Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет115/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

300-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру

1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру –

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

Ескерту. 301-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

1. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дайындау немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) бірнеше рет;

4) электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жасалған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 301-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет