44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады.
6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешiмiмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімімен есiмделедi, оның дәлелді себептерi көрсетiлуге, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімі комиссияның тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап жеті күнге дейінгі мерзімде қабылданады.
7. Жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі шешімінің көшірмесі, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі шешiмінің көшiрмесi шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге беріледі (жіберіледі).
Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бірге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.
Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жерге орналастыру iсiн шешiм жобасымен бірге жоғары тұрған органға шешім қабылдау үшін енгізедi.
Сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сол шешімнің негізінде жасасады.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбір жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.
8. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері және сол жер учаскелерін жалдау құқығы осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектілері болуы мүмкін.
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары беретiн мынадай құжаттар:
жер учаскесiне жеке меншiк кезiнде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде - уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттары болып табылады.
Жер учаскесіне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендіру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушіге беріледі. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді жер-кадастрлық кітапқа және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне енгізеді.
Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган беретін материалдардың негізінде жүргізіледі.
10-1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бұрын қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында жер учаскелерiне белгiленген құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
Мұндай құжаттарды осы Кодекске сәйкес жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттарды берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.
Құқық белгілейтін құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мұрагерлiк тәртібімен алған кәмелетке толмаған адамдарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға табысталады. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.
13. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген жер учаскелеріне құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.
44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру
1. Объектілер құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін алдын ала таңдау жүргізіледі, оны арнайы комиссия жүзеге асырады. Арнайы комиссияны, оған құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері құрады.
Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.
Бұл ретте елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерін құрылыс үшін беруге тыйым салынады.
2. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.
Жерге орналастыру жобасының құрамында: берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.
Болжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсіндегі шығасының есептеулерi қоса берiледi.
4. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.
5. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органымен де келісіледi.
5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (немесе шағын ауылдық елді мекендердің бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.
6. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда өтiніш беруші немесе оның сенім бiлдiрген адамы жер учаскесiн бөлiп беруде талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетінше қамтамасыз етедi.
Өтініш беруші меншік иесіне шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiк меншiгі иелерiнiң әрқайсысымен жасасқан шартты қосымша ұсынады.
Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөніндегі мiндеттемелерi көрсетiледi.
7. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмiнiң жобасында:
жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;
жер учаскесiнiң көлемi;
жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;
учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;
өзге де шарттар болуға тиiс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді.
8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық табыстаған жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы азаматта мұндай жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметті жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы қорытынды әзірлеуі және тиісті шешім қабылдауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етеді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы ақпарат пен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қолжетімділігін оларды кемінде тоқсанына бір рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етеді.
45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру
2. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмiнiң жобасы дайындалады.
46-бап. Оралмандарға жер учаскелерiн беру
1. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
2. Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
3. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.
4. Оралмандарға берiлетiн жер учаскелерiне осы Кодекстiң 48-бабының нормалары қолданылмайды.
47-бап. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу
1. Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгiне беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тегiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Жер учаскесiн сатып алуға мүдделi тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiм бередi, ол өтiнiм жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына қарай осы Кодекстiң 43-45-баптарында белгiленген тәртiппен қаралады.
3. Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда, осы тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiш бередi.
Өтiнiшке:
жер учаскесiне сәйкестендіру құжатты немесе құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
бюджеттiң алдында берешегi бар немесе жоқ екендiгi (жер салығы және (немесе) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы) туралы салық органының анықтамасы;
жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылдануға тиiс.
Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.
4. Жер учаскесiн алған сатып алушы шартта белгiленген мерзiмде төлемақы жасау жөніндегі мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, сатушы берiлген жер учаскесiнiң төлемақысын немесе сол жер учаскесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.
Сатып алушы берiлген жер учаскесiне төлемақы жасау жөніндегі мiндеттемелердi шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда әрi шартта өзгеше көзделмесе, учаскеге төлемақы жасалуға тиiстi күннен бастап сатып алушы төлемақыны жасаған күнге дейiнгi мерзiмi өткен сомаға тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы негiзге алына отырып есептеледi.
5. Жер учаскесiн сатып алу-сату шарты және жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне сәйкестендіру құжат беру үшiн негiз болып табылады.
Жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып сатқан кезде, сатып алушыға сатып алу-сату шарты негiзiнде берiлетiн жер учаскесiне сәйкестендіру құжатқа, учаскенi кепiлге берудi қоспағанда, мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы тиiстi жазба жасалады.
48-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу
1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:
1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;
2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;
6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
7) жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;
8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
9) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
10) арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың жерлері құрамынан;
10-1) аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды ғимараттар салу үшін;
11) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;
13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;
14) осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |