I. жалпы ережелер



Дата09.06.2016
өлшемі340.93 Kb.
#124372



КӨКПАР ЖАРЫС

ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Көкпар бойынша жарыстар жүртшылықты қазақтың ұлттық ат спортының түрі- көкпармен үдайы айналысуға тарту, сондай- ақ халық арасында осы спорт түрінің салауатты өмір салты принциптерін дәріптеу қүралы ретінде кең насихаттау әрі жандан- дыру, спортшылардың шеберлігін арттыру, өмірлік маңызы бар қолданбалы дағдылар мен жеке қасиеттерді жетілдіру мақсатында өткізіледі.

  2. Көкпар командалық спорттүрі болып табылады.

  3. Жарысты өткізу ережелері мен олардың есебін жүргізу рег- ламентпен әрбір жеке жағдайда белгіленеді, оны осы жарыстарды өткізетін ұйым әзірлейді.

  4. Жарыс регламенті мынадай тараулардан тұрады:

  • мақсаттар мен міндеттер;

  • өткізілетін орны мен уақыты;

  • қатысатын ұйымдар мен жарысқа қатысушылар;

  • жарыстардың бағдарламасы;

  • есеп жүргізу мен жеке және командалық біріншілік өткізу ережелері;

  • жеке және командалық біріншілік жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау;

  • халықаралық жарыстарды өткізген кезде қатысушыларды қабылдау ережелері;

  • өтініш беру мерзімі мен тәртібі.

Регламенттің талаптары осы ережелерге қайшы келмеуі тиіс.

  1. Жарыс регламенті жарысқа қатысуға шақырылған ұйымда- рға мына мерзімде жолдануға тиіс:

  • дене шынықтыру және спорт үжымдарының жарыстары үшін кемінде 2 ай бүрын;

  • аудандық және қалалық жарыстар үшін кемінде 3 ай бұрын;

  • облыстық жарыстар үшін кемінде 4 ай бұрын;

  • республикалық және халықаралық жарыстар үшін кемінде 6 ай бұрын.



  1. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

  1. Жарысқа жасы 18-ге толған және одан жоғары, тиісті даяр- лықтан өткен және атгы басқаруға дағдыланған және дәрігердің рұқсаты бар спортшылар қатыстырылады. Жекелеген жағдайларда жа- рысты өткізетін үйымның рүқсатымен, ересектермен қатар бәсе- кеге дәрігер мен жаттықтырушы қол қойған жеке анықтамасы болса, 16 жасқа жеткен және мықты техникалық дайындығы бар бозбалалар да қатыса алады. Арнайы әзірленген Регламент бойынша бозбалалар, жасөспірімдер және жастар арасында жарыстар өткізілуі мүмкін. Команданың бірыңғай спорт киімі болуға, ат әбзелдерінде металдан жасалған әшекейлер болмауы тиіс.

Команда құрамы 20 адамнан тұрады, 10 шабандос оның 4-і алаң- дағыойыншы, 6-іқосалқы ойыншы, 1-іжатгықтырушы, 1-іжетекші, 4-і атшы, 1-і мал дәрігері, 1-ітөреші, 2-і жүргізуші.

Апарлың саны оннан аспауғатиіс.



  1. Жарысқа қатысушылар:

  • жарыс ережелері мен регламентін білуге және орындауға; жеке басын растайтын құжаттары, біліктілік (сынақ) кітапшасы,

төлқүжаты, соңдай-ақ регламентте көзделген басқа да қүжаттары бо- луға және оларды жарыс өткізуші түлғалардың бірінші талабы бойынша ұсынуға;

  • барлық қатысушыларға, төрешілерге, жарыс өткізуші мен оған қызмет көрсетуші түлғаларға, сондай-ақ көрермендерге қатысты сыпайы, биязы болуға;

  • жарысқа белгіленген уақытта қажетті кұрал-жабдықтарымен келу қажет. Егер команда ойынға толық қүрамда келмесе, онда ойын басталғаннан' кейін Юминут уақыт беріліп, олар ойынға жіберіледі. Кері жағдайда, егер комаңда кездесуге келмесе, онда осы комаңца турнир (немесе чемпионат) соңына дейін ойыннан шетгетіледі.

  • сырт пішіні ұқыпты және осы жарыс түріне және жарыс ережелеріне сәйкес келетін қонымды киімі болуға, ойыншының үлгілік киімінің кеудесі мен арқасында оның нөмірі көрсетілуге тиіс және өтінімде әрбір ойыншы өз нөмірі бойынша көрсетілуге тиіс;

  • төрешілердің нұсқауларын мүлтікзсіз орындауға, белгіленген жарыс тәртібін сақтауға, қатысушыларға белгіленген орында бо- луға міндетті.

  1. Жарысқа қатысушылар,

  • жаттығу орындауға қатысты шұғыл мәселелер бойынша тікелей төрешілерге, жарыс өткізуге байланысты қалған басқа жағдайларда командалардың өкілдеріне, команда жаттықтырушысына немесе капитанына өтініш жасауға, ойыншылардың 10 фотосуреті мен жеке 10 аттың фотосуреті

  • жаттығуды осы мақсаттар үшін бөлінген орындарда төрешілер алқасы белгілеген күндер мен сағаттарда жүргізуге қүқылы.

    1. Қатысушыларға:

— төрешілердің жұмысына араласуға және төрешілік етуге бет- әлпетімен өзінің наразылығын білдіруге;

  • аттарға қатысты қандай да болмасын дөрекілікке баруға тыйым салынады.

    1. Кез-келген масштабтағы жарыстарға қатысушы әрбір командада команда өкілі тағайындалады, ол командадағы тәртіптің жай-күйі, оның мүшелерінің белгіленген киім нысаны мен күн тәртібінің сақтауы үшін жауап береді.

    2. Команда жетекшісі:

  • команда жарыс өткізілетін жерге келгеннен кейін команда қатысушыларын мандат комиссиясына таныстыруға;

  • қатысушылардың жарыстар өткізілетін жерге уақытылы келуін қамтамасыз етуге, олардың осы ереже мен жарыс туралы ережені орындауын қатаң қадағалауға;

  • төрешілер алқасының отырыстарына қатысуға, жеребе тартуға қатысуға, өз команда қатысушыларын төрешілер алқасының талаптары мен шешімдері, жарыс бағдарламасының немесе күн тәртібінің өзгергені туралы хабарлауға;

  • команда қатысушылары көрсеткен нәтижелерді білуге, олардың қорытындыларын уақытылы шығаруға;

  • бас төрешілер алқасына сақтандыру полистері мен қатысу- шылармен қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқаулық өткізілгені туралы жазбаша рапортты табыс етуге

  • аттарды орналастыруды, тамақтандыруды ұйымдастыруға және олардың сақталуына жауапты болуға;

  • спортшыларды орналастыру мен тамақтандыруға қамқорлық жасауға міндетгі.

  • төрешілерге олардың қүзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш жасауға;

  • төрешілер алқасына өтініштер (наразылықтар) беруге қүқылы.

2.7.Команда жетекшісі:

  • төрешілердің шешімге бұзуға немесе олардың іс-қимылдарына араласуға;

  • жарыс барысында қатысушыларға жәрдем көрсетуге;

  • жарыстың бас төрешісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатынсыз жарыс өтіп жатқан немесе қатысушылар орналасқан жерден кетуге тыйым салынады.

  1. АТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Ұлттык ат спорты түрлері бойынша жарыстарға аттардың барлық тұқымдары қатыстырылады.

  2. Жарысқа қатысушы әрбір атқа малдәрігерлік пункті мен аттыжарысқа шығаратын ұйымның қолы мен мөрі бар анықтама табыс етілуге тиіс. Анықтамада мынадай деректер көрсетілуге тиіс: тұқымы, жынысы, туған жылы, түрі, аттың аты мен мал дәрігеріпің аттың жарыстарға қатысуына берген рұқсаты, аттың фотосуреті. Туған тегі туралы құжаттары болмаған аттар белгісіз болып саналады.

Аттың жарысқа қатысуына рұқсат беретін малдөрігерлік пункттің анықтамасы болмаса аттар жарысқа қатыстырылмайды.

  1. ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

  1. Төрешілер алқасын жарысты өткізуші ұйым тағайындайды.

  2. Төрешілер алқасына жарысты осы ережеге және жарыс регламентіне сәйкес дайындау мен өткізу, жарыс нәтижелерін айқындау және жалпы қорытынды шығару жүктеледі.

  3. Төрешілер алқасына: бас төрешілер алқасы мен төрешілер алқалары кіреді.

  4. Бас төрешілер алқасының құрамына: бас төреші, оның 1-2 орынбасары, бас хатшы, жарыс дәрігері кіреді.

  5. Көкпар бойынша төрешілер алқасының құрамына ақпаратшы төрешілер, хатшылар, дәрігерлер, сондай-ақ алаңдағы 3 төрешілер, төреші-секундомерші кіреді. Мүмкіндігінше сөйлесуге арналған рация сатып алу қажет

  6. Аланда ойын үшін жауапты бас төреші тағайыңцалады. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Бас төреші шақырылады, ол төрешілер алқасын шақырып, дауды дауыс көпшілігімен шешуге құқылы.

    1. Бас төреші жарыс жетекшісі болып табылады және оның осы ереже мен жарыстар туралы ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді.

    2. Бас төреші:

  • жарыстар өткізілетін орындардың, жабдықтар мен құралдардың әзірлігін, олардың жарамдылығын және осы ережеге сәйкестігін алдын-ала тексеруге;

  • төрешілерді іріктеуге қатысуға, төрешілер бригадаларының жетекшілерін тағайындауға, осы бригадалардың құрамын белгілеуге және олардың нұсқаулыгын өткізуге;

  • төрешілер алқасының жұмысына жетекшілік етуге;

  • хатшылықтың бүкіл алдын-ала жұмысын (жеребе өткізу және т.б.) тексеруге, бекітуге;

  • жарыс басталғанға дейін төрешілер алқасы мен жетекшісінің ұйымдастыру кеңесін өткізуге, оларды жарыстар туралы ережемен таныстыруга және төрешілерді жұмыс учаскелері бойынша орнала- стыруға;

  • келіп түскен наразылықтарды төрешілер алқасының қарауына енгізуге жөне олар бойынша шешім қабылдауға;

  • жарыс аяқталғаннан кейін жарыс қорытындылары бекілетін және төрешілер жұмысының бағасы жарияланатын төрешілер алқа- сының қорытынды отырысын өткізуге;

  • жарыстың салттанатты түрде ашылу, жабылу және жеңімпаздарды марапаттау төртібін белгілеуге;

  • жарыс аяқталғанннан кейін үш күннен кешіктірмей жарыс- тың есебі мен хаттамаларын жарыс өткізуші ұйымға табыс етуге міндетті.

    1. Жарыстың бас хатшысы:

  • қатысушы ұйымдардың өтініштерін қабылдайды, жарыс хат- тамаларын дайындайды, катысушы командалардың жеребесін өткізеді, жеребенің негізінде жұптар құрайды, бас төреші бекіткеннен кейін қатысушылардың танысуы үшін хатгамаларды іледі.

  • хатшылықтың жұмысына басшылық жасайды, өткізуші ұйым- нан кеңсе тауарларын, құралдарды, марапатгау материалдарын және т.б. алады.

  • жарыс хатгамаларын өндеуді жүргізеді, ұпайлар есебін жүргізеді және қорытынды шығарады.

  • жарыс нәтижелері бойынша жалпы техникалық есеп жасайды және жарыстың баска материалдарымен бірге бас төрешіге габыс етеді;

  • төрешілер жұмысының табелін жүргізеді, жарыс ережесі бойынша талап етілсе қатысушылар мен аттардың нөмірін береді;

  • спортшылардың біліктілік кітапшаларына нәтижелерін, алған орындарын жазады, сондай-ақ қол жеткізген жеңістері туралы анық- тамалар береді.

4.10.Төреші хатшылар бас хатшының басшылығымен жүмыс істейді. Олар жарыс өтіп жатқан жердең жедел ақпарат жинауға, оны уақытылы өңдеуге және бас хатшыға бекітуге табыс етуге міндетгі.

    1. Аға төрешілер алаңда төрешілік ұйымдастыру, оның дұрыстығы үшін жауап береді.

    2. Төреші қатысушылардың тегілерінің сәйкестігін, олардың киімдерін нысанын, құрал-жабдықтарын тексеруге міндетті.

Қажет жағдайда қатысушылардан жеке басын растайтын құжаттарды тексереді.

    1. Алаң таңцайды, жабдықталған алаңның схемасы мен актісін жасап, оны бас төрешіге бекітуге табыс етеді. Жарыс басталар алдында алаңцы тексеріп, таңбалайды.

    2. Ағатөрешілер төрешілерді, олар жарысережесін бұзатын- са болса, міңдеттерді атқарудан шеттетуге немесе жарыстан алып тастауға құқылы. Бұл туралы олар бас төрешіге немесе оның орын- басарының біріне дереу хабарлайды.

  1. Секундомерші - төреші жарыс басталғанға дейін секунодомершілердің немесе арнайы аппаратураның түзіктігін, дәлдігін және бірдей жұмыс істеуін тексеруге тиіс. «Есептелмейтін уақыт». Ойынның басталуы: секундомер Бас төрешінің рұқсаты- мен қосылады, алайда ойынның аяқталуын жауапты төреші- секундомерші белгілейді.

  2. Ақпаратшы-төреші қатысушыларды, көрермендерді, бас- пасөз, радио, теледидар өкідцерін жарыс ережелері, барысы, нәтижелері туралы білікті ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті және жарыс- ты мүлтіксіз ұйымдастырып өткізуге жәрдемдесуге тиіс.

  3. Ақпаратшы - төреші жарыс басталғанға дейін жарыстар туралы ережені, жарыс бағдарламасын зерделейді, команда қатысу- шыларын сипаттайтын деректерді дайындайды.

  4. Ақпаратшы - төреші бас хатшыдан, хатшылардан ақпа- раталу тәртібін белгілейді, оны жарыстың бас төрешісіне бекітгіреді.

  5. Республика чемпионаттары мен спартакиадаларында, халықаралық жарыстарда аға ақпаратшы - төреші тағайындалады, ол ақпаратшы - төрешілер мен дикторлардың жұмысына басшылық * жасайды.

  1. Жарыс дәрігері, мал дәрігері жарыста жан-жақты медицина- лық, малдөрігерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ол:

  • жарыс өткізілетін жерде медициналық жәрдем пунктітерінің жұмысын, санитарлық, малдәрігерлік машиналардың болуын ұйым- дастыруға және жарыс бағдарламасында белгіленген жер мен уақытқа медициналық қызметкерлердің уақытылы келуін қамта- масыз етуге;

  • жарыстың бас төрешісіне медициналық және малдәрігерлік қызметтердің жұмысқа даярлығы туралы хабарлауға;

  • мандат комиссиясының жұмысына қатысуға, командалардың өтініштерін, оларда дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансерлерінің, малдәрігерлік пунктілердің қатысушыларды жарысқа жіберілетіндін туралы рұқсаттарының болуын қарауға;

  • бас төрешілер алқасының отырыстарына қатысуға;

  • қатысушы ауру немесе жарақаттану себебінен жарысты жал- ғастыра алмайтын жағдайда, белгіленген үлгідегі анықтама беріп жарыстың бас хатшысына осы туралы хабарлауға;

  • жарыс аяқталғаннан кейін бас төрешіге орын алған ауруларды, жарақаттарды (тегі бойынша атап команданың атауын белгілеп) көрсете отырып жарысқа медициналық қызмет көрсету нәтижелері туралы есепті табыс етуге міндетті.

  1. ӨТКІЗУ ОРНЫ МЕН ТӘРТІБІ

  1. Жарыс “Көкпар” ойыны үшін жабдықталған арнайы алаңца өткізіледі.

а) ойын алаңы екі командаға тең бөлінеді. Ойын алаңының параметрлері:

ұзындығы 200 м, ені 80 м, “мәре салым” (қазандық) арасындағы ұзындық 120 м, орталықтан бастап “мәре салымға” дейін 60 м, “мәре салымнан” (қазандықтан ) бастап сыртқы сызыққа дейін бе- лағаш бойынша 40 м. Айып алаңы “мәре салымнан” (қазандық ) бастап 20 м, орталық және айып алаңының айып шеңбердің мөлшерлерінің радиусы 8 м. ойын басталғанда серке жататын ради- усы 1,5 м кіші шеңберге дейін ернеу сызықтан бастап перпендикуляр белағаш бойынша 15 м.

б) жарысатын өрбір командада “мәре салым” казанының схема- сына (схемасы қоса тіркеліп отыр) сөйкес радиусы 3,1 м өзінің “мәре салымы” (қазандық ) болады.


    1. Ойынның басты ережелері:

а) команда құрамына — 10 ойыншы мен 10 ат кіреді. Ойын барысында өтінім жасалмаған ат бары белгілі болса, онда осыған жол берген командаға жеңіліс жарияланып. ол ойыннан шеттетіледі.

б) ойынға әр командадан 4 ойыншы кіреді. ойын уақытында талап шешімі бойынша командалар ойын барысында, яғни, ойын- дытоқтатпай ойыншыларды алмасгыруға қүқы.іы.

в) Жеңіс “море салымына” қарсыластың (қазандығына) серкені көбірек тастай алған командаға беріледі. Серкенің салмағы 30-35 кг-нан аспауға тиіс

г) ойын алдында спирт ішімдіктерін, есірткі заттар қолданған ойыншылар ойынға қатыстырылмайды. Медициналық дәрігер до- пинг қолданылуын тексеруді жүргізуді енгізу қажет.



    1. Капитандар өзінің “мәре салымын” (қазандығын) жеребе бойынша анықтайды. Серке мінбеге қарама қарсы жақтағы ернеу сызықтан 15 мқашықтықта орналасуға тиіс.

    2. Командалар мінбеге қарама қарсы қырын сызықтан кейін бір қатарда тұруға тиіс.

    3. Төрешенің ысқырығынан кейін барлық ойыншылар серкені бірінші болып алуға үмтылады. Егер 1 минуттің ішінде серкені бірде бір команда ала алмаса, онда ойын тоқтатылады және орта- лық шеңберден басталады. Шеңберге әр командадан бір ойыншы- дан кіріп жекпе-жекке шығады. Серке шеңберден шыққанша ба- сқаойыншылар ойынға кіруге қүқығы жоқ. Егер екі минөт ішінде ойыншылардың бірі серкені іліп алып шеңберден шықпаса, онда төреші оларды басқа ойыншылармен алмастырады.

    4. Серкені іліп алу мен ойындағы басқа да тәсілдер “Көкпар” ұлттық ойынының ережелері бойынша жүргізіледі.

    5. Ойын командалардың бірінің ”мәре салымына” (қазанды- ғына) серкені салғанша немесе ойыншылардың бірі ойын ережелерін өрескел түрде бұзғанға дейін үзіліссіз жалғастырылады. Үпай санау үшін серкені ”мәре салымға” (қазандыққа) дәл тастау қажет.

    6. Серке ”мәре салымға” (қазандыққа) түсіп аландағы төреші “гол” үшін үпай тағайындағаннан кейін ойын алаң ортасынан қайта басталады.

    7. Егер ойын алаңы дуалмен қоршалмаса, ойыншы өзінің атымен ойынға арналған алаңның швктерінен тысқары шығып кеткенде тоқтатылады (аут) және бүзушылық жасалған жерге жа- қыннан жалғастырылады, егер ол ”мәре салыммен ” (қазандықпен) қатар болса, онда ”мәре салыммен” (қазандықпен) қатар орнасласқ- ан орталықта, ал егер алаң орталығында болса-онда орталық шеңберде екі ойыншы ойын бастайды.

    8. Егер ойыншылардың бірі серкені алып келе жатқан ойын- шыны дөрекі түрде тоқтатса, онда ойын ережелерін бұзушыға айып салынады және төрешілер ойынды айып шеңберінен бастауға тиіс.

    9. Ойын әрқайсысы 20 минөттен тұратын үш кезеңнен түра- ды. Кезендер арасында 10 минөттік үзілістер кезделген. Үзілістен кейін қандай да бір команда уақытты саналы түрде уақытгы созып ойынға кіріспесе, онда екіншісі ойынды оның қатысуынсыз белгіленген уақытта бастауға құқылы (ережелердің толықтырула- рын қарау қажет II п.2.2).

    10. Ойынға кіріскен ойыншылар алаңцағы төрешінің рүқсаты бойынша ғана алмастырылады, алайда алмастыру кезінде алаңда артық ойыншы болмауға тиіс. Алмастыру перпендикуляр белағаш сызығы бойынша жүргізіледі. Ойыннан шығатын ойыншы ойын алаңының сызығын қескенге дейін қосалқы ойыншы ойынға кірісуге қүқығыжоқ. Егеройыншы белгіленбеген жерде алаңнан шықса және оның орнына басқа ойыншы шықса, онда бұл ережені бұзушылық болып табылады. Егер ойыншы аттан қүлап және ат қашып кетіп немесе айыл үзілсе, төрешінің көмекшісі алаңнан ойыншының шығуын күтпей қосалқы ойыншының шығуына рүқсат береді.

    11. Қызығушылықты арттыру үшін ойында аттар да, сондай-ақ ойыншылар да қолданатын, алайда ойын ережесін бүзбайтын күшті тәсілдерді қолдануы мүмкін.

    12. Айып алаңында қарсылас команданың қорғаушысының бо- луына қүқығы жоқ. Айып алаңына бұрын шабуылға шығатын қорғаушыға ат тұлғасындай қашықтыққа ғана кіруге рүқсат етіледі. Серке айып алаңнан шығып кетсе, онда барлық ойыншы- лар осы аймақтан кетуге тиіс.

    13. Қарсыласты қолмен, аяқпен, қамшымен ұруға рүқсат етілмейді. Осы ойын ережесін бұзған ойыншылар екі минөтке ойыннан шетгетіледі. Ойыншысы жазаға тартылған команда ойын- ды аз санмен үш ойыншымен жалғастырады.

Ескерту: айып уащыты ойыншы кірген сәттеп басгпап саналады, ат ойыншымен бірге 2 минут бойы айып орнында болуға тиіс.

    1. Егер тыйым салынған тәсілдерді қолданған жағдайда (қар- сыласты қолмен ұстап, өзінің атымен оның жолын бөгесе немесе оны аттан құлатуға тырмысса, онда айып орнына бес минөтке ойыннан ойыншы шеттетіледі.

    1. Екінші ескертуден кейін “сары” карточка табыс етіледі, үшінші ескертуден кейін “қызыл” карточка табыс етіліп, яғни, бұл матч соңына лейін ойыннан (бұдан кейін де бір ойыннан) шеттетілуді білідіреді.

    2. Серкені жүгенмен байлаған немесе үзенгінің белдігімен кысқан есксртуден кейін екі минөттік шеттетуге жазалана- ды.

    3. Уакытты әдейі созу немесе серкені алаң шектерінен тыс іактыру үшін 2 минотке шеттетуге жазаланады.

    4. Ескертуден кейін уақытты әдейі созу үшін де жаза тағайындалады және ойыншы 2 минөтке ойыннан шеттетіледі.

    5. Төрешілермен дауласуға қатаң тыйым салынады. Ескерту- ден кейін төрешімен дауласу — 2 минөт шеттетуге, төрешіні тіл тигізгені ұшін - 2 минөтке шеттетуге, ал шектен шыққанға (зәбірлеу, қорлау, балағаттау), қызыл карточка көрсетіліп ойыннан ойын соңына дейін шеттетуге әкеп соқтырады. Команда ойын соңына дейін үш ойыншымен ойнауға мәжбүр болады. Егер команда неме- се команданың жаттықтырушысы төрешінің шешіміне бағынбай төрешіге психологиялық қысым көрсетсе, онда хаттама комиссия- сының шешімі бойынша командаға ақшалай айыппүл тағайында- лады, төрешілер алқасының шешімі бойынша

    1. Үрсып балағатау үшін ойыншы ескертуден кейін 2 минө- тке, ал ерекше жағдайларда ойын соңына дейін шеттетіледі. Ко- манда ойын соңына дейін аз санмен ойнайтын болады.

    2. Жерден серкені іліп алып жатқан ойыншыны қарсылас ойыншы серке жағынан шабуылдай алмайды және осы үшін ой- ыннан 2 минөтке шеттету жазасы көзделген. Егер ойыншы елеулі жарақат алса, онда кінәлі ойыншы соңына дейін шетгетіледі. Екінші жағынан ойыншыны шабуылдауға ережеде көзделген шеңберде рұқсат етіледі.

    3. Қолында серке болуына да болмауына да қарамастан қарсыласты жылдамдықпен шабуылдау үшін — 2 минөтке шетгету көзделген.

    4. Екі ойыншы орталық шеңберде серкені ойынға салғанда ешкім де кезекті шеңберге кіруге қүқықсыз. Осы ереже бұзылған жағдайда, тәртіп бұзушы ескертуден кейін ойныннан үш минөтке шеттетіледі.

    5. Ойыншы аландағы ойыншымен келіспесе, сондай-ақ ойын- шы хатгама комиссиясына жүгінген жағдайда - мүндай тәртіп уақыт- ты саналы түрде созу ретінде қаралады және ойыннан 2 минөтке шеттетумен жазаланады.

    6. Бесінші ойыншының бары белгілі болған жағдайда, ко- мандаға айып салынып2минөткешеттетуменжазаланады. Коман- да 2 минөт бойы аз санмен ойнайтын болады.

    7. Қосалқы ойыншы ойыннан шығатын командалас жолдасы- ның айып алаңынан шығуын күтгіей ойынға кіргені үшін 2 минөтке шеттету көзделген.

    8. Ойынды еріктітүрде тоқтаткан және бас торешінің шешіміне бағынбайтын команда жеңілген болып танылады.

    9. Ойынға кіретін ат әбзелдерінде ойыншылар жарақат алуы мүмкін металдан (күміс, мыс, теміржәнет.б.)жасалган артық өше- кейлер болмауға тиіс. Ойынға жалпақ (спортық) тағалармен тағалан- ған аттар жіберіледі.

    10. Ойын кезінде команданың жанында алтыдан артық адам болмауға тиіс: 1 жатгықтырушы, 5 ат жетектеуші. Осы талапты орын- дамайтын командаға төрешілер алқасы айып және айрықша жағ- дайларда жеңіліс те жариялайды.

Мынала рға тыйым салынады:

  1. Қарсыластың атының тізгінінен ұстауға, жүгенін шешуге және ат әбзелдеріне қол салуға;

  2. Қарсыластың қолынан, белінен және денесінің басқа да бөліктерінен үстауға;

  3. Қарсыластың аяғын үзенгімен, аяқпен ұруға;

  4. Серкені ертоқымға байлауға;

  5. Шауып келе жатқанға өзінің атын көлденең қоюға;

  6. Айқайлауға немесе дауласуға.

  7. Алаң шекарасынан тысқары жаққа шығуға.

  8. Серке “мәре салым” (қазандыққа) салынғаннан кейін күресті жалғастыруға.

Егер қандай да болмасын команда немесе жекелеген қатысушы- лар жарыс ережелерін өрескел түрде бұзса және төрешілер тарапы- нан өздеріне жасалған ескертулерді ескермесе, оңда команда толық- тай немесе жекелеген қатысушылар кездесуден шеттетіледі. Алаңнан шығарылған қатысушылар алмастырылмайды.


  1. НАРАЗЫАЫҚТАР

Наразылықтарды төрешілер алқасына команда жетекшісі тек жазбаша нысанда және жарыс аяқталғаннан кейін бір сағаттан кешіктірмей табыс етуі мүмкін. Наразылықта қатысушылар неме- се төрешілер бүзған осы ереже мен жарыстар туралы ереженің тараулары мен тармақтары көрсетілуге тиіс. Бас төрешілер алқасы наразылықты қабылдап алуға, оны қарауға, ол бойынша шешім қабылдауға және оны өтініш берушіге барынша аз мерзімдерде жарыс қорытындылары бекітілгенге дейін міндетті түрде жеткізуге міндетгі. Бас төрешілер алқасының талап қатысындағы шешімі матч аяқталғаннан кейін бес сағат ішінде қабылдануға тиіс.

Бас төреші алқасы наразылықтар мен олар бойынша шешімдердің мазмұнын барлық командалар жетекшісіне дейін жеткізеді.

Бас төрешінің наразылық бойынша шешімі кесімді болып та- былады және қайта қаралуға жатпайды.
Ережеге өзгерістер мен толықтырулар

№ 1 ТОЛЫҚТЫРУ



(Жекпе- жек)

Жартылай финалға дейін матч тең болып аяқталса қосымша ойын уақыты берілмейді. Бес минуттық үзілістен кейін еркін тастау- жекпе-жек ойналады. Жартылай финал мен финалда ойын аяқталғанда екі команда бірдей үпай санын жинаса, онда төрешілер бригадасы қарсыластың қазандығына (қақпасына) тушаны (серкені) тастаған сәтке дейін 10 минуттық қосымша ойын белгілейді.

Осы қосымша уақытта жеңімпаз айқындамаса, онда “жекпе- жек” белгіленеді. Әрбір командадан “жекпе-жек” ойнайтын бес ойыншьщан шығады. Серкесібар біройыншы қарсыластың “қазан- дығы” бағытына қарай бағыт алады, оның артынан 30 м қашық- тықта қарсылас команданың бір ойыншысы оны қуады. Қарсы- лас команданың ойыншысы ол серкені қазандыққа тастай алмас үшін серкесі бар ойыншыға қарсылық көрсетуге тырысады. Олар төрешінің ысқырығы бойынша шаба жөнелуге тиіс. Егер серкесі бар ойыншы басып озып немесе қарсыластың қарсылығына қарамастан серкені қарсыластың “қазандығына” сала алса, онда осы үпай болып саналады. Қарсыластың “қазандығын” шабуыл- дайтын ойыншы жағдайға қарап өз атының шабысын кешеуіддетуге қүқылы. Турнир аяқталғанда ұпай саны тең болып шықса, онда жеңімпаз салым саны бойынша анықталады.

Ескерту:

Командалардың бес ойьшшысьшьщ ітпінен әрбір ойыншы серкені бір рет қана тастауға құқылы және олардың әрқайсысы қарсылас- ты бір рет қана қуа алады. “жекпе-жек” орындаған уақытта аттарды алмастыруға тыйым салынады. Егер шабуылдаушы ой- ыншы “қазандық” белағашының шегінен шығып кетсе, онда ол серкені “қазандыққа” тастауға қүқығы жоқ. Командалардың ешқ- айсысы терт салымнан шешуші жеңіс ұпайына қол жеткізе алма- са, онда “жекпе-жек” ойыны шешуші тастауға дейін жалғасады.

Үйымдастыру комитетінің немесе жарысты өткізуші ұйым- ның шешімі бойынша 20 минуттен тұратын 2 тайм өткізуге жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі


агенттігі “Көкбөрі” Қазақстан көкбөрішілерінің
қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі

Хаттама


“А” комавдасы (________)


Ойын




Кездесу орны




Күні, айы




Уакыты



















“В”комавдасы ( )

Ойын нәтижесі шешілді

I тайм шешілді

Төреші


Комекші төреші 1

Көмекші төреші 2

Төреші инспектор

Комавда қүрамы




«А» «В»






Шабандоздардың

аты-жөні

Салым саны




Шабандоздардың

аты-жөні

Салым саны

1






















1






















2






















2






















3






















3






















4






















4






















5






















5






















6






















6






















7






















7






















8






















8






















9






















9






















10






















10






















11






















11






















12






















12
























(Жаттыңтырушының аты-жөпі) (Жаттыңтырушының аты-жөні)

ңолы колы



Ескерту


Команда



Шабандоздардың

аты-жөні

Айып

уақыты

Белгіленген

уақыты







































































































































Талап беру_______





Жарақат алу

Толықтырулар (тағы басқалар):

(Төрешінің аты-жөні) қолы

Тапсырыс қағазы

Қатысатын спортшылардың тізімі (аудан, облыс, коман- даның аттары)

(көкпардан өтетін жарыстың аты, не үиіін)

« » 200 ж. қаласы






Көкпар-

шылардың

нөмірі

Аты-жөні

Туған

жылы

мен

күні

Үлты

Спорт-

тық

атағы

Спортшы-

ларға

арналған

дәрігердік

қолы

Аттың

(жылқы-

сының)

аты





























(Аты-жөні)



Бас жаттықтырушы

қолы

Облыстық (аудандық) спорт басқармасының (комитетінің)


(Аты-жөні)

бастығы

қолы

Филиал басшысы (клуб) (Аты-жөні)



қолы


СХЕМА: «МӘРЕ САЛЫМ» ҚАЗАНДЫҚ



















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет