Қашықтан басқарылатын авиациялық куәліктің үлгісі
Пилотсыз ұшу аппараттарының жіктелуі
Қазақстан Республикасында пайдаланылатын пилотсыз ұшу аппараттары (бұдан әрі - ПҰА) жіктеледі:
1) басқару тәсілі бойынша:
қашықтан басқарылатын тәсіл - бұл ретте ұшуды басқару екі режимде жүзеге асырылады: қолмен басқару (пилотсыз әуе жүйелерін (бұдан әрі - ПӘЖ) сыртқы пилоттың толық басқаруы) және автоматтандырылған басқару (сыртқы пилоттың ПӘЖ ұшу режиміне, бейініне және бағытына түзетулер енгізуді басқаруы);
автоматты басқару әдісі (басқаруды автопилот алдын-ала белгіленген траектория бойынша, белгілі бір биіктікте, белгілі бір жылдамдықпен және бағдар бұрыштарын тұрақтандырумен, кез келген уақытта араласуға және өзгертуге қабілетті бола отырып жүзеге асырады).
2) конструкция типі бойынша:
Құрылыс түрі
|
Жіктеуіш
|
ұшақ (бекітілген қанат)
|
А (Airplane)
|
Тікұшақ
|
Н (Helicopter)
|
көп роторлы
|
М (Multirotor)
|
3) ең жоғары шарықтау массасы бойынша МТОМ:
Санат
|
Салмақ диапазоны
|
МТОМ жіктеуіші
|
Өте жеңіл
|
250 г дейін
|
0
|
Жеңіл
|
250 г-нан 1500 г дейін
|
1
|
Орташа
|
1500гр-ден 30кг-ға дейін
|
2
|
Орташа ауыр
|
30 кг-нан 300 кг-ға дейін
|
3
|
Ауыр
|
300 кг және одан жоғары
|
4
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |