ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық хабары Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеңберінде банктердің салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы



Дата03.03.2016
өлшемі13.6 Kb.
ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық хабары

Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеңберінде банктердің салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу шеңберінде банктердің салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту туралы хабарлайды. Бұл шешім теңгедегі депозиттің өтемақысына құқығы бар салымшыларды барынша көп қамту мақсатында, сондай-ақ банктердің өтініші бойынша қабылданды.

2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында салымшының екінші деңгейдегі банктерде және «Қазпочта» АҚ-та теңгеде ашылған депозиті болған жағдайда оған өтемақы төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Өтемақы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады.

Өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге депозитті арнайы шотта сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

Салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет.

Түсініктемелер мен консультацияларды ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, ҚР Ұлттық Банкінің сайтында «Кері байланыс» нысаны арқылы (http://www.nationalbank.kz/?getpg=Feedback%20for%20page&switch=russian), сондай-ақ мына телефондар бойынша алуға болады : +7 (727) 2 788 085, 2 788 008.





Каталог: cont
cont -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
cont -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
cont -> Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары (филиалдар мен өкілдіктер) үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және бсн алу бойынша жадынама
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> «Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
cont -> Справка тоо «Қазақ энциклопедиясы» включен в Перечень объектов организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации
cont -> Конкурс красоты «Миссис Стройкомплекс 2014»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет