Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру



бет4/7
Дата14.06.2016
өлшемі498 Kb.
#136043
1   2   3   4   5   6   7
Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру

Батыс елдерінде бұл сақтандырудың түрі жеке тұлғаның сақтандырылу сферасында қарастырылады және өзіне келесі түрлерді қосады:

  1. жанұя басшысының азаматтық жауапкершіліктің сақтандырылуы, бұл жағдай жанұя басшысы барлық жанұя мүшелері үшін сақтандырылуына негізделеді.

  2. Аңдар иесінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру

  3. Үйлесінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру

  4. Ластанған сулар үшін азаматтық жауапкершілігін сақтандыру

  5. Құрылыс кезінде тапсырушының азаматтық жауапкершілігін сақтандыру

  6. Жеке құрал иесінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру

  7. Аңшының азаматтық жауапкершілігін сақтандыру

Заңды тұлғаларды сақтандыруда мұның барлығы белгілі бір тәтіп бойынша кәсіпорында сақтандыру полисі арқылы қорғалып отырады. Сақтандырудың бұл түрі Батыста кеңінен тараған, сол себепті осы сақтандыру полисі арқылы кәсіпорынның тәуекелі, оның құқықтық қарым-қатынысы және де іс-әрекеттері сақтандырылады.

Кәсіпорынның өндірістік тәуекелдері әрқашанда әртүрлі, сондықтан да мұнда бір түрлі тариф болмайды.



Профессионалды жауапкершілікті сақтандыру (Жауакершілікті мамандықты сақтандыру).

Сақтандырудың жаңа түрі. Мұнда дәрігерлер, адвокаттар, архитекторлар және т.б. тұлғалар өздерінің мамандықтары бойынша шығармашылықтарын сақтандырады, яғни өз жауапкершіліктері кәсіпорынның (мекеменің) жауапкершілік шеңберінде сақталмаған тұлғалар. (Егер жауапкер тұлға өз ісінде қандай да бір жағдайды жіберіп алғанда, дұрыс қарастырмағанда немесе абайсыздығынан болған жағдайларды профессионалды жауапкершілікті сақтандыратын сақтандыру орны орындалады).

Профессионалды жауапкершілікті сақтандыру жауапкер тұлғаның өз ісінде қандайда бір жағдайды жіберіп алуынан, дұрыс қарастырмауынан немесе абайсыздығынан іске қосылады. Алайда жауапкер адамдар өз ісіне мұқиятпен қарайтындығы және де өз ісінің шебері екендігі барлығымызға мәлім. Осы тұлғалардың квалификациялық деңгейін дәлелдейтін бірден бір құжат болып сертификат, диплом жәнебасқа да құжаттар табылады. Мамандықтарына байланысты жауапкер мамандарға әр қилы қауіптер төнуі мүмкін, мысалы денсаулығына (дәрігерлерге, фармоцептерге, көлік жүргізушілерге және т.б.), материалдық (архитекторларға, құрылысшыларға, инженерлерге және т.б.) және қаржы жағынан (аудиторларға, брокерлерге, бнкирлерге және т.б.) зиян төнуі ықтимал.
13 Дәріс: Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.

Мақсаты: Кәсіпкерлікке қатысты обьекттерді игеру және теоретикалық негізін бекіту.

Сұрақтар:

1. Кәсіпкерлікке қатысты обьекттерге мінездеме.

2. Коммерциялық тәукелдікті сақтандыру, яғни инвестицияларды, табыстарды және шығындарды.

3. Банктік тәуекелдікті және олардың түрлерін сақтандыру.

4. Қаржылық тәуекелдікті сақтандыру.

5. Биржалық және валюталық тәуекелдікті сақтандыру.

6. Несиелік тәуекелдікті сақтандыру. Экспорттық және коммерциялық несиелерді сақтандыру.

7. Өндірістегі үзілістерден сақтандыру.

Қаржылық тәуекелдікті сақтандырудың бір формасы. Бұл сақтандыру мүлік шығынға ұшырағанда пайда болатын қосымша қаржылық зияннан (шығыннан) сақтандыру болып табылады. Бұл қосымша (зақым) шығындар кәсіпорындағы үзілістерден жоғалған табыстармен және кенеттен пайда болған қосымша кірістер түсіндіріледі, яғни мүліктік сақтандырудың келісімі сақтандырушыны өнеркәсіптегі үзілістерден болған шығындарының, қаржылық табиғаты бар қосымша және жанама зияндарының (шығындардың) орнын толтырады. Бұл зияндар әсіресе саудада және кейбір кәсіәпорындарда үлкен орын алады. Мүлкін өрттен сақтандыру полисі әдектте қосымша ретінде өнеркәсіптегі үзілістерден сақтандыру полисін сатып алады.

Екі полисте де сақтандыру тәуекелі бір түрлі. Сондықтан да жалған табыстар өрттен сақтандыру полисіне қайтарылса, өнеркәсіптің үзілісінен сақтандыру полисінде қайтарылмайды.







Қосымша уақытша шығындар

Салмақ пайдасының азаюы

Міндетті шығындар (еңбекақы, жер салығы және т.б.)

Негізгі (жоғалту) шығын мен зиян

Өнеркәсіптегі үзілістерден

сақтандыру полисі

Мүлікті сақтандырудың

алғашқы полисі

Сақтандырудан кейін кәсіпорынды қалпына келтіру бірталай уақытты қажет етеді. Бұл кәсіпорындағы өндірістің түріне байланысты 2-3 жылды құрауы мүмкін.

Сақтандырушы кәсіпорынды үзілістен сақтандыруда зиянның орнын толтыру үшін төлем мерзімін өзі таңдайды және ол бір немесе одан да көп жыл болуы мүмкін. Сақтандыруды қайтару кезеңі сақтандыру кезеңімен тең келмейді, ол сақтандыру мерзімі басталған кезеңімен жоғалған табыстардың кезеңінен басталады.
Өрттен кейінгі кәсіпорынның динамикасының айналымы.
Айналымдар

Өнеркәсіптің күштерін

енгізу



Ғимаратты қалпына

келтіру

Уақыт

Мүліктік тәуекелден және кәсіпорындағы үзілістерден сақтандыруда әдетте 2 полиспен немесе (бір) сақтандыру келісіміндегі (жалғыз) біріктірілген полиспен толтырылады. Премия ставкасы шығынды қайтару кезеңі мен өрттен сақтандыру ставкасының сызбасы сияқты есепке алынады.


Запастағы тауарларды сақтандыру.

Қоймадағы қорларды сақтандыру көлемі кейде 1 күн ішінде өзгеріп тұратын , ал бағасы жыл ішінен келесі балансқа дейін өзгеріссіз қалатын негізгі құралдарға қарағанда (ғимарат және т.б.) бұл құралдар амортизация есебінен қайта бағаланады. Тауарлы қорларды сақтандыру мақсатында сақтандыру сомасын анықтау үшін 3 тәсіл қолданылады:



  1. Жартылай (ортаңғы) қалдық бойынша.Мүнда әдетте жоғарғы қалдықтан 30-40% қалатын және жыл бойындағы орташа қалдығы алынатын қор бағасының ең жоғарғы лимиті анықталады. Сақтандырудың жыл басындағы кезеңінде күтілген орташа қалдықтың көлемінде жылдық премия алынады, ал бұл кезеңнің аяғында орташа қалдықтың көлемі алынып тасталынады да премия қайта есептелінеді. Орташа қалдықты есептеу үшін сақтандырушы сақтандыру кезеңіндегі жылдың ішінде, әр айдың басындаҚоймадағы орташа қалдықтың көлемі туралы ескертіп отыруы керек. Содан кейін бұл 12 көрсеткіштің сомасы 12 бөлінеді., егер ол көп болса, сақтандырушы сол қалдық пен күтілген орташа қалдық арасындағы айырмашылыққа премия төлейді, ал ол аз болса, онда сақтандырушы өзінің премиясын қайтарып алады. Бұл әдіс өзінің үлкен, жоғарғы нақтылығымен ерекшеленеді. Мұнда сақтандырушы артық төлемейді, бірақ мұндағы қияндық ай сайын қоймадағы тауардың қалдығын ескертіп, оған қайталама есептеу жүргізіп отыру қажет.

  2. Жоғарғы қалдық бойынша. Бұл жағдайда жоғарғы қалдық қана алынады (анықталады) және одан сақтандыру премиясы алынады, ол жоғарғы деңгейге әрдайым жете алмағандықтан 1 жағдайға (тәсілге) қарағанда төмен болады. Жоғарысы мен төменгісінің айырмашылығы 2-3 құрайтын шағын қорлар мен жай қорларға өте ыңғайлы.

  3. Алғашқы тәуекел бойынша. Бұл тәсілде қордың бағасы емес шығын көлемі анықталады. Бұл жағдайда премия нақты сомада белгіленеді. Мына әдіс бірнеше жерлерде орналасқан қорларға өте ыңғайлы, себебі сақтандыру жағдайында бұл қорлардың толық құрып кетуі мүмкін емес. Лимит жауапкершілігінде жоспарланғандай тек кішігірім жоғалтулар болуы мүмкін.

Қорлардағы тауарларды сақтандыру келісімінде сақтандырушы ай сайын сақтаушыға белгіленген күнде өзінің қордағы тауарларының мөлшерін ескертіп отырады және ол «белгіленген күнге сақтандыру» деп аталынады деген шарттар енгізуі мүмкін. Белгіленген күнгеқордағы тауарлардың көлемі белгіленген деңгейден асып кетсе, бұл келісім бойынша сақтандыру сомасын жоғарылатуға негіз болады. Сақтаушы 2 аптаның ішінде сақтандырушының сомасын жоғарлатуы туралы шешім қабылдайды және бұл жайында сақтандырушыны хабардар етеді. Бұл жағдайда сақтандырушы сатандыру келісімі сақталғанға дейінгі кезеңге қосымша премия төленуі қажет.

Сақтандыру премиясын толық төлеу сақтандырылатын жылдың аяғында орындалады. Егер сақтандырушы сақтандырудың сомасын жоғарылатуға келіссе, онда бұл келісім бойынша толық сақтандырылмаған деп қабылданады.
Теңіздік сақтандыру.

3 бөліктен тұрады:

I. Жүкті сақтандыру - КАРГА

II. Кеме-жайды сақтандыру – КАСКО.

III. Кеме-жай иесінің жауаптылығын сақтандыру.

Бұл мүлікті сақтандырудың бір түрі және оның мақсаты болып төңкеріс кезінде сақтаушыға келтірілген шығынның орнын толтыру немесе мүліктік қатынасымен байланысты теңіз жолдарында залал шеккен обьектінің шығынын жабу.

Теңіз жолы – (бұл аралық,өзіндік,құрлықты тасымалды қоймалау, түсіру уақыты)

Сақтандырушы болып теңіз өндірісіндегі немесе оның құрамдық бөлігіндегі заңды мүліктік құқығы бар кез-келген адам бола алады және олар оның сәтті аяқталуынан немесе зақымдануынан, жоғалудағы зиянынан пайда алады.

Мұнда қолда барды ғана емес, сонымен қатар жақсы аяқталуды көздейтін теңіз кәсіпорынын да сақтандыруға болады.

Теңізді сақтандырудың объектісі болып кеме-жай, соның ішінде фрах, жол ақысын төлеу, жүкті сатудан түскен табыс, еңбекақы табылады.

Сақтандыру санасы сақтандыру бағасымен сәйкес келуі қажет, бірақ жүкті сақтандыруда мұнда түсетін табыс енгізіледі.
I.Жүкті сақтандыру – КАРГА.
Сақтандыру тәжірибесінде жүктер мына шарттардың бірінде сақтандырылады:

1)барлық тәуекелдікке жауапкершілікпен қарау. Бұл келісім жүктің немесе оның бір бөлігінің зақымдануының шығын немесе жалпы апаттан төлемдердің орнын жабудың мақсатында қолданылады.

Теңіздік сақтандыруда апат кезінде теңіз кәсіпорнына келтірілген барлық зияндар мен шығындар көтеріледі. Апат жалпылық болуы үшін мынандай жағдайларды орындау қажет:


  • біле тұра;

  • ақыл-есі кірген;

  • жүкті және фрахты жалпылық апаттан кемені құтқарудың мақсатындағы шығындардың аяқастылығы. Жалпылық апатта жоғағалтулар апатта боғандардың арасында толтырылады, ал жеке апатта жоғалтулар мүліктің иесіне тиесілі болады.

Берілген шарттардағы бекітілген келісім барлық тәуекелдіктерден сақтайды, яғни:



  • әрқандай апаттар;

  • өрт;

  • жарылыс;

  • батып кету;

  • газдың жіберілуі;

  • көлік құралдарының апаты;

  • қақтығыс;

  • бұзып ұрлау;

  • үшінші жақтың араласуы.

2)жеке апатқа жауапкершілік. Мынандай жағдайда жүктің зақымданукынан немесе толық жоғалуынан болған зияндардың орнын жабуға толық сенім артады, яғни:


Сонымен қатар бұл келісім хабарсыз жоғалған көліктердің және жалпы апаттың шығындары мен жоғалтуларының орнын жабады.

Мұнымен қоса бұл келісім мына тәуекелдердің орнын жаба алмайды:


  • су басып кету және жер сілкінісі;

  • жүктің толмауы және ұрлануы;

  • дымқылдан жүктің суланып, бұзылуы (қар, жаңбыр);

  • бүлінуінен жүктің бағаланбауы.

3) бүлінген жүкке жауапкершіліксіз (немқұрайлы) қарау. Егер жағдай №2 сақтандарудың шартындағыдай болса, онда бұл келісімде толық жоғалған жүктің шығындары толтырылады. Жүктің бүлінуінен болған зақымдардың орны жабылмайды.

Жалғыз немесе барлық жүкті тасымалдауда белгілі бір мерзімде бұл жүктің сақтандыру келісімі бекітілуі мүмкін және бұл жағдайда «генералды» полисі толтырылады.

Сақтандыру келісімі тасымалданатын жүкті партиясымен немесе бөлігімен қарап шығуы мүмкін, бірақ бұл сақтандыру келісімінде сақтандырудың сомасы барлық жүкке белгіленеді.

Жүкті тасымалдауға сақтандыру келісімін бекіту үшін сақтандырушы сақтаушыдан жазбаша өтініш алады. Өтініште келесілерді көрсетіп кету керек:

1)жүктің атауын, қапталған жерін, салмағын;

2)коносаменттердің номерін ,күнін немесе басқа да тасымалдаудың құжаттарының анықтамасын (номері, күні) ;

3)көліктің түрін;

4)жүкті жіберудің күйлері (тәсілдері):



  • үйіп;

  • ұсақтатып;

  • сұйықтық күйінде;

  • жатқызып;

  • тігінен;

  • кемемен.

5)жүктің жіберілетін, тиелетін, баратын жерін көрсету;

6)жүктің жіберілген күні;

7)сақтандыру сомасы;

8)сақтандыру шарттары.

Сақтандыру келісімі бойынша жүкке жауаптылық жүктің жіберілген жерінен бастап жүктің жеткізілетін жеріне дейін, сонымен қатар жүкті қабылдап алатын қоймаға немесе басқа да баратын қоймаға дейін атқарылады.

Сақтанушының жауапкершілігі жүк қоймаға келіп түскен күннен кейін де бірнеше күнге созылады. Сақтандыру базасын қайтаруға шағым жасаған кезде сақтандырушы немесе табыс алушы келесілерді құжат түрінде дәлелдеу керек:

1.Сақтандырылған мүліктегі өзінің үлесін;

2.Сақтандырылған жағдайлардың түрлері;

3.Шығын бойынша өз шағымының деңгейін өзінің сақтандыру жағдайын дәлелдеу үшін келесі құжаттар қолданылады:

а) коносаменттер;

ә) теміржол құжаттары және де басқа счет фактураларының тасымалдау құжаттары. Бұл құжат мазмұнында сақтандырушының жүкке толықө құқығы бар екендігі көрсетілуі тиіс. Брахты сақтандыруда партия чартеры және коносаменттер қолданылады.

Партия чартеры – бұл жүкті теңіз арқылы тасымалдауда толтырылатын құжат.

Коносамент – бұл су жолдары арқалы жүкті тасымалдайтын тасымалдаушыдан жіберушіге берілетін көліктік құжат және де ол жүкті тасымалдауға алғандығын, сонымен қатар жүкті қабылдаушыға жеткізетіндігін растайды.

Сақтандару жағдайларында дәлелдеу үшін келесі құжаттар қолданылады:



  • теңіз протесті (қарсылық);

  • судалық журналдан выписка;

  • қылмыстық істің қозғалғандығы туралы анықтама;

  • сақтандыру жағдайларының болған себептері көрсетілген басқа да арнайы актлер.

Тасымалданатын заттың хабарсыз жоғалған жағдайында келесілер қолданылады:



  • жіберілген жерден шыққан уақыты жайлы куәлік;

  • баратын жеріне белгіленген уақытта жеткізілмегені жайлы куәлік.

Шығын бойынша шағым деңгейін анықтайтын құжаттар:



  • шығын анықталған жердің заңы мен салты бойынша құралған құжаттар және анықтау, бағалау актілер;

  • апат комиссарымен жүктің тексерілгендігі туралы актілері;

  • өнеркәсіптің шығындарын растайтын құжаттар.

II. Кеме-жайды сақтандыру – КАСКО.


Сақтандырудың ең ежелгі және қиын тармақтарының бірі.

Кеме-жай мынандай топтар бойынша бөлінеді:



  • тағайындалуына байланысты;

  • жүзу ауданына байланысты;

  • құрастырылған материалдарына байланысты;

  • қозғалысына байланысты;

  • қозғаушысына байланысты.

Жүзетін заттарды сақтандыру, оларды пайдалану мақсатына байланысты болады. Ең ірі сақтандырылатыны болып сауда кеме-жайлары табылады.

КАСКО сақтандыруы көлік құралдарының жоғалуынан болған зақымдардың орнын толтыруды көздейді.

Сақтандыру келесілер бойынша жүреді:



  • кеме-жай;

  • машина құралдары;

  • борттағылардың барлығы бойынша.

Кемені жүргізуде болған барлық шығындарды сақтандыра отырып, кеменің толық құруы мен кеменің толық конструктивтік құруы деген түсінікті айыра алады.



Кеменің толық батып кетуі (құрып кетуі) – бұл кеме иелерінің кемені қайтарусыз жоғалтқандығын білдіреді. Кеменің толық конструктивтік құрып кетуі – қайта тұрғызуға келмейтін дәрежедегі меншік, бұл егер кемені жөндеуге кететін шығын кемені жөндеуге бергеннен кейінгі бағасынан көп болып кеткен жағдайда мойындалады.

Сақтандыру кезінде құтқарушылардың қызметін енгізу болған апаттан қоршаған ортаны қорғау үшін қажет болды.

Кеме-жайды (кешені) сақтандырудың негізгілері болып:

1)Сақтандырудың ауданын шектеу, дүние жүзінде 80 мың (кеме-жай) болғандықтан, ол бәсекелестік жағдайында болады.

2)Сақтандыру мерзімі әдетте бір мерзімді ғана құрайды.

3)Полисте міндетті түрде жүктің жоспарланған географиялық орны көрсетіледі.

4)Кеменің мінездемесінде және кемелерді қолдануда бірдей шарттар болмағандықтан сақтандыру сомасы мен тарифі әрбір кеме үшін жекелей белгіленеді, ал тарифтік ставкасына келесі көрсеткіштер әсер етеді:

-кеменің құны

-кеменің жылы

-кеменің тегі

-жүк көтергіштігі

-қозғағышының күші

-классификациясы

-кеме жүріп жүретін флаг

-менеджмент (басқару) (капитал, экипаж)

-жүзу ауданы

-сақтандырудың шарттары
Сақтандыру шарттарына байланысты сақтандыру көлемі:


Кемені сақтандыру шарттары

Сақтандырудың көлемі



Құруына

және зақымдануына байланысты жауапкер-шілікпен қарау



Зақымда-нуына байланысты жауапкершілікпен қарау

Құтқаруға кеткен шығынды қоспағанда-ғы тек толық құруына жауапкершілікпен қарау

Тек толық құруына ғана жауапкершілікпен қарау

Кеменің толық апатқа ұшырауына байланысты жағалтулар

+


-


+


+


Корпусының, машина механизмінің, құралдарының зақымдануын болдырмауға кеткен шығындар

+

+

-

-


Жалпылама апат бойынша жоғалтулар, шығындар, төлемдер

+


+


-


-


Кемені құтқарумен байланысты шығындар

+

-

+

-


Қосымша азаюларға және келтірілген зақымдарға қатысты қажетті және мақсатты өндірістік шығындар

+



+


+


-




Мына жағдайлардан шығындар қайтарылмайды:

-кеменің рейске шығыр алдында теңізде жүзе алмайтындығын біле тұрып сақтандырушының ескертпегендігінен;

-машиналарының, құралдарының, кеменің және оның бөліктерінің ескіруі, желінуі;

-радиайияның тару және жанама әсер етуі;

-кемені ұстап тұрудың шығындары;

-қоршаған ортаға, адам денсаулығына және үшінші жақтың мүлкіне келтірілген зақымдардың шығындары.


Кемені сақтандыру келісімі кеме туралы нақты ақпаратты, сақтандыру сомасы, сақтандыру шарттары көрсетілген жазбаша өтініш негізінде бекітіледі. Егер кеме 1 рейске сақтандырылса, онда ол рейстің шығатын және жеткізілетін, кіретін және жалғасатын жері көрсетіледі. Егер кеме белгілі бір мерзімге дейін сақтандырылса, онда жүзетін ауданы мен сақтандыру серзімі көрсетіледі.
III. Кеме-жай иелерінің жауапкершілігін сақтандыру.
Кеме-жай кәсібінің дамуы көптеген кемелердің пайда болуына себеп болды, мұның өзі теңіздерде жүзетін көліктермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар оның жауапкершілігі кеме-жайларды қымбат тұратын құрылғылармен жарықтандыруына байланысты басқа да адамдарға келтіретін зиянына қатысты артады.

Бұл шығындар кеме-жай иелерінің келісімді сақтандыру клубы арқылы жабылады. Қазіргі кезде мұндай 70 Р81 клуб жұмыс істейді; олар Англияда, Швецияда, Норвегияда және АҚШ-та орналасқан. Ьұл ұйымның жұмысы клуб корреспонденттерінің халықаралық ұйым жиынында негізделген. Клуб корреспонденттері белгілі бір елде клуб мүшелерінің құқықтарын қорғайды және қажет жағдайда мамандарды, эксперттерді шақырады.

Клубтың қаржылық негізі клуб мүшелерінің төлемдерінен тұрады және олардан сақтандыру қоры құрылады.

Сақтандыру төлемдері бойынша бөлінеді:

1.Алдын ала төлем. Полис жылының басында кеңес директорларымен анықталады (полис жылы 20.02 сағат 1200-де АМ Гринвич бойынша басталады).

2.Қосымша төлемдер. Егер полис жылының соңында шығындар көп болса, қосымша төлемдер беріледі.

3. Кенеттен төлемдер. Олар апаттық шығындарға байланысты жиналады.

PSI клубы арқылы негізгі сақтандыру тәуекелдері:

1) жүк

2) дене зақымдануы



3) қозғалмай жүзетін обьектінің зақымдануы

4) қақтығысу

5) кеме қалдықтарының араласуы

6) команда жағынан шығындар

7) жалпылама апат бойынша шығынның қайтарылмауы

8) айып-пұл

9) тасуға кеткен шығындар

10) карантиннен бөгелулер

11) кемедегі мүліктер

12) кеменің (соттық) бөгелулері (ұстанымдары).

Ең ірі клубтар: Солтүстік Ирландия мен Ұлыбританияның біріккен корольдігінің кеме-жай иелерінің келісімді «сақтандыру Бермудтік ассоциациясы». Бұл клуб арқылы сақталған тонна (сумма) – 200 БРУТТО тіркелген тонна.
14-Дәріс: Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Мақсаты: сақтандырушылардың төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығының есептеу әдістерін оқып білу.

Сұрақтар:

1. Сақтандырушылардың қаржылық ұйымдарының жалпы принципі.

2. Сақтандыру қорының құрылымы.

3. Сақтандыру резервтерінің түрлері және олардың құрылу ережелері.

4. Сақтандыру компанияларының сенімдіоігін және қаржылық тұрақтылығын бағалау.

5. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамту шарттары.

6. Сақтандырудың міндеттерін қолдану және активтердің нормалық қатынасын.

15-дәріс. Қайта сақтандыру – сақтандыру компаниясының

қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі.
Мақсаты:Активті және пассивті сақтандырудың теоретикалық негізін оқу және бекіту.

Сұрақтар:

1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың теоретикалық негізі және маңызы.

2. Қайта сақтандыру – сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығының әдісі ретінде.

3. Қайта сақтандырудағы берілетін тәуекелдердің әдістеріне байланысты қайта сақтандыру операциялары.

4. Пропорционалды және пропорционалды емес қайта сақтандырудың келісімдері.

5. Қайта сақтандыру пұлының мәні және мағынасы.


Қайта сақтандыру.

Бұл жүйе сақтандыру компанияларының арасындағы қаржыны және келісімшарттық қарым-қатынастарының негізі болып келеді. Бұл процесте сақтандырушы сақтандыру тәуекелін өзіне алып қолда бар келісімшарттардың өзінің қаржылық мүмкіншіліктері мен жағдайларының есебі мен жауапкершілік бөлігін алады, бұл жауапкершілік келісілген жағдайлар мен басқа сақтандырушыларға беріледі.

Алғашқы сақтандырушы өз шотына тек оның сақтандыру қаржының қаржылық тұрақтылық және қамтамасыз етушілік жағдайларынан сақтандыру келісімшарттарының шығынының тек белгілі бір бөлігін ғана ала алады.
Қайта сақтандырушының алғашқы тәуекелдерін қайта сақтандырудың көлемі мен қажеттілігін келесі факторлармен анықтайды:

-сақтандыру қаржысының көлемі мен құрамы;

-тәуекел түрі;

-сақтандыру ресурстары.

Қайта сақтандырудың экономикалық мәні болып, құрылған алғашқы сақтандыру қорының сақтандыру компанияларының арасында қайта тарату табылады.
Қайта сақтандырудың 2 тәсілі бар:
1.бірге сақтандыру (қоса сақтандыру).


Сақтандырушы №1 (60%)




Сақтандырушы өндірістік кәсіпорын
Сақтандырудың келісімшарттары

Сақтандырушы №2 (30%)


Сақтандырудың келісімшарттары


Сақтандырушы №3 (10%)


Сақтандырудың келісімшарттары

2.қайта сақтандыру.

Сақтандыру тәуекелдерін тапсырудың сызбасы.
Тәуекелді алғашқы Тәуекелді екінші Тәуекелді үшінші

сақтандыру сақтандыру сақтандыру




Қайта сақтандырушы

Цессионарий

Цессионер

Ретроцедент


Сақтандырушы



Сақтандырушы

Қайта сақтандырушы

Цедент

Ретроцессионарий


Қайта сақтандырушы Ретроцессия



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет