3. Жұмыс қағидаттары
17. Шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық,
толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттiк қызмет ұсынудың нәтижелеріне шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерден ала алады.
21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон (7172) 72-05-18, факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті ұсынған шетелдегі мекеме басшысының атына жазылады.
23. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын шетелдегі мекеменің атауы немесе лауазымды тұлға, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерден алуға болады.
___________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
201 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіз наразылығы туралы акт жасау»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрi – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 226, 227, 230-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 74-тармағына сәйкес ұсынылады.
4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
5. Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіз наразылығы туралы акт жасау (бұдан әрі – теңіз наразылығы туралы акт жасау) немесе теңіз наразылығы туралы акт жасаудан бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.
7. Мемлекеттік қызметті ұсынудың мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімі – үш жұмыс күнінен артық емес;
2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;
3) құжатты беру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады.
2. Мемлекеттiк қызметті ұсыну тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.
Консулдық лауазымды тұлға капитаннан кеменiң опат болғаны немесе бүлiнгенi не кеменiң ықтимал бүлiнуi туралы өтінішті қабылдайды, сондай-ақ кеме капитанының өтiнiшi бойынша теңiз наразылығы туралы акт жасайды.
Теңiз наразылығы туралы акт капитан өтiнiшiнiң, кеме журналындағы деректердiң, сондай-ақ капитанның өзiнен және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерiнен сұрастыру негiзiнде жасалады. Консулдық лауазымды тұлға теңiз наразылығы туралы актiнi өзiнiң қолымен және елтаңбалы мөрмен куәландырады.
12. Бланкілер (өтініш-сауалнама) берілмейді.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерге өткізіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды консулдық лауазымды тұлғаға өткізгенін растайтын, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.
15. Теңіз наразылығы туралы акт жасау мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушыны консулдық лауазымды тұлға телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мынадай жағдайларда:
1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынса;
2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылса;
3) консулдық алым төленбесе бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттiк қызмет ұсынудың нәтижелеріне шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерде ала алады.
21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон (7172) 72-05-18, факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті ұсынған шетелдегі мекеме басшысының атына жазылады.
23. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын шетелдегі мекеменің атауы немесе лауазымды тұлға, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.