«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



бет6/7
Дата14.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#136020
1   2   3   4   5   6   7

31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалау ұйымдастыру

2. Сәулет-құрылыс бақылауымен және қадағалауымен қоса:



1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау бөлігiнде - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;;

3) аумақтар мен объектiлердiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйіне бақылау жүргізу бөлігінде - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi орган;

4) объектiлердi немесе олардың бөліктерiн салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

4-1) су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган;

5) мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органы қадағалау қызметiн жүргiзедi.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


59.

78-бап

78-бап. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы

8. Өндiрiстiк мақсаттағы объектілердi қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына:



1) өнеркәсiп және кен қадағалау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет өкiлдерi - осы органдардың бақылауындағы магистральдық мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырлары мен басқа объектiлердi қабылдаған кезде;

2) күрделi немесе бiрегей технологиялық жабдықтарды дайындаушы кәсiпорынның және монтаждау ұйымдарының өкiлдерi - осындай жабдықтар бар объектiлердi қабылдаған кезде;

3) темiр жолдарды басқаратын мемлекеттiк органдардың өкiлдерi - кiрме темiр жолдары бар объектiлердi қабылдаған кезде;

4) жер ресурстарын басқару жөніндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер пайдаланушы қожалықтардың өкiлдерi - суландыру және құрғату жүйелерiн, қайтадан қалпына келтiрiлген жерлердi, қорғаныш ағаш екпелерiн, эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстарды және басқа жер құнарлығын арттыру мен оны қорғау мақсатында салынған объектiлердi қабылдаған кезде;

5) мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызметiнiң өкiлдерi - осы органдардың немесе мал дәрiгерлiк ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң) бақылауындағы объектiлердi қабылдаған кезде;

6) автомобиль жолдарын басқаратын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк жол инспекциясының (полициясының) өкiлдерi - автомобиль жолдарын қабылдаған кезде;

7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қадағалау және мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi - газдан тазартатын және шаң соратын құрылғыларды қабылдаған кезде;

8) төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi - азаматтық қорғаныс ғимараттарына (үй-жайларына) немесе азаматтық қорғаныстың жеке тұрған ғимараттарына жапсарлас салынған объектiлердi қабылдаған кезде енгiзiледi.



78-бап. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы

8. Өндiрiстiк мақсаттағы объектілердi қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына:



1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган өкiлдерi - осы органдардың бақылауындағы магистральдық мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырлары азаматтық қорғаныс ғимараттарына (үй-жайларына) немесе азаматтық қорғаныстың жеке тұрған ғимараттарына жапсарлас салынған объектілер мен басқа объектiлердi қабылдаған кезде;

2) күрделi немесе бiрегей технологиялық жабдықтарды дайындаушы кәсiпорынның және монтаждау ұйымдарының өкiлдерi - осындай жабдықтар бар объектiлердi қабылдаған кезде;

3) темiр жолдарды басқаратын мемлекеттiк органдардың өкiлдерi - кiрме темiр жолдары бар объектiлердi қабылдаған кезде;

4) жер ресурстарын басқару жөніндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер пайдаланушы қожалықтардың өкiлдерi - суландыру және құрғату жүйелерiн, қайтадан қалпына келтiрiлген жерлердi, қорғаныш ағаш екпелерiн, эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстарды және басқа жер құнарлығын арттыру мен оны қорғау мақсатында салынған объектiлердi қабылдаған кезде;

5) мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қызметiнiң өкiлдерi - осы органдардың немесе мал дәрiгерлiк ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң) бақылауындағы объектiлердi қабылдаған кезде;

6) автомобиль жолдарын басқаратын мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк жол инспекциясының (полициясының) өкiлдерi - автомобиль жолдарын қабылдаған кезде;

7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қадағалау және мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi - газдан тазартатын және шаң соратын құрылғыларды қабылдаған кезде;

8) Алып тасталсын




«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


14. Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы

60.

51-бап

51-бап. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң суға батқан мүлiктi шығарып алуы, аластауы немесе жоюы

1. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнің, егер:

1) суға батқан мүлiктiң иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде анықталмаса;

2) меншiк иесi осы Заңның 50-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса;

3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi оны шығарып алу, аластау, жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдар қолданса;

4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың өлiмiне, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян келтiруге халықты едәуiр материалдық шығынға ұшыратуға және оның тiршiлiк жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзалаларды немесе апаттарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарына сәйкес суға батқан мүлiктi шығарып алуға және қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға құқығы бар.



51-бап. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң суға батқан мүлiктi шығарып алуы, аластауы немесе жоюы

1. Порттың теңiз әкiмшiлiгiнің, егер:

1) суға батқан мүлiктiң иесi мүлiк суға батқан күннен бастап бiр жыл iшiнде анықталмаса;

2) меншiк иесi осы Заңның 50-бабының 3-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса;

3) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi оны шығарып алу, аластау, жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген техникалық қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн құралдар қолданса;

4) суға батқан мүлiктiң меншiк иесi анықталмаса, адамдардың өлiмiне, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян келтiруге халықты едәуiр материалдық шығынға ұшыратуға және оның тiршiлiк жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн аварияларды, зiлзалаларды немесе апаттарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңдарына сәйкес суға батқан мүлiктi шығарып алуға және қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға құқығы бар.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


15. Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңы

61.

13-бап

13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының өкiлеттiктерi

2. Төтенше жағдай енгiзiлген жердiң коменданты:



1) өз өкiлеттiгi шегiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ iшкi iстер органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлiмшелерi, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн қосымша тартылатын әскери құралымдар бастықтарының (командирлерiнiң) тиiстi аумақта орындауына мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;



13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының өкiлеттiктерi

2. Төтенше жағдай енгiзiлген жердiң коменданты:


1) өз өкiлеттiгi шегiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ iшкi iстер органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн қосымша тартылатын әскери құралымдар бастықтарының (командирлерiнiң) тиiстi аумақта орындауына мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


62.

14-бап

14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар
1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер,  ұлттық қауiпсiздiк органдарының, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.



14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар
1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


16. Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңы

63.

4-1-бап

4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдерi мен сипаттамаларын бекiтедi; 



6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн және зерттеу актiсiнiң нысанын бекiтедi;

7) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiтедi.



4-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:


5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдерi мен сипаттамаларын бекiтедi; 

6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құруының және оның жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн және зерттеу актiсiнiң нысанын бекiтедi;

7) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiтедi.


«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


64.

10-бап

10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары

2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:



мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;

егiстiк жерлердi орналастыру картасының (схемасының) көшiрмесi;

гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды белгiлеу жөнiнде комиссия құру туралы өтiнiштi қабылдау туралы белгiсi бар, сақтанушы өтiнiшiнiң көшiрмесi;

тiзбесi мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн, нақты кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) егiстер iшiнара жойылған кезде кiрiстi бағалау жөнiндегi есебi қоса тiркеледi.

Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуiне жол берiлмейдi. …


10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары

2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:



мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;

егiстiк жерлердi орналастыру картасының (схемасының) көшiрмесi;

гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;

тiзбесi мiндеттi сақтандыру шартында белгiленетiн, нақты кiрiстiң алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) егiстер iшiнара жойылған кезде кiрiстi бағалау жөнiндегi есебi қоса тiркеледi.

Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуiне жол берiлмейдi. …


«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


65.

15-бап

15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

2. Сақтанушы:



осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;

сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;

дереу, бiрақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сақтандырушыға бұл жөнiнде қолжетiмдi тәсiлмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша расталуға тиiс. Егер сақтанушының дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиiс;

агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың} жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде комиссия құру туралы:

қысқа мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;

ұзақ мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыреттерiне сәйкес осындай құбылыс фактiсiн растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егiстерге әсерi анықталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш беруге;

әрбiр жекелеген ауыспалы егiс жерлерiнде өзiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруға;

сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;

осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.



15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

2. Сақтанушы:

осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;

сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;

дереу, бiрақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкiн қолайсыз табиғат құбылысының болу фактiсi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сақтандырушыға бұл жөнiнде қолжетiмдi тәсiлмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша расталуға тиiс. Егер сақтанушының дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиiс;

агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың} жергiлiктi атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде комиссия құру туралы:

қысқа мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде;

ұзақ мерзiмдi табиғат құбылысы кезiнде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өз құзыреттерiне сәйкес осындай құбылыс фактiсiн растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егiстерге әсерi анықталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш беруге;

әрбiр жекелеген ауыспалы егiс жерлерiнде өзiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруға;

сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;

осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.



«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


66.

16-1-бап

16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi

1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманы дайындау кезiнде қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргiзуге құқығы бар.

2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган қолайсыз табиғат құбылысының фактiсiн растайтын немесе растамайтын анықтаманы:

1) сақтанушыға - тегiн, екi дана етiп, қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк үш күн iшiнде, ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк бес күн iшiнде;

2) өзге де мүдделi тұлғаларға - белгiленген тәртiппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге мiндеттi.


16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтары мен мiндеттерi

1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманы дайындау кезiнде қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргiзуге құқығы бар.

2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қолайсыз табиғат құбылысының фактiсiн растайтын немесе растамайтын анықтаманы:

1) сақтанушыға - тегiн, екi дана етiп, қысқа мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк үш күн iшiнде, ұзақ мерзiмдi құбылыс кезiнде - күнтiзбелiк бес күн iшiнде;

2) өзге де мүдделi тұлғаларға - белгiленген тәртiппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге мiндеттi.


«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген жобаға сәйкес келтіру мақсатында.


17. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы

67.

14-бап

 14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін басқару
      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желілері бар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасай отырып жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде, үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған кезде олардың шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, ауадағы, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау саласында шұғыл іс-шаралар жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет