Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет28/43
Дата03.07.2016
өлшемі4.3 Mb.
#175102
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.


518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды

қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан

Республикасының халықтың көші-қоны

саласындағы заңнамасын бұзуы


1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар қолданбауы –

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі –

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкпен немесе азаматтығы жоқ адаммен визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарда жүзеге асырылатын қызметке сәйкес келмейтін мәмілелер жасасу –

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп

келушiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза

отырып тарту, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ

адамның Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн

заңсыз жүзеге асыруы
1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалану –

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметiн жүзеге асырудың қажеттi шарты болып табылатын жағдайда, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осындай рұқсат алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы –

Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Жұмыс берушi жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекшi көшiп келушiлердi iшкi iстер органдары беретiн тиiстi рұқсатсыз тартуы немесе бiр жұмыс берушi жеке тұлғаның бiр мезгiлде бестен көп еңбекшi көшiп келушiмен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

520-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде

жұмысқа орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет


Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру жөнiндегi қызметтi жөнсiз жарнаманы пайдаланып не толық емес немесе анық емес ақпарат берiп жүзеге асыру –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


29-тарау. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн

бұзу
Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеден органынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта кеден органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де коммерциялық қызметті жүзеге асыру –

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін

бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін қойма немесе кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті

жүзеге асыру тәртібін бұзуы


Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында кеден органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


524-бап. Кеден органын тауарлар мен көлік құралдарының келгені

туралы хабардар етпеу


Тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде кеден органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабарламау –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


525-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін

бұзу
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының кету тәртібін бұзу, сондай-ақ кету үшін құжаттарды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ұсынбау –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
526-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштің

әсері жағдайында шаралар қолданбау


Авария немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын маңдағы кеден органына осы мән-жайлар туралы осындай тауарлар мен көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы кеден органына немесе кеден органы айқындаған өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етпеу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


527-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына

бермеу
Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын

Қазақстан Республикасы кеден органының

рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан

Республикасының кеден органына жеткiзбеу


1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының кеден органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


529-бап. Көлiк құралын тоқтатпау

Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы айқындайтын орындарда тоқтатпау –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы

кеден органының рұқсатынсыз жөнелту


Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға

байланысты кедендiк операцияларды жасаудың

және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған

тауарлармен құқыққа сыйымсыз операциялар жүргiзу,

олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және

(немесе) оларға билiк ету


1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұзып операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк

операцияларын және өзге де операцияларды

кеден органының рұқсатынсыз жүргізу
Кеден органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою,

алып тастау, өзгерту не ауыстыру


1. Кеден органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын кеден органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


536-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы

қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы


1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлiнің бiр жыл iшiнде қайталап жасаған әрекеті –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi

саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы


Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


538-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен

мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу


1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi кеден органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


539-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына

есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті

ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау
Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кеден қоймасы немесе еркiн қойма, бажсыз сауда дүкенi иелерiнiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi кеден органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды

сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу


Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне жылжыту тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу –

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу -

тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу

өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу


1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу -

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау –

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкелінген тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеуі –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


544-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсіммен орналастырылған

тауарлармен және көлiк құралдарымен құқыққа сыйымсыз

операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту,

оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету


Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты, егер бұған кедендік рәсімге сәйкес жол берілсе, тауарларға қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын беру арқылы кедендік рәсімді пайдалану құқығын, егер мұндай шешім міндетті болса, кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаға беру –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет