Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет12/13
Дата13.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#131841
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Мәліметтер қоры» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Мәліметтер қоры» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар

10 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Программалау тілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Программалау тілдері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Программалау тілдері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 6-18-ші сабақ болып I -ІI-III оқу тоқсанында өтіледі.



1. Программалау тілдері. Тілдің алфавиті.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль программалау тілінің алфавитін және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін білуі тиіс.

Жоспар:

  1. Тілдің алфавиті

  2. Тілдің ерекшеліктеріне қарай символдардың жіктелуі

  3. Символдарды жазу ережесі.

2. Паскаль программасы және оның құрылымы .

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль прогаммалау тілінің құрылымымен және орындалу ретімен таныстырып, программа бөліктерінде қолданылатын міндетті түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар программаның құрылымын, оның орындалу ретін және программада қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын білуі қажет.

Жоспар:

  1. Паскаль тіліндегі программаның құрылымы.

  2. Паскаль программасының жазылу ерекшеліктері.

  3. Бақылау сұрақтары.

3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.

Мақсаты: Оқушыларды мәліметтер типімен және стандартты типтермен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар есеп шығару процесіндегі мәліметтердің типтерін анықтап, оларды программада сипаттай алуы керек.

Жоспар:

  1. Мәліметтердің типтері

  2. Стандартты типтердің сипатталуы

  3. Стандартты типтерге қолданылатын амалдарға сипаттама

  4. Бақылау сұрақтары, жаттығулар

4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.

Жаңа ұғым: Өрнектер, операторлар, меншіктеу операторы.

Мақсаты: Оқушыларға өрнектердің математикалық жазылуы мен программалау тілінде жазылу ерекшелітерін терең ұғындырып, берілген өрнекті программалау тілінде жазуды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар кез келген математикалық өрнекті программалау тіліне қажетті шарттарды сақтай отырып, жылдам аударып, жаза білуі тиіс.

Жоспар:

  1. Арифметикалық өрнектер

  2. Логикалық өрнектер

  3. Стандартты функциялар

  4. Өрнектерді Паскаль тілінде жазу мысалдары.

  5. Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

5. Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары. Сызықтық алгоритмді программалау.

Мақсаты: Оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіріп, сызықтық алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылуын біліп, сызықтық алгоритмге программа құра алатындай дәрежеге жетуі қажет.

Жоспар:

  1. Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары

  2. Сызықтық алгоритмді программалау.

6. Таңдау және шартты операторлар. Өту операторы. Бос оператор.Тармақталу операторы.

Мақсаты: Оқушыларды таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдеді программалауды түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге программа құра білуі керек.

Жоспар:

  1. Тармақталу операторы

  2. Таңдау операторы

  3. Өту операторы

7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы

Мақсаты: Оқушыларды циклдың түрімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалай алуы керек.

Жоспар:

  1. Циклдік алгоритмдерді пограммалау.

  2. Циклдік операторлар

  3. Циклдік операторлардың жазылу ережесі, мысалдар

8. Графиктік режим. Экранның координаталық жазықтығы.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын экранның координаталар жазықтығымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар экранның координаталар жазықтығын дұрыс ұғынып, графиктік суреттерді шығару үшін режимді инициализациялауды меңгеруі қажет.

9. Графиктік редактор.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде іске қосу процедураларымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Графиктік режимді іске қосу процедураларын және суреттерді координаталар жазықтығына сала білу.

10. Графиктік объектілерді программалау.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын операторлар мен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль тілінде графиктік редактор көмегімен қарапайым сурет сала білуі қажет.

11. Символдық шамалармен жұмыс жасау амалдары. Символдық мәліметтерді енгізу.

Мақсаты: оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: символдық ақпаратты пернетақтадан енгізу, экранға шығару әрекетін орындауды меңгеру.

12. Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тіркестік өрнектер. Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар.

Мақсаты:Мәтіндік ақпаратты өңдеу поцедураларымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:Мәтіндік ақпарат өңдеу процедураларын дұрыс қолдана білу.

13. Жиым. Элемент түрі, өлшемі, индекстер. Бірөлшемді жиыммен жұмыс істеу.

Мақсаты: «Жиым» ұғымы мен жиым элементтерін реттеу әрекеттерінің орындалуын таныстыру. Жиым элементтерін енгізіп реттеуге программа құра білуге үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар жиымды сипаттау, элементтері, индекстерін көрсете білуі, жиым элементтерін реттеу программаларын жаза білуі қажет.
Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Программалау тілдері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Программалау тілдері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Программалау тілдері» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын

11 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Модельдеу» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Модельдеу тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Модельдеу» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 19-22-ші сабақ болып ІII-IV оқу тоқсанында өтіледі.


1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.

Мақсаты: оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдедің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар қарапайым модельдеуге мысал келтіре білуі тиіс.

Жоспары:

  1. «Модель», «модельдеу» ұғымдарының анықтамасы. Мысал келтіру.

  2. Модельдің берілу түрлері.

  3. Түпнұсқа мен модельдің айырмашылықтары.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама. Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін (макеттерін) құру.

Әрбір адамның күнделікті іс әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сана - сезімінде алдын ала орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.с.с. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнелетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модельдер жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

2. Модель түрлері.

Мақсаты: оқушыларды модель түрлерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модельдің түрлерін ажырата біліп, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:


  1. Статистикалық және динамикалық модельдің анықтамаларын беру. Мысал келтіру.

  2. Модельдің түрлері.

  3. Модельді ортақ қасиеттеріне қарай топтау.

  4. Модельдің әр түріне анықтама беріп, мысал келтіру.

  5. Модельді көрсету әдісіне қарай топтау.

  6. Ақпараттық модель. Оның түрлері.

Анықтама. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Модельдерді мынадай қасиеттеріне қарай топтарға жіктейді: 1. Қолдану аймағы; 2. Модельде уақыт факторын ескеру; 3. Білім саласына қарай топтау; 4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау;

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін, қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында: оқу, тәжірибелік, ғылыми – техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) сияқты топтарға жіктеледі.




1-сурет. Модельдердің жіктелуі

Модель көрсету әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі (2-сурет).




2-сурет. Модельдерді көрсету әдісіне қарай топтау.


Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Балалар ойыншығы материалдық модельдің қарапайым мысалы бола алады.

3. Ақпараттық модельдер.

Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық модельдің түрлерімен таныстыру. Копьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар ақпараттық модельдерді ажыратып, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:

  1. Ақпараттық модель. Мысал келтіру.

  2. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама: Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпараттар жинағы және сыртқы әлеммен өқзара байланыс болып табылады. Ақпаратық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпаратқа ғана құрылады. Мұндай модель қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модель вербальдық және таңбалық болып бөлінеді.

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.Таңбалық модель дегеніміз – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралымен көрсетілген ақпараттық модель.Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтады.
4. Модельдеу кезеңдері.

Мақсаты: Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модель құру кезеңдерін, құрылған модельді талдап, кезеңдерге бөліп, нәтижесін талқылай білуі қажет.

Оқушы білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: модель құрудағы мақсатты анықтап, нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:


  1. Модельдеудің негізгі кезеңдері. Оларға сипаттама беру.

  2. Модельдеудің жалпы кезеңдері.

  3. Модельдеудің әрбір кезеңіне жеке-жеке тоқталып, мысал арқылы түсіндіру.

Қысқаша мақзмұны:

Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады (3-сурет).



3-сурет. Модельдеудің кезеңдері.


Модельдеудің жалпы кезеңдерін 4-суреттегідей көрсетуге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.

4-сурет. Модельдеу кезеңдері.


Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.



  1. «Модельдеу» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Модельдеу қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Модельдеу» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар

12 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Желілер» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Желілер тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме

«Желілер» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 23-25-ші сабақ болып IV оқу тоқсанында өтіледі.

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

№33 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі.

Электрондық пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.



Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

ОЕТС, Windows 98 ОЖ. Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың тақырыбы:

«Электрондық хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен танысу. Электрондық пошта мен электрондық хабарлар туралы түсінік беру. Электрондық адрес туралы түсінік беру. Internet mail бағдарламасынмен жұмыс іатеуді үйрету.

Сабақтың типі:

Көрсете түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс:

Компьютерлік желінің не екенін;

Компьютерлік желінің арналуын;

Компьютерлік желінің жіктелуі;

Жергілікті және жалпы желі не екенін;

Жергілікті желіні ұйымдастыруды;

ДК және компьютерлік желің ресурстарын;

Хаттама деген не және ол қалай қолданылатынын;

Хабар деген не және қандай құралдардыңң көмегімен хабар жіберуге болды;

Модем дегеніміз не және ол не үшін қолданылады;

Жергілікті желі түрлерін;

Электрондық адрес деген не екенін;

Электрондық хабар деген не екенін;

Хабарлар қалай жіберілетінін;

Электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

Жергілікті желіні қолдануды;

Жергілікті желі мысалдарын келтіруді;

«Желілік орта» қапшығымен жұмыс істеуді;

хабарларды құруды, редакциялауды, сақтауды және ашуды;

хабарларды жіберуді және қабылдауды.


Жергілікті желі мен хабарлар және оларды жіберу/қабылдау туралы айтпас бұрын, берілген тақырыпты түсінуге қажет негізгі ұғымдарды берейік.

ДК ресурстары – бұл құрал-жабдықтар (ақпараттық қамсыздандыру), бағдарламалар (бағдарламалық қамсыздандыру) және ДК-да сақталатын және оқылатын деректер.

Ортақ ресурс – бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді (бір уақытта немесе әр уақытта).

Компьютерлік желі (Network) – деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.

Компьютерлерді тікелей қосу – бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы. Мұнда Windows98 ОЖ-дан басқа, ешқандай қосымша аппараттық немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ. Тікелей қосқанда бір ДК – жетекші, ал екінші ілесуші болып табылады.



Жергілікті желі LANLocal Area NETwork – бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы – ресурстарға бірігіп қатынау (ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге қолдану), сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау (әкімшілік функция). -

Бір рангты желі – бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.

“Клиент-сервер” типті желі – бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі – файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.

Сервер – бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі, ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.

Файлдық сервер – бұл “Клиент-сервер” желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.

Жұмыс стансасы – бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде “Клиент-сервер” желісіндегі де (файлдық серверден басқа).

Жүйелік әкім – бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режімін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға.

Желілер топологиясы - бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы (желі конфигурациясы).

Торап – бұл желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.

Модем – аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы. Ақпаратты қабылдау үшін желінің баса ұшында да модем болуы керек.

Протокол – бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ережелер жиыны.

Желілік протокол – бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені (желіде біріктірілген компьютерлердің қатынау тілі).

Хабар (Message) – компьютерде жазылған және түрінде құрылған, белгілі құрылымы және кеңейтілуі бар, оны компьютерлік желі бойынша басқа компьютерге жіберуге болатын хат.

Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі.

Компьютерлік желілерді бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады, мысалы, территориялық таралу дәрежесі бойынша, топологиясы бойынша, қолданатын бағдарламалық жабдықтамасы бойынша (ОЖ немесе желілік қызмет), құрылымы (архитектурасы) бойынша және т.б.

Желінің территориялық таралуының дәрежесі бойынша олар мыналарға бөлінеді:


  1. Жергілікті желі (ЭЕМ-дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы)

  1. Жергілікті желі (ЭЕМ-дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы арқылы байланысады, атап айтқанда: шиырылған жұп, коаксиальды кабель, оптикалық кабель және т.б. радио байланысы да қолданылуы мүмкін);

  2. Аймақтық желі (тораптар арасындағы қышықтық 10-1000км, байланыс арнасы ретінде көбінесе телефон линиялары қолданылады);

  3. Дүниежүзілік (жалпы) желі (тораптар арасындағы қашықтық 10-15 мың км, көптеген басқалары мен қатар спутниктік байланыс арнасы қолданылады).

Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары (түсіндіру).

Бұл желілер кең тараған, оларда ақпараттың 80-90% айналады және олардың тек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты.



Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:

  1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;

  2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;

  3. Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;

  4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;

  5. Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;

  6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).

Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:

  1. Жекеарналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.

  2. Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады (белгілі тізбек бит).

  3. Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті ортасы болады. Деректер бергенде мұнда да маркерлер қолданады.

  4. Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.

  5. Ағаш түрінде. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.


Жергілікті желілер, қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылымы бойынша мыналарға бөлінеді:

  1. Бір рангылы;

  2. Тікелей қосу желілері (екі компьютер);

  3. Клиент-сервер (бір файлдық серверді қолданатын);

  4. Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер;

Жергілікті желіде қолданылатын ОЖ немесе желі қызметі бірнеше негізгі топқа бөлінеді:

  1. NET WARE 4.1.

  2. Windows NT

  3. Vines 6.0.

  4. OS 2Warp.

  5. UNIX

Жергілікті желідегі жұмыс.

Жергілікті желідегі (мысалы, бір рангылы) барлық компьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушының өз аты мен паролі болады. Windows98-дің құрамдас желілік құралдарымен жұмыс істегенде, ОЖ-ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдалануыш ол арқылы өзінің желілік аты мен паролін көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы «Желілік орта» қапшығы арқылы жүзеге асады. «Желілік орта» серверлер (NET WARE 4.1., Windows NT) ресурстарын да, бір рангылы желінің компьютерлерінің ресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желінің басқа компьютерінің ақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын ала рұқсат берілсе, қатынауға болады.

Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:


  1. «Менің компьютерім» қапшығына кіру.

  2. арнайы қапшықты – С, А, В, Д, Е дискілерін белгілеу.

  3. Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру.

  4. «Қасиеттер» пунктіне кіру.

  5. «Доступ» (Қатынау) бет белгісін таңдау.

  6. «Ортақ ресурс» деген сөз тіркесінің жанына нүкте қою.

  7. «Тек оқу үшін», «Толық», «Парольмен анықталады» пункттерніңі бірін таңдау.

  8. «Парольмен анықтау» пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі.

  9. берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда «жергілікті ресурс» сөз тіркесін белгілеу керек.

Бұдан басқа, желілік ресурстарды бағыттаушы арқылы, қолданбалардағы құжаттарды ашу мен жабу терезелерінде арнайы «Желілік орта» қапшығын таңдап, ол арқылы компьютерді (аты бойынша) бұл компьютердің қатынауға мүмкін ресурстарын (қапшықтар-дискілер), содан кейін қажет файлды қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет