Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



бет2/3
Дата08.06.2016
өлшемі290 Kb.
#122936
1   2   3
Жоспар

  1. Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік құқықтық базасы.

  2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. 2-бап.

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік – табиғи қорықтарының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

4.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілермен айқындалған өздерінің құзіреті шегінде облыстардың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік табиғи қорық - қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Жеке тұлғалар:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мәселелер бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;

3.Табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға.
Бақылау сұрақтары:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі.

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды кім жүзеге асырады?

3.ҚР-сы Үкіметінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыретіне нелер кіреді?

4.Уәкілетті органның құзыретіне нелер кіреді?

5.Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері қандай?

6.Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері қандай?
Дәріс № 3
Тақырыбы:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-тіршілік етуінің негізі.

Мақсаты:. Негізгі түсініктер мен анықтамалармен танысу.

Жоспар

1)Негізгі түсініктер мен анықтамалар.

2)Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер.


Негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ- ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;

1) биологиялық ресурстар- экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі- өздеріндегі барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінің репрезентативтік өкілдігін қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жиынтығы;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі- күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау(бұдан әрі – қорғау) – судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы;

8) интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;

9) мемлекеттік табиғи – қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу- ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы;

10) мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілері – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген түрлері(таралымдары) (соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері);

11) рекреациялық жүктеме – есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны;

12) Табиғат жылнамасы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы;

13) табиғи кешендерді орнықты пайдалану – табиғи кешендердің биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық саналуандылықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;

14) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер(табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекетік дендрологиялық парктер;

15) экологиялық дәліз – тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын қамтамасыз ету және биологиялық саналуандылықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі;

16) экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:

1).Биологиялық саналуандылықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;

2).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

3).Мемлекеттік табиғи қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

4).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағарту, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;

5).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;

6).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

7).Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;

8).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қол жетімділігі;

9).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқару санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып саналады.

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға түсініктеме беріңіз.

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі дегеніміз не?

3.Биологиялық ресурс дегеніміз не?

4.Мемлекеттік табиғи-қорық қоры дегеніміз не?

5.Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне нелер жатады?

6.Экологиялық дәліз дегеніміз не?

7.Экологиялық желі ұғымына анықтама беріңіз.

8.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптерді атаңыз.

9.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілеріне нелер жатады?

10.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері кімдер болып табылады?
Дәріс № 3

Тақырыбы:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-тіршілік етуінің негізі.

Мақсаты: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың категориялары (санаттары) мен түрлерімен танысу. Қазақстанның Қызыл кітабы мен танысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет