Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы


Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш



бет2/3
Дата20.09.2023
өлшемі87.93 Kb.
#478055
1   2   3
Правила-353.kaz

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш
________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
_______________________________
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай
шетелдік рұқсаттар беруді сұраймын:

№ Р/с

Ел

Рұқсат түрі

Рұқсат жылы

Рұқсаттар саны































Мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (болған жағдайда))
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.


Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мыналар арқылы:
Мемлекеттік корпорация;
портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні;
жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсатты немесе жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағаз түрінде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі - шетелдік рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемемі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күні қолданыстағы бір мәртелік айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы кезекті броньдауға болады;
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік рұқсатты алуға өтініш.
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (хабарлама түскен сәттен бастап).
2) порталға:
порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) аумақтық органдарда шетелдік рұқсаттардың болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Шетелдік рұқсатты беруден бас тартылған жағдайда отандық тасымалдаушыға дәлелді жауап жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынандай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің - www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.


Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
3-қосымша


(тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
(бұдан әрі - Т. А. Ә.) немесе
атауы көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет