Қазақстан Республикасының Жоғары Білім және Ғылым министрлігі



бет2/2
Дата26.04.2023
өлшемі243.91 Kb.
#472868
1   2
Тұрсынбек Ержігіт педогогика

Басқа құдайлар
Баалдың әйелі Анатқа құнарлылық пен соғыс құдайы ретінде сиынған. Кейбір сарапшылар оны Афинамен байланыстырады және мысырлықтар оған табынғаны белгілі.
Финикиялықтардың ішіндегі ең қанды құдай - Молох. Ол бұқаның басымен және адамның денесімен бейнеленген. Жыл сайынғы рәсімде осы құдайға арнап құрбандықтар шалынды: бір топ жастар құдайды бейнелейтін қуыс мүсінге жабылды, содан кейін оларды тірідей өртеп жіберді.
Сирия жері ерекшелігі. Сирияның бай көпестері мен қолөнершілері Константинопольдегі базардан айрылғаннан кейін, Шығысқа қарай жылжиды. Олардың отарлары мен сауда факторийлері Жерорта теңізінен «Аспан империясына» дейін созылып жатады. Осынау жолдың ұзына бойынан сирия жазуы мен сирия христиандығының белгілері кездесіп жатады, ал онда христиан дінінің таралуы өте ерте кезде басталған. Сириялықтардың сан ғасырға созылған экономикалық байланысы нәтижесінде, Аравия түбегі мен Үндістанға, Орта Азия елдеріне олардың мәдени ықпалы арта түседі. Соңғысында иран мен түрік тілдері сирия тілінің ықпалына түседі.
VII—VIII ғғ. несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында кеңінен тарайды. Көптеген қалаларда христиан шіркеулері болады. Патриарх Тимофей кезінде (780—819 жж.) христиан дінін түрік патшасы — әсілі қарлықтар жабғысы болса керек — қабылдайды. IX—X ғғ. шамасында айрықша қарлық метрополиясы құрылады, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істейді; христиан Сырдария қалаларында да тарап жатады.
Қаялықта өздерінің шіркеуі, сол сияқты оқшау селосы болған іле бойының христиандары жөнінде Вильгельм Рубрук мәлімет қалдырған. XIV ғ. Ыссық көлдің жағалауында бір христиан әдарияты болған, онда әулие Матфейдің сүйегі сақталған.
Жамұқат пен Науакет қалаларының мазарларын қазған кезде олардан күміс және қола крестері бар христиандар қойылғаны анықталды. Қызылөзек қала жұртынан нефрит крестінің кездейсоқ табылғаны да елге мәлім. Шымкент музейінде Төрткөл төбе қала жұртынан табылған, бүйірінде христиандықтын белгісі — крест пен көгершін салынған келі қойылған. Таразды қазған кезде VI—VIII ғғ. қабатынан сирия жазуымен «Петр мен Гавриил» деген жазуы бар қыш саптыаяқ кездесті.
Осынау өлкелерде христиандардың келген кезеңінен XIV ғ. аяғына дейін жасалған, ұлттары түрік, Орта Азия христиандарының діни өнері мен діни символикасының аса көрнекті туындылары қатарына, бетінде несториандық жазу мен символикасы бар қайрақ тастар жатады.
Жетісуда христиан қауымының болғаны туралы деректі құлпытастардағы сирия жазуларынан ғана емес, қыш ыдыстардағы, үлкен хұмдардың мойындарындағы соғды жазуларынан да байқаймыз. Олардың бірінде: «Бұл хүм Иарық-Тегін ұстазға (арналған). Ісмер Пастун. Лайымда. ол (хұм) толып тұрғай, әумин, әумин!» — деп жазылған. Мұндағы «ұстаз» сөзі түрік-соғды эпитафиясындағы «мұғалім-ұстаз» терминімен мағыналас. Ал, ондағы «әумин» сөзі Иарық-Тегіннің христиан қауымының жетекшісі болғанына күмән келтірмейді.
Сөйтіп, археологиялық және эпиграфикалық олжалар, ортағасырлық деректерімен қосыла келе, христиан дінінің тараған жолдарын анық көрсетеді.
Жібек жолымен III г. Иранда пайда болған манихейлік діні де тараған, ол аз уақыт ішінде жеделдетіп Италиядан Қытайға дейін жайылады. Тұтас алғанда ол зороастризм мен христиан дінінің қорытылуынан туған. Христиан дінінен ол мессиандық идеясын, ал зороастризмнен — жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының күресі идеясын алады. Соғдылар манихейлікті таратуда да жетекші рөл атқарады. VIII ғ. бас кезінде манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта сарайы болған. Манихейлік дін Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрген, сонда оның пантеонына, терминологиясына, тіпті концепциясына дейін буддизм қатты әсер еткен.
Манихей дінінің үмбеттері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, ең алдымен отырықшы жұрт арасында болған. Тұрфан көгалды аймағынан табылған «Екі негіздің қасиетті кітабы» атты манихей шығармасының көне ұйғыр қолжазбасында бұл кітап «Аргу-Талас-та Алтын-Арғу Таласы-ұлышта, Талас-ұлыс» қаласында жазылды «Он оқ елінде (дінге) ықылас тудыру үшін» — делінген. Бұл арада сөз белгілі Тараз қаласы жайында болып отыр. Сол сияқты манихей ғимараттары Жетісудың басқа да қалаларында, оның ішінде Баласағұн мен Шігілбалықта болған.
Тегі, Тараздағы қазба жұмысы кезінде табылған, манихейліктің Көк Тәңрісі болып есептелетін, әйел бейнесі мен ай (жарты ай) салынған қола қангайды да манихей дінінің сирек мүлкі қатарына қосқан жөн шығар.

Ортағасырлардағы Қазақстан қалалары тұрғындары арасында б. з. дейінгі VII—VI ғғ. ежелгі Иран территориясында туған зороастрлық діннің де өкілдері болған. Оның әдет-ғұрпы бойынша әлемнің төрт нәрсесі — су, от, жер мен ауа киелі деп қатты құрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан, Соғдиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар мұнара секілді құрылыс қалдықтары, әдетте от мұнараларына ұқсайды. Олар Қостөбе мен Қызылөзек қала жұртының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған үйреншікті түрі емес, айрықша түрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен отқа, ата-бабалар аруағына, жануарларға — қойға, ат пен түйеге табынушылықпен сіңісіп, бірге өршіп кеткен. Осы дінге байланысты табылған нәрселер: мәйітті оссуарийлерге — қыш жәшіктерге, хұмдарға салып жерлеу. Өлікті жер бетіндегі бейіттерге — наусаларға қою, сүйекті үйіп жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты көптеген табынудың ырым-жырымдары Қазақстан қалаларында ислам пайда болғаннан кейін де сақталып қалып жүрді.
Орта ғасырда Сирия мәдениетінің өкілдері әлемдік өркениетте өз орнын иеленді. Сирия мемлекеті Византия мен Иранның саяси күресінен өзін алшақ ұстап, бітіндеп Шығыс пен Батыстың арасын жалғастыратын мәдени ортаға айналды. Сириялықтар арқылы арабтар антикалық ғылыми мұраларымен, әсіресе, Платон, Аристотель, Гален, Гиппократ және басқа белгілі ойшылдардың еңбектерімен танысты. Орта ғасыр эстетикасында діни, құдайшылық сарындар жетекші орын алды. Ислам философтары құдайға қандай да бір келбет беруге қарсы болды. Олардың ойынша, “құдайда дене де, рухта, түр де, субстанция да жоқ. Ол бөлінбейді”. Ежелгі грек ілімдерінің таралуы ғылымды өркендетіп, оның жаңаша жетілуіне әсер етті. Түркі тектес тайпалардан білім, ғылымға ұмтылған адамдар шықты. Әл-Фараби (950-1870) адамды болмыстың төртінші сатысына жатқызады. Адамның жетістігі оның ойлау қабілетінде. Ойлану объектісі іске асса, ол жетістік. Жетістікпен адам жетіледі, бақытқа жетеді Мәселен, Ибн-Сина (980-1037) “бірінші парасатты субстанцияны жаратты. Парасатты субстанция аспан заттарын жетілдірді. Парасатты субстанцияның болмыс желісі сезімтал, саналы жанмен бітеді” дейді. Ибн Халдун (1332-1406) Тунисте, Египетте медреседе мұсылман құқығы бойынша дәріс берген. Ол өмірге бейімделе білуге ерекше назар аударған. Оның ойынша дін ғылымы мен рәсімін игермей, адамды өмір сүру тәсіліне үйретпей, тарихты жергілікті табиғи байлықпен және мәдениетпен ұштастырмай өркениетке жетуге болмайды. Ахмет Иассауи (XII ғ.) ақын, ойшыл, сопылық ағымның ірі өкілі. “Диуани Хикмет” кітабында жан тазалығын, діни имандылықты, ізгілікті насихаттайды. Ахмет Иүгінеки (XII-XIIIғ.) “Ақиқат сыйы” кітабында адам бойындағы әр түрлі қасиеттерді саралап, білімпаздық мен надандықты, жомарттық пен сараңдықты, дос пен дұшпан туралы кеңес айтып, адамгершілікке үндейді. Осы еңбектерде және М.Қашғаридің “Диуани лұғат ат түрк”, Ж.Баласағұнның “Құтадғу біліг” еңбектерінде жалпы адамға тән асқақ ой, кемелділік, биік әсердің көрінісі, ізгілік секілді ұғымдар кең көрініс берді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Пайдаланылған әдебиеттер: Назиров Д. У Терроризма нет лица. / Уральск ТОО «Полиграфсервис» 2012. – 480 б; Қалыбекова Л. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет