Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Пән апталығының өткізу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата13.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қуанышева А курстық жұмыс 3 курст

1.2 Пән апталығының өткізу кезеңдері 
 
Пән апталығын дайындау және оны өткізудің бес басты кезеңдері бар: 1) 
әдістемелік 
және 
мотивациялық 
кезең; 
2) 
дайындық 
кезең; 
3) 
ұйымдастырушылық кезең; 4) іске асыру кезең; 5) рефлексиялық кезең;
Әдістемелік – мотивациялық кезеңнің міндеттеріне мыналар жатады: 
мектеп оқытушылардың және басқа оқу орындардың тәжірибесін, пән 
апталықтарын өткізу бойынша әдістемелік әдебииеттерді зерделеу, пәндік 
апталықтың негізгі мақсаты мен міндетін тұжырым жасау, негізгі оқиғаларды, 
олардың формаларын, мазмұны мен сипатын анықтау, белсенді балаларды, ата-
аналарды және басқа пән мұғалімдерді пән апталығына ынталандыру, пән 
апталығын ұйымдастыру комитеттерін тарту. 
Дайындық кезеңінде апталықтың өткізілу жоспары, байқаулардың 
ұазылар алқасының төреағалары мен құрамдары бекітіледі, циклдік комиссия 
оқуытушылары мен пән апталығының өткізу жөнііндегі ұйымдастыру комитет 
мүшелері, оқушылардың шығармашылық топтар арасындағы міндеттері, 
апталық рөлдері бөлу (костюм дайындау, дизайн, алғашқы жаттығулар) пән 
апталығының активін қалыптастырады. 
Ұйымдастырушылық кезеңінде оқушылар конкурстарға қатысуды өз 
бетінше анықтайды, ал пән апталығының қорытынды іс – шаралары үшін 
оқушылардың шығармашылық топтары құрылады. 
Іске асыру кезеңінде бекітілген жоспар бойынша пән апталығын өткізуді 
қамтиды. 


Рефлексиялық 
кезеңінде 
міндеттер 
және 
пән 
апталығының 
қорытындысын шығару (жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды марапаттау 
) және атқарылған жұмыстарға талдау жасау. 
Пән апталығын өткізудегі маңыздылық көбіне дайындық жұмыстарының 
қаншалықты дер кезінде және сапалы жүргізілуіне байланысты. Апталықта 
дайындық жұмыс жоспарын құруды, пән апталығын ұйымдастыру мен өткізуде 
жинақталған озық тәжірибелерді қолдану, оқушыларды апталыққа дайындауды 
қамтиды. Оқушыларды пән апталығына дайындау бүкіл оқу жыл бойына 
жүреді. Бағдарламаның оқу материалдарын зерделей отырып, оқушыларды сол 
арқылы апталыққа дайындауды бастайды. Әрине, оқу – тәрбие процесі сапалы 
да тиімді, әртүрлі әдістемелік мәселелерді шешумен жеткілікте түрде зерделену 
керек. 
Оқушыларды пән апталыққа дайындаудағы ең басты қағида олардың ой – 
өрісін кеңейту, оқу нәтижесінде жетудің ұтымды жолдарын үйрету және 
шығармашылық ойлауын дамыту керек. Әр күні барлық топтар қамтылып, 
жарқын және есте қаларлықтай оқиғалар жүргізу керек. Ол үшін зияткерлік 
сайыстар, сурет көрмелері, газет және плакаттар болса тіпті апталықтың сәнін 
келтіреді. 
Әрекеттерді дайындау кезінде келесі нұсқауларды қолдануға болады: 
- Тест тапсырмаларының мазмұны студенттер оқитын бағдарламалық 
материалға сәйкес болуы, бірақ күрделілігі белгілі бір дәреже шегінен 
шығуы керек. 
- Таңдалып отырған тапсырмалар саны, олардың мазмұны мен сипаты 
олардың орындалуының арқасында бағдарламалық материалдар 
меңгер, қабілеттерінің даму деңгейін бағалауға болатындай болу 
керек. 
- Пәндік апталықтар білім мен біліктерді меңгеру сапасын тексеру, 
алынған білім мен дағдыларды қайта жаңғырту ғана емес, оған қоса 
ойлау, шығармашылық қиял және басқа қабілеттер деңгейін анықтауға 
бағыттау, 
тапсырмаларды 
қамту, 
шығармашылық 
сипатта 
тапсырмалар саны кіреді. 
- Практикалық мәселелер бірнеше жолмен, шешімдері қамтамасыз 
етілген. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, ал 
қазылар алқасын даму дәрежелерін бағалауға көмектеседі. 
- Практикалық тапсырмалар дайындау үшін біраз уақыт талап етеді, 
сондықтан оны орындау мерзімін нақтылап алу қажет. 
Апталықтың жемісті жұмыс істеуінің таптырмас шарттарының бірі – 
ашық түрде өткізілетін қорытындылау. Қорытындылау нақты жағдайларға 
байланысты әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін. Көрмелер ұйымдастыруға 
болады. Егер күтпеген жерден пән апталығына белсене қатысқан оқушыларға 
шағын сыйлықтар марапатталу керек болса, бұл мүмкіндікті пайдалану керек
өте тамаша болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет