Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына



бет2/3
Дата27.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#28073
1   2   3
470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралдарын басқаруы

1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің және (немесе) жолаушылар алдындағы тасымалдаушы азаматтық-құқықтық міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің, көлік құралына тіркелген және өзге де заңнамамен белгіленген көлік құралына құжаттардың болмауы, оның ішінде, уәкілеттік органда көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғаға мемлекеттік тіркеусіз уақытша иелігіне беруге және пайдалануға беруі, -



бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлiк құралын басқаруға құқығы жоқ адамның, не басқару құқығынан айырылған (оқып-үйрену жүргiзуiн қоспағанда) адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, ол көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның, не басқару құқығынан айырылған адамға тиісті көлік санатындағы көлік құралын жүргізу немесе көлік құралын жүргізуді басқаруға құқығы жоқ немесе жүргізу құқығынан айырылған адамға көлік құралын жүргізуге берумен тең, -



он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Алынып тасталсын.

4. Алынып тасталсын

5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған әрекеттер, -



он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

16) 471-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«471-бап. Ішкі істер органдарының көлік құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау, алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өтуден жалтару

1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -



он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

көлік құралдарын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға әкеп соғады.

1-3. Көлiк құралдарын жүргізуге құқығы жоқ адам немесе жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер, -



отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Белгіленген тәртіпте мас күйін куәландыруға сәйкес алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан өтуден жалтару, -

көлік құралдарын жүргізу құқығынан екі жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.

2-1. Көлiк құралдарын жүргізуге құқығы жоқ адам немесе жүргізу құқығынан айырылған адам жасаған сол іс-әрекеттер, -

он күнге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген әкімшілік қамауға алынған адамға қатысты іс-әрекеттер осы кодекстің 35-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қолданылмайды, -



елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-3. Мәжбүрлеп өтуден қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз тәулік ішінде:



Созылмалы алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан;

денсаулық сақтау органдарының арнайы мекемелерінен сауықтырудан;

көлік құралдарын жүргізуге жарамдылығын растау үшін медициналық куәландырудан;

жол қозғалысы қауіпсіздігінің профилактикалық курсынан және жол қозғалысы қауіпсіздігінен білімін тексеруден жалтаруы, -

көлік құралдарын жүргізу құқығын бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.

2-4. Ішкі істер органдарының қызметкерлері (полиция) тоқтатқан жағдайда, жүргізушінің немесе жолаушылардың (жолаушы) көлік құралдарының кабинасын (салон), оның рұқсатынсыз қалдыруы, -

Жүргізушіге және жолаушыға (жолаушылар) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-5. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату кезінде жүргізушіге және жолаушыларға көлік құралының кабинасын (салонын) қалдырмау немесе олардың көлік құралының кабинасында болу деген талабын орындамау, -

жүргізушіні басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға және жолаушыларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

17) мынадай мазмұндағы 474-2-баппен толықтырылсын:

«472-2-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін және рұқсат ету қабылетін қамтамасыз етудің белгіленген талаптарына жолдар мен көшелердің сәйкес келмеуі


  1. Жол жүрісі қауіпсіздігін және рұқсат ету қабылетін қамтамасыз етудің белгіленген талаптарына жолдар мен көшелердің, жол қозғалысын реттеу және пайдалану техникалық құралдарының сәйкес келмеуі,-

бір жыл мерзімге осы қызмет жұмысын тоқтату құқығымен, қайта салу және құру кезеңінде жұмысты орындаушыға, жобаны әзірлеушіге жобаны әзірлеу кезеңінде жүзден екі жүз айлық көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы іс-қимыл, көлік құралдары немесе басқа да мүліктер зақымданғанда-

екі жыл мерзімге осы қызмет жұмысын тоқтату құқығымен, қайта салу және құру кезеңінде жұмысты орындаушыға, жобаны әзірлеушіге жобаны әзірлеу кезеңінде екі жүзден үш жүз айлық көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады:

  1. Жеңіл және орта ауырлық дене зақымына зиян келтірілгенде, осы баптың бірінші бөлігінде қарастыратын іс-қимыл,

екі жыл мерзімге осы қызмет жұмысын тоқтату құқығымен, қайта салу және құру кезеңінде жұмысты орындаушыға, жобаны әзірлеушіге жобаны әзірлеу кезеңінде үш жүзден бес жүз айлық көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

18) мынадай мазмұндағы 474-3-баппен толықтырылсын:

«474-3-бап. Жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын, көлік құралы қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзған көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе басқа да құжаттарды тану не болмаса беру,-

бір жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айырумен, жүзден екі жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы іс-қимыл, көлік құралдары немесе басқа да мүліктер зақымданғанда-

екі жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айырумен, екі жүзден үш жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеңіл және орта ауырлық дене зақымына зиян келтірілгенде, осы баптың бірінші бөлігінде қарастыратын іс-қимыл,

үш жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айырумен, үш жүзден бес жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».

19) 484-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi тұлғалардың пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы

1. Жол жүрiсi ережелерiн және көлік құралдарын пайдалануды үнемi бұзу, атап айтқанда, бір жыл ішінде осы Кодекстің 246, 247, 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 465, 466, 471 (бірінші, екінші бөліктермен), 474, 475 и 483-баптарында көзделген құқық бұзушылықты үш рет жасау, -



жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлiк құралдарын жүргізуге құқығы жоқ немесе жүргізу құқығынан айырылған адаммен жасаған сол іс-әрекеттер, -

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Құқық бұзушылықты бір жыл ішінде үш рет жасаған кезде, осы Кодекстің 635-бабының екінші бөлігінде көзделген мәліметтермен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада осы құқық бұзушылықтың тұлғамен үшінші рет жасалғаны, осы Кодекстің баптарына сәйкес, осы баптың бірінші бөлігінде келтірілген әкімшілік айыппұл салынғаннан кейін және оларды жасау датасы көрсетілуі тиіс.

Осы бап бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде, дәлелдер ретінде бұрын әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізетін уәкілетті органның деректері пайдаланылады.»;

20) 524-бап мынадай редакцияда баяндалсын:

«524-бап. Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау

1. Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, -

Жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не он тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

2. Лауазымды адамдардың, жол полициясы қызметкерлерінің қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару немесе уақтылы орындамау, егер заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқпаса, -

Жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұлға және алты айға дейін көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға, ал лауазымды адамдарға – айлық есептік көрсеткіштің отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Сот актілерін, органдардың қаулыларының (лауазымды адамдардың) талаптарын орындаудан бас тарту деп жұмыс орнын және табысы туралы, тұрғылықты мекенжайы, бір күндік және есептік шоттар тізбекшесін ашу - заңды тұлғалар арқылы ақша аудару фактілері туралы мәліметтерді жасыру жатады.»;



21) 541-баптың бірінші тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:

1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда,осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бірiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірiншi бөлiгiнде), 283 (бірiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде) 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бірiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екінші бөлігінде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде) 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405 (бірiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бірiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екінші бөлігінде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520-537-1 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

1-1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:

1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 320 (екінші бөлігінде), 331, 332 (үшінші бөлігінде), 334 (үшінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 500-баптарында (екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;

2) осы Кодекстің 111, 111-1, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (екінші бөлігінде), 336 (1-1-бөлігінде), 336-3 (екінші бөлігінде), 336-4 (екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бірi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксіз бұзу, белгiлi бір қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан осы Кодекстің 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды. 



22) 543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)

1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірiншi бөлiгiнде), 336-4 (бірiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бірiншi бөлiгiнде), 370 (бірiншi бөлiгiнде), 371 (бірiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде), 439 (бірiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бірiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде) - 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476, 477 (бірiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500 (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:

1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

2) осы Кодекстiң 131, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бірiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 380 (бірінші бөлігінде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;

3) осы Кодекстiң 163-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бірiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бірiншi бөлiгiнде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде), 439 (бірiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бірiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;

4) осы Кодекстiң 131, 281-1, 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 300, 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бірiншi бөлiгiнде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бірiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;



5) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бірiншi бөлiгiнде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;

6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (бірінші бөлігінде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 461 (бірінші, екінші, төртінші-жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-5 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші бөлігінде), 463-7 (бірінші бөлігінде), 463-8 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;

8) осы Кодекстiң 281-1, 298 (бірiншi бөлiгiнде), 298-1 (бірiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;

9) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 336 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.

11) 298-1 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;



12) осы Кодекстің 377, 380 (бірінші бөлігінде), 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші және үшінші бөлiктерінде)- баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.

23) 556-бап мынадай редакцияда баяндалсын:

556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бірiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлігін қоспағанда), 464 (бірiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бірiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:

1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;



2) осы Кодекстің 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 473 (бірінші бөлігінде), 476-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.

 24) 615-баптың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«615-бап. Құжаттар

1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар мен жеке тұлғалар баяндаған немесе куәландырған мәліметтердің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс үшін маңызы болса, құжаттар іс бойынша дәлелдемелер деп танылады.

2. Құжаттар жазбаша да, өзге түрде де тіркелген мәліметтерден тұруы мүмкін. Құжаттарға соның ішінде осы Кодексте көзделген тәртіппен алынған жүргізуші куәлігі, талап етіп алынған немесе табыс етілген компьютерлік ақпараттан, фото және кино түсірілімдерден, дыбыс- және бейнежазылымдарынан тұратын материалдар жатуы мүмкін.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья, орган (лауазымды адам) іс мәні бойынша шешілгенге дейін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануға, сондай-ақ істі қарау аяқталысымен олар туралы шешім қабылдауға міндетті.

4. Құжаттарда осы Кодекстің 613-бабында аталған белгілер болған жағдайларда, олар заттай дәлелдемелер болып табылады.»;

25) 628-бап;

1-1 бөлігі мынадай мазмұнда баяндалсын:

«1-1. Жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізуші куәліктерін немесе уақытша куәліктерді куәлерсіз алып қою, оның орнына уақтылы және дұрыс қарауды қамтамасыз ету және іс бойынша қабылданған қаулыларды орындау үшін осы Кодекспен көзделген мерзімге немесе айыппұл түріндегі қаулыларды ерікті орындау үшін осы Кодекспен көзделген мерзімге уақытша куәлік берумен расталады.

Уақытша куәлік жүргізуші куәлігінің деректері мен реквизиттері, уақыты, осы Кодекстің ерекше бөлімінің бұзған бабын, лауазымды адамның қолы және уәкілетті органның мөрі қойылған қатал бланк болып табылады.»;

7-1 бөлігі мынадай мазмұнда баяндалсын:

«7-1. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргізуші куәлігі немесе көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік, иесіне жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргізушіге дереу қайтарылады.

Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам оған жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады.»;

26) 629 - баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда баяндалсын:

2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетіліп, мас күйiн куәландыруға жатады.

2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн медициналық емес куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi. Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекітуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткізу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.

3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткізу үшін көлік жүргізуден шеттетілген күні, уақыты, орны, негіздері көрсетіледі. Хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.

7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

27) 630-бап мынадай редакцияда баяндалсын:

«



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет