Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру
Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:
1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;
3) ЖК, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жер ұғымы, және оны табиғат обьектісі ресурсы ретінде
2. Жер қағидалары, оны қорғау жолдары
3.Жерді қорғаудың заңдық негіздері
Негізгі әдебиеттер
1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993
2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995
3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005
4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім
5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім
6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995
Тақырып 9. Жер қойнауының құқықтық режимі және оны қорғау
1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.
2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі.
1.Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.
Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгi.
Пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйiнде кездесетiн (соның iшiнде шипалы балшық) материалдық өндiрiсте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзiлiм.
Жер қойнауын пайдалану қатынастары ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылдың 27 қаңтарындағы Заңымен реттеледі.
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады.
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу.
ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 6-тарауы «Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану» деп аталады және қоршаған ортаны қорғауға арналған.
Жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:
1) халықтың денсаулығын және өмiрiн қорғау;
2) жер қойнауының ресурстарын тиiмдi және кешендi пайдалану;
3) табиғи ландшафттарды сақтау және бүлiнген жерлердi, өзге де геоморфорологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;
4) жер сiлкiнудi, көшкiндi, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстiңгi бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйiн сақтау;
5) су объектiлерiнiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды.
Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау заңдарында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте сақталуға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негiзгi талаптар:
1) кен орнын игерудiң арнаулы тәсiлдерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;
2) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
3) жер қойнауын пайдалану операциялары басталмай тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келiсiлген автомобиль жолдарын салудың тиiмдi сызбасын жасау, сондай-ақ скважиналарды бұрғылауда тармақты әдiстi қолдану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жерлердiң аумағын азайту;
4) топырақтың, аршу жыныстары үйiндiлерiнiң және өндiрiс қалдықтарының жел эрозиясын, олардың тотықтануын және өздiгiнен жануын болдырмау;
5) сiңiрме және тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау үшiн оқшаулау;
6) жер үстi және жер асты суларын сарқылудан және ластанудан сақтау.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды cақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi осы операцияларды судың деңгейiнiң көтерiлуi жағдайында теңiздiң ластануын болдырмайтындай немесе барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды cақтық аймағының шегiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жүргiзiлген операциялардың және мұндай жерқойнауын пайдаланушының кiнәсi болу-болмауына қарамастан су деңгейiнiң көтерiлуiнiң нәтижесiнде теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға не жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян мен залал үшiн жауапкершiлiкте болады.
Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн, соның iшiнде өндiруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшiн берiлетiн пайдалы қазбалар, кен орындары жерқойнауы учаскелерi қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшiн жер қойнауын iлгерiлей геологиялық зерттеудiң толымдылығын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелердi таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4) кен орнын игеру кезiнде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негiзгi және онымен бiрге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттердi, соның iшiнде минералдық шикiзатты, өңдеу өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарын нақты есепке алу;
4-1) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттiк баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою.
Жер қойнауын қорғаудың негiзiн жер қойнауын пайдалану объектiлерiн геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толымдылығы мен дәлдiгi құрайды.
Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер зиян еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, онда келтiрiлген зиянды нақты залал көлемiнде өтеуге мiндеттi.
Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып, жер қойнауын зерттеу және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар айқындайды. Зиянды есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Зиянның көлемiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.
Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Заң 10-тарау мен 76-баптан тұрады.
Пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады.
Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.
Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады.
Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды.
Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).
Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.
Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады.
Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.
Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқаруды ұйымдастырады;
2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;
3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) контрактылар жасасу тәртiбiн белгiлейдi;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс, кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк органның) атқаратын қызметтерi
Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келiсiм-шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, келiсiм-шарт жасасу және оны тiркеу;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын орындауының мониторингi және оны бақылау.
Келiсiм-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
6) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:
1) жер қойнауын Мемлекеттiк геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі.
Жер қойнауының мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады.
Жер қойнауының мемлекеттiк қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жүргiзiледi:
1) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi;
2) жер қойнауына мемлекеттiк сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттiк сақтау;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансын жасау;
5) мыналарға:
а) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрiнiс - белгiлерiне;
ә) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көметiн және қалдық суларды ағызатын орындарға;
б) техногендiк минералдық түзiлiмдерге мемлекеттiк кадастрлар жасау.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар алғашқы есепке алу материалдарына негiзделген жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнаулы нысандарға сәйкес бередi.
56-бап. Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi
Жер қойнауының мемлекеттiк Мониторингi жер қойнауының мемлекеттiк қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, олардың өзгеруiн уақытылы анықтау және бағалау, келеңсiз процестердiң зардаптарының алдын алу және жою үшiн жер қойнауының жай-күйiн бақылау жүйесi болып табылады.
Жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiнiң құрылымын, мазмұнын және жүргiзiлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
57-бап. Жер қойнауын мемлекеттiк сараптама
Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануға жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалануға төлемдердi, жер қойнауын пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерiнiң шекараларын анықтау мақсатында пайдалы қазбалардың, барланған кен орындарының қоры мемлекеттiк сараптауға жатады.
Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие мердiгер Өндiрудi пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана бастауға құқылы. Мемлекеттiк сараптаманың барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудiң тиiмдiлiгi жайындағы қорытындылары оларды мемлекеттiк есепке қоюға негiз болып табылады.
Мемлекеттiк сараптамаға ұсынылған геологиялық материалдар пайдалы қазбалар қорының мөлшерi мен сапасын, олардың республика экономикасындағы маңызын, Өндiрудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа жай-күйiн объективтi бағалауға мүмкiндiк берген жағдайда мемлекеттiк сараптама кен орнын геологиялық зерделеудiң кез келген сатысында жүргiзiлуi мүмкiн.
Өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық ақпарат та мемлекеттiк сараптауға жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беру геологиялық ақпаратты мемлекеттiк сараптаудан өткiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Жер қойнауын мемлекеттiк сараптауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы жүргiзедi.
58-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн есепке алу мақсатында жүргiзедi.
Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансында коммерциялық жолымен табылған, пайдалы қазбалардың әр түрiнiң қорының мөлшерi, сапасы мен зерделену дәрежесi, олардың орналасуы, өндiрiстiк игерiлу дәрежесi, өндiру, ысырабы мен өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер болуы қажет.
Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк балансқа енгiзу және оларды мемлекеттiк баланстан шығару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы жөнiндегi ақпаратты табыс етедi.
59-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрыПайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын геологиялық зерттеудiң салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, кен орнын кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да мiндеттердi шешу мақсатында жүргiзедi.
Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры әрбiр кен орны бойынша негiзгi және онымен бiрге жатқан басқа пайдалы қазбалардың саны мен сапасы және олардағы компоненттердiң мөлшерi мен сапасы, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жай-күйi мен оны геологиялық-экономикалық бағалау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс-белгiлерi туралы мәлiметтерден құралады.
Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
60-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi.
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры мөлшерi мен сандық көрсеткiштерi көрсетiлген көмiлген заттар мен ағын сулардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйi туралы мәлiметтердi қамтиды.
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
61-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры
Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган жүргiзедi.
Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық және экологиялық жай-күйi көрсетiлген техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объектi туралы мәлiметтердi қамтиды.
Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жер қойнауына жататын ұғымдар
2.Жер қойнауын минералыдқ көздері
3.Жер қойнауын реттейтін заңнамаларды негізі
Негізгі әдебиеттер
1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993
2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995
3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005
4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім
5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім
6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995
Тақырып 10. Судың құқықтық режимі
Достарыңызбен бөлісу: |