«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі

бет9/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

27-бап мәні бойынша мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, өйткені рұқсат етілмеген әуе кеңістігін пайдалану тек ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, неғұрлым кең алғанда мемлекеттің қорғаудағы заңды мүдделерін бұзады, мысалы, қорғаудағы объектілердің үстіндегі тыйым салынған аймақта ұшып өту, террорлық шабуыл жасау мүмкіндігі бар ұшқышсыз аппараттардың ұшулары. Осыған байланысты тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды алып тастауға ұсыныс енгізіліп отыр, атап айтқанда:

1) әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;

2) әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы;

3) әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы.

Бұл авиациялық оқиғалар Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында белгіленген тәртіпте текреу жүргізілуі тиіс.

27-баптың

1-тармағының екінші бөлігінің

6) тармақшасы

27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
...........

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзуға:

.............

6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе кемелерiнiң тiк, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы, әуе трассаларынан, жергiлiктi әуе желiлерiнен және маршрут осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;

................

27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
..............

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзуға:

................

6) ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан және маршрут осьтерiнен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген нормалардан асатын қашықтыққа ауытқуы;

................

Ұшу қауіпсіздігі мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты аражігін ажырату қажет.

27-бап мәні бойынша мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, өйткені рұқсат етілмеген әуе кеңістігін пайдалану тек ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, неғұрлым кең алғанда мемлекеттің қорғаудағы заңды мүдделерін бұзады, мысалы, қорғаудағы объектілердің үстіндегі тыйым салынған аймақта ұшып өту, террорлық шабуыл жасау мүмкіндігі бар ұшқышсыз аппараттардың ұшулары. Осыған байланысты тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды алып тастауға ұсыныс енгізіліп отыр, атап айтқанда:

1) әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;

2) әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы;

3) әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы.

Бұл авиациялық оқиғалар Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында белгіленген тәртіпте текреу жүргізілуі тиіс.

27-баптың

1-тармағының екінші бөлігінің

7) тармақшасы

27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
...........

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзуға:

.............

7) ұшу қауіпсіздігіне нақты қатер төнуі және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы жатады.

................

27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
..............

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзуға:

................

Алып тасталсын

................

Ұшу қауіпсіздігі мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты аражігін ажырату қажет.

27-бап мәні бойынша мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, өйткені рұқсат етілмеген әуе кеңістігін пайдалану тек ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп қана қоймай, неғұрлым кең алғанда мемлекеттің қорғаудағы заңды мүдделерін бұзады, мысалы, қорғаудағы объектілердің үстіндегі тыйым салынған аймақта ұшып өту, террорлық шабуыл жасау мүмкіндігі бар ұшқышсыз аппараттардың ұшулары. Осыған байланысты тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормаларды алып тастауға ұсыныс енгізіліп отыр, атап айтқанда:

1) әуе кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;

2) әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы;

3) әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы.

Бұл авиациялық оқиғалар Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында белгіленген тәртіпте текреу жүргізілуі тиіс.

30-баптың

4 -тармағы

30-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезіндегі радиобайланыс
.............

4. Байланысты қамтамасыз ету тәртібі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының байланысты қамтамасыз етуге қоятын талаптары, азаматтық авиациядағы байланыс құралдарының сипаттамасы Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.

..............

30-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезіндегі радиобайланыс
.............

4. Байланысты қамтамасыз ету тәртібі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының байланысты қамтамасыз етуге қоятын талаптары, азаматтық авиациядағы байланыс құралдарының сипаттамасы Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электробайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.

..............

Қағиданың атауын айқындау.

31-бап (Жаңа редакция)

31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
1. Елдi мекеннің үстiнен ұшу әуе кемесi бұзылған жағдайда сол елдi мекеннің шегінен тысқары жерде немесе таяудағы әуеайлақта қонуға мүмкiндiк беретiндей биiктiкте орындалады. Метеорологиялық жағдайлар тиісті биіктікті ұстап тұруға мүмкiндiк бермейтiн жағдайда әуе кемесінің командирі, егер айналып өтудің басқа тәртібі белгіленбесе, елді мекендерді оң жағынан айналып өтуге міндетті.

2. Әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуының схемалары (маршруттары) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және оларды  азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және ұшқышсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен белгіленген маршруттардан тыс ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

4. Елді мекендердің үстінен белгіленген маршруттардан тыс ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.

31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу
1. Ірі қалалардағы, қалалардағы немесе ауылдардағы халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен апаттық жағадай не төтенше жағдай туындаған кезде адамдарға немесе жердегі мүлікке аса қауіп төндірмейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болған жағдайды қоспағанда немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда қонуды орындауды қамтамасыз ете алмайтын биіктікте әуе кемелерінің ұшулары орындалмайды.

2. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және ұшқышсыз ұшу аппараттарының елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

3. Елді мекендердің үстінен ұшуды келісу және орындау тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.

ИКАО стандарттарын неғұрлым дәл сақтау мақсатында ()Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-Қосымша (3.1.2.т.)

Төтенше жағдайлар, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу және т.б. жағдайларда қалалардың үстінде белгіленген сызбадан тыс ұшуларды жедел орындау мүмкін болмауына байланысты осы баптың 2-тармағын алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылаудың басқа тетіктері әзірленетін бастапқыда әртүрлі мақсаттарға ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді қолдану болжалануда.

32-баптың

1-тармағы

32-бап. Көрсету мақсатындағы ұшу
1. Көрсету мақсатындағы ұшу авиациялық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

................

32-бап. Көрсету мақсатындағы ұшу
1. Әуе кемелерінің пайдаланушыларын сертификаттау кезеңі болып табылмайтын көрсету мақсатындағы ұшу авиациялық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

...................

Әуе кемелерінің пайдаланушыларын сертификаттаудың кезеңдерінің біріне байланысты нақтылау

33-баптың

1 -тармағы

33-бап. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы
1. Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатерін, басқа әуе кемелері үшін қауіпті барынша азайтуға және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.

.............

33-бап. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы
1. Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген шарттар сақталған кезде адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатерін, басқа әуе кемелері үшін қауіпті барынша азайтуға тиіс.

.................

Редакциялық нақтылау. Ұшу жоспары ұшу басталғанға дейін беріледі.

33-баптың

2-тармағы

33-бап. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы
...........

2. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды.

.............

33-бап. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы
............

2. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ұшқышсыз ұшу аппараттарының жоспарлаған ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды.

.................

Редакциялық нақтылау. Ұшу жоспары ұшу басталғанға дейін беріледі.

34-баптың

1-тармағы

34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
1. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.

..........

34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
1. Байланыс жүйесін, навигация мен бақылауды ұсынудан тұратын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.

...........

Редакциялық айқындау.

34-баптың

2-тармағы

1) тармақшасы

34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
............

2. Әуе кемелері ұшуының, ұшып көтерілуінің және қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі:

1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін - Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;

..........

34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
..........

2. Әуе кемелері ұшуының, ұшып көтерілуінің және қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі:

1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электробайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;

.............

Редакциялық айқындау.

35-баптың

1 -тармағы

35-бап. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
1. Әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушыларға, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарына және осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін басқа да пайдаланушыларға, олардың мемлекеттік тиесілігіне, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, шарттар негізінде сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы беру болып табылады.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартарына көзделген метеорология органының функциясын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

...........

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 3-Қосымшасының 2.1.4-тармағының ережелеріне сәйкес әрбір мемлекет азаматтық авиация мүддесіне метеорологиялық қызмет көрсетуді ұсынатын метеорологиялық уәкілетті органды тағайындайды.

35-баптың

2-тармағы

35-бап. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
............

2. Әуеайлақтардың метеорологиялық органдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

35-бап. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
............

2. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету азаматтық авиация саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік авиациясының ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұғымдадағы өзгерістерге байланысты редакциялық айқындау.

Редакциялық айқындау.

35-1-бап (Жаңа редакция)

35-1-бап. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттау
1. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Көрсетілген органдар мен қызметтердің сәйкестігі аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің сертификатын берумен расталады. Сертификат аэронавигациялық ұйымның құрамына кіретін әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерінің барлығына не бір бөлігіне ресімделеді.

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттау тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3. Егер аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі сертификатын беруден бас тарту жүргізіледі.

4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі сертификатының қолданысын мынадай жағдайларда:

1) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі сертификаттық талаптарды сақтамаған жағдайда;

2) аэронавигациялық ұйымның өзінің қарауындағы әуе қозғалысына қызмет көрсету органына немесе радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне қатысты өтініші бойынша бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтата тұрады.

5. Егер аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі - аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметі сертификатының қолданысын тоқтата тұрған күннен бастап алты ай ішінде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тиісті сертификатты қайтарып алады.

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттық талаптардан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелетін болса, жол беріледі.

35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілері аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілеріне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Көрсетілген жеткізушілердің сәйкестігі аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (түршелері) көрсетіле отырып берумен расталады.

Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сертификаттық талаптардан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелетін болса, жол беріледі.

2. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау, сертификат беру не тоқтату (қайтарып алу), оған өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларымен айқындалады.

3. Егер аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісіне қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын беруден бас тарту жүргізіледі.

4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық талаптарды бұзушылықты анықтаған жағдайда аэронавигациялық қызмет көрсетудің үзіліссіздігі мақсатында мынадай тәртіпте әрекеттер қабылдайды:

1) аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;

2) түзету іс қимылдары жоспарында белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген мөлшерде айыппұл салады;

3) егер айыппұл салғаннан бастап алты ай ішінде сертификаттық талаптардың бұзушылықтарды жоймаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификатын қайтарып алады не ондай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлерінің (түршелерінің) әрекет ету саласын толығымен не жартылай тоқтата тұрады.

Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаты Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініш бойынша да толығымен не жартылай шектелуі мүмкін.

Еуропа Одағының озық тәжірибесін енгізу мақсатында (аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы Еуропалық комиссияның 2011 жылғы 17 қазандағы № 1035/2011 резолюциясы)

35-2-бап

(Жаңа бап)

Жоқ

35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістер кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушілері ұшу қауіпсіздігін байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістерді енгізу кезінде ондай өзгерістер туралы алдын ала Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіпте азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.

2. Алдын ала азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістердің тізбесі, сондай-ақ ондай келісулердің тәртібі мен шарттары Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау қағидаларымен айқындалады.

3. Осы баптың ережелерін бұзушылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген мөлшерде аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушісіне айыппұл салуға әкеп соғады.

Еуропа Одағының озық тәжірибесін енгізу мақсатында (аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы Еуропалық комиссияның 2011 жылғы 17 қазандағы № 1035/2011 резолюциясы)

36-бап (Жаңа редакция)

36-бап. Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету
Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.

Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілері туралы мәліметтер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерінің тізбесінде жарияланады.

36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету

Әуе трассалары пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.

Әуе трассалары туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

Әуе қозғалысын ұйымдастырудың жахандың пайдалаушылық тұжырымдамасына (ИКАО құжаты 9854 (22.5т.) сәйкес әуе кеңістігін құрылымдаудың жаңа қағидаттарын енгізу мақсатында, ұшудың динамкиалық траекториясы, «аймақтық навигация» әуе тарссасын белілеуді (оған қажеттілік сақталатын жерлерге) жеңілдету қажет.

37-баптың

2-тармағы

37-бап. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттарына арналған өлшем бірліктері
................

2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында көрсетіледі.

37-бап. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттарына арналған өлшем бірліктері
................

2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында көрсетіледі.

Ұсынылып отырған ұшудың негізігі қағиадаларын алып тастауға байланысты өлшеум бірлігіне қатысты ережелерді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына көшіру ұсынылуда.

38-баптың атауы

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау. Қоршаған ортаны қорғау

ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І том, «Авициялық шуыл» талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

38-баптың

1-1 – тармағы (Жаңа тармақ)

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау
.......................

Жоқ

.........................

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау. Қоршаған ортаны қорғау
.......................

1.1. Әуе кемесін пайдалану уақытындағы шуылдың, авиация қозғалтқышының эмиссиясы мен авиация қызметі объектілерінің электромагниттік сәуле шығарудың барынша рұқсат етілген деңгейі ИКАО стандарттарында көрсетілген шекті рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.

Егер шуыл деңгейі азаматтық әуе кемесін пайдалану кезінде белгіленген шекті рұқсат етілген шуыл деңгейінен асқан жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуежайларында пайдаланушылық шектеулерін белгілейді немесе ондай әуе кемесінің ұшуына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салады.

Төтенше жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның басқа ережелеріне сәйкес орындалуы мүмкін емес сәйкестігі шекті деңгейдегі белгілі бір әуе кемелеріне Қазақстан Республикасының әуежайларында жеке ұшуларға рұқсат беруі мүмкін. Босатулар:

1) төтенше сипаттағы жеке ұшуларды орындайтын әуе кемелері, олар:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелері;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің арнайы миссияны жүзеге асыруға, ал егер шетелдік миссияны орындау жағдайына өз аралық негізге арналған тасымалдарды орындаушы әуе кемелері;

Біріккен Ұлттар Ұйымының, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай мүдделерін үшін ұшуларды орындайтын әуе кемелері;

апаттық-құтқару жұмыстарын орындайтын немесе осы миссия шеңберінде персонал мен материалдарды тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемелері;

гуманитарлық және жедел көмек көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын әуе кемелері;

қолайсыз метеожағдайға немесе форс-мажор жағдайына бола техникалық себептер бойынша мәжбүрлі қонуларды орындайтын әуе кемелері;

2) модификациялау, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау мақсатында коммерциялық емес ұшуларды орындайтын әуе кемелері үшін шектеледі.

................

ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І том, «Авициялық шуыл» талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І-том, «Авиациялық шуыл» және ІІ-том «Авиациялық қозғалтқыштың эмиссиясы» томталаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

38-баптың

4 – тармағы (Жаңа тармақ)

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау
.......................

Жоқ

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау. Қоршаған ортаны қорғау
.......................

4. Қоршаған ортаны қорғау азаматтық әуе кемелері жасайтын шуылға, авиация қозғалтқыштарының эмиссияларына, азаматтық әуе кемесін тазалау, мұздану мен өңдеу үшін немесе азаматтық авиацияның басқа қызметтері кезінде пайдаланылатын заттарға және осы жұмыстарды жүргізу нәтижесінде қалған қалдықтарға байланысты азаматтық авиацияның қоршаған ортаға әсерін азайтуына бағалауға бағытталған қызметтердің барлық түрлерін қамтиды.

ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І том, «Авициялық шуыл» талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І-том, «Авиациялық шуыл» және ІІ-том «Авиациялық қозғалтқыштың эмиссиясы» томталаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

38-баптың

5 – тармағы (Жаңа тармақ)

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау
.......................

Жоқ

38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау. Қоршаған ортаны қорғау
.......................

5. Авиация қызметінің субъектілері жерде және әуеде әуе кемелерін пайдаланған кезінде істен шыққан газдардағы ластаушы заттардың құрамы мен табиғи факторлардың әсерінің белгіленген нормативтерін ұстауға және ластаушы затардың тастандыларының (эмиссиясының) көлемін азайту мен шуылдың, электромагниттік және радиациялық сәуле шығару деңгейін азайту шараларын қабылдауға міндетті.

ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І том, «Авициялық шуыл» талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.
ИКАО 16-Қосымша Қоршаған ортаны қорғау, І-том, «Авиациялық шуыл» және ІІ-том «Авиациялық қозғалтқыштың эмиссиясы» томталаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында.

40-баптың

4-1-тармағы

40-бап. Шет мемлекеттердің әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшуы

................

4-1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты тұрақты емес (бір реттік) халықаралық ұшуды орындауға жол берілмейді.

...............

40-бап. Шет мемлекеттердің әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшуы
................

4-1. Егер Қазақстан Республикасы мен пайдаланушының мемлекетінің құзыретті авиациялық билік органдарының арасындағы келісімдерде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты тұрақты емес (бір реттік) халықаралық ұшуды орындауға жол берілмейді.

................

Халықаралық ынтымақтастықтың уәкілетті субъектілерін нақтылау мақсатында редакциялық анықтау

42-баптың

3-тармағы

42-бап. Әуе кемелерiнiң сыныптамасы
...............

3. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын және Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесі азаматтық әуе кемесі болып табылады.

      Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында айқындалады.

..........

42-бап. Әуе кемелерiнiң сыныптамасы
...............

3. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын және Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесі азаматтық әуе кемесі болып табылады.

      Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Республикасының ұшуды жүргізу қағидаларында айқындалады.

..........

Ұсынылып отырған ұшудың негізігі қағиадаларын алып тастауға байланысты әуе кемелерінің сыныптамасына қатысты ережелерді тиісті авиация түрлеріндегі ұшуды жүргізу қағидаларына көшіру ұсынылуда.

45-баптың

атауы

45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу

45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет