Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет79/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

235-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау

Ескерту. 235-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның немесе дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс, ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы ірі мөлшердегі қаражатты шетелден банктегі шотқа қайтармауы арқылы ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс қаражатты банктегі шотқа қайтарған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 235-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


236-бап. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару

Ескерту. 236-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Ірi мөлшердегі кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару –

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертпе. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсiмпұлдарды және есепке жазылған жағдайда пайыздарды төлеу бойынша түзілген берешекті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айыппұлдар сомасын өз еркiмен төлеген адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 236-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) ); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет