«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі



бет17/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3. Әуе кемелерiнің жолаушыларын, экипаж мүшелерiн апат болған жерден эвакуациялау апатқа ұшыраған әуе кемесiн пайдаланушының күшiмен және құралдарымен немесе пайдаланушының шығыстарын кейiннен өтейтіндей етіп өзге де күштермен және құралдармен жүзеге асырылады.

...............



98-бап. Әуе кемелерін, олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру
...............


Алып тасталсын

...............



98-баптың 2-тармағымен қайшылықты жою мақсатында, өйткені апатқа ұшыраған әуе кемесіндегі экипаж мен жолаушыларды құтқару әс жүзінде оларды қауәпсәз жерге алып шығуды білдіреді.



99-баптың

1-тармағы



99-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-әрекеттері
1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнің экипажы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларына сәйкес шаралар қабылдауға және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесiн сақтауға мүмкiн болатын өзге де шараларды қолдануға міндетті.

............



99-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-әрекеттері
1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес шаралар қабылдауға және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесін сақтауға мүмкін болатын өзге де шараларды қолдануға міндетті.

...............


Ұшудың негізігі қағидаларына алып тастауды ұсынуға байланысты.





100-баптың

1-тармағы



100-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi туралы хабарлау
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi туралы ақпаратты, сондай-ақ қауiптi жағдайға ұшыраған адамдар туралы кез келген өзге де ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларында айқындалатын тәртiппен қажеттi көмек көрсету жөнінде мүмкiн болатын барлық шараларды қолдануға және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларына, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтеріне, әуе кемелерін пайдаланушыларға дереу хабарлауға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авариялық оқиғаға немесе инцидентке тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.

..................



100-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi туралы хабарлау
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдары, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қауiптi жағдайға ұшыраған адамдар туралы кез келген өзге де ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен қажетті көмек көрсету жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдануға және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларына, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтеріне, әуе кемелерін пайдаланушыларға дереу хабарлауға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авариялық оқиғаға немесе инцидентке тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.

..............



Ұшудың негізігі қағидаларына алып тастауды ұсынуға байланысты.






105-баптың

1-тармағы




105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерiн пайдаланушылар Авиациялық қауiпсiздiк қағидаларына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

.............



105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.

...........



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында





105-баптың

1-2-тармағы (Жаңа тармақ)



105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

Жоқ
...................


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
...........

1-2. Азаматтық авиация ұйымы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынады. Бағдарламаларда Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген заңсыз араласу актілерінің алды алу және қарсы тұру шаралары мен процедуралары қарастырылады.

...........



Конвенцияға 17-Қосымшасының 3.2.1 және 3.3.1-тармақтарына сәйкес әрбір мемлекет азаматтық авиацияда қызмет көрсететін әуежайлар мен әуе кемелерінің пайдаланушылары азаматтық авиация қауіпсіздігінің ұлттық бағдарламасының талаптарына жауап беретін әуежай қауіпсіздігі бағадралмасын жазбаша түрде қабылдауын, жүзеге асыруын және жаңартып отыруын талап етеді.



105-баптың

2-тармағы



105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

2. Азаматтық авиацияны оның қызметiне заңсыз араласу актілерінен қорғау:

1) әуежайдың бақыланатын аймағына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiне жол бермеу;

2) бөгде адамдардың әуе кемелерiне кiрiп кету мүмкiндiгiн болғызбайтындай тұрақтардағы әуе кемелерiн күзету;

3) әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қаруларды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, радиоактивтi, уландырғыш, тез тұтанғыш және басқа да қауiптi заттар мен құралдарды заңсыз алып жүру мүмкiндiгiн болғызбау;

4) қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi тасымалдау кезiнде олардың әуе кемелерiнің жолаушылардан оқшауланған бөлiктерiнде оқтары алынған күйде багажбен тасымалдануын қамтамасыз ететiн айрықша сақтық шараларын енгiзу;

5) ерекше жағдайларда әуе кемелерiн арнайы қарап тексеру;

6) ұшу кезiнде экипаждың қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ әуе кемесiн заңға қайшы пайдалануға жол бермейтiн техникалық құрылғылармен әуе кемелерiн жабдықтау;

7) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз құзыреті шегінде арнайы әзiрлеген авиация қызметiне заңсыз араласуға қарсы іс-әрекет жасау шаралары, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ететiн басқа да шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

2. Азаматтық авиацияны оның қызметiне заңсыз араласу актілерінен қорғау:

1) ұшақты заңсыз басып алудың алдын алу;

2) пайдаланаланылудағы әуе кемесін бүлдірудің алдын алу;

3) әуе кемесінің бортында немесе аэродромда адамдарды кепілге алудың алдын алу;

4) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал немесе қызметтер орналасқан жерге күштеп енудің алдын алу;

5) әуе кемесінің бортында немесе әуежайда қылмыстық мақсаттарға арналған қару, қауіпті құрылғыны немесе материалды орналастырудың алдын алу;

6) өлім, ауыр жарақат, мүлікке немесе қоршаған ортаға елеулі зиянды келтіру мақсатында пайдаланаланудағы әуе кемесін қолданудың алдын алу;

7) ұшудағы немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігін қауіп-қатерге қоятын өтірік ақпарат хабарлама берген барлық адамдарды идентификациялау, ұстау және жауапкершілікке тарту бойынша балрық шараларды қабылдау;

8) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқада шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.


Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




105-баптың

4-1-тармағы

(Жаңа тармақ)


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

Жоқ
...................


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы әр жыл сайын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың және авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басқада нормативтық құқықтық актелердің талаптарын сақтауына азаматтық авиация ұйымдарда тексерулер, сынақтар, шолулар мен инспекторлық тексерулер жүргізуге бағытталған азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені ұғынылатын авиация қауіпсіздігі желісі бойынша тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылдайды.

..............



Конвенцияның 17-қосымшасының 3.4.6-тармағына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация қауіпсіздігінің ұлттық бағдарламасының сақталуына бақылау және кезкелген кемшіліктерді жедел және тиімді жою мақсатында қауіпсіздік жағдайына тұрақты негізде тексерулер, сынақтар, шолулар мен инспекторлық тексерулер жүргізуді ұйымдастыру қажет.



105-баптың

5-тармағының

7) тармақшасы (Жаңа тармақша)


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу:

..............

Жоқ

...............



105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
...........

5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу:

...............

7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақ жүргізу;

................



Конвенцияға 17-Қосымшасының 3.4.6 және 3.4.7-тармақтарына сәйкес уәкілетті орган азаматтық авиация қауіпсіздігінің ұлттық бағдарламасын сақталуын бақылау және кезкелген ақаулардың жедел және тиімді жою мақсатында авиациялық қауіпсіздік жағдайына тексерулер, оқу сынақтарын, шолулар және инспекторлық тексерістерді тұрақты негізде ұйымдастырады (ИКАО стандарты).

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның оқу сынақтарын жүргізбеуі 2009 жылғы өткізген авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның ескертулерінің бірі болып табылады.





105-баптың

5-тармағының

8) тармақшасы (Жаңа тармақша)


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу:

..............

Жоқ

...............



105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
...........

5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу:

...............

8) авиациялық қауіпсіздік жағдайына шолулар жүргізу;

................



Конвенцияға 17-Қосымшасының 3.4.6 және 3.4.7-тармақтарына сәйкес уәкілетті орган азаматтық авиация қауіпсіздігінің ұлттық бағдарламасын сақталуын бақылау және кезкелген ақаулардың жедел және тиімді жою мақсатында авиациялық қауіпсіздік жағдайына тексерулер, оқу сынақтарын, шолулар және инспекторлық тексерістерді тұрақты негізде ұйымдастырады (ИКАО стандарты).

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның оқу сынақтарын жүргізбеуі 2009 жылғы өткізген авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның ескертулерінің бірі болып табылады.





105-баптың

10-тармағы

(Жаңа тармақ)


105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
..............

Жоқ

105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
...........

10. Авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақ және авиациялық қауіпсіздік жағдайына шолулар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекіткен Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуына сапа бақылауын жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




106-баптың

1-тармағының

бірінші бөлігі


106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
1. Әрбір әуежайдың және тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдар және кадр құрамы жинақталған авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс.

............




106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
1. Әрбір әуежайдың және тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдар және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін кадр құрамы жинақталған авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс.

............


Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында

2009 жылғы өткізген авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның ескертулері.




106-баптың

2-тармағының бірінші бөлігі




106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

2. Әуежайдың, тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның тиісінше бірінші басшысына тікелей бағынатын, ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша тағайындалатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана әуежайдың, тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.

..........


106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

2. Әуежайдың, тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның тиісінше бірінші басшысына тікелей бағынатын, оның орынбасары болып табылатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы мен ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша тағайындалатын және босатылатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана әуежайдың, тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.

...........


Авиациялық қауіпсізідк қызметінің басышысының статусын көтеру және оның тағайындалуы мен босатылуын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы мен ұлттық қауіпсіздік органдарының келісу 1-Қосымшщасның «Қауіпсіздік» 3.2.2.-тармағында көзделген ИКАО стандартының талаптарына жартылай орындауға мүмкіндік береді, онда уәкілетті органның қауіпсіздік мақсатта бақылау шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіруге жауаптылық жүктелген өкілетті органның әрбір әуежайда болуын қамтамасыз ету міндеті баяндалған.

Сонымен қатар бұл түзетулер оларға жүктелген авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауапкершіліктің артуына мүмкіндік береді.





106-баптың

3-тармағының

1) тармақшасы


106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:

1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;

.................



106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:

1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және оның орынбасары - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;

...................



Осы баптың 2-тармағына енгізілетін өзгерістерге байланысты редакциялық түзет





106-баптың

3-тармағының

2) тармақшасы


106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:

...........

2) тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына және авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;

..............


106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:

.............

2) тұрақты әуемен тасымалдауды орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына және оның орынбасары - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;

..............


Осы баптың 2-тармағына енгізілетін өзгерістерге байланысты редакциялық түзету.







106-баптың

3-тармағының

5) тармақшасы

(Жаңа тармақша)



106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:

...........
Жоқ
..............


106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
............

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:

...........

5) әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның бірінші басшысына және оның орынбасары - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;

..............



Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 17-қосымшасына және Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (DOC 8973/8) сәйкестікке келтіру мақсатында




107-баптың

2-тармағының

бірінші бөлігі


107-бап. Қарап тексеру
.............

2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін ұшу алдында әуежайда қарап тексеруді авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы жүргізеді.

.............


107-бап. Қарап тексеру
.............

2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін және әуежайдың бақыланатын аймағына келетін барлы адамдарды әуежайда қарап тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган на рұқсат алған және бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру инспекторы жүргізеді.

..............


Конвенцияға 17-Қосымшасының 3.4.3-тармағының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында, онда қарап тексеруді жүргізуіш адам жұмыс істеу қабілеті стандартын тұрақты және дәйекті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында азаматтық авиация қауіпсіздігінің ұлттық бағдарламасында көзделген талаптарға сәйкес сертификаттаудан өтуі қарастырлыған.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарап тексеру инспекторлары мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды сертификаттау жүйесінің болмауы 2009 жылғы өткізген авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның ескертулерінің бірі болып табылады.





107-баптың

8-тармағы




107-бап. Қарап тексеру
.............

8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы тiзбедегі лауазымды адамдарды, сондай-ақ дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды қоспағанда, әуе кемесiмен тасымалданатын әрбiр адамға және оның багажына қатысты қарап тексеру жүргізіледі.

..............


107-бап. Қарап тексеру
.............

8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы тiзбедегі лауазымды адамдарды қоспағанда, әуе кемесiмен тасымалданатын әрбiр адамға және оның багажына қатысты қарап тексеру жүргізіледі.

...............

Редакциялық айқындау.





107-баптың

10-тармағы

(Жаңа тармақ)


107-бап. Қарап тексеру
.............

Жоқ



107-бап. Қарап тексеру
.............

10. Қазақстан Республикасының әуежайларының жолаушылар терминалының ғимаратына келген барлық адамдардың кірулері мен шығуларына бақылау Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі жүзеге асырады.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Домодедово әуежайында болған оқиғадан кейін авиациялық қауіепсіздік жқніндегі басшылыққа алынатын құжаттамаларға жолаушылар терминалына еркін кіретін аумағына қауіпсіздік жауапкешілігіне қатысты тиісті өзгерістер енгізді. ИКАО халықаралық стандартары мен ұсынылатын пратикасына сәйкес әуежай пайдаланушылары әуежай терминалының ғимаратына келуші барлық адамдардың қауіпсіздігі бойынша барлыққажетті шараларды қабылдайды.



108-баптың екінші бөлігі

108-бап. Экипаж мүшесінің куәлігі

      .........     



Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

108-бап. Экипаж мүшесінің куәлігі

      .........     

Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Чикаго конвенциясының 1 Қосымшасына сәйкес авиация персоналының куәлігі авиация персоналының барлығында болмайды, яғни кабиналық экипажға бортсеріктер жатады, және жоғарыда көрсетілген Қосымшаға сәйкес, оларда авиация персоналының куәлігі болмауы тиіс.

Чикаго конвенциясының 9 Қосымшасына сәйкес, экипаж мүшесінің куәлігі авиация персоналына жататын, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындауға тағайындалған, арнайы тексеруден өткен адамға беріледі.



7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы



134-бап

2-тармақ

13) тармақша


134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты
1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін:

............

13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызметтер ұсыну;

……….


134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты
1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін:

............

13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну;

……….


«Аэронавигациялық қызмет көрсетудің эк

ономикалық аспектрі жөнінддегі нұқсаулық» ИКАО DOC 9161 құжатының ережелеріне сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес халықаралық азаматтық авиацияда «аэронавигациялық қызмет көрсету» термині қолданылады, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» және «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңдарды өзара үндестіру мақсатында.






Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі Ә. Исекешев



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет