Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет14/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру

1. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру –

сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру –

бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


115-бап. Қорқыту

Өлтiрумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауiптенудің жеткiлiктi негiздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлiктi өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту –

бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет