«Қазақстан республикасының Әкімшілік қҰҚЫҒЫ»


Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқықтары мен міндеттері



бет2/7
Дата01.07.2016
өлшемі472 Kb.
#169869
1   2   3   4   5   6   7

Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқықтары мен міндеттері

Бұл жөнінде мынаны ескеру керек, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары не атқарушы билік субъектілерінің қызметі аясында тікелей жүзеге асырылады,не осы билік субъектілерінің практикалвқ қызметімен табиғи байланысты, не, конституциялық құқықтар мен бостандықтардан туындайтын болғандықтан, олар өздерінің мемлекеттік- басқарушылық қызмет аясындағы іс-қимылдарына байланысты ие болады.Осыған сәйкес аталған аяда көрініс табатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты білдіретін төмендегі түрлер туралы айтуға болады.



1.Жеке адамның жалпы құқықтық мәртебесіне жататын және мемлекеттік басқару аясында жүзеге асырылатын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.

Бұл жерде мынадай құқықтар мен бостандықтар көзделіп отыр,олардың шындығында болатындығы атқарушы билік механизмінің қандай да болмасын бір буынын іске қосумен кепілдірендіреді. Бұлар, мысалы, еңбек етуге (Конституцияның 24-б),әлеуметтік қамсыздандыруға(28-б), денсаулық сақтауға (29-б), білім алуға құқығы(30-б), т.б.

Бұл орайда ең маңыздысы мынада, бұл сияқты құқықтарды жүзеге асыру азаматтың тиісті мемлекеттік – басқаршылық инстанцияға өтініш жасау қажеттігін болжайды, оның мақсаты заңдық биліктік шешім алу (мысалы, қызметке тағайындау туралы бұйрық, зейнетақы тағайындау туралы шешім, пәтер беру туралы шешім, т.б.).Білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық , т.с.с. мекемелері мен ұйымдарының жүйесін мемлекет құрады және тікелей атқарушы органдарының қарауында болады.Ал бұл түрдегі мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдар туралы сөз болатын болса, онда олардың азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға байланысты қызметі мемлекеттік органдар жағынан бақылауда (қадағалауда) болады.

Атқарушы органдардың екіншісіне азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру процесінде пайда болатын дағдарыс жағдайларды жеңіп шығу да жатады.Мысалы, халықты жұмыспен қамту қызметі жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы, жұмыссыздықтың жағымсыз салдарынан жою туралы щараларды жүзеге асырады.

Атқарушы билік органдары мен лауазымды адамдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұл тобын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктері, әдетте, олардың қызметін реттейтін нормативтік актілерде бекітіледі(мысыалы, ережелерде, лауазымдық нұсқаулықтарда).

2. Мемлекеттік – басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар

Бұл жағдайда азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру процесі мәнінің өзімен тікелей байланысты мына сияқты құқықтары мен бостандықтары туралы айтуға болады.

Соған сәйкес олардың азаматтың әкімшілік- құқықтық мәртебесімен байланысын көреміз.

Бұл тұрғыдан, мысалы, мемлекет ісін басқаруға қатысу (Конституцияның 33-б), әркімнің жеке өміріне(18-б) жіне тұрғын үйіне (25-б) қол сұғылмауына, еркін жүріп – тұру (21-б) және т.б. құқығын бөліп айтуға болады.Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар неге бөлек топқа бөлінген?Олай болатын себебі, әкімшілік құқықтың нормалары оларды жүзеге асыру атқарушы органдардың тиісті іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болатындығын болжайды.Сол бір мезгілде бұл сияты іс -әрекеттерді әкімшілік- құқықтық регламентациялау жүзеге асырылады.Мысалы, тұрғын үйге қол сұғылмауды ішкі істер органдары туралы заңнамалармен белгіленген жағдайдайларда оның қызметкерлері бұзуы мүмкін.Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.ӘҚБтК-те (36-тарау) азаматтарды әкімшілік ұстаудың тәртібі мен мерзімі регламенттелген; жүріп-тұру бостандығы әділет органдарының тиісті тіркеу қызметін атқаруды көздейді,т.с.с.



3. Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілермен белгіленетін және кепілденетін құқықтары.

Конституциялық көрінісі мен маңызы бар құқықтардан басқа, азаматтар тікелей мемлекеттік- басқаршылық қызмет аясында жалпы немесе нақты сипаты бар бірнеше өзге құқықтарды пайдаланылады.Солардың көмегімен азаматтардың әкімшілік –құқықтық мәртебесі одан әрі дамытылады.Бұл құқықтар заңдармен де, сондай-ақ атқарушы билктің өкілетті органдарының заңға тәуелді нормативтік актілермен де тағайындалады және кепілдендіріледі.

Азаматтардың аты мен фамилясын өзгертумен, олардың кәсіпкерлік немесе өзге қызметімен, Қазақстаннан тыс жерлерге кету және Қзазақстанға қайта келумен, паспорт жүйесін қолданумен, т.б. байланысты құқықтарды заңдық немесе заңға тәуелді актілер түрінде регламенттеледі.Арнайы сипаты бар көптеген құқықтарды азаматтар мемлекеттік- басқарушылық қызметтің жекелеген салалары мен аяларының шегінде жүзеге асыра алады.

Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы міндеттері.

Азаматтың әкімшілік –құқықтық мәртебесі оның,конституциялық та, сондай-ақ заңдармен және заңға тәуелді құқықтық актілермен де белгіленетін, белгілі бір заңдық міндеттерді орындауын болжайды.

Бұлар ең алдымен жалпы конституциялық міндеттер:салықтарды төлеу(35-б), отанды қорғау (36-б),табиғатты сақтау және табиғаттық байлықтарына ұқыпты қарау (38-б). Бұл сиақты міндеттер зандарда және занға тәуелді құқықтық актілерде нақтыланады.

Ал азаматтың өзінің міндеттерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы оның жауапкершілігін туғызады.Әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылатын аяда бұл,негізінен, әкімшілік жауапкершілік.



Пысықтау сұрақтары:

1.Азаматтардың атқарушы биліктегі жүзеге асырудағы құқықтары

2Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асырудағы міндеттері
Тақырып 3. Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі.

Мақсаты: Билік органдарның атқарушылық саладағы құқықтық мәртебесі реттелуі маңызы

1.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.

2.Атқарушы билік органдары түсінігі.(орталық және жергілікті).

3.Атқарушы билік аясында ҚР ның Президенттінің өкілеттіліктерінің жалп ымінездемесі.

1.Жоғарыда айтылғандай,әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекеттік билігі жүйесінің заң шығарушы және сот билігі тармақтарымен қатар бір тармағы болып табылатын атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Сондықтан әкімшілік құқықтын мән-мағынасын және әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері түсіну үшін ең алдымен атқарушы биліктің өзінің не екенің,оның мәні мне әлеуметтік қызметі не болып табылатынын білу қажет.Өйткені дәл осы билік әкімшілік құқықтын негізіне жатады.

Мемлекеттік билік – әлеуметтік биліктің бір түрі,оған мына төмендегі белгілер тән: -ол әлеуметтік басқарудын құралы болып табылады-ол адамдардың,олардың ұйымдарынын арасындағы қатынас,оның субъектісі мен объектісі -еркі мен сна-сезімі бар адам болып табылады; -бұл қатынас ерікті табуды және оның басым болуын қамтамасыз етеді,субъектінің басқа адамның еркін,мінез-құлқын бағыттау,күш-жігерлерін біріктіру қабілеттілігімен байланысты;ол ерекше,генетикадан тысқары ықпал ету құралдары жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Барлық аталған белгілер мемлекеттік билікте болады,ол,жалпы белгілі,мемлекеттік ақпаратқа,заңдық нормаларға,материалдық ресурстарға,иландыру мен мәжбүрлеу механизміне сүйенеді.Мемлекеттің өзін де,оның қызметің де әлеуметтік топтың,таптын немесе барлық халықтық мүдделері үшін жүзеге асырылатын басқарудын құралы ретінде,билік етудің инструменті ретінде қарауға болады.Мемлекеттік билік проблемасын билікті бөлу теориясы тұрғысынан қараған неғұрлым нәтижелі болып көрінеді,оны былай түсінуге болады.Егемендіктін бірден-бір бастауы-халық,бүкіл билік толығынан соған жатады.Халық билігін тек аз ғана көлемде тікелей демократия институттарының көмегімен халықтың өзі жүзеге асырады.Жалпы ортақ істерді негізінен мемлекет шешеді,оны халық құрады,қызметінің ақысын төлейді және халық өз билігін оған жүзеге асыруға береді.Ол орасан зор қорларға билік ететін,күшті мәжбүрлеу аппаратына сүйенетін нағыз құдіретті әлеуметтік ұйымға айналады.Мемлекеттік билікті бір қолға шоғырландыру деспотизмге(жеке адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесі),диктатураға,тоталитаризмге келтіреді,сондықтан тарихи тәжірбие оны бөлу керек деп үйретеді.Мұндай бөлу жоғарғы басшылардың кемістіктері бүкіл мемлекетке,бүкіл елге кесір болмас үшін қажет.Мемлекеттік аппараттын жеткілікті түрде дербес және күшті кіші жүйелері болуға тиіс:заң шығарушы,атқарушы және сот.Бұл биліктер ынтымақтасып, бірін-бірі толықтырып отырулары қажет,бірақ сонымен бірге белгілі шамада тәуелсіз болулары,бақылайтын,біріне-бірі әсе ететін мүмкіндіктері болуы керек.Тежемелік және тепе-тендік жүйесі билікті шамадан тыс шоғырландыруға,оны теріс пайдалануға кедергі болады,мемлекеттің азаматтық қоғаммен,әрбір адаммен заңға негізделген қатынастарын орнатуға көмектеседі.Нәтижесінде азаматтардың құқықтары мне заңды мүдделерін қамтамасыз етуге,азаматтық қоғамды дамытуға,құқықтық мемлекет құруға жағдай жасалады. Қазақстанда мемлекеттік билікті бөлу принципі алғаш рет ҚР-ның 1993 ж.Конституциясында бекітілді.Ал қазірігі қолданылып жүрген 1995 ж.Конституциясының 3-б. 4-т. бойынша Республикада мемлекеттік заң шығарушы,атқарушы және сот тармақтарына бөлу принципі негізінде жүзеге асырылады.Бұл Батыс елдерінде кең тараған және екі жүз жыл бойы өзін ақтап келе жатқан біртұтас мемлекеттік билік жүйесін денгейлестік бойынша үш тармаққа-заң шығарушы,атқарушы және сот билігіне бөлу принципінің,сондай-ақ айқын сатылы бағыныштылық принципинің,Конституциясымен бекітілетіндігін білдіреді.



2.Бұл жөнінде ҚР-ның кейбір заң актілеріне мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 2004ж.12-наурыздағы ҚР-ның заңында мынадай маңызды нұсқамалар мен ұғымдар бар. Онда мемлекеттік органдардын қоғамдық қатынастарда мемлекеттік реттеу саласындағы міндеттері,функциялары мен құүзіреті заңдарда мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2004ж. 20-желтоқсанда заң қабылданды. Осы актімен 133-заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жоғарыда аталған 2004ж. 12-наурыздағы заңмен мынадай ұғымдардың анықтамалары бекітілген.Мемлекеттік органның құзыреті деп мемлекеттік орган қызметінің нысанысын айқындайтын оның белгіленген өкілеттіктерінің жиынтығы; мемлекеттік органның өкілеттіктері деп мемлекеттік органның заңдарда белгіленген құқықтары мен міндеттері; мемлекеттік органның құқықтары деп заңдарда белгіленген белгілі бір іс-әрекетті жасау,басқа тұлғадан ( басқа тұлғалардан) белгілі бір мінез-құлықты ( іс-әрекетті немесе іс-әректті жасаудан тартынуды ) талап ету мүмкіндігі; мемлекеттік органның міндеттемелері деп заңдарда белгіленген, мемлекеттік орган орындауға міндетті іс-әрекет шеңбері; мемлекеттік органның міндеттері деп мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары; мемлекеттік органның функциялары деп мемлекеттік органның өз қызметін заңдарда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыруы уғынылады. Атқарушы билік тармағын алатын болсақ, ол ұйымдастыру-басқарушылық, атқару –өкім етушілік сипаты бар функцияны жүзеге асырады.Іс жүзінде оларды мемлекеттің арнаулы органдары-атқарушы билік органдары орындайды, олардың қызметі заңдардың негізінде және соларды орындау үшін мемлекеттің және оның аппаратының күнделікті ( ағымдағы ) қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады. Осы анықтаманың негізінде атқарушы билікке тән бірнеше ерекшеліктерін бөліп баяндауға болады. 1. Атқарушы билікті жүзеге асыру процесіндегі ең маңыздысы, онсыз ешбір қызметтің түрі шындығында мүмкін емес, атап айтқанда, қандайда бір мәселе бойынша қабылданған шешімді орындау жүзеге асырылады. Әрине, мемлекетке қатысты жөнінде сөз ең алдымен тиісті заңдарда бекітілген нормаларды ( ережелерді ) орындау туралы болуы мүмкін. Нақ осы міндет билікті бөлу механизмінің шегінде атқарушы биліктің функционалдық қызметінің негізгі мазмұнын құрайды. Соған сәйкес атқарушы билікті жүзеге асыру-бұл заңдарды және заңға тәуелді актілерді жүзеге асыру процесі болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметтің сондай ерекше түрі, соның процесінде құқық қолдану ( атқарушылық )жүзеге асырылады. 2.Атқарушы биліктің өзі көрініс табатын ерекше құқықтық нысандары бар, олар нормативтік және нормативтік емес жеке-дара актілер. Солардың көмегімен атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде құқық қолданудың барлық негізгі міндеттері шешіледі.Бұл актілер заңға тәуелді. Ғылыми және оқулық әдебиеттерде оларды басқарудың құқықтық актілері ретінде сипаттайды. 3.Атқарушы биліктің ерекше көрнекті бір белгісі, оның белгілі бір субъективті көрінісінің болатындығы. Бұл осы билікті жүзеге асыру арнайы субъектілердің құзретіне жатқызылғандығын білдіреді. Соған сәйкес мемлекеттік-биліктік механизмінде ( яғни мемлекеттік органдар жүйесінде ) атқарушы билік органдары деп аталатын ерекше буын бөлінеді. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 64-б.сәйкес Үкімет ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардын жүйесін басқарады. Атқарушы билік органдары туралы айтқанда, бірнеше мән-жайларды ескеру керек.Бір жағынан, қолданылып журген заңнамалар мен тиісті заңға тәуелді құқықтық актілер атқарушы билікті жүзеге асыруды ұйымдық нысандарын сипаттаған кезде әр түрлі тұжырымдарды жиі пайдаланады:атқарушы билік органдары;мемлекеттік биліктің атқарушы органдары; мемлекеттік биліктің атқарушы- өкім етуші органдары,т.с.с.Мұндай әр түрлі терминологияларды «атқарушы билік органы» мен «атқарушы орган» терминдерінің ұқсастығымен түсінуге болады.Бұл терминдер шындығында біріне-бірі барабар.Өйткені атқарушы биліктің органы сол бір мезгілде әрі атқарушы орган болмауы мүмкін емес. Екінші жағынан,атқарушы органдар жинақталған термин, ол атқарушылық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын кез-келген органды сипаттауға мүмкіндік береді.Мысалы, Конституциясының 89-б-да тұрғын халық жергілікті өзін-өзі басқаруды сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады делінген.Атқарушы органдар сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде, коммерциялық құрылымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде бар;бұл құрылымдардың барлығында, мемлекеттік органдар болып табылмайды.Бұларда қарағанда атқарушы билік органдары Конституциялық мағынасында ең алдымен мемлекеттік органдар болып табылады. Ал бұл дәл мағынасында атқарушы билік органдарын білдіреді-бұлар тек қана қолданылып жүрген заңнамалармен құқық қолдану бар ерекше мемлекеттік функцияны жүзеге асыру жүктелген атқарушы органдар.Солай болғандықтан, осындай шекте мемлекеттік билік жүзеге асырылады;өзге нұсқаларда мемлекеттік сипаты жоқ биліктің өкілеттіктерді іске асыру жөнінде айтылады. Жоғарыда баяндалған жағдайлардан шығатын негізгі қорытынды мынандай : атқарушы билік мемлекеттік биліктін тармағы болғандықтан, оның субъектілері,яни оның функцияларын нақты жүзеге асыратын органдары болып тек қана атқарушылық құзырет берілген мемлекеттік органдар танылуы мүмкін.Әрине, мемлекеттік биліктің не заң шығарушы, не сот органдары олардай бола алмайды. Сонымен бірге атқарушы биліктің өзің едуір теренірек сипаттауға мүмкіндік бар.Атқарушы билік биліктің саяси-құқықтық санат ретінде жалпы ұғымынан туындаған. Мұндай мағынада билік бағынышты субъектілердің қызметіне, мінез-құлқына айқындауыш ықпал жасай алатын құқық,қабілеттілік және мүмкінділік болып табылады.Атқарушы билік бұл қасиетін бүкіл мемлекет көлемінде, яғни мемлекеттік ұйымдастырылған қоғамның әр түлі жеке – дара және ұжымдық элеметтеріне қатысты білдіреді.Осыған байланысты мынадай сұрақ заңды:атқарушы биліктің мақсаттарына қалай, қандай жолмен қол жеткізіледі? Бұл сұраққа жауап атқарушы биліктің мемлекеттік құқықтық табиғатын ескеруді керек етеді.Соған сәйкес заңдарды нақты іске асыру мақсатында атқарушы билік органдары мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін пайдаланады.Бұл сияқты өкілеттіктердің басқа бөлігі заң шығарушы және сот билігі органдарынын үлесіне жатады.Ал енді осы атқарушы биліктің өз мемлекеттік қызметтің түрі екендігін білдіре ме? Жоқ, білдірмейді. Бұл жөнінде барлық мәселе мынада, кез-келген өкілеттіктердің, олар кімге берілсе де, тиісті сыртқы көрінісі болуы керек.Басқаша айтқанда,олар тек қана белгілі іс-әрекеттер, яғни қызмет нысанында нақты пайдаланылуы керек. Ал мұның өзі атқарушы билікті жүзеге асыру үшін соған уәкілдік берілген мемлекеттік органдардын қызметі қажет екендігін білдіреді.Әйтпесе атқарушы билік дерексіз түсінікке айналады.Сонымен мынадай қорытынды жасаған орынды:атқарушы билік мемлекеттік қызметпен бірдей емес. Бірқта мемлекеттік қызметтің тиісті түрі-мемлекеттік биліктің өзі емес,шынында тек қана оны нақты іске асырудын нысаны.Билік мұндай қызметтің мазмұны,оның функционалдық мақсат-міндетінің қызметі болып табылады. Сондықтан, атқарушы билік мемлекеттік қызметтің ерекше, яғни құқық қолдану түрінде көрініс табады.Бұл оның атқарушы құзырет берілген арнаулы субъектілердің қызметінде бейнелетіндігін білдіреді.Бұдан бұрын ерекше атап көрсетілгендей, мұндай субъектілер ретінде атқарушы билік органдары болып табылады. Нақосы субъектілердің қызметінде атқарушы билік әсерлі, яғни шынайы елеулі қасиеттерді иеленеді.Мұндай органдардын қызметің қалай сипаттауға болады? Бұдан бұрынғы баяндалғандардан барынша айқындықпен мынадай қорытынды жасуға болды, тп сол мемлекеттік басқару өзінің мақсат-міндеті мен мазмұны бойынша мемлекеттік қызметтің түрі болып табылады, соның шеңберінде басқарушы билік нақты жүзеге асырылады. Соған сәйкес атқарушы биліктің барлық субъектілері шындығында мемлекеттік басқару жүйесінің буындары болып табылады. Мемлекеттік басқару, өз кезегінде, атқарушы-өкім етуші сипаты бар қызмет, бұл, біріншіден, оның функционалдық бағыттылығын, және, екіншіден, оның мемлекеттік билік сипатын білдіреді. Ең кең мағынада басқару деп бірденеге басшылық етуге, қандай да болмасын ұйымдасқан жүйелерге қатысты, бірлескен қызметтің қатысушыларының мінез-құлқына, олардың ұйымдасқан түрде өзара байланысты іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында реттеушілік ықпал жасауға арналған қызмет түсініледі.Басқарудың әлеуметтік қызметі осыған тіреледі.Әрине, оның мақсаттарына басқарылатындарынын еркін басқарушылардын еркіне белгілі бір шамада бағындырған жағдайдақол жеткізілуі мүмкін. Әлеуметтік басқаруды іске асырудың механизмі осындай, ал басқарудың өзін қоғамдық байланыстарды ұйымдастырудың құралы ретінде түсінуге болады.

Әлеуметтік басқарудың бұл белгілері атқарушы билікті және оны іске асырудың нысандарын талдаған кезде оңай табылады, ол жөнінде бұдан бұрын айтылған болатын. Және әрине, атқарушы билікті қазіргі кезеңдегі ұғымында іске асыру механизмінің мемлекеттік басқару механизмімен толығынан сәйкес екндігі белгілі болып отыр. Атқарушы билікті нақты көрінісінде сыйпаттағанда оның тағы да бір маңызды ерекшелігін ескеру қажет. Заң шығарушы және сот биліктері тармақтарымен салыстырғанда ол қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік-саяси аяларында болып жатқан процестерге тікелей ықпал етеді. Бұлай ықпал етуге мына жағдайдын үлкн маңызы бар. Мемлекеттік биліктің барлық аса маңызды атрибуттары тап сол тиісті атқарушы билік органдарының құралдары; ішкі және сыртқы қауіпсіздік қызметтері, мемлекеттік меншік объектілері, т.с.с. Сонымен бірге нақ сол атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде жеке және заңды ( соңғы жағдайда меншіктің нысынына қарамастан ) тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіледі, мемлекеттік емес сектордың әр түрлі объектілерінің жұмысын реттеу және басқарылатын аядағы қоғамдық қатынастардың қызметіне мемлекеттік бақылау ( қадағалау ) жүзеге асырылады. Осының бәрі жариялық ( жекелік еме) мүдделердің басымдығын соншалықты айқын білдіретін мемлекеттік басқарушылық қызметтің басты бағыты.



Сондықтан да атқарушы биліктің құрылысы туралы мәселе Қазақстанның тиімді мемлекетілігін қалыптастырудың аса маңызды жәттар қатарына жатады. Осыған орай атқарушы биліктің ең онтайлы құрылымдары мен олардың өзара қарым-қатынастарын іздеп-табуға, оның әрбір органы мен лауазымды адамның құзіретін дұрыс белгілеуге, атқарушылық тәртіпті нығайтуға, барлық мемлекеттік қызметшілердің іскерлік біліктіліктері мен жауапкершіліктері арттыруға бірнеше кезекті көңіл бөлінеді. 3.ҚР-ның Президенті мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік реформаны жүргізу мақсатында 2004 ж. 29-қыркүйекте << ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы >> жарлық шығарды. Ол жарлықпен ҚР-сы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің ара-жігін ажыратуға негізделген мемлекеттік басқарудың принципттері белгіленіп жүзеге асырылды. Президенттің 2005 ж. 18-ақпандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жоғарыдағы мақсатқа бағытталған атқарушы билікті реформалауды одан әрі жүргізу қажеттігі атап көрсетіледі. Бұл жөнінде атқарылуға жататын бірнеше келелі бағыттар мен міндеттер белгіленіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Олардың ішінде, мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін айқындайтын, мемлекеттік басқару денгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу процесін аяқтайтын заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қаруына енгізу; жергілікті органдарға өкілеттіліктін бір бөлігін беру арқылы биліктің ортақ денгейінің басы артық мемлекеттік функцияларынын санын қысқарту; оңтайлы мемлекеттік аппарат жасақтау; аппараттың кәсіби денгейін оңтайландыру, т.б. Президент 2006 ж. 1-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымынын тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жалғастыра беретін боламыз деп атап көрсеткен.Мұны іске асырудың мысалы ретінде «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар қызметін рейтигтік бағалауды ендіру туралы қойылған нақты міндеттерді атап айтуға болады.

ҚР-ның Президенті Республика Парламентінің 3-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде еліміз өтпелі кезенді табыспен аяқтап, өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан кезде»Қазақстан 2030»Стратегиясында қойылған дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтау мінднтінің маңызы бұрыңғыдан да арта түсетіндігін атап көрсетіп, сол себепті әкімшілік реформа жасау жөнінде бастама көтергендігін жария еттіБұл реформанын түйінді мақсаты коорпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беоу қағидаттарынын негізінде мемлекетті басқаруды жаңартуға қол жеткізу.Ол үшін Елбасы жеті бөліктен тұратын шаралар тобын айқындап, оларды жүзеге асыруды Үкіметке тапсырған. Бұдан кейін, мемлекеттік жүйесін жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында Президент»Қазақстан Республикасынын мемлекеттік басқару жүйесін жанғырту жөніндегі шаралар туралы »2007 ж. 13-қаңтарда жарлық шығарды.Онда реформанын негізгі қағидаттары, басқарудың тиімді жүйесінің негіздері және реформалаудың басымдықтары белгіленген.ҚР-сы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын 2007ж. 28-ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында келесі онжылдықта шешуге айқындалып ұсынылған он басты міндеттердің бірі әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. «Біздің мақсат, -делінген Жолдауда, -Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсібі мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау.Олар болса, мемлекет көрсететін қызметтің басты тұтынушылары –барлық азаматтар мен бизнестің тікелей талаптарына бағынуға тиіс.» Қазіргі кезеңдегі жағдайда атқарушы билік өзінің мемлекттік-басқарушылық мағынасында қандайда болмасын объектілерге тікелей басқару жасаудан барған сайын көбірек денгейде бас таруда. Бұл бірінші кезекте бұрын мемлекттік меншікте болған кәсіпорындар мен мекемелерді мемлекет иелігінен алумен, оларды жекешелендірумен және акционерлендірумен байланысты. Осыған орай мемлекеттік реттеу >> термині жиі қолданылатын болды.Енді мемлекттік басқару мен << мемлекеттік реттеу >> ұғымдарының арақатынасы қандай екеніне тоқталайық. Бұл ұғымдардың мақсаты арналымы бойынша принципті айырмашылықтары жоқ. Олай болатын себебі, реттеу шындығында өзінің мәні бойынша мемлекеттік-басқарушылық қызметтінің өте қажет элементі, оның функцияларының яғни қызметінің негізгі бғыттарының бірі. Бұл сияқты фунциялардың ішінде әдетте өкім ету, реттеу, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау аталады. Бұл орайда өкім ету басқару субъектісінің басқару объектілерінің қызметіне тікелей араласуын болжайды ( мысалы, әдрестік тапсырмалар ). Ал реттеуді алатын болсақ, оның мәні осы сияқты объектілердің қызметтінің белгілі бір тәртібін ( режимін ) белгілеуден, яғни оны ретке келтіруден турады. Реттеу басқаруға қарсы қойылмайтындығы осының өзінен-ақ белгілі. Өзгеше болуы мүмкін емес өйткені бсқару қызметі фунцияларының біреуі осы қызметтің бәрін сіңіруі >> мүмкін емес. Атқарушы билікті жүзеге асыру тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, мемлекет басқара отырып, реттейді, ал реттей отырып-басқарады. Соған сәйкес атқарушы билік органдарының құзіретінен өкім етушілік те, сондай-ақ реттеушілік те өкілеттіктерді оңай табуға болады.Шындығында мәселе тек мына жөнінде ғана болуы мүмкін. Әдетте, басқару дәстүр бойынша оның субъектілеріне тікелей бағыттырылған объектілердің болувмен, ал реттеу-көпшілігінде басқару субъектісіне бағынышты емес объектілерге ықпал жасаумен байланыстырылады.Алайда мұның бәрі шартты жағдай, өйкені екі жағдайда да атқарушы билікті нақты іске асырудың қандай да бір нұсқалары жобалап түсініледі.Ал мұның өзі мемлекеттік басқару мемлекеттік реттеумен салыстырғанда едәуір кен екендігін білдіреді. Таза заңдық мағынасында реттеу, басқару процесінің элементі бола отырып, өзінің көрінісін басқарылатын аяда мінез-құлықтын ережелерін белгілеуден, яғни құқықтық реттеуден табады.Біздің жағдайда әкімшілік-құқықтық реттеу көзделіп отыр. Сонымен, біз ен айқын көріністері бар белгілермен таныстық, солардын көмегімен атқарушы билік және оны нақты жүзеге асырудың механизмі туралы түсінік алуға болатын болды.Соңғы жағдайда атқарушы биліктің ұйымдастыру-құқықтық сипаттамасы еске алынып отыр.Оның негізі,-тиісті құқықтық рәсімдеуді қажет ететін мемлекеттік қызметтің барлық өзге түрлері сияқты,-атқарушы билік органдарының мемлекеттік – басқарушылық қызметі.Дәстүр бойынша атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу міндеті ерекше құқық саласы – әкімшілік құқыққа жатады. Осыдан әкімшілік құқықты – мемлекеттік басқарушылық қызметтің барлық көріністерінін, яғни ҚР-ның біртұтас билігінің ерекше тармағы ретінде атқарушы билікті іс жүзінде білдіретін-«заңдық серігін»сипаттауға мүмкіндік беретін барлық негізгі элементтерді әбден талдап қараудың қажеттілігі туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет