«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»



жүктеу 53.19 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі53.19 Kb.


«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдаудың экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық ықтимал салдарының болжамдары

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттыруға, оның ішінде мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапкершілігін күшейтуге бағдарланған.

Заң жобасы бюджеттік заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мыналарды:

- Министрлер мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін негізгі индикаторларды бекіту;

- стратегиялық жоспардың жаңа форматын енгізу;

- стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын стратегиялық жоспардың стратегиялық мақсаттарға сәйкес әзірлеу;

- бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық көлемін өзгертусіз, бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарламалары және кіші бағдарламаның іс-шаралары арасында қаражатты дербес қайта бөлу құқығын беру жолымен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың дербестігін күшейту;

- нәтижеге қолжеткізуге екпін жасай отырып, бюджет жобасы мен оның атқарылу туралы есебі ұсыну форматын өзгертуі;

- Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- бюджеттік несие құрылымын қайта қарауды өткізу;

- камералдық бақылауды енгізу;

- нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған сомаларын жоғары тұрған бюджетке қайтару;

- бюджеттің рәсімдерін жетілдіру;

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдау Мемлекет басшысының Үкіметке «5 институционалдық реформаны орындау үшін 100 нақты қадам» шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыруға ықпал етеді және мынадай оң әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырады:



  • мемлекеттік органдарға нақты негізгі индикаторларды бекіту;

- мемлекеттік органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін дербестігін кеңейту;

- мақсатты ағымдағы трансферттерді және жалпы бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ұлғайту;

- Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- Қарыз алушыларды сауықтырылу бойынша шаралар ұсыну және банкроттықа жол бермеу;



Жалпы, заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқпайды.

Министр Е. Досаев

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

АНЫҚТАМА ПАРАҚ


1.

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)

Қазақстан Республикасының Үкіметі

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

Жұмыс тобы құрылған жоқ

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет




4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні




5.

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары




6.

Заң жобасының ғылыми сараптамасы

«Құқықтық талдау институты» ЖШС ғылыми құқықтық сараптамасы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми-экономикалық сараптамасы, «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ ғылыми лингвистикалық сараптамасы

Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері




Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі




7.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

Өткізілген жоқ

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

Жоқ

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

Жоқ

8.

Заң жобасын пысықтау үдерісінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар




9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикаминистрі Е.А.Досаевқа

10.

Балама жобалардың болуы

Жоқ

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері




12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган




13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

Шығарылған жоқ

14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)




15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері




16.

Заңның күшіне енетін уақыты

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

17.

Өзге де белгілер



____________________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет