мүмкін, географиялық аймақтардың шектеулері. Бұл жағдайда территориялық шектеулер және тұлғаларға қатысты және бұнда әрбір сатушының әр біреуі өзінің тауарларын тек өзінің территориясында ғана сата алу шарты қарастырылған.
в) тауарлардың құнына мәнді ықпал етпейтін шектеулер.
Шектеулердің түрлерін бағалауда негізгі критерий мәміленің бағасына белгілі бір шарттың ықпал етуі. Егер де мәнді бір ықпал болмаса, ол 1-ші әдістің қолдануына кедергі бола алмайды.
Шетелдік тәжірибеде көрсеткендей, тәжірибеде мәлімет бағасына әсер етуші шектеулер жайлы арыз беру болған жоқ. Егер де бағаға әсер еткен шарт жайлы арыз бермес және де құжатты түрде осы шарттың әсерінен бағаның сандық өзгеруі белгіленсе, онда 1-ші әдісті қолдануға болады; егер де құжатты түрде сандық өзгерісті дәлелдей алмасақ, онда бағалаудың басқа әдістеріне көшу керек.
3 шарт 1-ші әдісті қолдану – тауарларды сату не болмаса құн бағасы келесі жағдайларға тәуелсіз болған жағдайларға тәуелсіз болған жағдайда мүмкін:
а) сату шарты
б) қоюдың шарты
Бұл жағдайда мәміленің шартын қарастырған кезде СЭҚ қатысушыларының барлығына таралатын, яғни жалпы белгіленген сипатқа ие болатын және де жалпы белгіленген болып табылмайтын яғни ішінара сипатқа ие болатын шарттарды ажырату қажет.
Төменде 1-ші әдістің қолданылуын тежей алмайтын сыртқы экономикалық қызметте орын алатын қоюдың жалпы белгіленген шарттарын қарастырған:

  • қоюдың жалпы белгіленген барлық шарттары (инкотермыс-ФОБ, СМФ, ДАФ және т.б.).

  • қоюдың жүзеге асырылыуының және мәміле жасаудың жалпы белгіленген шарттары мысалға: «Экспорт (экспорттық қорытынды) бар болғанда және сатып алу», «Белгілі бір күнге тауарды қою шартына сатып алу» сонымен қатар мәміленің бағасына ықпал етпейтін және сыртқы сауда операциялары үшін жалпы белгіленген болып табылатын басқа да шарттар.

  • сатушыға сатып алушының техникалық өңдеу не болмаса импорт елінде даярланған чертеждерді беру;

  • импортталатын тауарды өткізумен байланысты белгілі бір іс әрекеттерді сатып алушының өз есебінен жүргізуі (мысалға: жарнама бойынша қызметі т.б.)

  • мәміле жасау барысында бағаланатын тауарлардың құнын анықтауға мүмкіндік бермейтін шарттар қарастырылатын жағдайда 1-ші әдіс қолданылмайды. Ондай шарттарға:

  • импортталатын тауарлармен қатар басқа да тауарларды белгілі бір мөлшері сатып алушы сатылатын жағдайда, сатушының импортталатын тауарларға баға берілуі;

  • импорталатын тауарларға қатысы жоқ төлем нысаны негізінде бағаның белгіленуі;

  • тек белгілі бір сатушыдан ғана сатып алуды көздейтін келісім шарт (сатып алу – сату шарты).

  • сатып алу-сату шарты - тауарларды өзара қою (сату) шартында ғана мәміле болғанын белгілейді.

2. Ұқсас тауарлар мен жасалған мәміленің бағасын бағалау әдісі.
2-ші әдісті қолдану барысында кеден құнын анықтауда база ретінде ұқсас тауарлар мәмілелерінің бағасы алынады. Ұқсас (идентикалық) тауарлар болып барлық қатынаста бірдей тауарларда және келесі нышандар бойынша: физикалық мінездемелер анрықтағы репутациясы мен сапасы шыққан елі және өндіруші.
Кедендік бақылау әдісін қолдану барысында:

  1. Бағаланатын тауарлар өндірілетін елде тауарлар өндірілмеген жағдайда, оларға бағалы тауарлармен ұқсас болып танылмайды.

  2. Бағаланатын тауарды өндірушісімен өндірілетін ұқсас тауарлары болмаған жағдайда ғана басқа өндіруші өндірген тауарларды есепке алуы мүмкін;

  3. Тауарлар ұқсас болып танылмайды:

  • егер олар бойынша жобалау конструкциялық жұмыстарды, дизайн, эскиздер мен чертеждер.

  1. Сатып алушы сатушыға ақысыз я болмаса төмендетілген құн мен өндіріспен байланысты және Қазақстан Республикасына экспорт сатуға пайдалануға берілетін болса;

  2. Қазақстан Республикасында орындалған және соған байланысты олардың құнын тауарлардың құны тауарлардың кедендік құнына қосылмайды;

  3. Сыртқы бейнесінде сәл ғана айырмашылық болса ұқсас тауарлар деп тануға кедергі болмайды, егер жоғарыда аталған талаптарға бұл тауар тауып берсе;

  4. Сыртқы бейнесіндегі сәл ғана айырмашылықтар (түсі, конфигурациясы т.б.) бұндай тауарларды ұқсас тауарларға жатқызбауға негіз болмайды.

Әртүрлі тұлғалар өндірген тауарлар декларантта не болмаса кеден мекемелерінде ұқсас тауарлар жайлы мәліметтер болмаған жағдайда ұқсас болып танылады.
Коммерциялық шарттардағы не болмаса сандық айырмашылықтар салдарынан түзетуді кеден мекемелеріне берілген дәлелдемелердің негізінде жүргізу қажет екенін есте ұстау қажет. Бұндай объективті дәлелдемелерге: өндірушінің преикуранттары т.б.
Егер де дәл сол мқлшерде және де сол коммерциялық деңгейде тауарларды әкелу оқиғасы болмаса, онда басқа мөлшерде және басқа деңгейде әкелінген тауарлардың құнын пайдалана аламыз.
Егер де Қазақстан Республикасының кедендік территориямына тауарларды әкелу, әуежайға не басқа жерге апару (әкелу) бойынша ұқсас тауарлар үшін шығындардың құны бағаланатын тауарларға арналған бұндай шығындар құнынан өзгеше болса, онда ұқсас тауарлар мен мәселе бағасы бойынша анықталатын кедендік құн сәйкесінше түзетілуі қажет.
Түзетулер құжатты түрде расталған мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы керек.
Егер де бұл әдісті қолдану барысында мәмілені бір бағасынан көп мәні анықталатын болса, онда желінген тауарлардың кедендік құнын анықтауда ең төмені қолданылады.
Тәжірибеде 2-ші әдіс өте сирек қолданылады, өйткені ұқсас тауарлар жайлы ақпарат табу (жоғарыдағы талаптарға сай келуі) өте қиын.
Егер де идентивті (идентикалық, ұқсас) тауарлар табылмаған жағдайда, ендігі кезде бірыңғай тауарларға мәміле бағасын пайдаланатын 3-ші әдісті қолданамыз.
Бірыңғай тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолданғанда, кедендік құнды анықтаудың негізгі болып желінген тауарлармен бірыңғай болып келетін тауарлар бойынша мәміле бағасы алынады.
Бірыңғай тауарлар әрине барлық қатынаста бірдей болмайтын, бірақ ұқсас мінездемелері байқалатын және де бағаланатын тауарлар секілді функцияларын атқара алатын тауарлар. Бірыңғай тауарларды анықтауда келесі белгілер (нышандар) есепке алынады: сапа нарықтағы репутациясы және тауарлық белгілер болуы, пайда болу елі.
Осындай берілгендердің негізінде клесідей қорытынды жасауға болады:

  • покрышкалардың сауда маркалары өзгеше болса, онда мұндай тауарлар ұқсас тауарлар болып табылмайды.

  • Бірақ, егер де покрышкалар барлық қатынастарда бірдей болмаса, дегенмен ұқсас мінездемелер болған жағдайда, өз қызметін бірдей атқаруға мүмкіндігі болса және де бірдей стандартты, сапасын, нарықтағы репутациясын сауда маркасын есепке ала отырып, бұндай тауарларды бірыңғай деп қарастыруға болады.

3-ші әдісті қолданғанда 2 әдісті қолданудағы қағидалар пайдаланаылады.
Егер дәл сол мқлшерде және сол коммерциялық деңгейдегі тауарлардың әкелу оқиғасы болмаса, онда бақса да сандық мөлшерде және басқа коммерциялық деңгейде әкелінген бірыңғай тауарлардың құны пайдалануы мүмкін (жеке бағасы осы айырмашылықтарда есепке ала отырып түзетіледі).
Кедендік бағалаудың ағымдағы әдісін қолданады:

  1. Тауарлар бағаланатын тауарлармен бірыңғай болып саналмайды, егер ол тауарлар бағаланатын тауарлардың өндірілген елінде өндірілмесе;

  2. Бағаланатын тауарлардың өндірушісі тауарларды өндірмеген жағдайда ғана басқалармен өндірілген тауарлар есепке алынады;

  3. Тауарлар бірыңғай болып саналмайды, ол оның жобалау, констукторлық жұмыстар, эскиздері мен чертеждері және дизайні.

Сатып алушы сатушыға ақысыз я болмаса төмендетілген құнмен берген жағдайда: Қазақстан Республикасында орындалса және де соған байланысты оның құны кедендік құнға қосылмайды.

  1. Құнды кеміту (азайту) шегеру негізінде кедендік құнды анықтаудың әдісі.

Құнды кеміту (азайту) негізінде кедендік құнды анықтау әдісі бойынша кеденді құнды анықтау бағаланатын идентикалық және бірыңғай тауарлар алғашқы қалпын өзгертпей сатылатын болған жағдайда жүзеге асырылады.
Кеміту әдісін қолданғанда негіз ретінде таурадың кедендік құнын анықтау барысында бағаланатын ұқсас немесе тауарлардың ең көп партиямен сатылатын тауардың бір бірлігінің бағасы болып табылады.
Тауар бірлігінен келесі компоненттер шегеріледі:

  1. Төленуге келісіммен я болмаса төленген комиссиялық сыйақылар: Қазақстан Республикасы сатумен байланысты шығындарды табу және пайда алу мақсатында есептелген үстемелер;

  2. Тауарларды сатумен және әкелумен байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиісті бағыттардың, салықтардың, алымдардың және басқа төлемдердің сомасы;

  3. Қазақстан Республикасында жүзеге асыра алатын жүктеу және сақтандыруға, транпортировкаға т.б. кететін шығыстар.

Сол сынып пен түрдің тауары – белгілі бір өнеркәсіп саласымен өндірісімен және бірыңғай тауарларды қосатын және де тауардың бір тобына разрядына жататын тауарларды білдіреді.
Құндарды қосу негізінде кедендік құнды анықтаудың әдісі.
Құндарды қосу негізінде кедендік құнды анықтау әдісін пайдаланғанда, кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде – қосу жолымен есептелген тауардың бағасы болады:

  1. Бағаланатын тауарды өндірумен байланысты дайындаушының материалдар мен шығындарға кеткен құны;

  2. Қазақстан Республикасына қою барысында экспорт еліне өндірілген бағаланатын тауарлар секілді сол сынып және түрге жататын тауарлардың сату барысындағы бағаға кіретін пайданы және жалпы шығындардың сомасы;

  3. Әуежолға, портқа не болмаса басқа жерге тауарларды жеткізу шығындарының құны.

Кедендік құұнды анықтаудың резервтік әдісі.
Егер де кедендік құн жоғарыдағы келтірілген 5 әдіс бойынша декларантпен анықтай алмаған жағдайда, кедендік мекемелерде осы 5 әдісті қолдануы мүмкін емес деп анықтаса, онда бағаланатын тауардың кедендік құны 1-5 әдістемелері икемді қолдану жолымен анықталады.
6-шы әдіс бойынша анықталатын кеденді кқұн алдында анықталған кедендік құндарға максимальды деңгейде негізделуі қажет. Резервтік әдісті қолдану барысында, кеден мекемелері декларантқа бағалық ақпарат береді (ұсынады).
2.5 Кедендік төлемдерден түскен түсімдерді талдау және оның мемлекеттік бюдетті қалыптастырудағы ролі

СЭҚ-н либерализациялау жағдайында отандық өнеркәсіп және бюджеттің түсімдерінің көзін реттеуде функционалдық ауыртпалығын ұстайтын кедендік тарифтердегі олді жоғарылауда. Кедендік тарифтер – баға белгілеу механизмі арқылы жүзеге асырылатын сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің ең көп тараған құралы.


Кеден тарифінің негізі функциялары: протекционистік (қорғаушылық) және фискальдық.
Протекционистік функция ұлттық тауар өндірушілерді қорғаумен байланысты.
Кедендік баждарды алу – импортер тауарының ішкі нарығында құнын жоғарлатып, сондай жолмен ұлттық өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндіруші шаруалардың бәсекелестік қабілетін жоғарлатады. Яғни, импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетел өнімінің экспанциясынан қорғайды. Отандық тауарлармен бәсекеге түсетін тауарлар жоғары кеден баждарымен салынады, ал елдің ішінде аз және жеткіліксіз мөлшерде өндірілетін тауарлардан төмен кеден баждары алынады[21].
Бұл принцип сонымен қатар мемлекеттің фискальды мүддесін де мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімін толтыру арқылы жүзеге асады, және де кеден тарифінің фискальды функциясы осыдан айқын көрінеді.
Кеден тарифі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу құралы ретінде елдермен сауда портперларымен сауда-экономикалық жәнес ауда саяси жеңілдік үшін қолданылады.
Үкіметтің салық саясатының өнері салық салу мен құралдарының қаншалықты екі функция арасында байланысты сақтауға мүмкіндік беретінінде айқындалады. Дегенмен, қазіргі таңда кеден тарифінің фискальды функциясы басымды.
Бұл нақты жағдаймен мысалға өндірісті түсуімен байланысты салық базасының және де экономикалық субъектілердің табыстарының қысқаруымен түсіндіріледі.
1997-2000 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің табысына түскен кедендік төлемдердің динамикасын қарастырайық.
Көріп отырғанымыздай, кедендік төлемдерді өндірудей өсімі айқын байқалды.



Сурет 3. Кедендік төлемдер (млрд. теңге)

Егер де 2007 жылы кедендік төлемдер 6,5 млрд құн мөлшерінде өндірілсе, 2008 жылы – 5,2 млрд тг, 2009 жылы – 8 млрд тг, 2010 жылы – 10 млрд тг, 2011 жылы – 11,7 млрд тг болса, 2012 жылы ол – 18,5 млрд тг. құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 2011 жылғы өсімнің қарқыны 53,8%, 2009 жылмен салыстырғанда – 93,1%, 2011 жылға қарағанда 2012 жылы – 84,1%, 2011 жылмен салыстырғанда – 57,4% құрады.


Сурет бойынша 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің құрамындағы кеден төлемдерінің үлесінің 3,15%-нің өскені байқалады.
Бұл кеденді ктөлемдер өсімінің қарқыны салықтар есеп табыстар өсімінің қарқынынан асатынымен айқындалады.
Кедендік төлемдерден басқа салық және кеден заңнамаларына сәйкес тауарды әкелген кезде кеден органдарымен ҚҚС және әкелу салығының өлшемдері өндіріледі.
Тауарларды импорттау кезінде кеден органдарының өндіріп алған салықтарының өсімінің қарқыны 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 72,5%-ды, 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы – 52,4%-ды құрады. Импортталған тауарларға ҚҚС түсімдері де 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 54,3%-ке азайды.
Мемлекет бюджеті кірістер құрылымында салықтар мен кеден төлемдерінің түсімін (мөлшері өсуде). Сөйтіп, мемлекет бюджетінің кірісіне жалпы көлемде кеден төлемдерінің түсімінің үлесі. 2009 жылы – 7%, 2010 жылы – 11,8%, 2011 жылы – 11,2%, 2012 жылы 1-жартысында – 14,5%, 2-ші жартысында – 10,8% құрады.
Облыстар шеңберінде 2012 жылы мемлекеттік бюджетке түскен кедендік төлемдер түсімін қарастырайық.
Ең жоғары кедендік түсімдері үлесі – Алматы қаласының салық комитетіне (19054 млн тг), Батыс Қазақстан облысында (6717 млн тг), Қарағанды облысында (5221 млн тг). Ал жоспардың көп мөлшерде Ақмола облысы бойынша (46,3%). Атырау облысы бойынша (45,4%), Солтүстік Қазақстан облысы (29,7%) орындалуы байқалады.
Ендігі кезде Республикалық және жергілікті бюджеттер шеңберінде 2012 жылғы кедендік төлемдер түсімдерін қарастырайық. Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кедендік төлемдер есеп салықтардың бөлінуі 2012 жылы республикалық бюджетке – 57726 млн тг сомасында кедендік табыстар түсті (98,2% - жалпы сомадан) жергілікті бюджетке – 1042 млн тг не болмаса 1,8%-ін құрады.
Болжамның орындалмағаны байқалады: акциздер бойынша – 31,4%-ға, импорттық кеден баждары – 0,5%-ке. Фискальды функцияның орындалуын (іске асырылуы) қиын жағдайда болды. 1998 басталған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарыс, соның салдарынан Қазақстан өнімінің өткізудегі нарықтарының жоғалту және де шикізат тауарларына бағалардың төмендер кетуі – Қазақстанның экспорт және импорт тауарларының көлемінде негативті көрініс таппай қойған жоқ.
Дегенмен, кеден баждарының түсімінің және мемлекеттік бюджеттері салықтардың түсімінің орындалуын 2012 жылы 5,7% (105,7%), яғни көбісі баждар есебінен орындалуы; экспорттық кеден баждарын өндіру бойынша өндірілген төлемдер 26%-ға.
Салықты басқару жүйесі (СБЖ)- салық жүйесінің біртұтастық, толықтық кандидаты негізінде қызмет ету үшін пайдаланылатын жетілген техникалық құралдар мен өзара байланысқан методикалық-ұйымдық шаралар кешені, сонымен қатар оның құрамдас бөліктерінің де қызмет етуін қамтамасыз ету қажет. Жалпы салықтық басқару:

  • салық құрылымын оптимизациялау;

  • оларды алу, ұйымдастыру, салық есебі мен есептілігін тексеру механизмдерін жетілдіру;

  • салықтың дұрыс есептелуін, салық органдарының кодекспен белгіленген құқықтары мен міндеттерін атқаруға, 2-ші жағынан салық төлеушілердің мүдделерін қорғауды, уақтылы және толық салық төлеуді бақылайды;

  • салық салу процесінің барлық қатысушыларының салықтық қатынастарын горманизациялау я теңестіру;

  • салық түсімдерін бюджттер арасында бөлу;

  • алынған нәтижелерді жинау және анализдеу;

  • және осы алынған нәтижелердің негізінде жалпы жүйенің жетілдіруін, оның ішінде салықты басқару жүйесін жетілдіру мәселесін талқылау.

Салықтарды тікелей басқаруды әдетте барлық территорияға бірдей салық әкімшіліг жүзеге асырады.
Біздің пікірімізше, салықты басқару мәселесіне теориялық-методикалық тұрғыдан қарау (көзқарас) жүйелік анализ қағидасына негізделу қажет, яғни негізгі жүйе ретінде – салық жүйесі, ал СБЖ – оның кіші жүйесі болып табылады.
Жалпы салықты реттеу мен басқаруды келесі суреттен көре аламыз.


Сурет 4. Салықты реттеу мен басқару


Бұл жердегі салықтық реттеу (иерархияның (VI-IV) деңгейлер аралығында жүзеге асырылады), ол өз кезегінде елдің қаржылық-экономикалық саясатын анықтаудан басталады. (Салық саясаты тек оның бір бөлігі ғана болып табылады) да, салық заңнамасын құруымен жалғасады, ол негізінде салық жүйесі қалыптасады; осы салық жүйесіне сәйкес мемлекеттік бюджет қабылданады.


Енді келесі деңгейі аралығында көпшілік бұл салықты басқару негізгі жүйесі деп аталады және өзіне негізгі элементтері ретінде басқаратын кіші жүйе (салық әкімшілігі түріндегі – салық субъектісі) және басқарылатын жүйе (банк және салық төлеушілер), ал олар өз кезінде салықты басқарады.
Реттеу салық жүйесінің біртұтастығын, тұрақтылығын, реттемешілігін сақтайды.
Бақылау-салық төлеушілердің салық әкімшілігімен кері байланысты қамтамасыз етеді, оның көмегімен басқару объектісінің шешімі туралы ақпарат алынып бақыланады.
Анализ-салықты басқару және ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою
мақсатында, жою мүмкіншілігін алу үшін басқару процесін оны құрайтын элементтерге тіктеу (разложение), сонымен қатар прогрессивтік құбылыстарды керісінше беректеу және салық жүйесінің тиімділігін жоғарлатуға байланысты ұсыныстар жасау.
Ынталандыру – салық қызмет қызметкерлерін өнімділікті еңбекке, салық төлеушілерді –еркін ынтымақтастыққа ынталандыра басқарудың жалпы функциясы.
Келесі бөлімшеде сіздер біздің еліміздегі салық қызметі органдарының құрылы, міндеттері мен құқықтары жайлы мәліметтерді ала аласыздар.
3) Ақша қаражаттарының қозғалысын және заңсыз әдістерін шығару. Қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған шараларды орындау және құрастырумен айналысатын кеден органдарымен қатар басқа да құқықтық сақтаушы органдар атқарады. Кедендік банктік валюталық бақылауды жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының экономикасына ықпал ететін факторларды талдау, қаржылық тәртіп жағдайларын және экспорттық-импорттық қаржылық операциялар кезінде бұзушылықтарды СЭҚ процесінде шығару.
3 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі және оларды жетілдіру
3.1 Қазақстан Республикасындағы кедендік тарифтік реттеуді жеңілдету

Сыртқы экономикалық байланыстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының мықты факторы болып табылады және олар осы дамуды жеделдетуге немесе баяулатуға әсерін тигізеді. Ұлттық экономика жағдайына жағымды ықпал етеді. Осындай жағдайда сыртқы экономикалық қатынастарға оның тиімді әсерін тигізіп, сонымен қатар олар экспорттық өндірісті, ғылымдық өңдеу және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған өнімді экспорттауға дамытуға ықпалын тигізеді. Өнімді сыртқа шығару үшін елдің құрылымдық-технологиялық экономикасын қайта құру керек. Сонымен қатар елдің және оның халқының бірінші деңгейдегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Қоғамның моральдық жақтарына сай келмейтін өнімдер, ескірген құрал-жабдықтар және адам денсаулығына қауіпті, экологиялық зиянды тауарлар импортталмау керек. Сыртқы экономика қызметінің жеке субъектілердің коммерциялық мүдделері мемлекеттің мақсаттылығынан асып түспеу керек. Сыртқы экономика қызметтерінің мақсаттарына және есептеріне кедендік баж жүйесі қарым-қатынаста болып табылады. Сонымен қатар мынадай жағдайлар болуы мүмкін, бірінші жағынан баж жүйесі елдің жеке алынған мүдделеріне сай келуі мүмкін, бірақ басқа жағынан қайшы болып зиян келтіреді. Жалпы алғанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына теріс ықпал етеді. Мемлекеттің саясаты сыртқы экономикалық қызметтерден және ұлттық өнімдерден максимальды жиынтық табысты алуға бағытталуы керек. Егер кейбір қызметкерлерге және таураларға баждардың төмендетілуі немесе алынып тасталуы қоғамның жиынтық табысына және ұлттық экономика табыстарының өсуіне әкелетін болса, онда осындай саясат сыртқы экономикалық қызметтерден мемлекет қазынасына түсетін табыстарды азайтады. Бірақ ол кейбір тауар түрлеріне баждардың өсуін қарастырады, егер ол тауарлар халықтың денсалығына, экологиясына және ұлттық өндіріске зиян келтіретін болса, онда оны Қазақстандық нарыққа енуіне біршама тосқауыл қояды.


Қоғамның жиынтық табысының ұлғаюы экономиканың тиімді өсуіне бағытталған. Сонымен қатар елдің моральдық және физикалық денсаулығын сақтауға және оның экологиялық жағдайының жақсаруын , сонымен бірге тиімді кедендік баж жүйесіне жоғары сапалы талдау жасап және тәжірибелік сұрақтарды шешкенде және нақты әкелетін тауарларды тексергенде қиын математикалық құралдар қолдану. Осындай құралдармен осы мәселелерді шешетін біздің мемлекеттік органдар жабдықталған.
Бейнеленген шарттар саласында тәжірибеде мемлекеттік және ұлттық ішкі бағалар қолданады. Әкелінетін баждар жүйесінің тиімділіг және өзгеру мәселелері ішкі бағалар динамикасына және сыртқы саудадан түскен мемлекеттік бюджет табыстары, отандық өндіріс салаларының динамикасына тигізетін әсері анықталынады.
Әкелінетін баждар өзгерісі ішкі өндіріске әсер етеді, өйткені баждар тауар импортын реттейді.
Баждардың төмендеуі шетел компанияларының отандық өндірушілерге әсерін тигізеді және отандық өндірушілерді ішкі нарықтан ығыстырады.
Осының нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелестігін және тиімділігін жоғарлатады, соның нәтижесінде шығарылатын тауар сапасының жақсаруы байқалады.
Осы мәселелерді қарастырғанда, дұрыс шешім қабылдаған жөн, бір жағынан ішкі нарықта бәсекелестік жағдайды дамыту соның нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің өндірісін жақсарту, ал екінші жағынан отандық тауар өндірушілерді ішкі наоықтан ығыстырмау мәселесі жатыр.
Қазақстан егемендігін алғаннан кейін әлемдік қауымдастыққа ену жолында. Қазіргі жағдайда дүниежүзілік ұйымдарға қатысу бірден-бір егеменді мемлекет үшін маңызды атрибут болып табылады.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне Қазақстанның өркениетті мемлекетті құру үшін қатысуы және алға қойған реформаларды орындау үшін алға қойған бірінші кезектегі мақсаты болып табылады.
Еуропаға интеграция жолында Қазақстан шаралар қолданып жатыр. Олар: Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ елдерінің арасындағы сауда-саттық қатынасы біртіндеп және жалпы тауар айналымының өсу тенденциясын байқауға болады. Бұндай жағдайдың болуы екі жақтың бір-біріне экономикалық жағымды сауда саттық ортаны құруы болып табылады және антидемпингтік шараларды, бәсекелестікті және экономикалық сауда келісімдерінің басқа да аспектілері жатады. 1992 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымын бақылау статусы бар. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымы арқылы глобальдік әлемдік сауда жүйесіне енуін саяси деп есептеуге болады.
Ал Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше елдердің артықшалықтары мен пайдаларын құрастырғанда мынадай логикалық ерекшеліктерге байланысты:

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына мүше елдердің жағымды нарықта көбірек нақты пайдалану режімі;

  • Дүниежүзілік сауда механизмін құқықтық үлгіде қатысу;

  • Дүниежүзілік құқықтың жүйенің әртүрлі дискриминалданған және басқа заңсыз қызметтердің қорғалуы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше партнерлардан;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдары жұмыс бөлімдерін және көп жақтылық әлемдік сауда либерализациясы келіссөздерде құқ даусы;

  • Сыртқы экономикалық с аясатқа байланысты барлық керекті ақпараттар және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қатысу елдер өкіметінің бағыттары, соның ішінде әлемдік нарықта Қазақстан мүдделеріне әсер ететіндер;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарында квалификацияланған консультация алу және Қазақстан Республикасының сыртқы сауда проблемаларын қарастыруға мүмкіншілік;

  • Дамушы елдер шеңберінде анықталынған жеңілдіктер және техникалық көмек алуға мүмкіншілік.

Сонымен қатар Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына қатысу тек қана құқ бермейді, сонымен қатар анықталған міндеттер қояды:

  • нарықтық экономикаға өту;

  • сыртқы экономикалық қатынастарды тек қана экономикалық әдістермен шешу;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына кірген кезде белгіленген кедендік баждардың көлемін өсірмеу;

  • екі жақты тауар айналымын жоспарлаудан бас тарту ол Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарының негізгі принциптеріне қайшы келеді.

  • басқа елдер берген жеңілдіктер, сыртқы экономикалық заңдылықтардың өзгеруі, сыртқы сауда жағдайы, сыртқы экономикалық саясат және экономика жүйесін басқару туралы Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына ақпарат ұсыну керек;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарының мүшелік салымдарын төлеу;

Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына ену артықшылықтары болып Қазақстан Республикасының толық мүшесі ретінде халықаралық көмекке жүгіну, перспективалық сыртқы нарықтарға экспорттық тауарлардың нәтижелі өтуі. Және батыс елдердің жиі қолданатын антидемпингтік саясаттарға шек қою.
Бірақ, Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарының негізгі талаптарына сай әрбір елдің керекті спецификалық ерекшеліктерін еске алу керек.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына енгенне кейін осы халықаралық ұйым талаптарды айтып отырады және болашақтағы импорттық баждарға төмендетілу байқалады. Бірақ төмендетілу біркелкі орындалуы керек. Өйткені отандық тауар өндірушілерге шетел фирмалары жағынан қатаң бәсекелестікті және баждардың төмен болуы біраз ауыртпалық түсіреді. Сонымен қатар отандық өндірушілердің ұйымдық-техникалық артта қалуы байқалмау керек. Осы әдісті негізінен мынадай жағдайда сақтау қажет, отандық тауар өндірушілерді кейбір тауар түрлерін қорғау үшін уақтыша әкелінетін баждарды көтергенде туындайды. Осы қорғаныс жиі болуды жібермеу керек.
Кедендік әкелінетін баждардың уақытша мінезін айта келе уақытын белгілеу керек.
Кедендік баждарды қайта қарастыру мемлекетке сыртқы экономикалық қызметтердің табыстары өзгереді. Фискалдық бағалауда баждарды қайта қарастырусыз болмайды. Мемлекет алдын ала әкелінетін баждар оның табысына қалай әсер ететіндігін білу керек. Өкінішке орай, кедендік органдар жұмысының сапасын бағалағанда фискалдық келу маңызды рол атқарады, бірақ ол өтелмейді. Кедендік органдар акциз, қосымша құн салығы және кедендік баждар алымдарының толық жиналуына жауап бермейді.
Кедендік баж ставкаларының төмендеуі бюджет тапшылығын туғызбауы мүмкін, өйткені, сыртқы тауар айналымы арқылы толықтырылады. Осындай өсу сыртқы және ішкі факторлардың қиын комплексі арқылы реттелінеді. Бірақ олар кедендік органдар жұиысыгның сапасына байланыссыз болып табылады.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымдарына кірген кезде импорттық кедендік баждар ставкалары да төмендейді, сонымен қатар отандық тауар өндірушілер ішкі нарықта позициясын ұстанғанмен елдің технологиялық және өндірістік қауіпсіздігі халықаралық деңгейге сай емес. Сондықтан енетін баждардың төмендеуі импорттың ұлғаюымен компенсацияланбайды, және осындай импорт көлемі елдің мүддесіне сай емес.
Ұлттық бағалар динамикасына және деңгейіне әкелінетін баждар әсер етеді. Мынандай ой кең тараған, ұлттық бағалар деңгейі баждар деңгейіне тікелей әсер етеді, олардың арасында тікелей пропорционалды байланыс бар: баждардың төмендеуі – ішкі бағалардың төмендеуіне әкеледі, ал жоғарлауы олардың өсуіне әкеледі.
Кедендік тарифтерге келетін болсақ, олар ұзақ меорзімді перспективаларда ешқандай роль атқармайды, бірақ сауда либерализациясына байланысты олар табыс көздерінің қысқа мерзімді жоспарында негізгі рөлде болуы мүмкін. сол уақытта импорт тарифтерінің құрылымы көптеген критерийлерге сай болуы керек:

  • тарифтер тым жоғары болмау керек, өйткені контрабанда пайда болуына алып келеді, ал егер тым төмен болса, онда отандық тауар өндірушілерге зиян әкеледі.

  • тариф деңгейі басқа салықтар түрлерімен сай келуі керек, өйткені керекті бюджет табысының жалпы көлемі әрбір салықтың қосқан үлесін анықтау үшін керек.

  • табыс қажеттілігін қысқа мерзімде қанағаттандыру үшін бюджет дефицитін бақылау және басқа салықтарға тәуелді болмауды қамтамасыз ету және тарифтерді ақырындап төмендету.

Қазақстан экономикасын сауықтырудың негізгі факторы және оның дүниежүзілік қоғамға кіруі Орталық-Азия мемлекеттерімен тығыз байланысты. Саяси географиялық орналасуы, жалпы шекарасы сонымен қатар бай табиғи –шикізат ресурстарының болуы, өндірісті дамытуға, бірегей кәсіпорындарды ұйымдастыруға жәенк АПК-мен қарым-қатынаста болу.
Аумақтық қауымдастықтардың бір жағынан артықшылықтары, ал екінші жағынан кемшіліктері бар. Егер ішкі эффектілер тиімді болса, онда мүше емес елдердің қарым-қатынасы баяу эффективті болып табылады. Көрші елдерге бәсекелестік нарықты ашу біздің отандық тауар өндірушілерге тиімсіз болып табылады.
Бәсекелестер отандық тауар өндірушілерді жойып жіберуі мүмкін.
Мұнай, газ және энергетикалық ағымдарды тиімді бақылау дұрыс жүргізу үлкен экономикалық табысқа әкеледі. Қазақстан Республикасы мұнай және мұнай өнімдерінің импорттайтын ірі әкелушісі болғандықтан кеден органдарында құрылымында арнайы бақылау мекеме құрылды. Сонымен бірге энергетикалық посттардың жеке дара құрылымдары және энергетикалық өнімдерге ағынына кедендік бақылау деңгейінің жоғары қамтамасыз етілуі бюджет түсімдерін ұлғайтты. Халықаралық сауда арқасында қазіргі таңда Қазақстан Республикасында экономикалық өсу байқалады. Қазақстан Республикасында экспорттық орталықтанған мемлекеттік жүйесі арқылы реттеу осы аралықта шығаруды ынталандырмайтын қаржылық-несиелік механизм болуы кеерк. Экспорттық операциялары сақтандыру және ішкі нарықта ұызмет ететін жағымды жағдайларға экспорттық несие беру. Сонымен қатар экспортты ынталандырудың қаржылық шаралар-салықтық жеңілдіктер, тікеелй субсидиялар, экспортерларға өнімді және жартылай фабрикаттарды шығару кезінде кедендік жеңілдіктер.
Сонымен қатар біркелкі автоматизацияланған ақпараттық жүйені енгізген кезде статистикалық және кезендік рәсімдеулердің ақпараттық ағымын процедураларды жүргізу шығындарын кішірейтпейді.
Челночный бизнесті толық кедендік бақылауға жақын арада алу керек. Осы бизнес соңғы кезде кең ауқымды болып табылады.
Челночный бизнеске бақылаусыз қарым-қатынас мемлекет қазынасын көптеген қаржылық қаражаттардан шектеп тұр, сонымен қатар өндірістік және тамақ тауарларынан нарық ісініп тұр.
3.2 Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді төлеу әдісін қолдану ерекшелігі

Қазақстан Республикасының барлық ірі кеден бекеттерінде Халық банкі төлем карточкалары арқылы кедендік төлемақы жүргізу.


Кеден төлемдерін іске асыру кезінде сіз, әдетте, бірқатар кедергіге тап боласыз:
— жүргізілген төлемақы расталуы үшін бірнеше күнге дейін күтуге тура келеді;
— төлем жасалғаннан кейін қалған ақша сомасын басқа мақсатта пайдалануға болмайды.
Халық банкінің төлем карточкасы арқылы өз бизнесіңізді дамыту үшін барынша жұмылып қызмет істей аласыз. Бұл үшін ұйымның сенім білдірілген тұлғасының атына Банктен төлем карточкасын ашсаңыз жеткілікті, әрі қарай ол кедендік төлемдермен айналысатын болады.
Cіз үшін тиімділіг қандай:
Қауіпсіздік. Карточкаі қаншалықты шағын ғана болса да, карт-шоттағы ақшаны жоғалту қаупі жоқ, бұл мүмкін емес.
Уақыт үнемделеді. Төлем тікелей кеден бекетінің өзінде жүргізіледі. Ақы төленгеннен кейін берілетін чек кедендік төлемнің құжаттық растамасы болып табылады. Қажет болған жағдайда (валюта бағамындағы айырмашылыққа байланысты) жетіспейтін сома төлемін кедендік ресімдеу процесін бұзбай-ақ жалғастыруға болады.
Ақшаға бақылау жасай аласыз. Банктен берілетін үзінді бойынша ақшаның барлық қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар сіз кеден төлемдері бойынша карточкалық операцияларға шектеу қоя аласыз.
Ақшаны пайдалану икемдігі. Кедендік төлем жүргізілгеннен кейін қалған ақшаны тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдалануға болады. Мұнымен қатар, карточка көмегімен сіз қолма-қол ақша алуыңызға да болады.
Кредит лимитін белгілеу. Сіздің белгілі бір лимит шеңберінде кредит желісін ашу мүмкіндігіңіз бар.
ҚКБ карточкасы арқылы кедендік төлемдерді төлеу Қазкоммерцбанк жаңа қызметті сыртқыэкономикалық қызметтерге қатысушылар үшін ұсынады.Енді Қазкоммерцбанктің VISA немесе MasterCard төлем карточкаларының иелері болып табылатын компания немесе жеке тұлға оны Қазақстан Республикасының кеден бекеттерінде кедендік төлемдер ретінде пайдалана алады.
Кеден бекеттерінде қандай қызметтерге төлеуге болады?
ҚР кеден бекеттерінде карточка иелері мына қызмет түрлеріне төлем жасай алады:

  • Кедендік жүк декларациясын ресімдегені үшін алым (кеден процедурасы);

  • Кеден бажын (экспорттық-импорттық);

  • ҚҚС;

  • Қорғаныс бажын (тауар түріне байланысты);

  • Акциз (тауар түріне байланысты) және басқ.

Бұл қызметтің артықшылықтары мен ерекшеліктері неде?

  • Төлем кеден бекетінде жасалады;

  • ПОС-терминал берген чек төлемді растау болып табылады, бұл бірден кеден жүгін ресімдеуге кірісуге мүмкіндік береді;

  • Жетпей қалған соманы кедендік ресімдеуді үзбей-ақ, жылдам қосымша төлеу мүмкіндігі;· Кеден алымдарын артық төлеу болмайды;

  • Уақытша сақтау қоймалары мен көлік және басқ. жалға алу мерзімі қысқарады.

Төлем қалай жүзеге асырлады?
Кеден инспекторы төлем түрін көрсете отырып, төлеуші мен декларант туралы қажетті ақпаратты компьютерге енгізеді. Одан кейін төлеушінің төлем карточкасын ПОС-терминалдың есептеу қондырғысынан өткізеді. Авторландыру сұратуына оң жауап алған жағдайда:

  • Банк төлеушінің карточкалық шотындағы сұратумен көрсетілген ақшасын шектейді;

  • ПОС - терминал төлем түрлерін бөле отырып (ҚҚС, кедендік төлемдер және т.б.) төлем жүргізілгені туралы деректері көрсетілген чек береді.

  • чек ПОС – терминалмен бірге төлеу фактісін растайды және одан әрі кедендік ресімдеуге көшуге мүмкіндік береді.

Кедендік төлемдерді қайда төлеуге болады?
Қазіргі уақытта ҚР 96 кеден бекетінде ПОС – терминалдар орнатылған. Қазкоммерцбанктің клиенттері кедендік төлемдерді ПОС-терминал деректері арқылы жүзеге асыра алады.
Аталған қызмет қанша тұрады?
Аталған қызметті ұсыну үшін Қазкоммерцбанк пен Халық банкі арасында ҚКБ клиенттері кеден төлемдерін төлеу мүмкіндігі келісілген шартқа отырды. Осыған байланысты біржолғы тәртіпте карточка иелерінен ұсталатын тарифтер бекітілді.
3.3 Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.


2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.
Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
2004 жылдың басынан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасы дербес жүргізіледі және кеден шекарасында радиациялық бақылау жүзеге асырылады.
Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде рәсімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік рәсімдеу орталықтары құрылды.
Алдын ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады, бұл – жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады, сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды.
Ең адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға «жасыл дәлізді» пайдалануға құқық береді.
Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру маңызды емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема бойынша жүргізіледі.
2003 жылдың соңында елдің кеден қызметінің Ақпараттық бекеті ашылды.
Бір қатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және осының негізінгде «KTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «Электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтады.
Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік скайнерлеу кешені («ТС-SCAN»), «Янтарь» радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, «Wed-декларант» электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Шекарадағы бақылаушы органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бірыңғай бақылау -өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде барлық бақылаушы органдардың өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы функцияларын жүзеге асрыу тәртібі айқындалған.
Бірыңғай бақылау өткізу пункттерін салу бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Павлодар облысында «Шарбақты», Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл», Солтүстік Қазақстан облысында «Қарақоға» және Қостанай облысында «Ұбаған» қолданысқа енгізілді.
Ресей және Қырғыз тараптарымен біріккен кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай бақылауының құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кедендік әкімшілендіруден нысандары мен әдістері жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік бақылаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға жеңілдіктер мен преперенцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулылары мен ақпараттың ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін негізгі тауарларға бағалы каталогтар бекітілді. Бұл кедендік құнды төмендету фактлерін болдырмауға ықпал етеді. Құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.
Бюджеттің әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі шараларды қолдану шағын және орта бизнес санаттарына жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың салықтық салымын жеңілдету мақсатында комитеттің бастамасымен ҚР Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурызындағы №217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы №430 екі қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің салмақтық нормалары 10 есе, ал жеміс-жидек өнімінің 5 есе жоғарлады. Бұдан басқа тұтыну кәрзіңкесіне кіретін бірқатар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға кедендік баждарды жаңа төмендету ставкелері қабылданды.
Барлығы 2012жыл ішінде Республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 204,4 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салқытар келіп түсті. 2002 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 108,7 млрд теңгені құрады немесе 2,1 есе өсті.
2012 жылғы 27-28 ақпан күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік рәсімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.
Бұл іс шараға Өзбектсан Республикасы мемлекеттік кедендік комитеті төрағасының орынбасары С.Х.Насыров және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекцияның диреткоры С.Т.Омарқұлов, Көлік және коммуникациялық, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызмет, «КазАТО» халықаралық автокөлікпен тасымалдаушылар одағының өкілдері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қатысты. Өзбек кеден қызметінің басшылары және ҚР ҚМ КБК департамент, басқарма, кеден бекеттерінің басшылары қатысты.
Семинар – кеңестің барысында кедендік рәсімдеулерді оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдайларды жасау мәселелері жан-жақты талқыланды. Кедендік кодексті пайдалану тәжірибесіне жан-жақты талдау жасау және кәсіпкерлердің ұсыныстарын еске алу негіздерінде кедендік Заңнамаларды жетілдіру, Кодекске өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, кеден мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ тәуекелділік басқару жүйесін қолдану кезінде таңдалған кедендік режимдерге сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқарту нормалары (12-ден 5-ке дейін), «уақытша сақтау орындары» туралы баптарға алдын ала және мерзімдік декларациялау рәсімдерін, тауарларды кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін пайдаланған кездерінде уақытша сақтау мен төлемдердің төленуін қамтамасыз етуді енгізбей-ақ кедендік декларацияны беруге рұқсат етіледі, тауарларды өткізетін тұлғаның негізделген сұрау салу бойынша транзиттік заттарды жеткізу мерзімдері ұзартылады.
Кедендік қызметтің ашықтылығын күшейтудің, кедендік бақылау мен рәсімдеу процестерін жеделдетудің негізгі кілті – оларды автоматтандыру болып табылады. Сондықтан да тауарлардың жеткізілуін бақылайтын автоматтандырылған жүйе, контейнерлерді сканерлеу стационарлық жүйесі («ТС-SCAN»), кәсіпкер тұлғаларды тіркеудің автоматтандырылған пункттері (кедендік дүңгіршек), радиоактивтік материалдарды анықтайтын «Янтарь» стационарлық және «Web-декларант» жүйелері іске қосылды.
Семинарға қатысушылар атап өткендей соңғы кездері кедендік органдарының басқа бақылаушы ұйымдармен шекарадағы қарым-қатынасы арта түсуде. Мысалы мемлекеттік шекарада бірыңғай бақылау-өткізу пункттері (ББӨП) құрылуда. Оларда барлық бақылаушы органдардың өкілдері «бір аялдама» қағидаты бойынша өздерінің тексеру функцияларын атқарады. Қазіргі таңда 3 бірыңғай бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді. Келер жылдың аяғына дейін осындай әдіспен жұмыс істейтін барлығы 8 ББӨП енгізілмекші.
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекциясының директоры С.Т.Омарқұлов кедендік рәсімдеуді және негізу тәуекелдік басқару жүйесін оңайлатылған жол керектігін айтты.
Сонымен қатар оның айтуынша ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында қабылданған Қырғыз Республикасының Кедендік Кодексі Киот конфенциясына қатысты жасалып, ең бастысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Омарқұлов мырзаның пікірінше қызметте электронды ақпараттарды кең қолдану керек деген ұсыныс айтты, сонымен қатар көошілес елдердің кеден органдарымен электрондық қарым-қатынас ұйымдастыру жөн болар деді.
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті төрғасының орынбасары С.Х.Насыровтың ойынша кедендік рәсімдеудің оңайлатылған жолы шешілсе, тауар айналым және кедендік рәсімдеудің жолы әлде қайда жедел түрде өтеді. Ол кеңеске қатысушыларға көбісі Қазақстан Республикасының кедендік кодексінен алынған кедендік тариф жөнінде және Өзбекстан елінің кедендік кодексі жобасы жасалып жатқан жөнінде ақпарат берілді.
Біріккен бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін іске асыру қаржы шығындарын екі есеге, ал кедендік рәсімдеуді жүргізу уақытын үш есеге азайтуға мүмкіндік береді.
Әуежайлар қызметтерінің тиімді және сапалы жұмысына қол жеткізу мақсатында, әуежайлардың «ҰШУ» залында бақылаудың үш кезеңдік жүйесі енгізілуде, бұл әуежайларда бақылау рәсімдерін өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттер кеден органдарының біріздендіру құралдарымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруге тыйым салу енгізілді.
Тексеру ұлттық қауіпсіздікке, адамның өімірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп төнген жағдайда, транзитте мәлімделген тамуардың сәйкессіздігі, сондай-ақ безендіру құралдарының бұзылуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүргізілді.
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында Елбасының берген тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Консультативтік кеңестер құрылды, ақпараттық-консультативтік пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. «Дөңгелек үстелдер», кеден органдарының кәсіпкерлерімен кездесулері өткізілді, біз олармен «кеден кәсіпкерлер үшін» қағидаты бойынша серіктестік, сенімді қатынастарды орнатуға ұмтыламыз.
Елбасының жолдауынан туындайтын әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттің шығыс бөлігінің көбеюіне байланысты ақшаның құнсыздануын болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың күнделікті сұраныс тауарларына қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында Комитеттің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы жылғы 7-ші наурықдағы №217 «Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы кәсіпкер-тұлғалардың тауарларды өткізулерінің кейбір мәселелері» және 5-ші мамырдағы №430 «Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулыларды қабылданды. Оларда өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және тасымалданатын заттардың салмақтық нормаларын көбейтуге бағытталған шаралар қамтылған. Мысалы, тауарлардың барлық категориялары бойынша 2 тоннаға дейін, жеміс-жидек пен бау-бақша көкеністерін 5 тоннаға дейін өткізуге рұқсат етілген. Сонымен қатар жиынтық кедендік төлемдердің айрықша бөлігі (бір килоға 0,5 ЕВРО-дан кем емес деген) алынып тасталып, төлем ставкасы кедендік құнының 17 пайызын құрайды. Бұл жеке адамдар шығындарының сомасын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, кедендік рәсімдеу рәсімдерін өту уақытын қысқартады. Бірақ, бұл үшін облыс, аудан, қала әкімшіліктерінің басқа мемлекеттік органдарының бірлескен үйлесімді және үйлестірілген жұмысы қажет.
Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу саласында кедендік әкімшілендіру әдістерін жетілдіру негізгі бағыттарының бірі болып қалады.
Кедендік құнының халықаралық қағидаттарына сәйкес келетін құнды айқындауды бақылау жүзеге асырылады, тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылады. Жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынудың заңдылығын бақылау күшейтіледі. Ең алдымен, импортталған тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындау, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ шыққан елін дұрыс айқындау мәселелеріне баста назар аударылады.
Қабылданған шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылтауға мүмкіндік береді. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғандап 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9% артық.
Одақтан кейінгі кезеңде кеден саласына төлем карточкалары арқылы бюджетпен қолда бар ақшасыз есеп айырысу жүйесі алғаш рет рет негізілді. Төлем карточкасы ретінде, аймақтық филиалдар жүйесі ең дамыған екінші деңгейдегі банктер эмитенттенген карточкалар пайдаланылады. Жүйені енгізудің оң белгілерінің бірі басқа елдерде көзделгендегідей бюджетке төлемдерді төлеу үшін арнайы төлем карточкасын әзірлеу қажеттілігінің жоқтығы болып табылады.
Семинар-кеңеске қатысушылар «Ғ.Мұратбаев» атындағы бірыңғай бақылау-өткізу пунктінде болып, тауарлардың жеткізіліуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесін көздерімен көріп, жұмысымен танысты.

Қорытынды


Кеден проблемасын алу проблемасын зерттеу келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.


Кедендік баж – бұл Қазақстан Республикасының территориясында тауарды сыртқа шығарғанда Қазақстан Республикасы кеден органдарымен өндіріліп алатын төлем.
Кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметтерді реттеудің маңызды құрамы болып табылатын кедендік баждардың жиынтығы.
Кедендік тариф Қазақстан Республикасының импорттық саясатының артықшылығын көрсете отырып, импорттық құрылымын жетілдіруге және валюта шығындарын тиімділеуге ықпал етуге құрылады.
Баждардың жеке тауарлар мен тауарлар тобына қатысты көлеміне тәуелді кеден тарифі, не отандық өндірушіні шетел бәсекелестерінен қорғау, не отандық және шетелдік өндірістердің шараларына жағдай жасап, сондай-ақ отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, кеден тарифі сыртқы экономикалық қызметтердің жаңа нысандарының дамуына ықпал етіп, біздің тауардың импорттерлеріне әртүрлі жеңілдіктер бере отырып, Қазақстаннан экспортты шығаруды ынталандыру.
Нарықтық экономикаға және сыртқы экономикалық қатынастарды диберализациялау жағдайында кеден баждары маңызды экономикалық реттеушіге айналды. Кеден баждарының көмегімен мемлекет сәйкес тауарлардың әкелінуі мен шығарылуын ынталандырады немесе оларды шектейді. Отандық тауарды өндірушілер тауарлар мен шетелдік баламаларын бірдей экономикалық жағдайға қояды, белгілі бір экономикалық ғылыми, техникалық, экологиялық, валюта қаржылық, сыртқы экономикалық қатынастар саласында жүргізіп, сыртқы экономикалық қатынатсар субъектілерінің қызметтерін жалпы мемлекеттік, ұлттық мүдделердің арнасына бағыттайды.
Кеден баждары, импорттық және отандық тауарлар өндірісіне бәсекелестік жағдайларын теңестіреді және қайсыбіріне артықшылықтар берместен реттеушілік қызмет атқарады:

  • протенционистік қызметін отандық нарыққа импорттық тауарлардың келуіне шек қоя отырып, баждық кедергінің деңгейі жоғары болған жағдайда мұндай әкелуге тіптен тыйым сала отырып жүзеге асырады;

  • тауарлар импорты үшін кең мүмкіншіліктер жасай отырып, ынталандыру қызметін жүзеге асырады.

Әлемдік тәжірибе тауарлар қозғалысының бағыттаушы байланысты кедендік баждар: импорттық, экспорттық, тарнзиттік, маусымдық арнайы, антидемпингтік, компенсациялық болып бөлінеді.
Кеден баждарының басты бөлігін іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, импорттық баждар құрайды.
Кеден саясаты мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарауына жатады, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасының МКМ-г.
Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаты:
Қазақстандық нарықты қорғау; өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; экономиканы дамытуды ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге ықпал ету; бәсекелестікті қолдап, монополизмге қарсы әрекет ету; экспортты, импортты алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвестициясын тарту; сауда саясатының мәселелерін шешу; мемлекеттік биліктің орталық органдарымен анықталған басқа да мақсаттар.
Кедендік баждарды алудың бір проблемасы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтау.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясынығ сыртқа шығарылатын тауарлардың кедендік құны счет-фактурада көрсетілген тауарлар бағасы негізінде, сондай-ақ, келесі нақты шығындары, түсіру, қайта тиеу, жеткізу шығындары; сақтандыру сомалары, сондай-ақ сатушының тартқан залалдары (комиссиондық және брокерлік сыйақылар, контейнерлер құны, қаптардың құны).
Импорталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағалардың 6 әлісі қолданылады жән олар келесідей кезекте пайдаланылады:
- әкелінетін тауарлармен жасалған мәмілелер бағасы бойынша, бірыңғай тауарлармен жасалған мәмілелер бағасымен; құнын шегеру; құнын қосу; резервтік әдіс.
2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет табыстарына кеден төлемдерінің түсуінің динамикасын талдау белгілі бір өсудің байқалғандығын көрсетеді.
2009 жылдардағы 7994 млн. теңгеден 2012 жылғы 18472 млн. теңгеге дейін мемлекеттік бюджети табыстарының жалпы сомасында кедендік төлемдердің үлес салмағы 2012 жылы 3,5% - ға дейін өсті. Бұл кеден төлемдерінің өсу қарқынының табыстары мен салықтардың өсу қарқынынан жоғары болумен түсіндіріледі.
Кеден және салық заңдарына сәйкес кеден төлемдерінен басқа тауарларды кедендік территорияға әкелгенде кеден органдарымен мемлекеттік бюджет табыстарына салықтық төлемдер есептелініп төленеді: ҚҚС және акциздер 2012 жылы импортталатын тауарлардан т үскен ҚҚС 2011 жылмен салыстырғанда 55,3%-ға ұлғайғандығын атауға болады. Сонымен бірге, импортталатын тауарлардан акциздердің түсуін 7,1%-ға төмендеген.
Кедендік табыстардың түсу мөлшері мемлекеттік бюджет табыстарының жалпы көлемінде: 2009 жылғы 7,0%-дан 2012 жылдың екінші жартысында 10,8%-ға дейін өсті.
Мемлекеттік бюджетке 2012 жылғы кедендік төлемдер мен салықтар түсімін талдау біршама облыстарда кеден түсімдерінің едәуір бөлігі Алматы қаласының Салық комитетіне (19054 млн. теңге); Батыс Қазақстан облысы (67,17 млн. теңге); Қарағанды облысы (5221 млн. теңге) келуі.
Алайда, жоспардың барынша орындалуы Ақмола облысының Салық комитетіне (46,3%), Атырау облысына (45,4%), Солтүстік Қазақстан облысына (29,7%) келеді.
Кедендік төлемдер мен салықтар Республикалық және жергілікті бюджет арасында тартылады, мұнда, олардың басым бөлігі Республикалық бюджетке келеді. Осылайша, 2012 жылы Республикалық бюджетке 55726 млн. теңге немесе 98,2% жалпы сомадан келген табыстары түссе, жергілікті бюджетке 1042 млн. теңге немесе 1,8%-ға түсті. Мемлекеттік бюджетке кеден баждары мен салықтардың түсу жоспарының орындалуы 2012 жылы 5,7% құраса, көбінесе баждар бойынша жоспардың орындалу есебінен қорғау шаралары ретінде алынатындары 51,8%, экспорттық кдеен баждарын алумен байланысты 46,6%, кедендік бақылау және процедуралар бойынша алымдардан 26% импортталатын тауарларға ҚҚС –ның жоспарының орындалуы 6% құрады.
Бұл Қазақстан Республикасының кеден органдарының белсенді шаралар жүргізгендігін көрсетеді.
Болжамдық есептегі төлемдер мен алымдағы жинақтарының ұлғаюы үкіметпен қабылданған заңнаманы жетілдіру шаралары есебінен, сондай-ақ кедендік бақылауды күшейту жолымен.
Қаражаттарды жинауда елеулі өнімді кедендік және салықтық жеңілдіктерді экспорттаушыларға салмау және энергия тасушыларға бақылауды жоспарлаудан әкеледі.
Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейіне, ішкі өндіріс жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетін мемлекеттің табыстарының деңгейіне ықпал етеді.
Баждар деңгейі ұлттықбағалар деңгейіне тікелей әсер етеді және олардың арасында тура пропорционалдық байланыс бар: бағалардың төмендеуі ішкі бағалардың төмендеуіне әкеледі, ал жоғарлауы өсуіне.
Кеден тарифтеріне қатысты айтсақ, олар ұзақ мерзімдік болашаққа айтарлықтай роль атқармайды, бірақ сауданы либерализациялаумен байланысты қысқа мерзімді жоспарда пайданың көзі ретінде маңызды роль атқарады. Сонымен бірге импортқа тарифтер құрылымы бірқатар критерийлерге жауап беру керек:

  • тарифтер контрабанданың пайда болуына әкелетіндей соншалықты жоғары болмау керек немесе өте дифференцияланған болмауға тиіс, өйткені, бұл ішкі салалардың қорғанысының бұрмалануына әкеледі;

  • тариф деңгейі басқа салықтармен бірге бағдарланып, олардың әрбір салықтың бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемін анықтауға болады;

  • қысқа мерзімді табыстарға деген қажеттілікті қанағаттандырылған соң бюджет тапшылығын тақылау үшін және басқа да орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспардағы салықтардан аз тәуелді болуды қамтамасыз ету үшін тарифтерді біртіндеп қысқартады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың көмегімен экономикалық өсудің мүмкіндігі пайда болады.
Қазақстан Республикасының экспортын мемлекеттік реттеудің жүйесінің орталық буыны бұл кезеңде сыртқа шығарудың қаржы несие механизмі болуы керек, яғни, өзіне ішкі нарық пен экспорттық операцияларды сақтандыруда қызмет ететіндерге қарағанда қолайлырақ жағдайда берілетін экспорттық несиелер, сондай-ақ, экспортты ынталандыру қаржы тетіктері – салықтық жеңілдіктер мен тікелей субсидиялар, экспортерлерге шикізатты шығару кезіндегі жеңілдіктер, егер олар қайта экспорттау үшін қолданылса.
Айтылған мәліметтерді қорытындылай келе мына шараларды орындау міндетті болды:

  • Тауарларды жіктеу дұрыстығы мен кеден құнын анықтауға бақылау күшейту.

  • Кеден төлемдері мен салықтарын әкімшіліктендірудің деңгейін қамта-масыз ету.

Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. Кодекс Республики Казахстан «О таможенном деле в Республике Казахстан». 2010 г. Алматы.: Юрист, 2011.- 218 с.

  2. Әлібеков, С.Т. Қазақстанның кеден құқығы: оқу құралы/С.Т. Әлібеков. - Алматы.: Аркаим, 2007 – 267б.

  3. Постановление Правительства РК от 22.05.2002 г. “Об утверждение Соглашения об общем таможенном тарифе государств-участников Таможенного союз”.

  4. Мадиярова, Д.М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару: оқу құралы / Д.М. Мадиярова, А.Е. Калдыбаева, Ұ.А. Текенов, С.О. Есімдаева. – Алматы. : Экономика, 2000 – 652 б.

  5. Сарсембаев, С.Т. Таможенное право РК: учебник для вузов / С.Т. Сарсембаев. - А.: Юридическая литература, 2002 – 437 с.

  6. Баймаганов, М.Т. Казахстанское таможенное право (общая и особенная части), учебное пособие- 2- е изд., изм. и доп./М.Т. Баймаганов- Алматы.: Аркаим 2003.- 332с.

  7. Некрасов, В.А., Джандарбеков, И.А. Основы таможенного дела в Республике Казахстан: учебник / В.А. Некрасов, И.А. Джандарбеков - А: 2002-580 с.

  8. Диденко, П.В. Таможенное право (сборник документов) / П.В. Диденко, М.Б. Кудайбергенов – Алматы.: Институт международного права и международного бизнеса «Данекер», 2000. -312 с.

  9. Таможенный кодекс Таможенного союза от 16.04.2010 г. Алматы.: Юрист, 2011. 176 с.

  10. Драганов, В.Г. Основы таможенного дела: учебник / В.Г. Драганов - М.: Экономика, 1998. -687 с.

  11. Баймуханов,К. Роль органов таможенного контроля в предупреждении контрабанды – А.: Вестник Каз ГУ. 2000г. №2, С. 29.

  12. Голощапов, Н.А. Таможенный контроль: учебн. пособие/ Н.А. Голощапов .- М.: Экзамен. 2000.- 218 с.

  13. Блинов, Н.М., Иванов, В.Н., Кухаренко, В.Б. От культа таможни к таможенной культуре/Н.М. Блинов, В.Н. Иванов, В.Б. Кухаренко - М. 2001. -112 с.

  14. Борисов, К.Г. Международное таможенное право: учебник / К.Г. Борисов - М.: 1997. - 224с.

  15. Айтбаев, К.М. Таможенная политика Республики Казахстан. Таможенная политика Республики Казахстан: проблемы перспективы./ К.М. Айтбаев- Алматы, 1999.- 56 с.

  16. Молчанова, О.В., Коган, М.В. Таможенное дело: учебник / О.В. Молчанова, М.В. Коган.- Ростов н/Д : Феникс, 2005. 314с.

  17. Назаренко, В.М. Таможенное обслуживание внешнеэкономической деятельности: учеб. пособие / В.М. Назаренко, К.С. Назаренко. – М.: Экзамен, 2001 -387 с.

  18. Кисловский, В.К. Таможенное право России: учебн. пособие / В.К. Кисловский. М. : Юристь, 1995-392 с.

  19. Петров,Ю. Практика таможенного регулирования: учебн. пособие / Ю. Петров. М. : Юристь, 2001-263 с.

  20. Нургалиева Д.М. Совершенствование таможенного оформления товаров и транспортных средств. //ВЭД в Казахстане №7, 2005г.

  21. Нуреева З.Л. Таможенное регулирование импорта//ВЭД в Казахстане №76 2004г.

  22. Сапарбаев, Б. Закон прямого действия //Таможенный кодекс Республики Казахстан: Вопросы и ответы / Б. Сапарбаев.- Астана.: ТОО «Кеден-Gustoms», 2003.- 128с.

  23. Сарсембаев, М.А. Таможенное право РК. Учебник / М.А. Сарсенбаев,- А.: Данекер, 2008.-296 с.

  24. Текенов, У.А. Экономика таможенного дела: учебн. пособие/ У.А. Текенов-А.: Экономика, 2005. -168 с.

  25. Текенов, У.А. Экономика таможенного дела: учебн. пособие/ У.А. Текенов-А.: Экономика, 2005. -168 с.

  26. Официальные данные о результатах работы ДТК по ЗКО за 2009 г., 10 мес. 2010 г. (ЭК)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет