«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте


) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу



бет3/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#170486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

30) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

31) дүлей күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiр жол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, осыған байланысты осы Заңда көзделген уақыттың шығындалуын талап ететін өзге мемлекеттік сатып алу тәсілдерін қолдану орынсыз, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

32) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң, сондай-ақ олардың атынан жұмыс iстейтiн тапсырыс берушiлердiң оқшауланған бөлiмшелерiнiң шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

33) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнiндегi қызметтерiн сатып алу;

34) мемлекеттік органның мемлекеттік кәсіпорындардан, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі және тиісті өкілеттіктері мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

35) монетарлық қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

36) Қазақстан Республикасы Президентiн, өзге де күзетiлетiн тұлғаларды және күзетiлетiн тұлғалардың келуiне арналған объектiлердi күзетуге және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу;

37) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, қызмет көрсету және жұмыс істеуі үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шараларды өткізу үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

38) халықаралық коммерциялық төрелiктерде және шетелдiк сот органдарында мемлекеттiң не тапсырыс берушiнiң мүдделерiн қорғау мен бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заң қызметтерiн сатып алу;

39) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

40) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

41) акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң бақылау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу;

42) мамандандырылған ұйымының (агенттiң) отандық өнiм өндiрушiлерден азық-түлiк тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;

43) статистикалық бақылаулар деректерiн өңдеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

44) мыналарды:

Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткiзетiн;

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн;

мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiндегi сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүлiктердi (активтердi) сатып алу;

45) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететiн қызметтерiн сатып алу;

46) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;


      47) мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық тауар өндiрушiлер мен жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған уәкiлеттi ұйымнан сатып алу;

48) электр энергиясын сатып алу;

49) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;

50) нарыққа реттеушiлiк әсер ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервке тауарлар сатып алу;

51) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

52) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және азаматтық авиациясы субъектiлерiнiң авиаотынды тiкелей отандық мұнай өңдеушi кәсiпорындардан сатып алуы;

53) отандық тауар өндiрушiлердiң — мемлекеттiк қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыстың құрамына кiретiн өнiмдердi өндiру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

54) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және мемлекеттiк сатып алу бойынша өнiм берушi ретiнде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;

55) ғарышкерлердi даярлау және ғарышкерлердiң ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

56) мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және ұзақ мерзiмдiк бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл iшiнде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүргiзiлген болса, тапсырыс берушiнiң техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжiрибелiк өнеркәсiп үлгiсiнде өндiрудi және тауарларды сериялық өндiрудi ұйымдастыруды көздейтiн отандық тауар өндiрушiлерден тауарларды сатып алуы;

57) отандық тауар өндiрушiлерден мемлекеттiк материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;

58) мамандандырылған авиажөндеу кәсiпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметiн көрсетудi сатып алу;

59) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне қауiп төндiретiн ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен бөлiнген ақша есебiнен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;

60) мемлекеттiк бюджет есебiнен гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу.



61) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық шамада тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

62) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорт іс-шарасына баруға тапсырыс орналастыру;

63) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық бақылау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

64) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарихи және мәдени ескерткіш) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін техникалық және авторлық қадағалауды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу.»;

2. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 10), 14), 22), 23), 24), 37), 41), 42), 49), 54) және 56) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;

3. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Заңның 3-бабының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу принциптерi сақтала отырып, жүзеге асырылады.»;




НҚА туралы Заңның 21-бабының 5-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде мұндай элемент жаңа редакцияда жазылады.

Осыған байланысты 4-бап НҚА туралы Заңның осы талабы ескеріле отырып, жаңа редакцияда жазылады.

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында


Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында

Осы өзгерістің қажеттілігі екі түрлі түсіндірілуіне жол бермеу мақсатында осы ережені нақтылауға байланысты, өйткені байланысты қызмет көрсетулер ретінде мемлекеттік білім беру тапсырысында көзделмеген басқа ілеспе қызмет көрсетулерді сатып алуға болады.


«Дәрілік заттар» ұғымына медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника кірмейтін «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi № 193-IV Кодексiне сәйкестікке келтіру мақсатында

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында

Сілтеу нормаларын жою, сондай-ақ тапсырыс берушінің дауыс беру (қатысу үлесі) акцияларының жүз пайызы мемтекетке тиесілі және оған қатысты мұндай тапсырыс беруші, иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, жеткізілуі, орындалуы, көрсетілуі аталған заңды тұлғалардың негізгі қызметі болып табылмайтын, акционерлік қоғамнан және шаруашылық серіктестігінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол бермеу мақсатында.

Режимдік ерекше маңызы бар объектілерге қызмет көрсету ұстау және жұмыс істеуінің (қызмет көрсетуге рұқсат ету, қауіпсіз ұстау және қызмет көрсету) ерекшелігі, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алудың көзделмеген сипаты.

Ел Басының және өзге де күзетілетін тұлғалардың жоспарланбаған кездесулерін өткізу, ресми іс-шараларды өткізу мерзімінің(уақытының) белгісіздігі.

Сапалы және қауіпсіз өнім (Іс-шараларды өткізу немесе өткізуден бір күн бұрын ҚР СЭС жасасу).

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында

Көп емес бөлінген сомамен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көбіне әлеуетті өнім берушілер экономикалық орынсыздығына байланысты мұндай мемлекеттік сатып алуларға қатыспайды, бұл сатып алуды бұзуға және бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеледі.

Бұдан басқа, сомасы мардымсыз тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді оңайлатылған сатып алу уақытты үнемдейді және оларды сатып алу бойынша материалдық шығындарды азайтады.

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында


Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісіммен сәйкестікке келтіру мақсатында

Келісімнің 13-бабына сәйкес Егер осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей, сондай-ақ Тарап актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастырудың екершеліктерін қолдана отырып, бір көзден (жалғыз берушіден (орындаушыдан, мердігерден) алу тәсілімен сатып алу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделсе, осындай сатып алу осы Келісімге


№ 1-қосымшада көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Осы Қосымшада Заңның нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жол берілетін нақты жағдайлардың тізбесі көзделген.

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 1-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші» – мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым, оның ішінде мемлекеттік және муниципалдық мекемелер, сондай-ақ Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Тараптар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында мемлекеттік және муниципалдық біртұтас кәсіпорындарға және мемлекеттік немесе муниципалдық қатысуы бар өзге де заңды тұлғаларға қатысты осы Келісімнің қолданылуын алып тастауды көздеуге құқығы бар.

Осылайша, Заң жобасының 4-бабы


2-тармағында көзделген Заңның нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары Келісімнің 1-қосымшасында көзделмеуіне байланысты осы жағдайларды мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің сатып алуына қолданбау ұсынылады.

4

5-баптың 4,5 және 6-тармақтары-

5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi
4. Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны уәкiлеттi органға жiбередi не табыс етедi.
      5. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.
      Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға аталған шешiмнiң көшiрмесiн және өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу жоспарынан үзiндi көшiрме табыс етуге мiндеттi.
      Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын ақпараттық жүйелердi не электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен жiбередi.
      6. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзiлуге жатпайды.

5-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi
4. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар тапсырыс беруші жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз уәкілетті органға жібереді не береді.

5. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.

Тапсырыс беруші Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алудың веб-порталда орналастыруға міндетті.
Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз уәкілетті органға көрсетілген шешім көшірмесін және енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар мемлекеттік сатып алу жоспарынан көшірмені беруге міндетті.

6. Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 31) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер енгізуге жатпайды.



Үш жылғы кезеңге арналған Мемлекеттік сатып алудың егжей-тегжейлі жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында жария орналастыру әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысуға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.
«Ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі №598 қаулысына сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында мемлекеттік құпиялары бар, таратылуына шектеу салынған электронды ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен жария таратуға тыйым салынған өзге де мәліметтерді орналастыруға жол берілмейді.

4-баптың 1-тармағындағы тармақшалардың нөмірлерінің өзгеруіне байланысты.



5

5-баптың 8-тармағы

8. Мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.

8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 32) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.

Заңның 5-бабының 6-тармағында Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына осы Заңның 4-бабының 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер енгізілуге жатпайтындығы көзделгендіктен, қайшылықтарды жою мақсатында.

6

5-баптың

9-тармағы

9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнi таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.

9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнi таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.



Өткен жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған көлемдер жөніндегі шарттарды ұзартуға мүм кіндік беру үшін

7

5-баптың

10-тармағы

10. Тапсырыс берушi мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (бизнес-жоспарына, кiрiстер мен шығыстар сметасына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы
.
      Тапсырыс берушi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi осындай шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
      1) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешiм туралы хабардар етуге;
      2) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдердi қамтамасыз етудi және (немесе) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын
қамтамасыз етудi қайтаруға мiндеттi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет