Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен



бет4/19
Дата13.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
#133732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен

міндеттерi

 

13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi



1. Жеке тұлғалардың:

1) өздерінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

8) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;

9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;

10) қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

11) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;

12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар.

2. Жеке тұлғалар:

1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;

2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;

3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға;

4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.

 

14-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi



1. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) экологиялық бағдарламаларды әзірлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;

4) экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;

5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;

6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен келісімдер жасауға, олар үшін шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға;

9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;

10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;

11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;

12) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім шығаруды талап етуге;

13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.

2. Қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;

2) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.

 

15-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктерi



Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктеріне:

1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп ұстау;

4) жергілікті атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныстар енгізу жатады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және



табиғат пайдалану саласындағы құзыретi

 

16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi



Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:

1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді;

2) мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың түрлі бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзірлейді;

3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлері бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;

4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;

5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

6) табиғи ресурстардың әрбір түрінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік кадастрлары мен мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) мыналарды:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді;

ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін;

эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын;

қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату тәртібін;

ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережелерін бекітеді;

8) мыналарды:

шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін;

айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін;

сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін;

қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;

9) мыналарды:

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін;

кешенді экологиялық рұқсаттар беру тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін;

парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртібін;

озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін;

парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу тәртібін;

аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерін;

жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекарасын;

қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібін белгілейді;

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

 

17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның құзыретi



Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

1) біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;

2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;

3) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердің озон қабатын қорғау, биоәртүрлілікті сақтау, жердің шөлейттенуі мен жұтаңдауы саласындағы қызметін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекітеді немесе келіседі;

6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бағдарламаларын әзірлейді;

7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;

8) экологиялық рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгілейді;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

8-1) жергілікті атқарушы атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру жөніндегі қызметіне Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда оларды тоқтата тұру және жою құқығымен бақылауды жүзеге асырады;

9) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады;

11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келісімшарттарды) өз құзыреті шегінде келіседі;

12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

13) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын кері қайтарып алу және оны жою құқығымен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

14) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекітеді;

15) қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингін және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіреді;

16) Табиғи ресурстар кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізеді;

17) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

18) Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына жіберудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

19) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады;

20) Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат береді;

22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оларды есепке алу тәртібін белгілейді;

23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері мен тәртібін белгілейді;

24) ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін әзірлейді және олардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 17 бап 24-1) тармақшамен толықтырылды

24-1) экологиялық қауіпті техноло­гиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;

25) әр түрлі дәрежедегі полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;

26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

27) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

28) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 17-бап 28-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

28-1) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

29) мыналарды:



қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін;

қалдықтар сыныптамасын;

қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;

табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;

жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін;

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның ережесін;

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөнінде ақпарат алмасудың тізбелерін, нысандарын және мерзімін;

топырақтағы химиялық заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын;

өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу тәртібін бекітеді және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарды белгілейді;

30) мыналарды:

қоғамдық тыңдау өткізу тәртібін;

парниктік газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың шекті нормативтерін әзірлеу мен бекіту тәртібін;

парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртібін;

31) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің жұмысын жетілдіреді;

32) су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламалар әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде су ресурстарын басқарудың бассейндік принципін іске асыруға қатысады;

33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

34) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер, меморандумдар жасасады;

35) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;

36) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізеді;

37) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38) тармақша өзгертілді

38) «Қа­зақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау крите­рийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

 

 



18-бап. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретi

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мыналар болып табылады:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

3) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

4) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

9) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

10) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.

2. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының ЖерСу  және Орман кодекстерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қауіпті өндірістік oбъектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, ветеринария, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгіленеді.

 

19-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi



Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары (бұдан әрі - жергілікті өкілді органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

1) тиісті аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекітеді;

2) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

3) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;

4) жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы есептерін тыңдайды;

5) өз құзыреті шегінде табиғат пайдалану ережелерін қабылдайды, оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді;

6) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

20-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi



Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі іс-шаралар және олардың тиісті аумақтарда іске асырылуы көзделетін бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзірлеуді ұйымдастырады;

2) мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат береді;

3) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;

4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;

5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;

7) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

8) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

9) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салуға жер учаскелерін бөледі;

10) қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз етеді;

11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

12) қалдықтардың пайда болу көлемдерін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерін азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейін арттыруға және көмілуге тиіс қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзірлейді;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

14) тиісті аумақта тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асырады;

16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.

 

 



2-Бөлім. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет