Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет132/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

332-бап. Жердi бүлдiру

1. Жердi өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты пестицидтерді, улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн ынталандырғыштарды немесе өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтi немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру, егер бұл іс-әрекеттер ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 332-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау және жүргізу кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Аса ірі экологиялық залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 333-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет