«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте



бет1/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

салыстырма кесте


р/с

НҚА құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексі


1

167-баптың

1 және 2-тармақтары

167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуетi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық не аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;





Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында.

Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында.

2

167-баптың

7-тармағы

7. Сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негiзiнде конкурстық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауы, -

жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.





Сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негiзiнде конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауы, -
      жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;


Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында.


3

167-баптың

8-тармағы

8. Әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруiнiң анықталған фактiлерi туралы уақтылы хабарламау, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



8. Жеңімпаздар деп танылған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған теріс пиғылды мемлекеттік сатып алу қатысушылары деп тану жөніндегі сот-талап ету жұмысын жүргізуден жалтару –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органды әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты беруін анықтау фактілері туралы хабардар ету міндетін көздейтін нормаларды алып тастауға байланысты ӘҚК 167-бабының 8-бөлігінің қолданыстағы редакциясыалып тасталады

Алып тасталатын норманың орнына мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жеңімпаздар болып айқындалған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға досықсыз қатысушы деп тану жөніндегі сот-шағым жұмысын жүргізуден жалтаруға жауапты белгілеу ұсынылып отыр. Осы шара бақылау іс-шаралары барысында айқындалған және әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз деп тану жөніндегі сот-шағым жұмысын жүзеге асырумен көрсетілмеген тапсырыс берушілер тарапынан айтарлықтай бұзушылықтармен қамтамасыз етілді.


4

167-баптың

9-тармағы

9. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруiнiң анықталған фактiлерi туралы мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтердi бермеу, сол сияқты әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергенi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -

лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.




9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданусыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген рәсімдерді жүргізусіз тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу –

лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органды әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты беруін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметті беруін анықтау фактілері туралы хабардар ету міндетін көздейтін нормаларды алып тастауға байланысты ӘҚК 167-бабының 9-бөлігінің қолданыстағы редакциясыалып тасталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуы жөніндегі бақылау іс-шараларының барысында Заңды негізгі бұзушылықтардың бірі Заңның нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алуды негізсіз жүзеге асыру, сондай-ақ Заңда көзделген сатып алу рәсімдерін бұзу болып табылады деп белгіленді.

Осыған байланысты, алып тасталатын норманың орнына Заңның нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ Заңда көзделген сатып алу рәсімдерін бұзуға байланысты әкімшілік жауапкершілік балгілеу ұсынылып отыр.

5

167-бап ескертпесінің

2-абзацы

бiрiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушы, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;


«бiрiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушыларды, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;


Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында.

6

167-бап ескертпесінің

6-абзацы

алтыншы бөлiкте - конкурстық комиссияның мүшелерiн;



алтыншы бөлiкте - конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерiн;


Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында.


7

167-бап ескертпесінің

9-абзацы

сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде - тапсырыс берушiнiң немесе сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың мiндеттерiн атқарушы адамдарды түсiну керек.


алып тасталсын

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 167-бабының 8 және 9-тармақтарын алып тастауға байланысты.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі


1

465-баптың

2-тармағы

2. Мыналардан:

1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;

.....
сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнынан алым алынбайды.
9) жоқ


2. Мыналардан:

1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;

.....
9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде өткізілетін аукциондардан алым алынбайды.

Заңды және жеке тұлғалардың мүлікті «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде өткізілетін аукциондарда сатуын ынталандыру мақсатында




«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы


1

1-бап


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесiлiлiк әрбiр келесi аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы тиесiлi болатынын бiлдiредi;


      2) әлеуеттi өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      4) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
      5) демпингтiк баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
      6) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесi бар шикiзат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге де қызмет;
      6-1) қазақстандық қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
      6-2) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шетел мемлекетiнде тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
      6-3) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес процентiн пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      7) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      8) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтiнiм әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
      9) көрсетiлетiн қызметтер - тапсырыс берушiнiң заттық нәтижесi жоқ қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
      10) қаулы — бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
      11) мемлекеттiк кәсiпорынның аффилиирленген тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
      12) мемлекеттiк сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;
      13) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      14) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi - әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;
      14-1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
      14-2) мемлекеттiк сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қолын жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      15) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      16) мемлекеттiк сатып алу жүйесi - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
      17) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      18) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйелерiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
      19) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      20) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      20-1) отандық кәсiпкерлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiлер;
      20-2) отандық тауар өндiрушiлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
      кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарларды;
      кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi өңделген тауарларды өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      21) өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiм-шарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
      22) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
      23) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
      24) тапсырыс берушiлер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар; P090787
      25) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
      25-1) ұсыну — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
      26) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
      27) электрондық мемлекеттiк сатып алу — ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу;
      28) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) аукцион – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс беруші оны төмендеткен кезде анықтаған ең төмен баға ұсынған адамнан сатып алатын электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;»;

2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

3) аукцион қадамы – аукцион мәнінің бағасы төмендетілетін ақшалай ара қашықтық;

4) аукцион құжаттамасы - әлеуетті өнім берушіге аукционда қатысуға өтінім дайындау үшін берілетін құжаттама, онда аукционда қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібі қамтылады;

5) әлеуеттi өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

6) әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

7) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

8) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға тікелей не жанама тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиістілік әрбір келесі аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиістілігін білдіреді;

9) демпингтiк баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;

10) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесi бар шикiзат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге де қызмет;

11) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер — кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес процентiн пайдаланатын заңды тұлғалар;

12) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

13) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтiнiм әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;

14) көрсетiлетiн қызметтер - тапсырыс берушiнiң заттық нәтижесi жоқ қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

15) қаулы — бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;

16) қазақстандық қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;

17) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;

18) мемлекеттiк кәсiпорынның аффилиирленген тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;

19) мемлекеттiк сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;

20) мемлекеттiк сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қолын жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

21) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

22) мемлекеттiк сатып алу жүйесi - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;

23) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

24) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйелерiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;

25) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;

27) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi - әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;

28) отандық кәсiпкерлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiлер;

29) отандық тауар өндiрушiлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:

кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарларды;

кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi өңделген тауарларды өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

30) өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiм-шарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;

31) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

32) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;

33) тапсырыс берушiлер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

34) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

35) ұсыну — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;

36) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;



37) электрондық құжат - ақпарат электронды-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулар;

39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;


Аукцион, аукциондық комиссия, аукцион аралығы, аукциондық құжаттама және электрондық құжат сияқты жаңа ұғымдарды енгізу қажеттілігі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәсілін, яғни аукцион тәсілін енгізуге байланысты туындайды.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – НҚА туралы Заң) 18-бабының 7-тармағына сәйкес Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап (тармақ) берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады. Орыс тіліндегі нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған тәртіпке сәйкес болуы тиіс. НҚА туралы Заңның 21-бабының 5-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде элемент жаңа редакцияда жазылады.

Осыған байланысты1-бап жоғарыда аталған НҚА туралы Заңды ескере отырып, жаңа редакцияда жазылады.

Редакциялық түзету



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет