Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен



бет1/6
Дата17.06.2016
өлшемі391.5 Kb.
#142738
  1   2   3   4   5   6
Бертай Есмаханұлы Төкеев


Көңіл-көктем

Шымкент-2012жыл

Өмір қызық өзіңді тануменен,

Кемшілікті жоюмен, жануменен...

Өз-өзін танып әр жан әлем таныр,

Адамдық қасиетпен қалуменен...
Аяулы ұстаз жүректе...
Абыройлы сексен аспандап,

Ұстаздың жолы асқан бақ!

Жақсының жарқын ісімен,

Біліммен бақыт басталмақ!
Жақсылық ата ардақты,

Еліне еңбек арнапты.

Қаншама жанға ұстаз боп,

Білімді етті жан-жақты...
Сексенге келді салмақты,

Ұлылық жолды таңдапты.

«Мектеп»-деп жанын аямай,

Ұрпақтың қамын қамдапты.
Қарт ұстаз төрге төрледі,

Ұмытылмас мәңгі еңбегі.

Шәкіртке жаққан шырағы,

Біліммен лаулап сөнбеді...
Аяулы ұстаз жүректе!

Өмірде қамқор, тірек те!

Жадымда болып мәңгілік,

Үмітін артар тілекте!!!

19.01.2011жыл.


Ер есімі еленген...

Өмір-қызық, бәрі өткінші, өтпелі,

Бұл өмірге кімдер келіп кетпеді...

Үлкендерді ардақ тұта алсақ біз,

Болашақпен бізге құрмет жеткені...
Ұлы Отан соғысына аттанып,

Ерлігімен жүректерде жатталып.

Тортай ата аман-есен оралған,

Қайнарымда еңбек еткен шаттанып.
Тап-таза боп, мұнтаздай боп киінген,

Ақылына бүкіл елі сүйінген.

Есеп-қисап тірлігінде үздік боп,

Атақ пенен абыройы үйілген.
Өнер сүйген, еңбегімен өрілген,

Ар намыспен биіктерден көрінген.

Ардақ тұтып Тортай ата есімін,

Сыныбыма Ер есімі берілген.
Тортай ата айналғандай арайға,

Ер еңбегі есте қалды алайда.

Азаматтың ерлік ісі өшпейді!!!

Ардақталар біздер барда қалайда!!!

10.07.2011жыл.
Тәуелсіздік тұғырында

Тәуелсіздік тұғырында гүлдендік!

Егеменді елім болып бір келдік.

Бүкіл әлем мойындады біздерді,

Таңғажайып түрлендік!!!
Білім үшін әрбір күнгі күресім,

Ертеңді ойлап бүгін өмір сүресің.

Таныла бер Қазақстан ғылыммен,

Еңбектенсем тамшыдай бұл үлесім...

Аңсау

Жанымда бір сын,

Жұмбақ, күш, тылсым,

Сыртымнан сыр боп ,

Сен қайда жүрсің?

Балалық шағым,

Бір кірпік қағым.

Зуылдап өтті-ау,

Өмірім ағын...
«Әке»-деп жар сап,

Ананы аңсап.

Арманды қуып,

Келеміз шаршап...
Жүрсек те жан сап,

Бауырлар алшақ.

Ата-ана барда,

Жүретін қоршап...
Тартады қаны,

Бірге боп жаны.

Бәріне себеп,

Өмірдің заңы....

27.08.2011жыл.

Досым Бәкіржанның әкесі мен анасының басына қойылған көк тасқа арналған...

Құлпытастағы жазу
Жұмақтың нұры құйылсын!

Алладан жәннат бұйырсын!

Қамқоршы асыл, әкем-ай,

Мәңгілік аңсау күйімсің...
Алланың ғана құлымыз,

Екенсіз ұлы жырымыз!

Тілеулес болар мәңгілік,

Жүрегіміздесіз біліңіз....


Тойымсыз маса

Тойымсыз маса тоғанда,

Пайдасы тимей қоғамға.

Үрім бұтағын өрбіткен,

Ми қатырмай оған да.
Өмірге маса келгеннен,

Ызыңдар қауіп төнгеннен.

Бір күн де өмір сүрмейді,

Жолы жоқ басқа өлгеннен.
Жайы жоқ тағы тыс қалған,

Ажалы күндеу, іші тардан.

Қан сорып қарны жарылып,

Қанағатсыз өмір қысқарған.
Қанішер маса сенеді,

Қолдаушы іздеп келеді.

Қан сорса кетер жарылып,

Немесе аштан өледі...
Қандай ой бұдан түйеміз?

Масаша дүние үйеміз...

Кім болар оған иеміз?

Қайда жүр рух, киеміз?
Масада жоқ таңдау да,

Бәрібір ажал қармауда...

Құрдымның күйін кешпейік!

Дүние-жалған арбауда!
Ойлан ойға оран да,

Түспесін тағдыр табанға.

Таңдауыңды жасай біл,

Пайдаңды тигіз қоғамға!!!

12.09.2011жыл.
Қызметке құмарлық...

Паста шықты бұлқынып,

«Бастық болам»-деп жұлқынып.

Жүріс тұрысы өзгерді,

Галстук тақты қылқынып...
Бар тапқанын шашты да,

Қаламдардан қашты да.

Өзгертті де өмірін,

Жаңа парақ ашты да...
Сызып жатты талайды,

Шарлап жүріп маңайды.

Бар жиғанын берді де,

Қызмет өсті қолайлы...
Не бар екен мәңгілік?

Сызған сайын жаңғырып,

Сия сауытты ұмытты,

Желөкпе боп қаңғырып...
Ағайы да есінде,

Сыйлығымен төсінде...

Алдамшы өмір екенін,

Кім білер қызық көшінде?..
Сия барар таусылып...

Миы кетті жаншылып.

Мәңгілік билік кімде бар?

Бітіспес жалған қайшылық...
Сия бір күн таусылды,

Сыйлықсыз ағай жау сынды...

Лақтырылды паста да,

Қалам келді ауысымды...
Арманға биік жете алмас,

Тағдырдан алыс кете алмас.

Қызметке құмар пенделер...

Өміріне билік ете алмас... 16.09.2011жыл.
Жыр-демеу.

Жігітпін егілмеген,

Серілік сенімменен.

Жаным бір құлазиды,

Жаңбырдай төгілмеген.

Намысты қамшылардай,

Тәнімде аңшы бардай.

Беймәлім күйлер кештім,

Болмысым жаншылардай.
Арманым тұншығардай,

Алдымнан сұм шығардай.

Жаным да жараланды,

Көрінбес тамшылардай.
Өткенді ақтардым да,

Ойларға тапталдым да.

Бекіндім өкінбеске,

Жырлармен жатталдым да.
Өткен шақ күйретіліп,

Қазіргі күйде тынық.

Өзімді өзім демеп,

Келемін сүйретіліп...
Сеніммен қадам нықты,

Жолатпай надандықты.

Ең басты сақтау екен,

Аяулы адамдықты...

17.10.2011жыл.
Ей, өмір...

Үмітпен өмір сүреміз,

Арманмен алға басамыз.

Махаббат-сезім-шын-егіз,

Өзіңізге сыйлық жасаңыз.
Қуанту екен бір бақыт,

Сыйласу-көңіл құрағы.

Ұмытылмас сәтті сыр уақыт,

Ынтымақ байлық құрады.
Сұлулық-мәңгі тартылыс,

Сағыныш тұрар жүректе.

Түсінуге деген талпыныс,

Шынайы сезім тілекте.
Атаның салтын сақтауға,

Ана тіл болар оттегі.

Адамды адам ұлықтауға,

Мәдениеттілік жетпеді.
Ей, өмір, кінә артпашы,

Өзіңе жоқ па қарызым?

Адамдық атты сақташы,

Ажалдай айқын парызым...

19.10.2011жыл.

Мақсат-тілек...

Адамның дидарынан шуақ көрем,

Жанынан өрілетін шыраққа ерем.

Ең нәзік, таңғажайып жаратылыс,

Адамға арналады қуатты өлең.
Күтемін адамдардан жақсылықты,

Жамандық тауды жалмап, тасты үгітті.

Алланың ұлылығы пендесіне,

Бірлік пен ынтымақты тапсырыпты.
Сеземін жанарлардан сағынышты,

Махаббат сезімдерге бағынышты.

Жұбымен жаратылған барлық әлем,

Сондықтан бір-біріне жалынышты.
Әр жаннан бір жақсылық аңғарылар,

Алға бас әрбір ісің оңғарылар.

Бірінші жүрген жанға сын мен сый бар,

Әйтеуір өмір кешер соңдағылар.
Адамды ар намысы биік еткен,

Адалдың әрқашанда сыйы көптен.

Бабаның жолын жалғап, өмір арнап,

Сүрейік бір мақсатпен, бір тілекпен! 21.10.2011жыл.___Бауырды_аңсау.'>21.10.2011жыл.

Бауырды аңсау.

Жауқазын болып жанғансың,

Қол жетпес бүгін армансың.

Иманың тұнып жүзіңде,

Жұмбақ боп мәңгі қалғансың.
Көңілсіз бәрі қаңырап,

Сыңарсыз қалдық аңырап.

Жанарға бүгін жас толды,

Үмітте еді шаңырақ...
Алтыннан жаның ардансың,

Бауырым болып нардансың.

Ата-анаң қалды аңырап,

Елесіңмен енді қорғансың.
Біздерге болдың жанашыр,

Жүрекпен бопсың пана–сыр.

Өзіңдей жігіт туар ма?

Өтсек те аңсап сан ғасыр...
Арайлап атқан таңымыз,

Үзілген кенет әніміз.

Білінді орның өзгеше,

Жаңбыр боп жауды жанымыз.
Мәңгілік аңсар күйімсің,

Аз ғана тарту сыйымсың.

Иманың шалқып пейіште,

Алладан жәннат бұйырсын!!!
21.10.2011жыл.

Ғашық-әлем...
Сағыну шіркін күздегі бейне жапырақ,

Көңілді күпті алысқа түпкі шақырад.

Жазықсыз жанға салмағын салар көмескі ой,

Үлгермес бойды бақылап...
Сағыныш екен аяулы жанды іздеткен,

Аңсау да бір құс шарықтау көгі түзде өткен.

Айыра алмай жастықпен жалын құштық та,

Тойымсыз едік біз неткен?!
Жастықпен қудық сұлулық пенен сағымды,

Атырдық қанша ұйқысыз нұрлы таңыңды.

Жастыққа ғана жарасымды екен бәрі де,

Сақтасаң таза арыңды...
Бүгінгі қарт күн жастық шақ болып сөйлеші,

Балалық күннің сұлулық болар бейнесі.

Көрікті сөздің көрігін басқан көсемдер,

Арудан алжып, шығады мүлдем кейде есі.
Сұлулық-сиқыр, арулар-аңыз, таң сәрі,

Алғашқы болып сазгердің шықты қанша әні.

Мөлдіреп тұрған ғашық қой әлем бәріне,

Әдемі, көркем аңсары!!!

24.10.2011жыл.

Әмен ағаға!
Еңбекқор жансыз шынында!

Ғылымның тұрсыз шыңында!

Ұлылық қалар біліммен,

Бұл заңдылық, ұғым да!
Амандық тілер ініңіз,

Айтылар бәрі жырында.

Өмірдің мәнін түсінсек,

Адамның бақыттығында!

02.11.2011жыл.

Қасымға!
Бауырым, інім, Қасым-ау!

Өрлесін өрге тасың-ау!

Келінмен көктем жаз болғын!

Бірге ассын жүзден жасың-ау.

Әкеңді жақсы танушы ем,

Кетейін жырға қосып-ау,

Жеңгеміз-анаң аяулы!

Көңіліне қара тосып-ау,

Бағыңды тілеп базарлы,

Сыйладым жырды осынау!

Тұлпардан тұяқ өзіңсің,

Барып тұр әке басына-ау.

Қыранның текті серті еді,

Биікте болып жасымау...

03.02.2011жыл.

Табиғат-ару...
Сол кезім екен тек алға мені сүйреген,

Өмірдің көбі күнделікті тірлік, күйбелең.

Жаныма сол кез ерекше ыстық жақындау,

Мендей жан бар ма, сүйініп тұрып, сүймеген?
Қиялым мені қайсар да етті, сүйретті,

Жүрекке ішкі тылсымнан талып үн жетті.

Сағыныш өрді жырларым мені жебеумен,

Жанымның мөлдір нөсерін сырлы селдетті.
Табиғат мені ерекше күйге түсірген,

Сұлулық сонда, рахат табар түсінген.

Ағаштар ару, шыршалар шырай танытар,

Аумай да қалған мүсіннен...
Ынтықпын тағы өмірге мәңгі ғашықпын!

Табиғат-ару, баруға ылғи асықпын!

Ол жақта менің жаным да әркез жай табар,

Шабытым шалқар тасыттым...
Табиғатымнан жауабымды жанға табамын,

Демеуші көрем, үмітті алға жағамын.

Мөлдіреп мені сағынышыңмен күте бер,

Айналып қайта соғамын...

03.11.2011жыл.__Мерекем_менің!'>03.11.2011жыл.___Ұлмекен_Палыбекқызына!'>03.11.2011жыл.

Ұлмекен Палыбекқызына!

«Ел» үшін еңбек еткенсіз!

Біліммен шыңға жеткенсіз!

Ұрпаққа сеуіп ұлылық,

Аналық мейірім төккенсіз!
Ұстаздық жолда биіксіз!

Рухани байлық үйіпсіз!

Бақыт пен бақты тіледім!

Жақсылық жанға жиыпсыз!

Аман болыңыз Ұлеке!

03.11.2011жыл.
Мерекем менің!
Мерекем менің берекем!

Өзіңмен жаным көл екен!

Қуанып жетсем осында,

Жүрек пен тілек тел екен!
Ағалық асқақ тілегім!

Бақыт пен бақта түлегін!

«Көке»-деп көкке көтердің,

«Бауыр»-деп өмір сүремін!

03.11.2011жыл.
Әлима қарындасыма!
Әлима күнім жарығым!

Тектісің айтсам анығын.

Өнерде өрлеп еліңе,

Ерекше үнде дарығын!

Тілеймін бақыт, адал бақ!

Жақсылықпен адам қаланбақ!

Қайнардан шыққан қанымыз,

«Бөріжар»-деп өтер алаңдап...

04.11.2011жыл.___Нұрлыбекке!'>04.11.2011жыл.

Нұрлыбекке!
Нұрлыбек досым, бауырым!

Арнаймын жырдың дауылын.

Қазақтың тілін ардақтап,

Көтердің жүктің ауырын.

Сағыныш толы жүзіңде,

Жаныңның сезем жауынын.

«Алпыс төрт» деген елденбіз,

Тимесін жерге жауырын!

Бақыт пен бақта өмір сүр!

Үзілмей ойын-сауығың!

04.11.2011жыл.
Біздің әулетке! Төке бақсыдан тараған,

Есмаханбет ұстаға қараған,

Әулетке кітап ұсындым,

Кітабым шығып жаңадан.

Бақытқа жетіп қалаған,

Ауылға келіңдер қаладан.

Туыспен қызық бұл өмір,

Бауырмен мықты әр адам!

05.11.2011жыл.
Сұлулық...

Сұлулық бәрін жеңеді,

Көңілге жақын көркем үн.

Жақсылық мәңгі өнеді!

Бүгіннен қызық ертең күн!
Өмірді сүргің келеді,

Кей адам жанды жаралар.

Иманды нұрға бөледі,

Өз ортаң бақыт бағалар!
Кемшілік жаннан іздемей,

Жақсы қасиеттерді табалық.

Үмітін адам үзбегей,

Ертең күн толы жаңалық.
Өмірде адам жолаушы,

Қонақ қой қайта келмейтін.

Қасиеттерді қалаушы,

Адамгершілікпен өрлейтін.
Сұлулыққа қадамдап,

Өзімізді тануға,

Үлгерейік, адамзат,

Жақсылық жасап қалуға!

10.11.2011жыл.__Мұхтар_Бексұлтанұлына!'>10.11.2011жыл.__Динараға!'>10.11.2011жыл.
Динараға!

Қойнына алды мені түн құшағы,

Ойымды бір тылсым күш мың тұсады.

Сөз-сиқыр, шабыт-дүлей, керім елес,

Өзіңе жүрегімнен жыр ұшады.
Беймәлім жұмбақ әлем мазалады,

Жырға ғашық жүрегім жазалады.

Қарлығаштай қара қыз өлең оқып,

Жанымдағы мұң шерді тазалады.
Динара, Динаражан, Динара қыз,

Өнер-өркен, жыр-желкен қаншама аңыз.

Мұқағали мұң шаққан Фаризаға,

Біз бәлкім алыптарға жалғанармыз...
Сен маған кінә артпашы «Иілді»-деп,

«Жырымды оқымай-ақ сүйінді»-деп.

Бұл күнде сөзді сыйлау қап барады,

Адамзат майдаланды, қиынды көп...
Сөзімнің түсінерсің астарын да,

Болашақ жаны жайсаң жастарымда.

Сендермен жаңа өмір құралады,

Құлпырар қазақ елі қас қағымда!
Жақсылық жете берер еңбекпенен,

Тәрбие беріледі жөргөкпенен.

Жырыңды жауқазындай жақын тұтып,

Жүрегім елеңдеді селт етпеген...

10.11.2011жыл.
Мұхтар Бексұлтанұлына!

Ардақты Мұха аяулы,

Өзіңіздей досым санаулы.

Бақытқа жетіп баянды,

Арманға жетіңіз қалаулы!
Адамдық елді кең етер,

Имандылық тең етер!

Достықпен қымбат гүл өмір,

Сыйластыққа не жетер?!

10.11.2011жыл.
Аналық тілек!

Аяулы ұлым Нұраман,

Алладан сені сұрағам.

Өзіңмен өрнек өмірім,

Өзіңмен келмек сыбағам...
Бағым боп мәңгі тұр аман!

Сәби боп мен де жылағам.

Қуаныш шыңда құлпырып,

Сынағыш мұңда құлағам...
Көңіл де сенімен жұбанам,

Сен барда нықтап тұра алам.

Қадамың құтты болсыншы,

Өмірде қанша бұралаң...
Тәттісің күнім көркемсің!

Жаныма жебеу желкенсің!

Тарықса жаным жебеу боп,

Зарықса емдер өркенсің...
Бақытым сенімен байланған,

Ұлымнан сендей айналғам.

Көзімнің қарашығысың,

Жүрек төрінде жайланған...
Қуантудан мені танбадың,

Арманды сенімен жалғадым.

Бақытты өмір тілеумен,

Өмірімді саған арнадым...
Алыста жүрсем арыдым,

Аяулы алтын балығым!

Өзіңмен баймын әлемде!

Жанымда жүрші жарығым!

16.11.2011жыл.

22сағат22минут.


«Өнерлі ұстаз» байқауына өзін-өзі таныстыру

Армысыз қауым, көпшілік!

Өнерді сүйдім ес біліп.

Жүйрік боп шықтым жарысқа,

Сайыс дүбірі естіліп.
Біліммен биік мектебім,

Алтын ұяда көктедім.

Өтіпті күз, қыс,көктемім,

Бақытқа мұнда жеткенім.
Ұлылардың ізімін,

Қазақтың ару қызымын.

Тәрбиелі, өнерлі,

Жалғастырған үзігін...
Біліммен әркез биікпін,

Жақсылық жанға жиыппын.

Оқушыма үлгі боп,

Әніммен елді ұйыттым...
Өнермен өрге жүземін!

Өнерлі елдің қызы едім!

Шебермін ою өретін,

Жанымнан жырды тіземін!
Тәуелсіз елім қалықта!

Ертеңді нықта, анықта!

Өркендеп өнер, біліммен,

Айналамыз алыпқа!!!

16.11.2011жыл.

23сағат 01минут.

Ән: Димаш аға

Бағы боп туған елінің,

Қамы боп туған жерінің.

Аяулы болған азамат,

Ұлғайтқан ұрпақ сенімін.

Қайырмасы:

Шуағы тұрар төгіліп,

Жүрегі «Ел»-деп сөгіліп.

Оралар ма екен нар тұлға?

Жабықса халқы егіліп.
Аты да асыл Димаш-ты,

Ұмытпас халқы қимас-ты.

Әділет туын көтерген,

Жанашыр басшы алғашқы
Мейірім нұры төгілген,

Иманды нұры өрілген.

Қамқоршы болған еліне,

Кетпейді жүрек төрінен... 16.11.2011жыл. 23сағат23минут.

Анаға тағзым!

Аяулы анам ардағым!

Өмірді біздің жалғадың!

Мәңгілік шырқар ән-бағым!

Демеушілігіңмен самғадым!

Ұлылығыңнан танбадың!

Мейіріміңе қанбадым!

Ғұмырыңды бізге арнадың!

Өзіңмен бақыт, жанбағым!

Болашағымды қамдадың!

Құшағыңда болып тоңбадым!

Қасиеттеріңді сомдадым!

Қыранша қанат қомдадым!

Жүрегімде мәңгі орнадың!

Ақиқат әділ жолдамын!

Анашым жаным, қорғаным!

Бақыты, бағы Алланың!

25.11.2011жыл.

Сұлу-әлем...

Сұлулық – наз бен еркелік,

Жанынан шуақ төккендей.

Қимылы әсем, көркем, ұқ,

Мәңгілік жасыл көктемдей.
Сұлулық – бейне таңғы шық,

Мөлдірер нәзік гүл ме еді?

Дидарын көріп, ән құшып,

Шабытпен келді жыр легі.
Сұлулық – жанар от берген,

Қиыла қалып құлатты.

Қыз – тағдыр көптеп шектелген,

Мәңгілік не бар тұрақты?
Сұлулық сақтар әлемді,

Ғұмыры ұзақ сынақ – ты.

Аруға жаздым өлеңді,

Өмірге жаққан шырақты.
Сұлулық жанда, әлемде,

Тіршілік түгел тартылар.

Сұраныс қартта өренде,

Тартылыс күші шарты бар...

30.11.2011жыл.

Шұбар (поэма)

Шұбар елі құпиялы сыр бүккен,

Тым ертеден басталады бұл атау.

Сыр бүгеді әрбір өлке, жыра, тау,

Қанша ғасыр өтіп жеткен бұл аңыз?!

Мағыналы іс қалады тірліктен,

Бәрін көріп тұр ғой анау Алатау,

Қарт шежіре құлазиды Қаратау,

«Шұбар» деген не білдірер, тыңдаңыз...
Осы маңда тылсым дүние табиғат,

Жер жәннаты дерсіз керім үйлескен.

Сұлулықпен ғажап әлем үндескен.

Жыңғыл, жиде, қамысымен ну орман.

Ол бір кезең тым иманды жамағат,

Адал бейнет еңбекпенен күн кешкен,

Адам бауыр бір – бірімен бірлескен,

Жұмақ жерге тең келетін жылы ордам.
Баяғыдан аңыз жеткен өткеннен,

Арыс өзен сыр шерткендей бұралып,

Мөлдіреген табиғаты құралып,

Құпиясын ішке бүгіп тартады.

Ну орманы жайнай түсер көктеммен,

Әсемдік-ай, ынтықтырар сұранып,

Сұлулық-ай сұқтандырар жыр алып!

Табиғатта сағынышың артады...
Бұзылмаған табиғат, адамзат та,

Ертедегі ол кезең ертегі еді.

Жаны таза адамзат көркем еді,

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар.

Бейбіт халық ертеңді бағамдап та,

Ынтымақ пен бірлік сыр шертер еді,

Болашақты ойлайтын өркен еді,

Ешнәрсе де қалмайтын ұмыт қалар.
Балбыраған мамыражай сол елді,

Қырсық шалған мал мен жаннан айырып.

Бала шошып, мал бағуға қайырып,

Сұмдық дауыс қорқынышпен оятқан.

Жауға қарсы жиналғандай қол енді,

Мал өрістен аман қайтпас жайылып.

Осы елдің батыры өжет, байы нық,

Зор уайымға салып қойды Жаратқан...
Ауыл аймақ жиналыпты бас қосып,

Құрып кетпеу жағын ойлап қамданып.

Жас жігіттер жалын атып жанданып,

Бес қаруын сайланыпты бармаққа.

Үлкендердің сөзін бөлмей тек тосып,

Батырларға арулар жүр таңданып.

Ал серілер одан сайын паңданып,

Күшке еніпті сенім артып әруаққа.
Жиналыпты өңшең палуан бура сан,

Алпауыт төс, бұқа мойын, нар тұлға.

Жаралғандай тау көтеріп артуға

Қаһарынан жау қашатын тәрізді.

Әңгімелеп ерліктерін орасан,

Сезбейтіндей не тұрғанын артында,

Аңғалдықтың айыпты ұқпас шартында,

Жер тепкілер іздегендей әр ізді.
Бірі шықты дауысы көкте жаңғырып:

«Тек көрінсін тіке шауып барармын,

Дәу мышықты тік көтеріп қалармын,

Бір қолыммен қылқындырып мыжымай,

Жүн терісін қолмен сылып алармын,

Жын перісін өзім ғана қағармын

Қарға құзғын жемтік етер құжынай...»
Енді бірі қарқ – қарқ күліп шықты да,

Сөйлеп кетті ешкімге де тоқтамай:

«Мұндай ерлік біздер үшін бақ талай,

Шұбар ала мышық шықса алдымнан,

Мен өзімді санап жүрем мықтыға,

Оралмаспын ел сенімін ақтамай.

Құйрығынан ұстап, жерде таптамай,

Айнымаспын ержүректік қалпымнан»
Сол ортада Боздақ тұрған байсалды,

Тектілігі өн бойына өң беріп.

Қайсарлықпен қаншама өнер меңгеріп,

Сабырлылық жас өренге жарасқан!

Жастайынан бағындырған қанша аңды,

Өз аңшы, мергендікті жөн көріп,

Еңбектенген, бос жүрмеген сенделіп,

Жүйрік мініп мәртебесі тағы асқан.
Қыран ұстап, абыройы асқақтап,

Елін, жерін сүйіп өскен ұлан-ды,

Қанмен келген қасиеті құралды.

Қарапайым қалпын сақтап қастерлі.

Жүрек жұтқан өзі ерлікке сұранды.

Ақылды жас өз міндетін ұға алды.

Сымбатты жан қыр сырымен әсерлі!
Бата берді ауыл биі қария,

Бүкіл қауым қолын жайды тізерлей.

Оңға баспас әрбір ісің түзелмей.

Жауынмен жер, батамен ер көгерер!

Ел ұйыған, ерге бата дария,

Тұлпарлар тұр қыл арқанын үзердей,

Ұзақ бата жақсылықты тізердей,

Жұрт сенімі: «Шұбар аңды өңгерер»
Қия алмастық ел ішінде басталды,

Кім перзентін қиындыққа қияды?

Аналар-ай, қалай жасын тияды?

Қас батырлар жолға шықты қамданып.

Ал жеңгейлер: «Жасаймыз» -деп Бастаңғы,

Абысын мен ажындарды жияды.

Көңіл сыйса бәрі дағы сияды!

Ұлы іске балалар жүр таңданып.
Боздақты да туған туыс қия алмай,

Қарындасы ерік беріп жасына.

Қол бұлғаумен шықты қырдың басына.

Тым алыста ерлер ұзап барады.

Өксік шығып көкірекке сия алмай,

Самал соғып желбірейді шашы да.

Қайран бауыр, қан туыстық осы да,

Ағасына мейірлене қарады.
Сағым дала елестетер әрнені,

Өңшең батыр ну қамысқа беттеді.

Құрдасына әзіл айтар шеттегі.

Табиғат та тамылжиды табынтып.

Жалын жастар басып жүрек пернені,

Махаббатқа соқпай тағы өтпеді,

Сыр айтылды, сұлу құшып өпкені,

Қайран жастық өтесің-ау сағынтып.
Жан шошырлық, сұмдық дауыс естілді,

Есеңгіреп батырсымақ тосылып,

Енді бірі безіп барад шошынып,

Қаруларын тастап көбі қашты да.

Елестетер сұм жалмауыз міскінді,

Батыр деген қарамайды жосылып,

Қоян жүрек озып барад қосылып,

Мақтаншақтың ұят пердесін ашты да.
Боздақ сонда намыс отқа оранып,

Достары үшін күйіп жанып барады.

Қыл арқанды сол білекке орады.

Қайраттанып қанжар алды қолына,

Нағыз ер ғой, елі үшін жаралып,

Күйіп отқа , жері үшін тоңады!

Қаһарланып төңіректі шолады,

Ешкім қарсы тұра алмас жолына!
Ырылдаған дауыс жаққа беттеді,

Нән жолбарыс атылды да аспанда.

Сол білекке тіс қадалды тосқанда.

Оң қолымен қанжар сұқты жүрекке!

Қыл арқаннан тісі етке жетпеді,

Құйды нөсер шұбар қанын шашқанда.

Құлап түсті тамақ астын осқанда

Қайран Боздақ «Ел»-деп жеткен тілекке!
Жолбарыстың терісін сылып, шаттанып,

Оралыпты абыройы асқақтап.

Еңбектенген адал жүріп, ас таппақ!

Ерге лайық қасиетімен өтіпті!

«Шұбар» деген ауыл содан сақталып,

Жер шұрайы, мекен тұрақ, асқақ бақ!

Боздақ барда ел көрмеген жасқақтап,

Аңыз болып бабалардан жетіпті!
Елің үшін шырылдайсың жанасың!

Топырағын сүйгеніңнің белгісі!

Қорғау үшін туылады ер кісі!
Туған жерге мәңгі өтелмес қарызың!


Хан болсаң да ел үшін бір баласың,

Туған жерде бар бақыты тең кісі!

Бірлік пенен ынтымақта ел күші!

Еселенер елге деген парызың!
Адамдықта асқан бақыт, құдірет!

Сыйласуда өмір шіркін түрленер!

Еңбекпенен бүкіл әлем гүлденер!

Өзіңді өзің тану оған баспалдақ!

Жақсылықтан игі істер мен жылы леп,

Өсер ұрпақ имандылық түрге енер!

Барлық игі жақсылық пен жүлделер,

Елді, жерді сүюіңмен басталмақ!!!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет