«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру»



бет2/4
Дата22.02.2016
өлшемі309.5 Kb.
#2344
1   2   3   4

4. Жұмыс нәтижелері
18. Министрлік пен шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Министрлік пен шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Министрліктің бұйрығымен бекiтіледi.


5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттiк қызметті ұсыну нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, электрондық пошта: dks-astana@mfa.kz немесе мына мекенжай бойынша Министрлікке: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон 8 (727) 272-07-47, электрондық пошта: dks-almaty@mail.ru, не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелерде ала алады.

21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-05-18 факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жұмыс күндері
сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда:

мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28- ғимарат, телефон (7172) 72-01-64, электрондық пошта: dks-astana@mfa.kz немесе мына мекенжай бойынша Министрліктің: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон 8 (727) 272-07-47, электрондық пошта: dks-almaty@mail.ru;

мемлекеттік қызметті тікелей ұсынған осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша шетелдегі мекеменің басшысына беріледі.

23. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Министрліктің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, мемлекеттік қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы болады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға туралы, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым Министрліктің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілетін осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон (7172) 72-01-64, электрондық пошта: dks-astana@mfa.kz немесе мына мекенжай бойынша Министрліктен: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон 8 (727) 272-07-47, электрондық пошта: dks-almaty@mail.ru, не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелерден алуға болады.

___________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

201 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»

мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.

2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 25-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығымен бекітілген Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылады.

4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.

5. Шетелде тұрақты тұратын немесе уақытша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын (іссапарға, оқуға, тағылымдамаға, келісімшарт бойынша жұмысқа, емделуге немесе жеке істері бойынша келген) консулдық есепке алу немесе консулдық есепке алудан бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет шетелде тұрақты тұратын немесе уақытша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.

7. Мемлекеттік қызметті ұсынудың мерзімдері:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – үш жұмыс күнінен артық емес;

2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;

3) құжатты беру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.

8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.

9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.

Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады.


2. Мемлекеттiк қызметті ұсыну тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):

1) еркін нысандағы өтініш;

2) өлшемі 3х4 см бір түрлі түсті фотосурет;

3) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

4) осы стандартқа 2 немесе 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған есеп карточкасы;

5) шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсыну қажет

12. Шетелдердегі мекемелердің консулдық лауазымды тұлғасының жеке қабылдауында берілетін есеп карточкаларының бланкілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерге өткізіледі.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды консулдық лауазымды тұлғаға өткізгенін растайтын, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес талон беріледі.

15. Консулдық есепке алу мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушы консулдық лауазымды тұлғамен телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мына жағдайларда:

1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынса;

2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылса;

3) консулдық алым төленбесе бас тартылады.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) бекiтіледi.


5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттiк қызмет ұсынудың нәтижелеріне шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерде ала алады.

21. Көрсетілген мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31 ғимарат, телефон (7172) 72-05-18, факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті ұсынған шетелдегі мекеме басшысының атына жазылады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын шетелдегі мекеменің атауы немесе лауазымды тұлға туралы, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерден алуға болады.

___________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

201 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.

2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысына; «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы
28 қарашадағы № 631 бұйрығына сәйкес ұсынылады.

4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шетелдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.

5. Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (бұдан әрі – паспорт) ресімдеу және паспорттарға паспорттың қолдану мерзімін ұзарту немесе ата-анасының біреуінің паспортына 16 жасқа толмаған бала туралы жазуды енгізу немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет шетелде тұратын Қазақстан Республикасының мынадай санаттағы азаматтарына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;

2) шетелдердің аумақтарында орналасқан оқу орындарында күндізгі нысан бойынша білім алушыларға;

3) шет мемлекеттерде бір жылдан кем емес мерзімге еңбек шартымен жұмыс істеушілерге;

4) жоғарыда аталған тұлғалармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломаттық немесе қызметтік паспорт алуға құқықтары жоқ және дипломатиялық қызмет персоналымен шетелде бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына ұсынылады.

7. Мемлекеттік қызметті ұсынудың мерзімдері:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап:

паспорт ресімдеу –күнтізбелік отыз күннен артық емес, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

паспорттың қолдану мерзімін ұзарту – үш жұмыс күнінен артық емес;

ата-анасының біреуінің паспортына 16 жасқа толмаған бала туралы жазуды енгізу – үш жұмыс күнінен артық емес;

2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес;

4) құжаттарды дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және кері қарай шетелдегі мекемеге жолдау –күнтізбелік алпыс күннен артық емес.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде паспорт дайындау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі және оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.

9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.

Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады.


2. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды);

1) паспорт ресімдеу үшін:

еркін нысандағы өтініш;

туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде);

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты айырбастау кезінде);

өлшемі 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет (фотосурет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын ресімдеу уақытындағы жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болу қажет, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканер арқылы басып шығару, модельдеу мен ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);

тұру, оқу, жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);

консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы).

Паспортты ресімдеу үшін консулдық лауазымды тұлға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша формуляр толтырады. Бұл ретте мемлекеттік қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру және қолын қою үшін оның жеке өзінің болуы міндетті.

Мемлекеттік қызмет алушыдан барлық қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін, шетелдердегі мекемелер ресімделген құжаттарды паспорт дайындау үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолдайды.

Паспорт қолданылу мерзімі он жылға беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының өтініші бойынша паспорттың қолданылу мерзімі тағы бір жылға ұзартылады;

2) паспорттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін:

еркін нысандағы өтініш;

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы).

Шетелдердегі мекемелермен паспортқа қойылатын белгілер, осы стандартқа 3-қосымшадағы нысанға сәйкес мөртабан түрінде ресімделеді;

3) ата-анасының біреуінің паспортына 16 жасқа толмаған бала туралы жазуды енгізу үшін:

еркін нысандағы өтініш;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа мен көшірме);

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (ата-анасының біреуінің);

өлшемі 3х4 см баланың екі түрлі түсті фотосуреті;

консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы).

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланкілерді (өтініштерді) шетелдердегі мекеменің консулдық лауазымды тұлғасы береді.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерге өткізіледі.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды консулдық лауазымды тұлғаға өткізгенін растайтын, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес талон беріледі. Егер мемлекеттік қызметті алушыға паспорт берілетін болса, оған құжат беруге арналған өтініштің үзбелі түбіртегі беріледі.

15. Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорт беру және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою мәселелері бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушы телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мына жағдайларда:

1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтер ұсынылса;

2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылса;

3) консулдық алым төленбесе бас тартылады.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Шетелдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Шетелдердегі мекемелердің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Шетелдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) бекiтіледi.


5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттiк қызмет ұсынудың нәтижелеріне шағымдану тәртібін түсіндіру бойынша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерде ала алады.

21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон (7172) 72-05-18, факс: 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта: midrk@mfa.kz береді.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті ұсынған шетелдегі мекеме басшысының атына жазылады.

23. Ұсынылған мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын шетелдегі мекеменің атауы немесе лауазымды тұлға, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым Сыртқы істер министрлігінің немесе шетелдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шетелдердегі мекемелерден алуға болады.

___________________



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

201 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) ұсынады.

2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 195, 229, 244, 246, 279-баптарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 42-тармағына; «Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 қаулысына сәйкес ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері осы стандартқа


1-қосымшада көрсетілген шетелдердегі мекемелердің интернет- ресурстарында және ақпараттық стенділерінде орналастырылады.

5. Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер (бұдан әрі – куәлік) беру немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.

7. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудың мерзiмдерi:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – бес жұмыс күнінен артық емес;

2) мемлекеттiк қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;

3) куәлікті беру кезiнде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.

8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.

9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай шетелдегі мекеменің ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.

Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет