Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы


ҰЛТТЫҚ ДІЛГЕ ТӘН ТҰРАҚТЫЛЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРМЕЛІЛІК



бет44/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

11.2. ҰЛТТЫҚ ДІЛГЕ ТӘН ТҰРАҚТЫЛЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРМЕЛІЛІК


ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ


8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды кестеге орналастырыңыз, тақырыпқа қатысты жеке пікіріңізді айтыңыз.
Әр халықтың сан ғасырға созылған өзіндік рухани тарихы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Соның ішінде қазақ халқы туралы айтар болсақ, болмысына ашықтық пен бауырмалдық, шынайылық тән, бөтенді жатсынбай өз бауырына басу, қиын кезеңде бір үзім нанымен, кең пейілімен бөлісетін бейбітсүйгіштік тән, адамгершілікті, парасаттылық пен даналықты, ар мен ұятты ту ететін, дүниеге, қоршаған адами болмысқа адамгершілік тұрғысынан қарай білетін, рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қоятын, «Арым – жанымның садағасы» деп, ұрпағын тәрбиелейтін, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп аруақтарын сыйлайтын, «Отан отбасынан басталады» деп отбасылық құндылықтарды тәрбие көзі ретінде қарастыратын, ер мен елді, ана мен жерді егіз ұғым деп қабылдап, кіндік қаны тамған жерді атамекенім деп санайтын, тілді өнер алды деп түсінетін, сөз құдіреттілігіне сеніп, дауын бір ауыз сөзбен шеше білетін, сөзге тоқтайтын, «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без» деп ұрпағын тәрбиелейтін, қызына болашақ ана деп қарайтын ел – осы қазақ елі. Бұл қазақ халқының ментальдық болмысының басты ерекшеліктері.
ХI ғасыр қазақ үшін нарықтық экономика, ақпараттық және цифрлы технологияға негізделген, либералдық сипаттағы құндылықтардың заманына айналып отыр. Бұл ғасыр қазақ мен­талитетіне өзіндік өзгерістер әкел­гені белгілі. Қазақ хал­қы нарықтық экономиканың қыр-сырын, оның тетіктері мен әдістерін мең­гере білді. Олардың іскерлік, кәсіби белсен­діліктері арта түсті. Ұлт менталитетінің прагматикалық сипаты артып, оның экономикалық ұстанымдары нығайды. Ұлт менталитеті патернализм, масылдық, жайбасарлық сияқты психологиялық құбылыстардан арыла бастады.
Десек те, бүгінде орын алып жатқан рухани азғындаулар мен ауыт­қулар, этикалық, эстетикалық дезинтеграциялар, шектен шыққан көрген­сіздік пен бассыздықтар ұлттың біртұтас болып ұюына кері әсерін тигізуде. Тұтынушылық дүниетаным мен іс-әрекет форматы басымдылыққа ие болып, ұлттық қасиеттер мен адами құндылықтар кері ысырылуда. Жасампаздық іс-әрекетті тұтынушылық менталитет ауыстыру үстінде. Сезімдік, тәндік қажеттіліктерді қанағаттандыру, көңіл көтеру, өмірден тек ләззат іздеу, сауық-сайран салу, құмарлықты басу адамдар іс-әрекетінің жетекші тетіктеріне айналуда. Мұндай сипаттағы адамдар саны жыл санап көбейіп келеді. Ондай адамдардың дүниетанымы рухани құндылықтардан алшақ. Мұндай тіршілік иесі өзгенің ақылына сенгіш, бөтеннің кеңесін қа­был­дағыш, еліктегіш, сыртқы ықпалға бейім болып келеді. Онда сыни ойлауға орын жоқ. Манипуляцияның объектісіне жиі айналып, қателіктерге көп бой алдырады. Іс-әре­кет­терінде этикалық нормалар мен адам­гер­шілік ұстанымдар жиі ауысып, жауыз­дық пен ізгілік, әділеттілік пен әділет­сіздік, ар мен арсыздық жиі орын алма­сып тұрады. Мұндағы басты себеп – рухани мешеулік, жеке тұлғалық қа­сиет­тердің қалыптаспауы. Бүгінгі жастардың рухани әлемі қандай, олар үшін басты құндылықтар неде, олардың өмірлік ұстанымдары елді қай жағаға шығармақ деген сұрақтарға жауап іздеп, әлеуметтік-психологиялық болмысына тереңірек көз жіберер болсақ, көптеген «әттеген-ай»-ларды байқауға болады. Мұны, біз «ментальдық ластану» деп атаймыз. Бұл өз кезегінде «тұлғасыздануға» жол ашады. Сондықтан, бұл мәселе, мемлекет пен ұлт, жалпы қоғам алдында тұрған рухани жаңғырудың маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Сон­дық­тан, «Тегіңе тартсаң тозбайсың» деп айтқан халқымыздың дана сөзі өзі­нің маңыздылығын бүгінде тағы бір дәлелдеп отыр. Тектілік иегершілікке, мұрагершілікке жол сілтейді, тәуелсіз­дікті баянды етеді, тұғырын мызғымастай қылады. Жастардың тәуелсіздік жолын­дағы рухани жауапкершілігін арттырады. Ұлт менталитетінің тұтастығы да, бүгінгі ұрпаққа үлгі болар ұстанымы да осында болса керек.
Төлеуғали ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ
https://egemen.kz/article/271622-tauelsizdik-dgane-ult-mentaliteti





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет