Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Пилотсыз ұшу апараттарын пайдалана отырып орындалатын авиациялық жұмыстар



бет7/14
Дата03.11.2023
өлшемі119.38 Kb.
#482276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
ұшақсыз аппарат.kaz

6-тарау. Пилотсыз ұшу апараттарын пайдалана отырып орындалатын авиациялық жұмыстар
1-параграф. Авиациялық жұмыстардың түрлері

38. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған ПҰА-ның ұшуы олардың мақсатына, орындалу технологиясындағы тәртібі мен ерекшеліктеріне қарай мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:


1) әуе түсірілімдері және бақылаулар;


2) авиациялық-химиялық жұмыстар;


3) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;


4) теңіз кемелерінен және теңіз бұрғылау қондырғыларынан ұшу;


5) эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған ұшу сапарлары;


6) іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары;


39. ПҰА-ны пайдаланушы ұшуды жүргізу жөніндегі басшылықта авиациялық жұмыстардың нақты (айқындалған) түрлерін орындау шарттары мен тәртібін көздейді.


40. ПҰА-ның авиациялық жұмыстарға ұшуы қолданылатын ПӘЖ мүмкіндіктеріне сәйкес келетін ауа райы жағдайларында және тәулік уақытында орындалады.


41. Пайдаланушы:


1) авиациялық жұмыс түріне бейімделген рәсімдер мен шектеулерді келесілерді қоса белгілейді:


ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған пайдалану рәсімдері;


болжамды ұшу ауданына қолданылатын қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін рәсімдер;


ПӘЖ компоненттері мен персоналына заңсыз араласудан және рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі шаралар;


ПӘЖ пайдалану кезінде алынған жеке тұлғалардың дербес деректері туралы ақпаратты өңдеуден және еркін айналыстан қорғауды қамтамасыз ету;


шу мен адамдарға, жануарларға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту рәсімдері;


2) әрбір ПӘЖ операциясы үшін тиісті дайындық, жаттығу және хабардарлық деңгейінің сыртқы ұшқышын тағайындайды;


3) ПӘЖ персоналын ұшу ауданына өзекті аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етеді;


4) барлық персоналдың алдағы ұшуларға алдын ала және ұшу алдындағы даярлықтан өтуін қамтамасыз етеді;


5) ұшу жоспарын ӘҚБ орталығына белгіленген мерзімде ӘПҚ қағидаларына сәйкес жіберуді ұйымдастырады;


6) операцияға тағайындалған сыртқы пилотпен бірлесіп ӘҚБ орталығынан әуе кеңістігін пайдалану тәртібі бойынша және олардың ПҰА-лары ұшып өтетін ауданда іздестіру-құтқару қызметтерінің жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы, сондай-ақ ұшу кезеңінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері бойынша рұқсат және консультация алады;


7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларына сәйкес рұқсат етілген радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.


8) ұшулар үшін ПӘЖ дайындаудың барлық циклдерінен өткен техникалық ақаусыз ұшуды пайдалануды қамтамасыз етеді;


9) ПӘЖ сыртқы ұшқышының ұшу уақытын есепке алу, ПӘЖ сыртқы ұшқышының жұмыс уақытын, ПӘЖтехникалық жай-күйін есепке алу журналдары мен кітаптарын жүргізуді қамтамасыз етеді;


10) ПӘЖ-ны басқару жөніндегі барлық персоналды олардың өз міндеттерін орындауына байланысты және ұшып өтетін аудандарға қолданылатын заңдармен, ережелермен және рәсімдермен таныстыруды қамтамасыз етеді;


11) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға қауіпсіздікке байланысты кез келген оқиғалар туралы хабарлайды және ПӘЖ-ға қатысты ақпарат алмасады.


42. Сыртқы ұшқыштың алдағы операцияның санаттарына сәйкес келетін дайындық деңгейі болуы тиіс.


Сыртқы ұшқыш:


1) ұшу күні қарсаңында ПӘЖ персоналымен алдын ала дайындық жүргізеді, оның барысында:


мыналарды: алдағы операцияға ұшу тапсырмасын; тыйым салынған аймақтардың, ұшуды шектеу аймақтарының, күзетілетін мемлекеттік объектілердің, әуеайлақтардың болуы тұрғысынан әуе кеңістігінің құрылымын; ұшу ауданына жаңартылған аэронавигациялық ақпаратты; ұшу күніне арналған ауа райы болжамын зерделейді;


ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы ұшу тапсырмасын тиімді шешу тұрғысынан есептер жүргізеді, ұшу картасын дайындайды;


пайдаланушымен бірлесіп ұшу тапсырмасына сәйкес және ауданның әуе кеңістігінің құрылымын ескере отырып, ПҰА-ның ұшу жоспарын әзірлейді;


ПӘЖ персоналына нұсқама жүргізеді және дайындығын бақылайды;


ұшу жоспарын кейіннен телефон арқылы өтінімнің өтуін бақылай отырып, ӘҚБ орталығына жібереді;


2) ұшу күні ПӘЖперсоналымен ұшу алдындағы даярлықты жүргізеді, оның барысында:


берілген ұшу жоспарына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат пен шарт алады;


зерделейді: ұшу кезеңіне арналған қысқа мерзімді болжам; әуе кеңістігін пайдалану бойынша шектеулер мен шарттар және олардың ұшу тапсырмасымен үйлесімділігі;


ұшудың қажетті нақтыланған есептерін орындайды;


техникалық дайындығын, ПӘЖдеректерін басқару және беру арналарын тексереді, жұмыс орнын дайындауды жүргізеді;


қауіпсіздік шаралары бойынша ПӘЖперсоналына нұсқама жүргізеді.


3) ұшу кезінде:


психоактивті заттардың, дәрі-дәрмектердің, алкогольдің немесе шаршау мен аурудың әсерінен міндеттерді орындамайды;


ПҰА-ның ұшуын берілген ұшу жоспарына және әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдарынан әуе кеңістігін пайдалануға алынған шартқа қатаң сәйкестікте жүргізеді;


кез келген басқарылатын әуе кемесімен соқтығысудың кез келген тәуекелін болдырмайды және егер бұл басқа әуе кемелеріне, адамдарға, жануарларға, қоршаған ортаға немесе мүлікке қауіп төндіруі мүмкін болса, ұшуды тоқтатады;


егер бұл ұшу тапсырмасында көзделмеген және ден қою қызметтері мақұлдамаған болса, төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі іс-қимылдар жалғасатын аудандардың маңында немесе ішінде ұшпайды;


ұшу тапсырмасы аяқталғаннан кейін есепке алу журналдары мен кітаптарын толтырады, алынған ақпаратты, ұшу деректерін және тректерді сақтау үшін шаралар қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет